Арнаулы білім берудегі гуманистік негізде интерпретацялаудың мақсаты мүмкіндігі шектеулі тұлғаны толыкқанды және жеткілікті адам ретінде қалыптастыру. Бұл міндетке қол жеткізу адамды жеке тұлға ретінде қарастырып, оның әлсуметтік бейімделуін жүзеге асыру арқылы орындалады. Гуманистік ықпал ету негізінде адамның барлық өмір сүру барысындағы білім беру концепциясын игеру идеясы қарастырылған.
Арнайы педагогикадағы парадигмалардың ауысу векторында оның жалпы базалық теорияларды қайта жасақтау мен игерудегі фундаментализация теориясы маңызды орын алады. Арнайы педагогикадағы негізгі сұрақтар жаңа фундаментальды сипатқа ие бола отырып, философия үшін адам дамуындағы норма мен аномалиядағы түрлі жағдайлар үлкен қызығушылықты тудырады. Бұл арнайы педагогикадағы негізгі сұрақтардың бірі ретінде, оның заттық сипатын тусінуге көмектеседі. Қалыпты даму мен аномальды дамуды дифференсациялаудың болжамы ретінде осы құбылыстардың ақатынасындағы параметрлерді кұруға философиялық-кагегориялық талдаулар негіз болады. Патологиялық даму мен қалыпты дамудыц айырмашылығы сандық және сапалық түрдегі сипатты анықтауы мүмкін. Арнайы педагогикадағы дәстүрлі теорияларда дамуында күрделі кемшілігі бар балаларды әлеуметтік қажеттіліктер турасында зерттеу мен оларды окытудағы дизонтогенездің сапалық ерекшеліктеріне көңіл бөлінеді. Соңғы жылдары оқытуда қиындыктарға кездесетін жеңіл түрдегі кемшілігі бар тұлғалардың саны көбеюде. Арнаулы білім беру жүйееін қажетсінетін тұлғалар контингентіндегі өзгерістер дамудағы кемшіліктерді сандық түрде зерттеудің өзекгілігін анықтап, аномальды дамуды диагностикалауда бала дамуының биологиялық, психикалық және әлеуметтік деңгейлерін ажыратудың маңыздылығын дәлелдеуде. Түзету жұмыстарын жүргізуде жеке түрдегі дамудың нормасы мен әлеуметтік медени даму нормасы арасындағы байланыстарды есепке алу керек. Ерекше білімді қажет ететін тұлғаларды қоғам дамуындағы тарихи даму процссінде қалыптасқан нормаларына бағындырып, бала дамуында ол нормалардың жекеленіп отыруын нақты түрде кадағалайды.
Жалпы және арнайы білім беру жүйесіндегі ингеграция процесі дамуында кемшілігі бар балаларды оқыту мен тәрбиелеуде жалпы білім берудегі бірлескен формаларды қолданумеи ерекшеленеді. Интеграция процесін қорытындыласақ, кейбір балалар мен олардың ата-аналарының қалауына қарай білім беруді ұйымдастырудың қажетілігі, білімді игеруге қарай қарама-қайшылықтар туындайды. Арнаулы білім беру жүйесіндегі интеграция мәселесі мүмкіндігі шектеулі баланы қалыпты дамыған балалар ұжымына қосу арқылы тәрбиелеуде құндылығын жоғалтпайды. Интеграциялау үрдісі арнаулы білім беру жүйесінде бақылауға алынып, өркениет дамуындағы жалпы процестермен байланысты маңыздылығын дәләлдеп келеді.
Арнайы педагогикадағы философиялық мәселелердің жасақталуы осы ғылымдағы гуманисгік міндеттерді шешуге, мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың омір сүруі мен еңбек етуіндсгі күрделі сұрақтарды шешуге мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |