Пікір жазғандар


Бақылау сурақтары мен тапсырмалары



бет14/99
Дата06.03.2023
өлшемі1.45 Mb.
#470440
түріОқулық
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   99
арнайы кітап

Бақылау сурақтары мен тапсырмалары



  1. Арнайы педагогиканың клиникалык негіздері дегеніміз не? Арнайы

педагогика медицинаның қандай салаларымен байланысты.

  1. Арнайы педагогиканың клиникалық негіздерін білу үшін не қажет?

  2. Кемшіліктерді анықтаудағы бала организмінің дамуындағы маңызды көрсеткіштерді атаныз.

  3. 4. Медициналық реабилитация дегеніміз не? Медициналық реабилитациядан айырмашылығын айтып сипаттаңыз.

§8. АРНАЙЫ ПЕДАГОГИКАНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ НЕПЗДЕРІ
1. Мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың психологиясы
2. Арнайы педагогикадағы компенсация теориясы
3. Мүмкіндігі шектеулі балаларды арнаулы мекемелерге топтастыру
Қалыпты тыс дамудың психологиясы немесе арнайы психология психикалық процестердің кешеуілдеуіне ұшыраған адамдарды зерттеумен айналысатын психологиялық ғылым. Мұндай зерттеулердің негізінде психикалық дамудағы кемшіліктерді анықтау мен компенсациялау, психикалық дамуында кемшіліктер анықталған тұлғаларды оқыту мен тәрбиелеу жүйесі құрылады. Арнайы психология көру қабілеті зақымдалған тұлғалардың психологиясы (тифлопсихология), есту қабілеті зақымдалған тұлғалардың психологиясы(сурдопсихология), ақыл-ой дамуы кешеуілдеген балалар психологиясы(олигофренопсихология), сөйлеу тілі бұзылған балалар психологиясы(логопсихология) деп бөлінеді.
Арнайы психологияның міндеттері
- қалыпты жағдайдан тыс бала дамуындағы психикалық жалпы және өзгеше заңдылықтарын қалыпты бала дамуының психикасымен салыстыра отырып анықтау;
- мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың танымдық прцестерінің даму ерекшеліктерін зерттеу;
- мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың тұлғалық даму ерекшеліктерін зерттеу;
- психикалық даму кезіндегі психикалық процестердің диагностикалау әдістемелерін құру;
- интеграциялы оқытудағы психологиялық проблемаларды зерттеу;
- мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың категорияларындағы балалармен ересектер психикасының дамуына жағымды әсер ететін педагогикалық көмек көрсету жұмыстарының психологиялық негіздемесін құру.
Арнайы психологияның арнайы педагогика ғылымы үшін қажеттілігі – мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың барлық категориясын оқыту мен тәрбиелеу, оқытудың тиімді әдістерін анықтау жүйесімен анықталады.
Арнайы психология үшін бұзылған функцияларды компенсациялау проблемасы маңызды. Психикалық дамуы бұзылған тұлғаларды арнайы оқыту мен тәрбиелеудің міндеті бұзылған функцияларды компенсациялаудың тиімді жолдарын анықтауболып табылады. Арнайы оқыту мен тәрбиелеу жұмысы компенсаторлық бағытта ұйымдастырылады. Психикалық функцияларды компенсациялау латын тілінен алғанда “теңестіру” деген мағынаны береді. Компенсация – сақталған анализаторлардың көмегімен бұзылған фунциялардың жұмысын қалыпқа келтіру. Психикалық функцияларды компенсациялауда компенсациялау функциясының екі тіпі анықталған. Біріншісі, кемшілікке ұшыраған органның сақталған нерв жүйесінің элементтерін қалыпқа келтірудегі ішкі жүйелік компенсация (мысалы, есту қабілетінің бұзылуы кезінде сақталған есту қалдығын дамыту). Екіншісі, кемшілікке ұшыраған органның қызметін сақталған басқа анализаторлардың қызметі арқылы қалыпқа келтірудегі жүйк аралық компенсация (мысалы, соқыр балалардың көру анализаторын компенсациялау сипап сезу, қимыл-қозғалыс есту анализаторларының көмегімен орындалады). Барлық жағдайларда компенсациялаудың к екі типі де қатар жүреді.
Адамға тән компенсациялау формалары тұлғаның жан-жақты даму мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Мұндай мүмкіндіктер ғылыми білімді игеру, еңбекке араласу, дүниетанымдық көзқарасты қалыптастыру, адамгершілік, тұлғалық қасиеттердің қалыптасуымен түсіндіріледі.
Компенсация теориясы арнайы педагогика ғылымының тарихымен байланысты даму жолынан өтті. Компенсация проблемасын түсіндіруде өзінің жаңа идеяларын ұсынған австриялық психолог және психиатр А. Адлердің еңбегі ерекше орын алады. Олардың ішіндегі тұлға өміріндегі ішкі психологиялық бірлік идеясы адам психикасының биологиялық және әлеуметтік факторларға байланысты дамуын анықтайды. Сонымен қатар, З.Фрейд пен А.Адлер тұлғаның дамуы өмірдің алғашқы бес жылында дамитынын айтады. А. Адлердің жеке көзқарасы бойынша адам биологиялық жағынан бейімделуі әлсіз жан иесі, сондықтан оның пайда болуында алғашқы уақыттан бастап-ақ толықтай дамуға қабілетсіздік байқалады да, ол бірте-бірте бала дамуындағы қандай да бір дене немесе сенсорлық кемшіліктердің болуына себеп болады деген болжам қалыптасқан. Толықтай дамуға қабілетсіздік, кемшілік адам үшін әа уақытта психиканың дамуына түрткі болатын кемшілік қана емес, жетістік жағдайымен, яғни компенсациялауға бейімділікпен түсіндіріледі. Өзінің кемшілігін жою мен басқалар арасындағы өз-өзіне деген сенімділікті ұялатау, қалыптастыру адамның шығармашылық мүмкіндіктерінің қалыптасуына түрткі болады.
Л.С. Выготский мен А.Адлердің пікірінше, негізгі психологиялық заңды
Лық органикалық түрдегі толық дамымаушылықтан, субъективті түрдегі сезім органдарының толықтай дамымауынан, яғни адамның ілеуметтік поцизияның өлшемі болып табылатын компенсациялануға деген ұмтылысын бейнелейді.
Л.С. Выготский өзінің жеке көзқарастарын сыни тұрғыдан талдау жасауда, психикалық жункциялардыкомпенсациялау проблемасы мен компенсациялануды биологиялық және әлеуметтік факторлардың негізін құрды. Бұл түсінік арнайы педагогиканың барлық салаларының дамуына, психикалық дамудың бұзылуы кезіндегі балалар категорияларының барлық типтеріне сай оқыту мен тәрбиенің тиімділігін анықтауға негіз болды. Л.С. Выготскийдің психикалық функцияларды компенсациялау теориясын қарастыру барысында бірнеше маңызды жағдайларды айқындауға болады.
Біріншіден, Л.С. Выготский дамуында кемістігі бар балаларды әлеуметтік ортаға қосудағы белсенді түрде әрекет ету формаларын ұсынды. Л.С. Выготский, қандай да бір сезім органдарының қызметі бұзылған кезде басқа сезім органдарының әлсіздігінен іске қосылатындығын (естудің бұзылуы кезінде көрк органдарының іске қосылуы) ашып көрсетті.
Екіншіден, Л.С. Выготский кемшіліктің құрылымын анықтады. Л.С. Выготский айтуы бойынша, әр кемістік бірнеше сатылы болады. Органикалық, яғни биологиялық ауытқу кемістіктің бірінші сатысы болып есептелсе, сол кемістіктің салдары – оның екінші сатысы болып табылады. Яғни, баланы кем ететін ақаудың өзі емес, оның салдары. Мысалы: баланы көру қабілеті нашар немесе мүлдем жоқ болғанда, ол бірнеше сатылық кемістікке әкеледі: кеңістікте еркін бағдарлана алмайтындығы, қимыл-қозғалысының бұзылуы, дүние-танымының тарлығы және т.б. Баланы өзгелерден кем етіп сезінетіндігі көру қабілетініңзақымдалуы емес, оның салдары болып есептеледі. Дамудағы бастапқы кемшілік екінші, үшінші кемшіліктерді туғызуға себеп болады. Дамудағы екінші кемшілік бала психикасының дамуындағы құрылымдық компенттерді кемшілікке ұшыратады (балалардың барлығында бірдей сөйлеу тілі бұзылады).
Үшіншіден, Л.С. Выготский түрлі кемшілік кезіндегі адамдардың компенсациялану қасиеттері белсенді еңбекке араласу кезінде жүзеге асатындығын көрсетті. Адам мүшелерінің компенсаторлық мүмкіндіктері, кемістіктің күрделі құрылымы, оның ішіндегі биологиялық және әлеуметтік ортаның өзара серпінді қатынасы, белсенді және жақын арадағы даму аймақтары туралы және тағы басқа да ілімдері психология мен дефектологияның даму жолдарын сол кезде-ақ анықтаған.
Төртіншіден, Л.С. Выготский мүмкіндігі щектеулі тұлғалардың (сенсорлық қабілеттері бұзылған тұлғалар) дене дамуындағы мүмкіндіктерді есепке ала отырып компенсацияланудың мүмкіндігін анықтады. Яғни мүмкіндігі шектеулі баламен коррекциялық-педагогикалық жұмысты жоспарлау және ұйымдастыру барысында педагог міндетті түрде баланың компенсаторлық мүмкіндіктеріне сүйенеді. Мысалы, саңырау балалардың қарым-қатынасын дамыту үшін оның көру және қимыл-қозғалыс анализаторларын қолданады (ымдық-дактильдік сөқйлеу).
Бесіншіден, Л.С. Выготскийдің пікірінше, компенсация процесі адамның әлеуметтену жағдайын жүзеге асырады. Индивидтің компенсаторлық мүмкіндіктері саналы түрде қалыптасады. Оның дәлелә ретінде, бала кезінен есту қабілеті бұзылған К.Э Циолковскийдің мына сөздерін ұстануымызға болада: “саңыраулық мені өмір бойы қоршаған ортадағы адамдардан алшақтауыма себеп болып, мені өмір бойы қуғындаумен болды. Менің қандай да бір зерттеушілікпен айналасуымен себеп болды, себебі басқалар игерген қабілеттердің менде болмауынан көп нәрсені іздеуіме, көп нәрсемен айналасуыма тура келді”, осы ойға жүгінсек, психикалық функциялардың компенсациялануы биологиялық және әлуеметтік факторларға да байланысты. Одан кейін психологтар (А.Р.Лурия, Б.В.Зейгарник, Р.Е Левина, И.М. Соловьева, В.В.Лебединский, Ж.И.Намазбаева және т.б) зерттеулерінде психикалық функциялардың компенсациялануы проблемалары қарастырылды.
Л.С. Выготский зерттеулерінде қамтылған маңызды мәселенің бірі – бала психасын дамытуды оқыту үрдісінің алатын орны мен ақыл-ойын жетілдіруде жетекші фактор екендігін айрықша атап көрсетеді. Ол өзінің бұл пікірлерін тәжрибе жүзінде дәлелдеп, оқыту ісін үнемі баланың табиғи дамуынан ілгері жүргізу керек деді. Өйткені, бала табиғаты сезімтал, әрбір нәрсені шапшаң қабылдап,олардың мән жайын тез түсіне алады, осындай ерекшелігіне байланысты, оқу үрдісі баланың өздігінен ойланып толғануын, әрбір нәрсені байыптап ұғынуға жетелеп отырады деп санады. Баланың сезімталдық ерекшеліктері сензитивтік кезең деп аталады. Бұл бала ұғымталдығының өрбуі. Мұндай сезімдер баланың әр түрлі жастағы даму кезеңдерінде қайталанып отыратындықтан оқу мазмұны мен игеруге тиісті материалдар да күрделене түсіп, баланың ойланып-толғану әрекеттерін көрсетеді.
Л.С. Выготский анықтаған тағы бір маңызды мәселе – жекеленген психикалық қызметтердің дамуы мен қалыптасуы бала дамуының түрлі кезеңдерінде бірі ерте, бірі кеше дамып, адам санасында түрліше деңгейде болатындығын өзі жүргізген тәжрибелер арқылы баяндайды. Адам психикасының дамуындағы мұндай заңдылық тек дамуында кемістігі бар балаларда ғана емес, қалыпты дамыған балаларды да оқытып, тәрбиелеу істерінде маңызды екендігіне көз жеткізді. Бала психикасының бастапқы даму кезеңінде қабылдау үрдісіне алатын орны ерекше. Ал, мектеп жасына дейінгі балалардың психикалық дамуы мен оның санасында жетекші роль атқаратын ес процесі. Бұл кезеңде бала есінің қарқынды дамуы қабылдауы мен сөйлеу тіліне, ойлау әрекеті. Ойлау әрекетінің бұл кезеңінде қарқынды дамуы бала санасының өзге де психикалық үрдістерінің шапшаң дамып, оның танымдық әрекеттерінің тереңдеуіне қолайлы жағдай тудырады.
Л.С. Выготскийдің зерттеулері К.С. Лебединскаяның ұсынған психикалық дамудың кешеуілдеу типтерін анықтаушы параметрлерді құруға негіз болды.
Бірінші параметр кемшіліктің функционалдылығымен байланысты кемшіліктің жалпы түрі бас миындағы реттегіштік жүйелердің (қабықтық бөлімдер) бұзылуымен немесе ішінара кемшілік жеке түрдегі функциялардың жетіспеушілігімен түсіндіріледі.
Екінші параметр – кемшіліктің пайда болу уақыты – психикалық дамудағы кемшіліктің сипаттамасын анықтайды. Кемшілік неғұрдым ерте басталса, психикалық дамудағы кемшілікті анықтау соғұрлым жеңіл болады. Пмихикалық даму кезіндегі әрбір функция дамудағы интенсивтілікпен түсіндірілетін сензитивті кезеңнен өтеді. Психикалық функциялардың тұрақсыздығы регресс құбылысына апарып, құлдырау құбылысы көрсетуі мүмкін.
В.В.Лебединскийдің пікірінше, дамудың кешеуілдеуі ешқашан теңеспейді, біріншіден, сензитивті кезеңге ұшыраған психикалық функциялар бұзылады. Сондықтан психикалық дамуы бұзылған балада бір функциялар сақталса, екінші бір функция зақымданса, үшінші функция кешеуілдейді.
Үшінші параметр Л.С. Выготскийдің кемшіліктің құрылымдылығы, яғни кемістіктің бірінші және екінші сатылары арасындағы арақатынасы туралы түсіндіріледі.
Төртінші параметр – функционалдық қатынастардың бұзылуы. Қалыпты психиканың дамуы мына функциялардың тәуелсіздік, ассоциация және иерархияның байланысын орнатыды. Функциялар арасындағы уақытша тәуелсіздіктер антогенездің ерте кезеңдерінде байқалады (мысалы, екі жасқа дейінгі уақыттағы ойлау мен сөйлеулің дамуындағы тәуелсіздік).
Ассоциативтік (Н.А.Бернштейн, 1966) байланыстардың көмегіме түрлі сезімдік белгілер біртұтас бөлікке жинақталады (үйдің образы, жыл мезгілі).
Психикалық функциялардың әрбіреуі өзінің жеке дамуына сай сензитивті кезеңде ауысып бір-бірін толықтырып отырады. Психикалық дамудың бұзылуы кезінде функционалдық бұзылулар байқалып психикалық дамуда диспропорция орын алады. Мысалы, саңыраулық кезінде көрнекі – образды ойлау, сөздік логикалық ойлау, ауызша және жазбаша сөйлеудің әлсіздігі байқалады.
Көрсетілген параметрлер танымдық, моторлық, эмоционалдық дамудың бұзылуы кезінде сипатталады. Осы бағыттағы психологтардың, дефектологтардың, психиатрлардың зерттеулерін қорытындылай келе, В.В.Лебединский психикалық дамудың кешеуілдеуін мынадай типтерге бөледі: жетіспеушілік, дамудың кешеуілдеуі,дамудың бұзылуы, дамудың тапшылығы, дамудың әлсіреуі, дамудың дисгармониялығы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   99




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет