Үшіншіден, онтогенездегі символдық функциялардың дамуы. Л.С.выготскийдің және басқа да авторлардың тұжырымдамаларында сөйлеу мен ойлаудың даму арасындағы байланыстарға болжам жасалды. Егер, ойлау мен сөйлеудің дамудың генетикалық түп-тамырынан бастап қарастырсақ, олардың дамуы параллель, біркелкі дамымайтын, яғни белгілі бір кезеңге дейін ойлау мен сөйлеу бір-біріне тәуелсіз дамитынын білеміз.
Л.С.Выготскийдің пікірінше, екі жасқа дейін бала сөйлеудің символдық функцияларын игереді, осы кезеңнен бастап ойлау сөйлеуге ауысып, ал сөйлеу интеллектуалдық дамуы айқындайды. Мысалы, саңыраумылқау балаларды оқыту тәжірбиесі оларды бірінші сөйлеу емес, алдымен заттық әрекет бірінші дамитынын көрсетеді. Сол арқылы мұндай балалар заттармен әртүрлі әреккетер орындау арқылы тілді меңгере бастайды.
Төртіншіден, тілге қоғамдық құбылыс ретінде талдау жасау. Арнайы педагогика үшін тұлғаның әлеуметтену мен тілдік аспектілерді әлеуметтік деңейде игеру маіызды. Сойлеу әрекетінің әлеуметтік жүйесі үшін адамдармен қарым-қатынасты тудырушы жағдайлар (Әлеуметтік топтар, қоғам) орын алу керек.
Тілді игерудің әлеуметтік сипаттамасын анықтауда екі аспектіні (сөйлеуге қаблеттілік және сөйлеу әрекеті) бөліп қарастырумызға болады. Сөйлеу қаблетінің әлеуметтік табиғаты тілді игерудегі белгілер, қарым-қатынасқа түсудегі әрекет формалары арқылы қалыптасады. Сөйлеу әрекеті (Л.С. Выготский, П.Я.Гальперин) өмірге келгеннен кейн мәдени құбылыстарды, шындық құбылыстарды дайын күйінде қабылдауы үшін қажет. Шындық құбылыстар туралы білімді игеруде сөйлеу әрекетінің дамуына отбасы мүшелері, бұқаралық ақпарат құралдары қажет. Сөйлеу функциясының эволюциясы, диалогты және монологты сөйлеудің қалыптасуы, ішкі сөйлеу мен сыртқы сөйлеудің қалыптасуына байланысты психикалық дамудың кешеуілдеуі кезіндегі сөйлеу әрекетін игеру күрделі түрде өтеді.
Бесіншіден, сөйлеудің паталогиялық дамуы кезіндегі психолингвистикалық талдаулар сқйлеу әрекетінің қалыптасуы кезеңдерін аныөтауға мүмкіндік береді. Сөйлеудің патологиялық дамуы кезінде адамға нақты көмек түрлері қажет. Ол үшін сөйлеу тіліндегі кемшіліктерді психолингвистикалө көзқарас тұрғысынан анықтап, кемшіліктің формаларын анықтаймыз;
- Сөйлеудегі психолингвистикалық кемшіліктер тұлғаның бұзылуымен, сананың, жоғары психикалық функциялардың бұзылуымен байланысты;
- Бас миының локальды бұзылуынан болатын тілдік кемшіліктер (авазия);
- Туа пайда болған немесе жүре пайда болған сенсорлық кемшіліктерге байланысты анықталатын тәл кемшіліктері (саңыраулық);
- Ақыл-ой дамуымен, психикалық дамудың кешеуілдеуімен байланысты тіл кемшіліктері;
- Тілдің моторлы дамуындағы кемшіліктермен байланысты анықталатын тіл кемшіліктері (тұтығу);
Арнайы педагогиканың әрбір саласындағы психолингвистиканың жетістіктері логопедия (Л.Б.Халилова), сурдопедагогикада (Ж.И.Шиф, Г.Л.Зайцева), тифлопедагогикада (И.С. Моргулис, И.П.Чигринова) зерттеулерінде анық мазмұндалады.
Сонымен, лингвистикалық және психолингвистикалық талдаулар арнайы педагогиканың негізгі түсініктерін анықтауға, сөйлеу тіліндегі кемшіліктердің классификациясын жасауға ықпал етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |