Пікір жазғандар



бет16/99
Дата06.03.2023
өлшемі1.45 Mb.
#470440
түріОқулық
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   99
арнайы кітап

Біріншіден, кемшіліктің барлық типіне тән жалпы ерекшелік, ақпаратты қабылдау, өңдеу, сақтау мен қолданудағы қабілеттің төмендігі. Мұндай ерекшелік онтогенез дамуының белгілі бір кезеңінде орын алуы мүмкін. Мысалы, есту қабілеті бұзылған балалардың ақпаратты көру арқылы өңдеу қабілеті (10-11 жасқа дейін) мектепке дейінгі және кіші мектеп жасында ғана байқалады.
Екіншіден, дамуында ақауы бар балалардың барлық категорияларында ойлау арқылы тілдік қарым-қатынасқа түсудің ерекше орын алады. Ақыл-ой дамуы кешеуілдеген балалар есте сақтау қабілетінің төмендігінен ассоциациялы түрдегі ойлаудың жүзеге асыруда қиындықтарға жолығады.
Үшіншіден, мүмкіндігі шектеулі балалардың барлығында түсініктерді қалыптастыру қабілеттер әлсіз. Мысалы, ақыл-ой дамуы кешеуілдеген мектеп жасына дейінгі балалар заттарды формаларына, түстеріне қарай топтастыра алмайды. Заттарды ерекше белгілеріне қарай топтастыруы тіпті қиын болады. Сонымен қатар, ақыл-ой дамуы кешеуілдеген балалардың жалпы сөйлеу тілінде, психикалық дамуында айтарлықтай кемшіліктердің әсерінен, белгілі бір жас ерекшелік кезеңіндегі психикалық функциялардың қалыптасу процесі аяқталмағандықтан, реградация құбылысы байқалады. Белгілі логопед Л.Е.Левина жалпы сөйлеу тілі бұзылған балалардың бойында автономиялы сөйлеудегі ұзаққа созылған патологиялық жағдайлардың орын алатынын сипаттады. Қалыпты психиканың дамуындағы автономиялы сөйлеуде баланың жасына тән сөздерді қолдануы байқалады. Ересектер бала тілінің дұрыс қалыптасуы үшін сөздердің дұрыс айтылуын, сөздердің үлгілерін көрсету, фонематикалық есту мен артикуляцияның дамуына жағымды әсер етудегі жұмыстарды жүргізеді. Ал, жалпы сөйлеу тілі бұзылған балаларда мұндай инволюция орындалмайды. Алдағы уақыттағы сөйлеудің даму қортындысында автономиялы сөйлеу мен қалыпты сөйлеудің орын алмасуы байқалмайды. Соңғысы дамудағы кемшіліктің бір түріне ғана тән психиканың даму заңдылығы бар. Ол заңдылық есту қабілетінің бұзылуына тән, яғни көрнекті-образды ойлау қалыпты балалармен салыстырмалы түрде, импрессивті сөйлеу (оқу) мен экспрессивті сөйлеу (жазбаша) көрнекті-образды және сөздік-логикалық ойлау арқылы дамиды. Белгілі сурдопсихолог И.М. Соловьев есту қабілеті бұзылған балалар психикасының даму жолын уақытында жүргізілген сурдопедагогикадық жұмыстар бала психикасының дамуына оң әсер ететіндігімен көрсеткен.
Арнайы психологиядағы ерекше орын алатын практикалық міндеттердің бірі мүмкіндігі шектеулі балаларды анықтау, оларды дифференциялды диагностикалау, диагностикалау қортындысы бойынша психодиагностикалық әдістемелекрді жасақтау болып табылады. Аталған міндеттерді шешуде жалпы қағидалар қабылданған.
Дамуында кемшілігі бар балалар арнайы оқыту мен тәрбиені, емдік-сауықтыру көмекті керек етеді. Осы көмек түрлерінің тиімділігін арттыруда олардың жағдайларын ерте диагностикалау қажет. Кемшілікті бекітіп қана қоймай балаға көрсетілетін көмек пен оларды арнаулы мекемелерге орналастыруға бағытталған кемшіліктің мінездемесін, сандық, сапалық көрсеткіштерін білу керек.
Ерекше оқытуды қажет ететін балаларды арнайы мекемелерге топтастырумен психологиялық-педагогикалық-медициналық сараптама мамандары айналысады. Мамандар осы тұрғыда төмендегідей қағидаларға сүйенеді:
Адамгершілік қағидасы. Бұл қағида- баланың мүмкіндігін дамытуы үшін балаға қажетті жағдай жасауға бағытталады. Бұл қағиданың міндеті балаға терең зерттеу мен қиындықты жеңе білуді үйрету болып табылады.
Баланы жан-жақты зерттеу қағидасы – диагноз қою кезінде баланы зерттеу жүргізген дәрігер-мамандардың, яғни дәрігер, дефектолог, психологтардың алған мәліметтеріне сүйенуді міндеттейді.
Баланы жан-жақты және біртұтас зерттеу қағидасы- танымдық әрекетін, эмоциялық-ерік аймағын, тәртібін зерттеуді көздейді. Баланың дамуына әсер ететін дене жағдайлар да есепке алады. Тұтастай зерттеуде бала туралы анықталған мәліметтерді сәйкестендіру басшылыққа алынады. Жан – жақты және тұтастай зерттеу баланың оқу, еңбек, ойын әрекетінде жүргізілсе нәтижелі болады.
Баланы динамикалық зерттеу қағидасы диагностикалық зерттеуде баланың берілген тапсырманы орындай алуын есепке алып қана қоймай, оқыту кезіндегі мүмкіндіктерін де есепке алу керек. Осы қағиданың негізінде Л.С. Выготскийдің “жақын даму аймағы” мен оқудағы потенциалдық мүмкіндіктері анықталады.
Сандық-сапалық әрекет қағидасы баланың орындаған тапсырмасының қортындысын ғана емес, таңдалған міндеттердің рационалдылығы, операциялардың логикалық реттілігі, мақсатқа жетудегі тұрақтылықты есепке алады (С.Д.Забрамная)
Анықталған патологиялық кемшіліктерге сәйкес балаларды саралау қағидасы арнайы мекемелерге орналастыруда басшылыққа алынады. Мысалы, сөйлеу тілінде кемшілігі бар балаларға арналған балабақшаларға есту қабілеті қалыпты сөйлеу тілінде фонемаларды қабылдай алмаушылығы немесе сөйлеу тілінде тұтығу анықталған балалар қабылданады.
Дамудағы кемшіліетің күрделілігіне қарай оқытуды саралау қағидасы дамудағы кемшіліктің ұқсастығына, күрделілігіне қарай әдістемелер құрастыруды қолданылады. Мысалы, соқыр балалар Брайль жүйесі бойынша тактильдік негізінде білім алса, нашар көретіндер көок негізі арқылы оқытылады.
Жас ерекшелік қағидасы балаларды топқа немесе сыныптарға бөлуде басшылыққа алынады.
Психологиялық- педагогикалық зерттеулер кезінде қолданылатын әдістер бобы:
Әңгімелесу әдісі арқылы тәртіп нормалары, кемшіліктің белгілері, аты – жөні, жақындары, достары, жасы, туған жылы туралы мәліметтер алынады. Егер, баламен қарым – қатынасқа түсу мүмкіндігі болмаса, баланы қызықтыру мақсатында кқрнекті құралдар пайдалану керек.
Бақылау әдісі баланы кеңес беру орталығына келген кезден бастап жүргізіледі. Баланы әр түрлі әрекет кезіндегі көңіл-күйі бақыланады. Алынған мәліметтердің барлығы қағазға түсіріліп отыруы тиіс.
Баланы жұмыстарын (сүреттерін, қол еңбек)зерттеу әдісі баланы тексеру кезінде сүреттердің көмегімен саралау-диагностикалау жұмыстаран жүргізуде қолданылады. Балаға сүрет салдыру кезінде еркін тақырыптарды таңдауды нақты диагнозды анықтауға көмектеседі. Ақыл-ой дамуында кемшілігі бар балалар тақырып таңдауда қиындықтарға кезігеді. Психикалық ауытқулары анықталған балалар салған сүреттерінің мағынасын түсіндіре алмайды. Шизофрения ұшырыған балалардың сүреттері аяқталмайды, яғни сүреттің геометриялық жағы негізгі белгілері көрсетілмейді. Сүреттерді бояу, салынатын сүреттің пі0шіні мен формасын білмеу, сүретті салу кезінде алысқа баруға қорқу сияқты белгілер анықталады. Эпилнпсиялы деменция мінездемелері белгіленген балалар сүрет салу кезінде шектен тыс нақтылық, баяулық, ойын жинақтаудыға қиындықтар арқылы анықталады. Сүрет бойынша диагностикалық мақсаттарды шешуге, басқа баламен қарым-қатынасқа түсуге болады.
Эксперименттік-психологиялық зерттеу әдістері кезіндн арнайы зерттеуді қажет ететін психикалық процестерді актуализациялау үшін нақты ситуациялық жағдайларды туғызуға мүмкіндік болады.
Тест әдісі балаға психодиагностикалық зерттеу жүргізу мақсатында қолданылады. Осы мақсатта кеңінен қолданылатын Д. Векслердің балалр тесті. Бұл тест ақыл-ой кемшілігінің жеңіл түрін психикалық дамудағы кемшіліктен мағынаға ие диагностикалық тапсырмалардан тұрады. Барлығы 5-15 жас аралығындағы балалрға арналған 12 субтест. Бұл тесттің көмегімен балалардың айтылғанды қайталай алу, сүреттердің реттілігін білу, текшелерден фигуралар құрастыру, цифрларды шеше сияқты дамудағы психикалық функцияларды анықтауға болады. (С.Д Забрамная)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   99




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет