Пікір жазғандар



бет52/99
Дата06.03.2023
өлшемі1.45 Mb.
#470440
түріОқулық
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   99
арнайы кітап

Психикалық дамудың тежелуі конституционалдық мінездемесі бойынша ПДТ баланың эмоционалдық-ерік аймағы дене және психикалық дамудың ерте кезеңіне сай келеді. Тәртібінде ойын мотивациясының басымдығы байқалады, тез шаршау анықталады. Жалпы білім беретін мектептегі білім алатын балалардың өзінде ойын әрекеті басым болады. ПДТ-дің бұл формасында гармониялық инфантилизмді психикалық инфантилизмнің негізгі формасы ретінде қабылдауға болады. Зерттеушілер гармониялық инфантилизмнің егіздерде жиі кездесетінін айтады. ПДТ-дің бұл формасындағы балалар арнайлы коррекциялық мекемелерде білім алады.
Психикалық дамудың соматогендік мінездемесі бойынша ПДТ-дің себептері қайталанбалы, инфекциялық аурулар, балалар арасындағы невроздық жағдайлар, туа пайда болған және жүре пайда болған аурулардан болады. ПДТ-дің бұл формасында балалардың дене дамуының жағдайын ғана емес психологиялык статусында тұрақты түрде төмендетуге себеп болатын астениялық жағдайлар анықталады.
Психогендік түрдегі ПДТ ерте даму кезіндегі бас миының соққы алуынан болған невроздық жағдайлармен түсіндіріледі. Осымен қатар әлеуметтік депривацияға ұшырап, педагогикалық мамандар жағынан қараусыз қалған балалардың таным әрекетіндегі ауытқүларын сипаттау үшін де қолданылады.
Церебральды-органикалық генездегі ПДТ психикалық функциялардың жетіспеуі И.Ф.Марковская екі категорияға: эмоциялық-ерік аймағының дамымауы, органикалық инфантилизм мен энцефалопатиялық бұзылулар, интеллектінің бұзылуы түрінде бөледі.
У.В.Ульенкова (1994) психикалық дамудың тежелуін компенсациялау жұмыстарында баланың жасы, әлеуметтік жағдайы, денсаулығының жағдайы, баланың психологиялық даму ерекшеліктері есепке алыну керек деген болжам айтады. Бұл балалардың даму динамикасын жүзеге асырудың тиімді жолы ерте кезден бастап жүргізілген коррекциялық-педагогикалық жұмыстар болып табылады. Бүл балалар жалпы білім беретін мектептің, балабақшаның жанынан ашылған арнаулы топтарда білім алады.
Психикалық дамуы тежелген мектеп жасына дейінгі балалардың психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері 4-5 жасқа дейінгі уақытта байқалады. Олардың бойында байқалатын кемшіліктердің түрлері мыналар:
- ересектермен қарым-қатынасқа түсудегі эмоцияның элсіздігі;
- сөйлеу тілінің кезеңдердің кешеуілдеуі;
- моторика мен көру координациясының баяу дамуы.
ПДТ балаларда мектепке қабылданған уақытта баланың дене дамуы артта қалу, мектепке баруға деген мотивтің қалыптаспау, бала мектепке оку үшін емес, ойын әрекетіне араласу үшін ғана баруға ықылас білдіруі, бала мектептің жалпы талаптары мен ережелеріне көндіге алмау, эмоциялы-ерік сферасы, интеллектуалдық қабілеттері төмендеу белгілері байқалады. Сонымен бірге, тапсырманы аяғына дейін орындамаушылық, мектеп бағдарламасын игере алмаушылық байқалады.
Психикалық дамуы тежелген балаларды оқыту мен тәрбиелеудің коррекциялық бағыттары арнаулы білім беру мекемелеріндегі диагностикалық, тэрбиелілік, коррекциялық-дамытушылық, сауықтыру және білім беру міндеттері арқылы жүзеге асады.
Диагностикалық міндеттер балаға медициналық-психологиялық-педагогикалық зерттеу жүргізу мен жеке даму бағдарламасын құруда жетекші қызмет атқарады.
Тәрбиелілік міндеттер баланың әллеуметтенуін, ата-анасы мен қарым-қатынасын күру арқылы адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеуді қамтиды.
Коррекциялық міндеттер бала психикасы мен әрекетін компенсациялау, кемшіліктерді түзету, танымдық қабілеттерді дамытады.
Сауықтыру бағытындағы жұмыстар бала денсаулығын жақсарту, емдеу, профилактикалау жүмыстары орындалады.
Білім берушілік міндеттер бала әрекетінің барлық түрлерін дамыту, мектепке оқуға дайындау, жеке ерекшеліктерін есепке ала отырып оқыту мен тәрбиелеу арқылы шешіледі.
Мектепке дейінгі мекемелерде жүргізілетін коррекциялық-педагогикалық жұмыстар шартты түрде бірнеше деңгейлерге бөлшеді.
Бірінші деңгейде жоғары психикалық функциялардың дамуына непз болатын жағдайларды қалыптастыру маңызды. Баланың шығармашылык қабілеттерін, жетекші эрекетгерін қалыптастыру жұмыстары жүрпзшеді.
Екінші деңгейде арнайы мектепке дейінгі білім берудің міндетгері жүзеге асады, баланың мектепке оқуға дайындығы қалыптасады.
ПДТ балалар мекемесіндегі логопедтің жұмысы түрліше ұйымдастырылады. Мұндай жағдайда әр топқа штаггық бірлік бөлшеді, яғни логопедиялык жұмыстар мақсатты түрде күнің екінші жартысында жүргізіледі Оқу жылының брінші жылында логопед балалардың мағыналы түрдегі сөйлеуіне көңіл бөледі. Одан кейінгі уақытта логопед балалардың грамматикалық сөйлеу тіліне, сөйлеудің лексикалық құрылымына назар аударады. Баланы мектепке дайындау барысында логопед пен дефектолог сауат ашу мен тіл дамыту сабақтарына дайындайды.
Совет Одағында ПДТ балаларға арналған мектепке дейінгі ұйымдар ең алғаш рет У.В.Ульенкованың басшылығымен 1973 жылы. Арнайы мекемеге қабылдаудағы ескерілетін жағдайлар ақыл-ой дамуының кешеуілдеуі, энурез, шизофрения, эпилепсия, есту, көру, тірек-қимылдағы ауытқулар байқалса, балалар аталған мекемеге қабылданбайтын болған.
Қазіргі уақытта мектепке дейінгі психикасының дамуы тежелген балалар коррекциялық-педагогикалық көмекті сөйлеу тілі зақымдалған балаларға арналған балабақшаларда, жалпы балабақшалардағы арнайы топтарда коррекциялық кабинеттер негізінде алу мүмкін. Топтарға 5 жастан бастап қабылданады. Түлектердің білім алуы ПМПК қорытындысымен шешіледі.
Осы мекемелердің міндеті баланы жалпы мектепке немесе коррекциялық сыныптарға оқуға дайындау. Қажет болған жағдайда арнайы мектептерге оқуға нүхқаулар береді.
Осы балаларға арналған коррекциялық-педагогикалық жұмыстарды ұйымдастыру мәселесі XX ғасырдың 60-шы жылдарынан бастап қалыптасты.
Аталған мәселенің өзектілігі мектеп оқушыларының біраз пайызы үлгермеушілік көрсеткендіктен, зерттеу жүргізіліп оларды психикалық дамудың артта қалуымен түсіндіріліп отырды.
1970 жылы Горький қаласының бір мектебінде Т.А.Власова мен В.И. Лубовскийдің басшылығымен ПДТ балаларды оқыту жұмысына зерттеу жүргізіле бастады. Эксперимент жүмысы 10 жылға созылып, 1980 жылы аяқталады да, 1981 жылы психикалық дамуы кешеуілдеген балаларға арналған арнайы мекеменің жаңа типі құрылады. Дегенмен, аталған мектеп түрінің таралуы әдістемелік бағдарламалардың жоқтығынан, кадрлардың жетіспеуінен, ата-аналардың қарсылығына байланысты кешеуілдеп қалды.
1988 жылы жалпы білім беретін мектептерде ПДТ балаларға арналған коррекциялық сыныптары ашыла бастайды.
2010 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Білім туралы Заңына енпзілген өзгерістеріне байланыстыРК (ст.1. п.21-3) мүмкіндігі шектеулі балалар жалпы бшш беру мектебінің жай және коррекциялық сыныптарында оқуға мүмкіндігі бар. Үлгеріміне қарай ПДТ балалар келесідей білім алуы мүмкін:
1 вариант - жалпы білім беру стандарты бойынша білім алу (цензалы білім алады).
2 вариант - арнайы (көмекші) бағдарлама бойынша оқу.
Екі жағдайда да психикалық дамуы тежелген балалар коррекциялық қолдауды талап етеді. Бастауыш сыныпты аяқтаған соң оқушылардың жалпы мектепке ауыстырылуы немесе коррекциялық сыныптарында оқуды жалғастыруы шешшеді. Қажет болған жағдайда зияты зақымдалған балаларға арналған арнаулы мектепке жіберіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   99




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет