Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары
1. К.В.Лебединскаяның ұсынған классификациясының мэнін түсіндіріңіз.
2. Коррекциялық-дамыту бағдарламаларының құрылу логикасы мен жүзеге асыруын баяндаңыз.
3. Коррекциялық-дамыту бағдарламалары бойынша арнайы топтарға қабылдаудағы қарама қайшылықтарды атаңыз.
4. Коррекциялық-білім беру жұмыстарының мндеттерін атаңыз.
§ 24. ТІРЕК-ҚИМЫЛ АППАРАТЫ БҰЗЫЛҒАН БАЛАЛАРДЫ ОҚЫТУ МЕН ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖҮЙЕСІ
1. Тірек-қимыл аппаратының бұзылуына жалпы сипаттама. Балалар церебральды салы
2. Балалар церебральды салы кезіндегі психиканың дамуындағы ерекшеліктер
3. Тірек-қимыл аппараты бұзылған балалаға арналған мектептердегі
оқыту жүйесі
4. Тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларды жалпы білім беретін мектептерде окыту мен тәрбиелеу
Тірек-қимыл аппаратының бұзылуы туа пайда болуымен де, жүре пайда болуымен де түсіндіріледі. Балалар арасындағы туа пайда болған, жүре пайда болған бұзылулар 5-7 %-ды құрайды. Тірек-қимыл аппараты бұзылған балалар дамуындағы артта қалушылықтар түрлі себептермен түсіндіршеді:
Жүйке жүйесінің аурулары: балалар церебральды салы, полиомиелит (жүлын миының алдыңғы мүйізшелерінің инфекциялық ауруларғ шалдығуы).
Тірек-қимыл аппаратының туа пайда болған патологиялық жағдайлары. жамбас сүйектерінің (туа пайда болған) шығып кетуі, мойынның қисаюы, майтабандық, табан деформациясы, (омыртқалардың қисаюы) сколиоз аяқ-қолдардың дамуындағы жетіспеушіліктер, саусақтардың аномальды дамуы, артрогрипоз(туа пайда болған ұсқынсыздық).
Тірек-қимыл аппаратының жүре пайда болған аурулары және зақымдануы: жүлын миының, бас миының, аяк-қолдарының сүйектердің полиартрит (буындардың ауруы), сүйек аурулары (туберкулез, сүйектердің) ісінуі, остеомиелит), рахит (сәбилік шақта дәрумендердің жетіспеушігінен зат алмасудың бұзылуы). Аталған аурулардың клиникасы жетекші кемшшіктердің түрлерін кимылдың бұзылуы, қимылдың жетіспеушіліпмен түсшдіршеді.
Балалар церебральды салы - ұрықтық (перинатальдық) кезеңдегі эндогендік және экзогендік факторлардың әсерінен мидың полиэтиологиялық ауруларға шалдығуы. Мұндай жағдайлардың көпшілігі туылу кезіндегі бас миының соққы алуымен де түсіндіріледі. Онтогенез дамуының ерте кезеңінде бас миының үлкен жарты шарларындағы қимылдық қозғалыс, сөйлеу кезіндегі ерікті қозғалыстарды реттеуші мидың «өте жас» бөлімдерінің зақымдануы да әсер етеді. Балалар церебральды салы кезіндегі қимылдық, танымдық, сөйлеу функцияларындағы кемшіліктер:
Буындық тонустың бұзылуы.
Гипотония - аяқ-қол мен дене бұлшық еттеріндегі қозғалыстың әлсіреуі. Мұндай белгілер мишық пен вестибулярлық аппарат жұмысының жетіспеушілігі.
Дистония - буындық тонустың өзгермелілігі. Буындар тыныштық жағдайында болса, қимылдау кезінде тонус күшейеді де қозғалыс әлсірейді.
Ерікті түрдегі қозғалыстардың шектелуі мен жойылуы (парез және паралич) ортақ түрдегі паралич кезінде бас миының қабықтық зоналары мен пирамидалы жолдардың бұзылуынан ерікті түрдегі қимыл-қозғалыс жоғалады.Бұл кезде бала қолдарын жоғары көтере алмай, қолдарын сермей алмай қиналады.
Гиперкинез — еріксіз, зорлау қимылдарының бұлшық ет тонустарының ауысуымен байқалады. Мұндай еріксіз қимылдар артикуляциялык аппарат, мойын, бас, аяқ-қолдардың бұлшық еттерінде байқалады.
Тремор — аяқ-қолдың дірілдеуі.
Тепе-шеңдік пен қозгалыс кооринациясының бұзылуы (атаксия) отыру, тұру кезіндегі тұрақсыздықтар.
Кинестезия - қимылды сезіну жағдайының бұзылуында дененің орналасу қалпын аджырата алмаушылық.
Түзелу, статикалық рефлекстердің дамуындагы жетіспеушіліктен баланың ерікті түрдегі моторика дамымайды.
Синкинезия — белсенді түрдегі қимыл-қозғалысқа түсу барысында дененің еріксіз қозғалыстарды реттей алмаушылығы.
Сонымен, «церебральді паралич» термині жеке организм дамуының әр түрлі кезеңдерінде мидың толық жетілмеуі және оның бұзылуының нәтижесінде дененің тұрацты қалпын сацтай алмауы мен нақты әрекеттер орындауда қабілетсіздіктерімен сипатталады. Церебралъді паралич кезеңіндегі мидың заңымдануы сенсорлық, танымдық аясында және қозғалыстарында күрделі бұзылыстары пайда болады.
Соңғы жылдары церебральді паралич диагнозы қойылған саны едәуір өсуі байқалады. Әртүрлі авторлардың мәліметі бойынша (Нэнси Р. Финни, Хелен А.Мюллер, М.Бакс, Никитина М.Н., Семенова К.Л., Махмудова Н.М., Белова Г.И., Бадалян Л.О., Серганова Т.И., и др.) 1000 баланың ішінен 1,5-2,5 бала церебральді паралич диагнозы қойылады. Қазіргі таңдағы ғылыми зерттеулерде церебральді паралич - орталық жүйке жүйесінің зақымдалуынан пайда болатыны дәлелденген. Оның әсерінен тірек-қимыл козғалысының бұзылуы, сенсорлық, сөйлеу тілінің және танымдық сфераларының зақымдалуы көрініс табады. Сонымен қатар церебральді параличі бар балалардың бойында қосалқы кемістіктер жиі көрінеді. Оның ішінде: көру қабілетінің зақымдалуы -25%; есту қабілетінің бұзылуы - 20%; зиятының жетіспеушілігі - 25%; психикалық дамуының тежелуі - 40%. Демек, осы категориядағы балалар арнайы білім берудің сапасына тәуелді, бірақ ұзақ жылдар бойы арнайы педагогика саласы бойынша осы мәселелерге тиісті көңіл бөлінбеген. Бұндай балалардың психологиялық функциясын, жас ерекшелігін және күрделі ауытқудың категориясына қарай жеке коррекциялық оқытуды қажет етеді.
Біздің елімізде де бұл өзекті мәселелердің бірі болып табылады. ҚР-да
церебральді паралич диагнозымен 9000 бала тіркелген. Қазақстан Республикасында квалификациялық көмек көрсету бойынша арнайы бағдарламаның әзірленбегендіктен бұл мәселе күрделенуде. Әлемдік педагогикалық тәжірибелердің зерттеулерінде церебральді параличпен ұштасатын бірнеше ауытқу мен дамуында кемістігі бар балалардың даму ерекшеліктері туралы мәліметті үнемі толықтырып, олардың әлеуметтік оңалтуын мүмкіндіктеріне жаңа көзқараспен толықтырылып, олардың білім алуы мен тәрбиелеуі мазмұнын жаңа әлеуметтік-экономикалық шарттарда жетілдіру үрдісінде.
Балалар церебральды салы кезіндегі психикалық кемшіліктер мен оны түзету жұмыстары Л.А.Данилова, Э.С.Калижнюк, Г.В.Кузнецова, Е.М.Мастюкова, О.Г.Приходько, К.А.Семенова еңбектерінде толық зерттеледі. Авторлардың барлығы балалар церебральды салы кезіндегі психиканың дамуындағы ерекшеліктер танымдық әрекеттің, эмоциялық-ерік аймағының, тұлғаның қалыптасуындағы функцияларды жояды деген болжам жасайды. Бұл балалардың көпшілігінде танымдық әрекеттің төмендігі байқалады.
Эмоциялық-ерік аймағының бұзылуы эмоция түріндегі қозғыштықты, көңіл-күйдің тұраңсыздығымен байқалады.
Балалар церебральды салы кезінде 80%-ға дейін сөйлеу тіліндегі кемшілік кездеседі. Осы кездегі сөйлеу тілінде кездесетін кемшіліктер:
Достарыңызбен бөлісу: |