Пікір жазғандар


Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары



бет59/99
Дата06.03.2023
өлшемі1.45 Mb.
#470440
түріОқулық
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   99
арнайы кітап

Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары
1. Мүмкіндігі шектеулі тұлғаға қоғамның көзқарасының дамуы туралы анықтама жасаңыз.
2. «Сырқат адам» «Қоғамға қауіп төңдіретін» «Аяушылық білдіру» модельдерін сипаттаңыз.
3. Қалыпты жағдайға ұмтылу концепциясының мәнін ашыңыз.


§ 28. ИНТЕГРАЦИЯЛЫҚ ОҚЫТУ ЖҮЙЕСШЕ ТАРИХИ ШОЛУ НЕГІЗІНДЕ ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДІҢ МӘНІН АШУ
1. Білім берудегі интеграция мәселесіне тарихи шолу.
2. Интеграциялық оқыту және инклюзивті білім беру
3. Инклюзивті білім берудің қағидалары
Қазіргі таңдағы әлеуметтік философияда интеграция - бұл қоғамның және оның жүйелеріне (сонын ішінде білім беру институттарының жүйелерін) қолдау көрсетіп дамытатын барлық қоғам мүшелері қатыса алатын таңдау құқығы бірдей мүмкіндігі шектеулі адамдар мен қалыпты дамитын адамдардың өмірәрекетінде бірлескен болмысының формасы ретінде түсіндіріледі.
XIX ғасырда педагогика тарихында (1746-1827) И.Г.Пестолоцидің педагогикалық идеясымен европалық білім беру тәжірибесіне қалыпты балалалар мен дамуында ауытқуы бар балаларды біріктіріп оқыту феноменінің енгізу (ол бастапқыдай «интеграция» термині сияқты аталмады) үлкен дайындықпен жүргізілді. Интегарция әлеуметтік-тұрмыстық формасы ретінде қарастырыла отырып қалыпты дамыған адам мен ерекше қажеттілікті қажет ететін адамдардың бірдей әлеуметтік үрдіске, барлық білім беру сатыларына, күнделікті бос уақыттарына, жұмыстарына, әртүрлі әлеуметтік функциялар мен рөлдерді жүзеге асыруға тең қүқылы екені барлық дамыған елдердің зандарында занды түрде бекітілген.
Педагогика терминінде «әлеуметтік интеграция» XX ғасырда пайда болған. Ол АҚШ-та нәсілдік, этникалық азшылықтардың мәселелерінде, кейіннен эмигрант балаларға және тек қана соңғы жиырма жылдықтарда (XX ғасырдың 60 жылдары) мүмкіндіктері шектеулі балалардың мәселелер контексінде қолданыла бастады.
Л.С.Выготский дамуында ауытқуы бар балалардың қалыпты дамыған балалардан, яғни қоғамдық ортадан шектелмейтіндей білім беру жүйесін құру керек екенін айтты. Ол арнайы мектептердің жетістіктерімен қоса негізігі кемшілігін көрсетті. Ол өздерінің тәрбиеленушілерін - естімейтін, көрмейтін немесе ақыл-ойы кем балалардың мектеп ұжымының ішінде тұйықталған ортаны құрып, өз бойындағы жетіспеушілігіне көңіл аудартып, оның шынайы «өмірге бейімделуіне кедергі келтіреді. Арнайы мектеп ауытқуы бар балаларды оөлектенген ортадан шығарудың орынан, керісінше балада оңашалануға ұмтылу дағдыларын дамытады. Сол себептен Л.С.Выготский дамуында ауытқуы бар балаларды тәрбиелеудің міндетті - баланы өмірге кіріктірудің немесе бойындағы ауытқуды компенсациялаудың басқа да жолдарын іздестіру керек деп есептеді. Л.С.Выготский мұндай мәселелерді шешуде бала бойында пайда болатын сапалық өзгерістерді өзі өмір сүрген ортаға және сыртқы жағдайға бейімдеу заңдылықтарына сүйене отырып шешуге болады дейді. Өйткені мұндай заңдылық қалыпты дамыған балалар мен кеміс балалардың дамуында бірдей. Сондықтанда ол компенсацияны биологиялық тұрғыдан емес, әлеуметтік аспектіде алады. Осыған орай Л.С.Выготский ең бірінші интеграциялық білім беруді енгізді.
Дамуында ауытқуы бар балаларды жалпы білім беру жүйесінде оқытудың технологиялары мен әдістерін мұғалімдерге арнайы курстар өткізу арқылы дайындық сапаларын жоғарлату қажет. Бұл мәселені неміс педагогы 1829 жылы Фридрих Х.К. Шварц «Үш томдық тәрбие теориясы» еңбектерінде жазды: «Естуінде және көруінде ауытқуы бар балаларға арналған жақсы арнайы мекемелер бар және оның дәл осы уақытта алға ұмтылудың басты қадамы олардың жетістіктерін дәстүрлі мектептерге қоса отырып жандандыру». Сол уақыттарда естуінде және көруінде ауытқуы бар балаларды жалпы білім беру мектептерінде арнайы дайындалған мамандар жүмыс жасаса, онда арнайы мектеп-интернатынан қарағанда көп шығынға түспейді деген болжамдар жасалған.
Еуропа елдерінде ақыл-ойы кем балаларды жалпы дәстүрлі мектептерге (кедейлерге арналған мектеп) біріктірудің бірнеше факторлары болды. Шет елдердің педагогикасында интеграция - бұл экономикалық, әдістемелік, дидактикалық және үйымдастырушылық сипаттағы үрдістерімен қамтамасыз етілуімен және қолдау көрсетуімен қалыпты дамыған балалар мен мүмкіндігі шектеулі балалардың бірлесіп өмір сүруі мен білім алу мүмкіндігі ретінде қарастырады. Педагогика ғылымында интеграция ұғымына мынадай сипаттама береді: «Әр баланың мүмкіндігі мен қажеттілігінің ерекшелігіне және ортақ коммуникативтік кеңістігіне қарамастан барлық балалар бірдей деңгейде білім алады, ойнайды, жұмыс жасайды. Сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі жас өспірімдердің бірлескен білім беру процесіне белсенді қатысуы мен жетік дамуы үшін арнайы шарттар ұйымдастырылады».
Интеграцияның жаңа формасы тек ХХ-ғасырдың екінші жартысында шет елдерде пайда бола бастады. XX ғасырдағы технологиялық және ақпараттык революцияның 70 жылдардың либеральды-демократиялық реформалармен сәйкес келуі экономикалық жағдаятты көтеруге мүмкіндік туғызып, жалпылама, арнайы, гуманитарлық инновациялық теория мен технологиялык идея ретінде педагогикаға енуіне, сонымен қатар білім беру жүйесіне экономикалық және интерактивтік тұғырында тәжірибелік және теория ретінде енгізіп жүзеге асыру.
Экономикалық, технологиялық және ақпараттық мүмкіндіктері дамыған Европа, Янония, АҚШ елдерінде инклюзивті білім берудің пайда болуымен жүзеге асыруға ықпалын тигізеді. Демек, оларда арнайы білім беру жүйесінің болуымен, жалпы білім беру мекемелеріне арнайы білім беру жүйесін енгізу, сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға максималды қолжетерліктей қалалық инфроқұрылымын құруға мүмкіндіктері бар екенін сөзсіз айтуға болады. 1975 жылы АҚШ мемлекеггі барлық анамольды балалардың «интеграциялық білім алуы» туралы Заң қабылданды. Бұл өте үзақ және күрделі үрдіс болды. Демек, қоғамның оңашаланған (сегрецияланған) мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың қоғамға енгізуін мойындау мен қолдау. Демократиялық тенденцияның әрі қарай бұл бағыт бойынша дамуы тек интеграциялық идеяны ғана емес сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі балаларға қарасты өзекті мәселелерді және «ортақ топта» оқытуға бағытталған арнайы білім беруге сәйкес интеграциялық үрдістің дамуына септігін тигізді.
АҚШ пен Еуропаның білім беру жүйесінде бірнеше амал-тәсілдер дамыды: мэйнстриминг, интеграция, инклюзия.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   99




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет