Пікір жазғандар


Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары



бет57/99
Дата06.03.2023
өлшемі1.45 Mb.
#470440
түріОқулық
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   99
арнайы кітап

Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары
1. Дамуында күрделі кемістігі бар балаларды оқыту мен тэрбиелеу мэселесінің өзектілігі.
2. «Дамуында ісүрделі кемшілігі бар балаларға «педагогикалық көмек көрсету» мазмұнының теориялық негізін анықтаңыз.
3. Дамуында күрделі кемшілігі бар балалармен жұмыс жасауда педагог-практиктердің жұмысында анықталатын қиындықтардың түрлерше сипаттама жасаңыз.
4. «Күрделі кемшілік» және «кемістіктің күрделі құрамы» түсініктерінің айырмашылығын көрсетіңіз.
5. Күрделі кемшіліктің пайда болу себептері.
6. Шет елдік зерггеулердегі күрделі кемшілігі бар балалар дамуының ерекшеліктері қалайша түсіндіріледі?


§ 26. ЭМОЦИЯЛЫҚ ДАМУЫ БҰЗЫЛҒАН (ЕРТЕ ЖАСТАҒЫ АУТИЗМГЕ ШАЛДЫҚҚАН) ТҰЛҒАЛАРҒА КОРРЕКЦИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУ ЖҮЙЕСІ
1. Ерте балалар аутизмі кезіндегі балалардың клиникалық-психологиялық мінездемесі
2. Ерте балалар аутизмі кезіндегі балалармен жүргізілетін коррекциялық-педагогикалық жұмыстарының әдістері мен тәсілдері
Ерте балалар аутизмі - 2,5-3 жастан бастап қалыптасатын психикалық дамудың күрделі түрі. Бұл синдромның клиникалық сипаттамасы полиморфты және қарама-қайшылықтар түрінде К.С. Лебединская, (1987, 1988) О.С. Никольская, Е.Р. Баенская, М.М. Либлинг (2003) еңбектерінде берілген.
Ерте балалар аутизмі синдромына тән ерекшеліктер:
- басқа адамдармен және заттар әлемімен қарым-қатынасқа түсе алмаушылық, әлеуметтік дамудың ерте кезеңінде байқалатын күрделі кемшілік;
- тәртіптің сереотиптілігі;
- сөйлеу тіліндегі кемшіліктердің ерекше түрдегі байқалуы (мутизм, эхолалия, стереотипті монологтар, сөйлеудің болмауы);
-сенсорлық жағдайларға деген сезімталдықтың сензитивтілігі.
Қазіргі уақытта аутизм синдромының себептерін авторлар баланың биологиялық тұрғыдағы толық дамымауымен түсіндіреді. Ерте балалар аутизмінің этиологиясы белгілі, яғни генетикалық факторлардың ролімен анықталатын нозологиялық форма түрінде сипатталатын кемшілік. Ерте балалар аутизмі кезінде балалардың көпшілігі ОЖЖ-дегі органикалық зақымдануларға шағымданады.
Ерте балалар аутизміне тән жағдайлар кемшіліктің қарама-қайшылықтарға толы болуы, біркелкіліктің жоғалуы. Аутист бала математика, ән салу, шахмат ойнауда интеллектуалдық жағынан жоғары дамыған, ақыл-ой дамуы кешеуілдеген, дарынды бала болуы да мүмкін. Бірақ қарапайым тұрмыстық және әлеуметтік дағдыларды игеруде қимыл-қозғалысқа түсудегі жайсыздықтарды көрсетеді.
Ерте балалар аутизміне тән ерекшеліктер туралы баяндасақ, былайша тізбектеледі:
• Мүндай жағдай баланың бір жасқа дейінгі кезінде жымиу, күлу, сезіктену сезімдерінің болмауымен байқалады.
• Қоршаған ортамен қарым-қатынасқа түсудегі аффектінің бұзылуы Онтогенез дамуының ерте кезеңінен бастап сәбидің эмоциясындағы жабырқаулық, анасының қолына үйреніспеу жағдайларымен байқалады.
• Адамға немесе қандай да бір затқа үйренісу, байланушылық кезінде бала өзіне деген сенімсіздікті жоғалтып, өз бетімен әрекет жасай алмайтын жағдайға түсе ді.
• Қарым-қатынас кезіндегі кемшіліктер өзінің эмоциялық жай-күйі түсіндіре алмаушылықпен байқалады.

• Аутизм кезіндегі сөйлеу тілінің ерекшеліктері сөйлеуден бас тарту, мутизм эхолалия күйінде байқалады.


• Аутизм кезіндегі ойлау қабілетінің ерекшеліктері баланың күрделі математикалық тапсырмаларды орындауға, шахмат ойынын ойнаудағы логикалық қабілеттің байқалуымен түсіндіріледі.
• Аутизм кезіндегі фантазияға берілушілік баланың шектен тыс қорқуы, сананың түрақсыздығымен түсіндіріледі.
• Өз тәртібін реттей алмаушылық кезінде бала ойын барысындағы ойын ережелеріне бағынбау, ойынға араласа алмау белгілерін көрсетеді.
Аталған проблемалар 2,5-3 жасқа дейін толық байқалады.
К.С.Лебединская мен О.С.Никольская (1985, 1987) аутизм кезіндегі даму зандылықтарын қарастыра келе, оны дезадаптацияның деңгейіне қарай төрт топқа бөледі
- Бірінші топта, дезадаптацияның ең күрделі түрі бала қоршаған ортадан толығымен оқшауланады.
- Екінші топ баланың дене дамуының жетіспеушілігі, сөйлеу тіліндегі эхолалияның болуымен байқалады.
- Үшінші тобында аутизм баланың уайымға салынуымен сипатталады. Мұнда бала өзінің дискомфорт жағдайын немесе қорқышын сезіміне жүгінеді. Бүл топтағы аутист баланың бойындағы кемшіліктерді жоюға мүмкіндік мол.
- Аутизмнің төртінші тобында балаға үнемі қолдау көрсетіп, қарым-қатынасқа түсуге жағдай жасап отыру керек.
Аутизм кезіндегі жүргізілетін коррекциялык көмектің әдістері мен тәсілдері баланың психикалық тонусын бірқалыпты сақтау арқылы жүргізіледі. Баланың өзінің мүмкіндігінен тыс жағдайларды туғызу балада агрессия, негативизм, қарым-қатынастан бас тарту түріндегі әрекеттерді туғызады.
Баламен қарым-қатынасқа түсудегі негізі параметрлерді мына деңгейлер арқылы анықтауға болады:
- баламен қарым-қатынасқа түсу кезінде не қажет?
- бала өзімен-өзі қалғанда қандай әрекеттерді (бөлмеде әрі-бері жүру, бір затты соққылау, секіру, т.б.) жүзеге асырады?
- қоршаған ортадағы заттарды қалайша зерттейді (иіскеу, қарап шығу, бір қырыннан қарау);
- ойыншықтармен қалай ойнайды (қызығушылықпен)?;
- стереотиптілік дағдылар байқала ма?
- әрекет барысында сөзді қолдана ма?
- дискомфорт жағдайында өзін қалай ұстайды (тынышталу, агрессия, шағымдану, қимылдық стереотип)?;
- қуану кезіндегі тәртібі қандай?
- тыйым салуға қалай реакция береді?
- баланы тыныштандыруда қандай әрекеттер жасайсыз?
- бала зейінін шоғырландыру үшін не істеу керек?
- ересектердің бала әрекетіне қызығушылық танытуын қалай қабылдайды?

Аутизм кезіндегі бала тәрбиесінің тауқыметі анасына жүктеледі Сондықтан да арнайы мамандар кэсіби тұрғыда кеңес беру жұмыстапын ұйымдастыруы керек.


Ерте балалар аутизмі кезінде коррекциялық-педагогикалық жұмыстарды ұйымдастыру Батыс Еуропа елдері мен АҚШ-та XX ғасырдың 30 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Аталған елдердің ішінде алдыңғы қатарда дамып келе жатқан Дания мемлекетінде 1920 жылдан бастап аутист балаларға ерте кезден бастап арнайы көмек түрлері көрсетіледі.
Еуропаның басқа елдері мен Америкада аутист балаларға ата-аналардың көмегімен ұйымдастырылған арнайы көмек түрлері көрсетіледі.
Көрсетілетін көмек түрлерінің ұйымдастырылуы арнайы әдістемелердің көмегімен жүргізіледі.
Тәртіп нормаларын қалыпқа келтірудегі оперантты оқыту әдістемесі баланың тәртібін қалыпқа келтірудегі ішкі орта жағдайларын қалыпқа келтіруді мақсат етеді. Жұмыстың негізгі бағыты әлеуметтік-тұрмыстық ортаға бейімдеу, сөйлеу тілін дамыту, оқу пәндерін игертуге баулу, шаруашылық дағдыларын қалыптастыруға негізделеді.Оқыту жеке түрде жүргізіледі.
Қарым-қатынасқа түсуге баулу бағдарламасы арқылы қарапайым әлеуметтік-түрмыстық дағдыларды игерту, кеңістік пен уақыт туралы түсініктерді қалыптастыру, сөйлеуге үйрету жұмыстарын орындайды.
Психокоррекциялау әдісі негізіндегі холдинг терапиясы баланың жалпы дамуын қамтамасыз етуді көздейді.
Қазақстан Республикасындағы ерте жастағы аутизмге шалдыққан балалар арнайы қолдауды коррекциялық кабинеттер негізінде алады. Және аутист балалар даму деңгейіне қарай тіл кемістігі бар, жалпы немесе ақыл-ой дамуы кешеуілдеген балаларға арналған мектептерде білім алуға мүмкіндігі бар. Кей жағдайларда жалпы білім беру мекемелерінің жанынан ашылған арнайы топтарда, денсаулық сақтау жүйесі негізіндегі қүрылған арнайы мекемелерде тәрбиеленеді.
Арнаулы орталыққа жіберілген балалар ең алдымен кеңес-беру диагностикалау орталықтарында тексеруден өтеді. Арнаулы орталықтағы аутист балаға көмек көрсету жұмысы мына қағидалар бойынша ұйымдастырылады:
- түзетуге бағытталған жан-жақты медициналық-психологиялык- педагогикалық көмек көрсету;
- интеграция;
- түзету жүмыстарын дамудың барлық кезеңінде реттік
ұйымдастырыу;
- әдістемелік жұмыстарды жүргізуде аутист баланың
қызығушылығын есепке алу;
- түзету жұмыстарын жүргізудің жеке түрде ұйымдастырылуы;
- отбасымен қарым-қатынас орнату.
Қазіргі уақытта Қазақстанда «Ашық әлемі» атты аутист балалар мен жасөспірімдерді қолдау қоры жұмыс атқарады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   99




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет