ерте қолға алу (ерте қолдану) - психикалық -дене бұзылыстары скринингін,медициналық психологиялық - педагогикалық дигностиканы, емдеуді, дамыта оқытуды қамтитын, сәби жастағы (үш жасқа дейінгі) балаларды әлеуметтік және медициналық - педагогикалық түзету арқылы қолдану;
әлеуметтік бейімдеу — нысаналы әлеуметтік және медициналық - педагогикалық түзету арқылы колдану процесінде кемтар балалардың қоғамда қабылданған құндылықтарды, мінез - қүлық ережелері мен нормаларын игеруі мен қабылдануы және еңбекке даярлануы жолымен әлеуметтік орта жағдайларына белсенді түрде икемделуі;
әлеуметтік жұмыс - жекелеген адамдарға, отбасьларьна олардың толык мәнді әлеуметтік жұмыс істеуге кедергі келтіретін бұзылған немесе жойылған функцияларының орнын толтыра отырып әлеуметтік немесе кемшіліктерді іске асыруда көмек көрсету жөніндегі қызмет;
скрининг - «катер» тобындағы балаларды анқтау мақсатымен жаппай стандартталған тексеру;
медициналық және психологиялық - педагогикалық диагностика -
әр түрлі кемістіктерді анықтау мен емдеудің, оқыту мен тәрбиелеудің сайма -сай жағдайларын белгілеу үшін балалардың психикалық - дене дамуын кешенді сала аралық бағалау;
медициналық оңалту - организмнің бұзылған немесе семіп қалған функцияларын емдеуге, қалпына келтіруге бағытталған медициналық іс -шаралар кешені;
арнаулы білім беру бағдарламалары - кемтар балаларды оқытуға арналған бағдарламалар;
арнаулы білім беру - кемтар балаларға арнайы жағдайлар жасай отырып білім беру;
арнаулы білім беру жағдайлары - техникалық және өзге де көмекші құралдарды, сондай - ақ медициналық, әлеуметтік және кемтар балалардың білім беру бағдарламаларын игеруі онсыз мүмкін болмайтын өзге де қызметтерді қоса алғанда, арнаулы білім алу үшін жасалатын жағдайлар;
арнаулы білім беру ұйымдары - кемтар балалардың диагностикасы және консультациялар алуы, оларды оқыту мен тәрбиелеу үшін қүрылған ұйымдар: психологиялық - медициналық - педагогикалық консультациялар, оңалту орталықтары, психологиялық - педагогикалық түзету кабинеттері, балалар бақшалары, мектептер жанындағы логопедтік пункттер және басқа да ұйымдар;
Достарыңызбен бөлісу: |