Керісті әдейі ушықтыру құбылысы. Оның мәні кернелуді әдейі ушықтыру сәттерінде оның қорытынды сатыларында ше- шім қабылдауда жетекші рөлді «мәселеден тысң, яғни мазмұн- дық емес, тұлғааралық, көңіл-күйлік факторлар орнайтын жағ- дай туындайтынында. Осы жағдайды қорғаныс-өтемдік меха- низм ретінде қолданатын кейбір топ мүшелерінің біліксіздігі осымен бүркемеленеді. Оны жетекшілер де жиі қолданады. Бұл құбылыс шешім процесіне белсенді ықпал етеді, оның меха- низмдерінің бірі бола түседі.
Коллегиялық басқаруды таңдау мәселелерінде, басқа жағ- дайларға қарағанда, «көпшілік пен азшылықтың норматив- тік мінез-құлқын» зерттеу тұрғысында сипатталған жалпы құ- былыстар кешені көрініс береді (С. Московиси және басқала- ры). Шешім қабылдау процестері стрессогендікпен ерекше- ленеді, сондықтан оларда көпшілік пен азшылықтың мінез- құлықтық стилінде айырмашылық күшейе түседі. Олардың таңдау қорытындысына ықпалы оған топ мүшелерінің жауаптық әсерлерінің күшімен, жылдамдығымен және сипатымен ерек- шеленеді.
Идиосинкразикалық несие құбылысын Е. Холандер сипат- таған. Бұл – топтың девианттік мінез-құлықты (жалпытоптық нормалардан ауытқитын) өзіндік шешуі. Топ мүшесінің пікірі нормалардан өзінің мәртебесіне және топтық мақсаттарға жетудегі бұрынғы үлесіне пропорционал ауытқуы мүмкін. Бұл құбылыс топтық дамумен байланыстағы инновациялар жағ- дайында күшейе түседі. Бұл құбылыс жетекші іс-әрекетінде және таңдау жағдайларында, олардың механизмдері бола оты- рып, аса күшті байқалады.
Қарастырылған құбылыстардың барлығы бір-бірімен өзара байланысқан – өздерінің байқалуы мен бағытталуы шамасын, сондай-ақ басқаларға тәуелділігінің мәнін өзгерте алады. Олар шешім шығару механизмдері болып табылады.
Басқару шешімдерінің жеке айырмашылықтары
Басқару шешімдерін қабылдау процестері өздерінің күрделі- лігіне қарай үлкен жеке вариативтілікпен сипатталады.
Жекелену құбылысы тұлғаның жеке психологиялық сапа- ларының бүкіл жиынтығымен шартталады. Тұлғалық сапалар басқару шешімдерін қабылдау процестеріне ықпал ететін субъективтік факторлардың өте маңызды санатын құрайды. Олардың болуы шешім қабылдау теориясының аса маңызды іргелі құбылысын шарттандырады: шешімдердің нақты (дес- криптивтік) бейнесінің нормативтікпен (идеалдық-нақтылық- пен) дәл келмеуі шешімді ең көп шамада «деформациялай- ды», субъективтік факторларға психологиялық өзіндік сипат береді.
Субъектілік факторлар жиынтығын негізгі үш категория бө- леді: тұрақты, жалпы және жеке. Адамның психикалық ұйым- дасуының ең типтік ерекшеліктері тұрақты болып есептеледі, шешімдер процесінде байқалатын және анықталатын, оларға кіретіндер: таңдаудағы тиімділіктен ауытқулар, ақпаратты өңдеу процесінің өзіндегі келісім мен қарама-қайшылықтарға ұмтылу, психика қызметінің бірарналы принципі, т.б.
Жалпы сипаттамаларға барлық адамдарға тән ерекшеліктер жатады. Бірінші кезекте – олардың жеке мүмкіндіктерін шектеу.
Жеке сипаттамалар – бұл жалпы ерекшеліктердің ұсы- нылу шамасы мен формасындағы айырмашылық. Субъектінің тұлғалық сапалары жеке сипаттамалардың айрықша тобын құрайды:
Жеке сапалардың шешімдердің процесіне ықпалының маңызды заңдылығы болып табылатыны – оның шешімдердегі нәтижелі параметрлерде азырақ, ал олардың процессуалдық сипаттамаларында көбірек байқалатынында. Когнитивтік про- цестер даму деңгейі мен шешім сапасы арасында тура оң тәуел- ділік бар, бірақ ол жалпы сипатта болады және басқа фактор- лардың ықпалымен көбінесе екінші қатарға ығысады. Тіпті зер- де (интеллект) деңгейі де шешім сапасымен күрделі әрі орташа байланыста болып, оның 15%-ы ғана өзімен анықтайды.
Жеке қасиеттер шешім шығару тәсілін таңдауға едәуір үл- кен ықпал етеді. Бұл таңдау (көбінесе саналанбаған түрде) жеке- ліктің күшті жақтарына негізделеді, оның әлсіз жақтарын ше- шімге қоспайды, сондықтан да ол өзіндік өтемдік рөл атқарады.
Өте маңызды заңдылық жеке сапалардың барлығының шешім қабылдау процесінде бір-бірімен тығыз өзара байланыста және іс-әрекетте болатынынан көрінеді. Шешім қабылдау тәсіл- дері мен нәтижелері жекелеген сапалардың қарапайым жиын- тығына емес, олардың сабақтасуына, кешендік тұтастығына тәуелді болады. Өздерімен шешім қабылдау процестерін шарт- тандыратын жеке сапалардың симптомдық кешендер бірінші кезекте мазмұн айырмашылығына – шешім стиліне (олардың нә- тижелеріне емес) ықпал етеді.
Шешім қабылдау нағыз мәнімен тығыз байланыстағы интер- налдық-экстерналдық сияқты сапаның өзі де тек тәсілдер мен стратегияларда ғана, яғни шешім шығару процесінің мазмұнын- да байқалады. Эксперименттер көрсеткендей, интерналдар бала- маның көбін жасайды, ал олардың мазмұны әлдеқайда нақты- рақ; шешім дайындауға олар көбірек уақыт жұмсайды; өздерінің дәлелдеріне, сырттан келетін ақпаратқа қарағанда, көбірек сене- ді; детерменистік мәселелерді олар мүмкіндіктерге қарағанда жақсы шешеді; шешімнің орындалу барысына ағымдық байқау процесі оларда әлдеқайда айқынырақ болады. Экстерналдар қа- рама-қайшы ерекшеліктермен сипатталады.
Болжаулар мен баламаларды тұжырымдау кезеңінің (А) және оларды талдау, түзету мен бақылау кезеңінің (К) арақатынасына тәуелді бес типті атап көрсету шешімдер шығарудың стилдік айырмашылықтарының ең белгілі жіктемесі болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |