Плавикалық қышқылды өндіру кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары



бет6/6
Дата28.06.2016
өлшемі203 Kb.
#163728
1   2   3   4   5   6

9-параграф. Ұсақтағыш машиналар

164. Бөлшектегіш және ұсақтағыш машиналардың тиеу және түсіру тесіктері жабылған, герметикаландырылған және аспирациялық құрылғыларға қосылуы немесе мен су шаңсыздандырғыш құрылғылармен жабдықталады.

165. Материалдарды ұсақтағыш машинаға тиеу, сондай-ақ бөлшектелген (ұсақталған) материалды тасымалдау механикаландырылады.

166. Жергілікті басқару барысында диірменнің іске қосу құрылғылары диірменді іске қосқан адам оның жұмысына бақылау жасай алатындай орналасады.




10-параграф. Рельсті және рельссіз көлік

167. Құрылғыларды орнату мен пайдалану, темір жолдардың, жылжымалы құраманың, дабылдаудың, темір жол көлігін орталықтандыру мен блоктау 2.05.07-91 ҚНжЕ «Өндірістік көлік»талаптарына сәйкес болады.

168. Ішкі зауыттық темір жол көлігінің жылжымалы құрамасының құю жолдарында, өту жолдарында, өтпелерде, меңзерлерде және маневрленген жерлерде жылдамдығы 15 км/сағ аспайды.

169. Ұнтақ және сусымалы материалдарды тасымалдау арнайы темір жол вагондарында, автомашиналарда немесе тиеуде, тасымалдауда және түсіруде шаңды болдырмайтын контейнерлермен жүргізіледі.

170. Плавикалық қышқылды тасымалдау 15-1614 модельді темір жол вагон-шандарында жүргізілуі керек, сондай-ақ, қазанның футеровкасы қышқыл әсеріне төзімді материалдардан жасалады. Қазанның техникалық жағдайын тексеру оны қышқылмен әр толтырар алдында технологиялық нұсқауға сәйкес жүргізіледі.

171. Плавикалық қышқылды тасымалдауды тасымалдау барысында ыдыстың зақымдалуына жол бермейтін қосымша шараларды қолданумен плавикалық қышқылға төзімді контейнер-шандарда және ұсақ ыдыстарда (құтыларда, канистрларда және тағы басқа) жүргізуге болады.

172. Рельссіз көліктің мехникаландырылған арбашықтары (электрокарлар, автокарлар, тиегіштер және тағы басқа) даярлаушы-зауыт белгілеген талаптарға сәйкес пайдаланылады.

Құйылысты-суырмалы желдеткіштерімен жабдықталмаған ғимараттарда ішкі жану қозғалтқышты көлік құралдарын қолдануға арналған сүзгілерсіз көміртек оксидін сору үшін тыйым салынады.

173. Жүк көтергіш крандардың, алынбалы жүк қармағыш құрылғылар мен ыдыстарды орнату мен пайдалану «жүк көтергіш крандарды орнату мен қауіпсіз пайдалану Талаптарына» сәйкес болады.

174. Техникалық және тау бақылау бойынша жергілікті мемлекеттік органдар тіркемейтін жүк көтергіш машиналарды ұйымның басшысының бұйрығымен бекітілген жүк көтергіш машиналарды қауіпсіз пайдалануды қадағалайтын инженерлі-техникалық жұмысшыда тіркеледі. Аталған машиналар жыл сайын техникалық куәландырудан өткізіледі.




11-параграф. Электр қондырғылары

175. Электр қозғалтқыштарын, электр желілерін, іске қосуды реттегіш, бақылау-өлшеу және қорғау аппаратураларын, сондай-ақ бақылау, автоматтандыру, дабылдау құрылғыларын орналастыру, құрылысы және пайдалану «Электр қондырғыларын пайдалану Ережелеріне», «Тұтынушылардың Электр қондырғыларын техникалық пайдалану Ережелеріне» және «Тұтынушылардың электр қондырғыларын пайдалану барысында қауіпсіздік техникасының Ережесіне» сәйкес болады.

176. Әр электр қондырғысына қалыпты және апаттық жұмыс режімінің пайдалану сұлбалары жасалады. Электр қосылуларына енгізілген барлық өзгерістер, сондай-ақ жерлестіруді орнату орындарын өзгерту сұлбада міндетті түрде өзгерістің кімнің, қашан және қандай себеппен енгізгені туралы белгіленеді. Электр пайдалану сұғбаларын және оларға енгізілген өзгерістерді ұйымның электр шаруашылығына жауапты тұлға бекітеді.

177. Электр сұғбаларында тұтынушыларды артық жүктеме мен қысқа тұйықталудан қорғау қарастырылады.

178. Электр тогы соғу қауіпімен байланысты жұмыстарда «Тұтынушылардың электр қондырғыларын пайдалану барысында қауіпсіздік техникасының Ережесіне» сәйкес қорғаныс құралдары қолданылады.

179. Электр құралдары, жылжымалы электр шамдары, төмендеткіш трансформаторлары мен ток жиілігін өзгертулерді қолдану алдында тұрқысына қысқа тұйықталудың жоқтығы мен жерлестіргіш сымның түзулігі мен қоректену сымдарының оқшаулануына тексеріледі.

Жылжымалы электрлендірілген құрал-сайман қоймалықта (құрал-саймандықта) сақталуы керек және жұмысшыларға жұмыс кезеңінде беріледі. Кернеуі 42 Вольттан жоғары электрлендірілген құрал - сайман қорғаныс құралдарымен жиынтықта беріледі.

180. Цех ғимараттарындағы жалпы жарық беру ажыратқыштарын қосу мен ажырату, шамдарды, арматураны, штепсельді сақтандырғыш розеткаларын ауыстыру, сымдарды құрастыру, бөлшектеуді тек электр техникалық қызметкерлер жүргізеді.

181. Жылжымалы электр жарығын беру үшін кернеуі 42 Вольттан жоғары емес шамдар қолданыла алады. Металл ыдыстар, пештер, құдықтар ішіндегі жұмыс барысында жарық беру желісіндегі кернеу 12 Вольттан аспайды.


12-параграф. Өртке қарсы қорғаныс

182. Кәсіпорындардың өртке қарсы қорғанысы 2006 жылы 8 ақпанда № 35 Қазақстан Республикасында өрт қауіпсіздігі Ережелері Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар министірлігінің бұйрығымен бекітілген 12.1.004-91 МСТ Өрт қауіпсіздігі. Жалпы талаптарына сәйкес болады.




7-тарау. Технологиялық бөлім



1-параграф. Жалпы талаптар

183. Технологиялық процестерді жобалау, ұйымдастыру және өткізу қолданыстағы 12.3.002-75. МСТ «Өндірістік процестер. Жалпы қауіпсіздік талаптарына» сәйкес жүзеге асырылады.

184. Жабдықты жалпы сәйкес орналастыру мен орналастыру пайдалану, қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарының ыңғайлылығын қамтамасыз етеді, сондай-ақ технологиялық талаптарға, санитарлық - тазалық талаптарына және өндірістік жабдықты орналастыру талаптарына сай болады.

185. Плавикалық қышқылдың технологиялық процестері зиянды заттармен қатынас мүмкіндігін неғұрлым болдырмайды.

186. Қауіпті және зиянды заттарды қолдану немесе пайда болуымен байланысты өндірістік процестер олардың өндірістік ғимаратта бөлінуін шектейтін технологиялық параметрлерде өткізіледі, сондай-ақ жұмысшы операциялар қол еңбегін мейлінше болдырмау жағдайында шешіледі.

187. Қышқылы бар ыдыс жабдықтары шектелген толтыру деңгейі туралы дабылмен, ал қажеттілік болған жағдайда-қоректену немесе резервтік ыдыстармен байланысқан ауысып құйылатын құбырлармен жабдықталады.

188. Барлық технологиялық апараттардың технологиялық сұлбадағы орнының нөміріне сәйкес нөмірі болады. Тікелей агрегаттар жанында немесе қызмет көрсетуші қызметкерлер жанында агрегаттар мен құбыржолдардың орналасуы мен технологиялық байланысының анық орындалған сұлбалары ілінеді.

189. Арматура тегершігінде (шұралар, шүмектер, ысырмалар) олардың жабылу бағытын белгілейтін меңзерлер салынады. Аталған арматурада меңзерлер болмаған жағдайда ашық күйі «А» және жабық күйі «Ж» салынады. Автоматты реттеуші қалқаншалар, клапандар, бағыттаушы аппараттар үшін нұсқаулардың керегі жоқ.

Бекітпе құрылғылары нөмірленеді. Бекітпе құрылғыларын нөмірлеу цехтың технологиялық сұлбасында, жобада, нұсқауларда бірдей болады.

190. Бұзылған жабдықта жұмыс істеу, сондай-ақ бұзылған құрылғылар мен құрал-саймандарды қолдануға тыйым салынады.

191. Қызмет көрсету қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қоршаусыз, бақылау-өлшеу құралдарынсыз, блоктауларсыз өндірістік жабдықты пайдалануға енгізуге тыйым салынады.

192. Жұмыс орындарынан едәуір қашықтықта орналасқан технологиялық параметрлерді байқауды талап ететін аппараттар мен агрегаттар жұмыс орындарында орнатылған қалқандарға көрсеткіштерді шығарумен қашықтық аспаптарымен жабдықталады.

193. Агрессивті ортаның әсеріне түсетін апараттар, коммуникациялар мен олардың қосылулары таттанбайтын материалдардан жасалады немесе татқа қарсы қорғанысы болады (қорғасын футеровка, гуммирлау және тағы басқа).

194. Ішкі қарау немесе жөндеу алдында үрлеуді, жуу мен булауды талап ететін апараттар, ыдыстар мен коммуникациялар сәйкес жалғастықтармен жабдықталуы керек, ал таңғышта қажетті ортаны апару (бу, су, нығыздалған ауа, инертті газ) қарастырылады.

195. Қышқылдарды сақтауға арналған ыдыстарды босату әдістерін және төгу траптарын жасауды жоба жасаушы анықтайды.

196. Сұйық қышқылды сақтауға арналған ыдыс жабдығында (көлемі 1 м3 және одан да көп сұйыққоймалар мен жинақтаушылар) төменгі төгу құбыржолдары екі бекіткіш құрылғымен жабдықталуы керек, оның біреуі тікелей ыдыстың жалғастығына қосылады.

Қашықтықтан басқарылатын жобамен белгіленген бекіткіш және (немесе) қиып тастау құрылғыларының жұмыс істеу мерзімі жүз жиырма секундтан аспайды.

197. Қажет болған кезде жабдық пен құбыржолдарды жылудан оқшаулау жоба бойынша құрылыс нормаларына сәйкес орындалады.

198. Қышқылды сақтауға арналған және шығыстау ыдыстарының деңгей көрсеткіштері мен олардың асып кетуін болдырмайтын құрылғылары болады. Жобамен белгіленген сұйықтықтың ең жоғарғы деңгейінен асыруға тыйым салынады. Олардан жойылатын газ нормативтік талаптарға дейін тазаланады.

199. Қышқылға арналған ыдыстар, шаңдар және жинағыштар (плавикалық, күкірт, тұз) ернеуінің биіктігі 0,1 м-ден кем емес арнайы астаушаға орнатады. Астаушалары сәйкес ыдысқа төгіліп құйылатын орны ағызбасы болады, одан астаушадан жиналған қышқыл бос резервті сұйыққоймаға сорылып басылады.

200. Қысыммен жұмыс істейтін жабдықтың құрылысы, куәландыру және пайдалану «Қысыммен жұмыс істейтін ыдыстардың құрылысы мен қауіпсіз пайдалану Талабына» сай болады.

201. Жүк көтергіш машиналар мен механизмдердің, сондай-ақ жүк қармағыш органдар, құрылғылар мен ыдыстардың құрылысы, орнату және пайдалану «Жүк көтергіш крандардың құрылысы мен қауіпсіз пайдалану Талабына» сай болады.

202. Негізгі және көмекші жабдықтың, БӨАжА ағымдағы және күрделі жөндеу жобалы-ескерту жөндеулер бекітілген кестелеріне сәйкес жүргізіледі.

203. Бақылау-өлшеу аспаптарын көрсеткіштерді алуға, тексеруге немесе ауыстыруға қол жетімді және қауіпсіз жерлерде орналастырады.

204. Өндірісті автоматтандыру апаттық, ескерту және технологиялық дабылдау мен блоктауды, сондай-ақ технологиялық параметрлердің шектелген рұқсат етілген мағыналарына жеткендегі қорғаныс шараларын және технологиялық жабдықтың апаттық ажыратылуын қарастырылады.

205. Зиянды заттар қалдығын орналастыру орындарына тасымалдау әдісі қоршаған табиғи ортаны ластауға әкеліп соқпайды.

206. Тат басуға әкеліп соғатын жағдайларда жұмыс істейтін ыдыстық технологиялық аппаратура мен құбыржолдардың жағдайына кезеңдеп қарау және жөндеу барысында тозу мөлшерін анықтау үшін олардың қабырғасының қалыңдығын тексеру арқылы бақылау жасалады.

207. Зиянды бу, газ және шаңмен жұмыс істеуге арналған технологиялық аппаратура мен құбыржолдар герметикалы болады, ал толық герметикаландыру мүмкін емес болған жағдайда зиянды заттар бөлініп шығуы мүмкін жерлер жергілікті сорып алумен жабдықталады. Герметикаландырушы құрылғылар жүйелі түрде қаралады. Герметикалығы бұзылған жабдықты пайдалануға жол берілмейді.

208. Кезекті қабылдау және өткізу кезінде, тексеріледі:

1) жабдықтың түзулігі;

2) қоршаулардың, қорғау блоктауларының, дабылдаудың, бақылау-өлшеу аспаптарының, жерлестірулердің, өрт сөндіру құралдарының болуы және күйі;

3) жарықтандыру мен желдету қондырғыларының түзулігі.

Табылған бұзылымдар жойылады.

2-параграф. Посттар, пульттер және басқару аспапбеттері
209. Басқару пульттерінің жобаға сәйкес байланыс құралдары болады.

210. Посттар, пульттер мен басқару аспапбеттерінің технологиялық процестерді қауіпсіз жүргізуді, сондай-ақ қызмет көрсетуші агрегаттарды іске қосу және тоқтату мен олардың қалыпты жұмыс режімінің бұзылу жағдайлары туралы хабарлауды қамтамасыз ететін аспаптары (бақылау, басқару, реттеу және тағы басқа) болады.




3-параграф. Жабдықты ұстау, қарау және тазалау

211. Пайланудағы жабдық ұйымның техникалық басшысымен бекіткен кестеге сәйкес үнемі қаралуы, ревизиядан өткізілуі және жүйелі жоспарлы-алдын ала жөнделеді.

212. Негізгі жабдықты ағымдағы және күрделі жөндеу жасалған және бекітілген жұмыстарды ұйымдастыру жобалары (әрі қарай - ЖҰЖ) бойынша жүргізіледі. ЖҰЖ - да жөндеу барысында қауіпсіздік талаптарын орындауға жауапты тұлғалар, сондай-ақ жөндеу жұмыстарын орындау тәртібі мен кезегі көрсетіледі.

213. Әр кәсіпорында жөндеу биркалық жүйені, жүктеме-рұқсаттарды, ЖҰЖ ресімдеуді пайдаланумен өткізілетін объектілер мен жабдықтар тізбесі жасалып, ұйымның техникалық басшысымен бекітіледі.

214. Қолданыстағы өндірістік цехтардағы басқа цехтар немесе мердігерлік ұйымдардың күшімен жүргізілетін жөндеу, құрылыс және құрастыру жұмыстары жүктеме - рұқсаттар бойынша жүргізіледі.

215. Қауіптілігі жоғары жағдайдағы құрастыру жұмыстарын бастау алдында барлық жұмысшылар ЖҰЖ - бен танысуы және еңбекті қорғау бойынша мақсатты нұсқаудан өтеді. Нұсқамалықты өткізу жүктеме-рұқсаттама ресімделеді. Жөндеу (құрастыру) барысында жұмыс жағдайлары өзгергенде мақсатты нұсқамалық қайтадан өткізіледі.

Жұмысшыларды жұмысқа жіберу тек жөндеуді өткізуге жауапты тұлғаның рұқсатымен жүргізіледі.

216. Күн сайын қауіптілігі жоғары жағдайдағы жұмыс басталар алдында жұмысты өткізуге жауапты тұлға қауіпсіздік белгілерінің, ескерту плакаттарының жұмыс орындарындағы тұрақты және жылжымалы жарықтандырудың болуын, сондай-ақ құрал-сайманның түзулігін, жұмыс орындарының үстінде орналасқан аспалардың бекітулерінің, алаңшалардың, ағаштардың, аражабындардың және басқа құрылғылардың сенімділігін тексереді.

217. Жұмысшылар дем алуы үшін қалыпты ауа-райы жағдайына жабдықталған орындар жасалады.

218. Ішкі қарау, тазалау немесе жөндеу үшін тоқтатылған жабдық пен коммуникациялар бу, су және технологиялық құбыржолдардан, газ жолдарынан және электр энергиясымен қамтамасыз ету көздерінен ажыратылады; барлық құбыржолдарда бұқтырмалар орнатылуы керек; жабдық технологиялық материалдардан босатылады.

Жетектердің электр сұлбалары бөлшектелінуі керек, іске қосу құрылғыларында немесе ажыратқыш қолсаптарында «Қосуға болмайды, адамдар жұмыс істеп жатыр» деген плакаттар ілінеді, сондай-ақ құрылғылардың қате немесе өздігінен қосылуын болдырмайтын шаралар қолданады.

219. Бұқтырмаларды орнату, олардың құрылымдылық орындалуы, есептеме қысымы мен материалы техникалық нұсқаумен анықталады.

220. Жұмыс режімінде улы газ, бу немесе шаңы болатын аппараттар мен коммуникациялар босатылғаннан және жөндеуге тазаланғаннан кейін үрленуі керек, ауа ортасында зиянды, қауіпті заттардың болуына талдау жасалады. Ауаның бақылау анализдері қажет болғанда жөндеу процесінде кезеңдеп өткізіледі.

221. Құрастыру жұмыстарын өндіру аймағы қолданыстағы жабдықтар мен коммуникациялардан қоршалуы, қауіпсіздік белгілерімен, плакаттарымен, дабылдау құралдарымен қамтамасыз етіледі және нормаларға сәйкес жарықтандырылады.

222. Жөндеудегі, қараудағы немесе тазалаудағы жабдық пен құбыржолдарда «Жабдық (аппараттар) жөндеуде», «Құбыржол жөндеуде», тағы басқа ескерту плакаттары ілінеді. Ескерту плакатын алу және жабдық немесе құбыржолды іске қосуды тек жөндеу жұмыстарының жауапты басшысының рұқсатымен іске асырылады.

223. Қызған жабдық ішінде жөндеу жұмыстарын жүргізуге желдетуден, газ қауіпсіздігі туралы ұйғарым алудан және ауа температурасын 40°С-ға дейін төмендеткеннен кейін рұқсат беріледі.

Ерекше жағдайларда жөндеу жұмыстарын 40°С-дан жоғары температурада өткізуге рұқсат беріледі. Мұндай жұмыстар наряд-рұқсатымен жүргізіледі.

224. Жөндеу жұмыстары тоқтатылады, егер:

1) жөнделетін жабдыққа тым болмаса қолданыстағы жабдықтың бөлігі қосылып тұрса;

2) жұмыс өндірісінің нақты жағдайы қауіпсіздік талаптарына сәйкессіздігі анықталса;

3) жұмыс істеушілердің өмірі мен денсаулығына қауіп туса;

4) жұмыс көлемі мен сипаты ажырату сұлбасы немесе оларды орындау шарттары өзгерген дәрежеге дейін өзгерсе, сондай-ақ егер апат туралы дабыл берілсе.

225. Жөндеу аяқталғаннан кейін керексіз құрылымдар, құрылғылар, материалдар, құрал-саймандар мен қоқыс жиналуы керек, барлық қоршаулар, қорғау құрылғылары мен блоктаулар қалпына келтіріледі, ал жөндеу қызметкерлері жұмыс өндіру орындарынан шығарылады.

226. От жұмыстарын өткізу тәртібі қолданыстағы өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес регламенттеледі.

227. Жұмыс істеп тұрған электр тарату желілері мен жасырын коммуникациялар жанындағы жөндеу жұмыстары алдын-ала осы учаскелердегі жұмыс барысында қауіпсіздікті қамтамасыз ететін шараларды жасаумен оларды пайдаланатын сәйкес қызметтер мен ұйымдармен келісімделеді.

228. Кездейсоқ тұғырықтар (жәшіктерсіз, бөшкелерсіз және тағы басқаларсыз), сондай-ақ фермалар, тіректер жұмысына және тағы басқаларға тыйым салынады. Еден (жұмыс алаңшасы) деңгейінен 1,3 метрден және екі метрден аса биіктікте жұмыс алаңшаларынсыз қысқа мерзімді жұмыс өткізу қажет болғанда міндетті түрде сақтау белбеулерін қолданады.

229. Сақтау белбеуін, белбеу карабині мен қорғаныс арқанының жарамдылық дәрежесі жұмыс алдында және жұмысшы әрбір қолданғаннан кейін осы белбеуді, карабинді және арқанды қолданатын жұмысшы, одан басқа жұмыстың жауапты басшысы сырттай қарау арқылы анықталады. Сақтау белбеулерінде, карабиндерінде және арқандарда сынау, сынау мерзімі өткені немесе қарау кезінде ақау табылғаны туралы белгі болмаса оларды қолдануға тыйым салынады.


4-параграф. Қышқылдарды сақтау

230. Мақсатына байланысты қышқыл қоймалары мыналарға бөлінеді:

1) қышқылды вагон-шандарда алатын ұйым - тұтынушылардың сұйық қоймаларындағы қышқылдың шығыстық қоймалары;

2) ұйымның жеткізулер аралығындағы ағымдағы қажеттілігіне арналған мөлшерде сақтауға арналған ыдыстардағы қышқылдың шығыстық қоймалары.

231. Кәсіпорын немесе ұйым аумағында бірден орналасқан сұйық қышқылдың мөлшері минималды болып және жобамен негізделеді.

232. Құйған кезде атмосфераға сол сәтте (1 - 3 минут) қышқыл бөлігінің (алғашқы бұлт) ауысуы арқылы бұлт пайда болатын концентрациялық қышқылдар сақталатын қоймалар үшін белгіленген тәртіппен бекітілген химиялық қауіпті объектілер мен көліктегі апаттарда (бұзылыстарда) күшті әрекет етуші улы заттармен зақымдану масштабын «Көлікте немесе химиялық қауіпті объектілерде апат (қиратулар) кезінде күшті әсерлі улы заттардан жұғу масштабының болжау әдістемесі» бойынша қауіпті аймақ радиусын есептеу жүргізіледі. Алғашқы қышқыл бұлтының пайда болу мүмкіндігін жоба жасаушы өндіріс айналымындағы қышқыл ерекшеліктері негізінде анықтайды, ал қолданыстағы қоймалар үшін жоба жасаушы ұйыммен немесе сәйкес мамандандырылуы бар сараптама ұйымымен келісім бойынша кәсіпорын өзі анықтайды.

Қауіпті аймақтың есептелген радиус шегінде тұрғын, мәдени - тұрмыстық мақсаттағы объектілерді орналастыруға жол берілмейді.

233. Қышқыл қоймаларынан кәсіпорынның сұйық қышқылды пайдаланумен байланысты емес өндірістік және көмекші объектілеріне дейінге минималды рұқсат берілген қашықтық құрылыс нормалары мен өнеркәсіптік кәсіпорындардың бас жоспары ережелерінің талаптарына сәйкес және қауіпті аймақтың есептік радиусын есепке алумен анықталады. Қауіпті аймақтың есептік радиусында орналасқан өндірістік объектілер қауіпті жағдай тууы туралы хабарлау жүйесімен жабдықталады, ал қызметкерлер сәйкес қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етіледі.

234. Қышқыл қоймаларынан жарылу қауіпі бар объектілерге дейін қашықтық белгіленген тәртіппен бекітілген әдістемелерге сәйкес есептелген жарылыс толқыны соққысы және жылулық сәуле шығару интенсивті радиус есебінің әсерімен, және қойма ғимараттарының аталған факторларға төзімділігін қамтамасыз етеді (12.1.010-79 МСТ «Жарылыс қауіптілігі. Жалпы талаптар»), орнатылған және бекітілген тәртіпте әдістемеге сәйкес есептеледі.

235. Алғашқы қышқыл бұлты пайда болуы мүмкін жаңадан жобаланатын қышқыл қоймалары басқа ғимараттар мен құрылғыларға жақын елді мекендердің орналасуына қатысты желдің басым бағыттарының желді жағына орналасады.

236. Алғашқы қышқыл бұлты пайда болуы мүмкін қышқыл қоймаларында қойма аумағының кез келген нүктесінен көрінетін жел бағытының көрсеткіші орнатылуы керек және сериялық шығарылатын газ анализаторларының көмегімен газдалу деңгейі мен апаттық шығу туралы дабылдау қамтамасыз етіледі.

237. Концентрленген қышқылды сақтауға арналған болат шығыс ыдыстар оларға ылғалды ауа және (немесе) ылғалдың түсуін болдырмайтын құралдармен (құрылғыларман) қамтамасыз етіледі.

238. Іргетастар мен (немесе) аражабындар орнатылған технологиялық аппараттар ернеуінің сыйымдылығы жұмыс аппаратының ішіндегі максималды көлемнен кем емес болатын өткізбеушілікті және тат басуға шыдамдылықты астаушаларда орналасады. Сондай-ақ ернеуінің биіктігі астаушаның мүмкін толу деңгейінен 0,2 м биік болады.

239. Астаушалары мен ернеулері бар алаңшалар апаттық төгілулерді жоюға және оларды одан ары нейтралдауға арналған тұрақты немесе жылжымалы құрылғылармен жабдықталады. Ашық қоймаларға арналған арнайы канализацияға құйылу орны жоқ астаушалар атмосфералық түсімдерден қорғалады.

240. Қышқылды қоймадағы сұйыққоймада сақтағанда кез келген сұйыққойманың материалы эвакуацияланатын өнімге тат төзімді бос сұйыққоймаларға, арнайы апаттық жүйелерге немесе технологиялық қондырғының жабдығына апаттық босатылуы қарастырылады. Апаттық эвакуация тәртібі мен шарттары апатты жою жоспарымен анықталады.

241. Қолданыстағы кәсіпорындарда қышқылға арналған ыдыстық жабдықты арасындағы ыдысқа құйылатын жері бар ернеулері 0,1 м кем емес арнайы астаушаларға орнатуға жол беріледі.

242. Қышқылды пайдалану мен сақтауға арналған өндірістік ғимараттар жалпы айналымды желдетумен жабдықталады.

243. Қышқылға арналған ыдыстық жабдық тартып соратын желдетумен жабдықталуы тиіс, шығарылатын газ нормативті талаптарға дейін тазаланады.




8-тарау. Қызметкерлерді қорғау құралдары

258. Сәйкес жеке қорғаныс құралдары жоқ тұлғалар жұмысқа жіберілмейді.

259. Арнайы киім, арнайы аяқ киім және басқа жеке қорғаныс құралдарын пайдалану ережелері олар қолданатын нақты жағдайларды есепке алады.

260. Арнайы киім, арнайы аяқ киім және басқа жеке қорғаныс құралдарын беру және пайдалану тәртібі халықты әлеуметтік қорғау және еңбек Министрлігімен бекітілген «Жұмысшыларға арнайы киім, арнайы аяқ киім және басқа жеке қорғаныс құралдарын тегін беру типтік салалық нормаларға» сәйкес жұмыс берушімен орындалады.

261. Арнайы киімді кәсіпорын аумағынан тыс шығаруға және үй жағдайында жууға тыйым салынады.

262. Өндіріс учаскелерінде жеке қорғаныс құралдарының апаттық қоры болады.

Цехтың барлық қызмет көрсетуші қызметкерлері жеке қорғаныс құралдарының апаттық қоры орналасқан, алғашқы көмек көрсету үшін аптечканың, сондай-ақ фонтандардың және апаттық себезгілердің орналасқан жерлерін біледі.


Қолданылған қысқартулар
ПШК - плавикті-шпатты концентрат;

ЖКМ - жүк көтергіш механизмдері;

ЭҚЕ - электр қондырғыларды құру Ережесі;

ТПЕ - техникалық пайдалану Ережесі;

ТҚЕ - техникалық қауіпсіздік Ережесі;

БӨАжА – бақылау - өлшеу аспаптары мен автоматтандыру;

ЖҰЖ - жұмыстарды ұйымдастыру жобалары.

____________________





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет