Плавикалық қышқылды өндіру кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары


-параграф. Бақылау-өлшеу аспаптары және



бет4/6
Дата28.06.2016
өлшемі203 Kb.
#163728
1   2   3   4   5   6

2-параграф. Бақылау-өлшеу аспаптары және

автоматтандыру құралдары




91. Басқару қалқандарында, пульттерінде және беттақталарында орналасқан бақылау - өлшеу аспаптардың басқару, дабылдау мен қоректену сұлбаларында оларда кернеудің бар екені туралы дабылдауы болады. Бақылау-өлшеу аспаптары байқау мен реттеуге ыңғайлы және қауіпсіз орындарда орналасады.

92. Бұзылған немесе тексеру мерзімі өтіп кеткен бақылау-өлшеу аспаптарын пайдалануға тыйым салынады.

93. Өлшеу құралдарын тексеру, қайта құру және жөндеу жүргізу пайдалану құжаттарымен сәйкес жүргізіледі.

94. Электр аспаптары мен қалқандары жерлестіріледі.

95. Бақылау - өлшеу аспаптары жарықтандыру нормаларына сәйкес жарықтандырылады.

96. Өзара байланысты учаскілер арасында қатты дауысты немесе телефон байланысы орнатылады. Жеке жағдайларда қауіп туралы ескерту үшін бір уақытта қосылатын дыбыс және жарық сигналдаулары қолданылады. Жоғары деңгейдегі шу орындарында тек пульстік әрекеттегі немесе бағытталған жарық сигналдары қолданады.


97. Жұмысы автоматтық, баптау немесе қол режімінде қарастырылған жабдықта оның осы режімдерге қосылғанын білдіретін дабылдауы болады.

98. Байланыс және дабылдау құралдары қызметкерлер үшін максималды көру және есту аймақтарында, сондай-ақ жеңіл қолжетімді және қызмет көрсетуде қауіпсіз жерлерде орналастырады.

99. Автоматтандыру, дабылдау, қашықтықтан басқару аспаптары мен қорғаныс блокталу құрылғыларына олардың түзу жұмысын қамтамасыз ететін үнемі бақылау жасалады.

100. Автоматтандыру аспаптары мен құралдарын реттеу, жөндеуді тек бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматтандыру құралдары қызметінің қызметкерлері жүргізеді (әрі қарай - БӨАжА).




3-параграф. Аспирациялық қондырғылар

101. Аспирациялық қондырғылар қауіпті және зиянды заттарды (газ, бу, шаң, аэрозольдер) олардың бөліну орнынан өндірістік ғимараттардағы жұмыс аймағының ауасында 12.1.005-88 МСТ-пен белгіленген шектелген рұқсат етілген концентрациядан аспайтындай етіп жоюды қамтамасыз етеді.

102. Өндірістік ғимаратта қауіпті және зиянды заттармен ауаны ластау көзі болып табылатын көлік құралдарын залалсыздандырусыз пайдалануға тыйым салынады.

103. Аспирациялық құрылғылар технологиялық жабдықтың жұмысынан бұрын қосылуы, ал ол тоқтаған кезде жұмыс аймағының ауасында қауіпті және зиянды заттардың ШРК асатын концентрациясының жасалу мүмкіндігін болдырмайтын уақытты ұстаудан кейін ажыратылады.

104. Жергілікті сорып алу желдету ажыратылған жағдайда өндірістік жабдықты (процесті) тоқтату мүмкін болмағанда немесе өндірістік жабдықты (процесті) тоқтатқанда зиянды заттардың жұмыс аймағына ШЖК-дан асатын мөлшерде бөлінуі жалғасса, жергілікті соруға резервті желдеткіштер қарастырылады.

105. Құрылғылардың технологиялық жабдықпен блокталуы болса, тікелей аспирациялық жабдық жанында қосымша іске қосатын құрылғылар қарастырылады.

106. Шаң аулаушы аппараттар мен коллекторларды шаңнан тазарту үнемі немесе цех бастығы бекіткен кесте бойынша жүргізіледі.

Аспирациялық жүйелерде жарылғыш немесе өрт қауіпті шаңның жиналуына жол берілмейді.


4-параграф. Технологиялық құбыржолдар

107. Технологиялық болат құбыржолдарды жобалау шартты қысым (Ру) 10 МПа-ға (04.08.80 № 120 КСРО құрылыс істері бойынша Мемлекеттік комитетінің қаулысымен бекітілген) дейінгі технологиялық болат құбыржолдарды жобалау Нұсқауы талаптарына, ал технологиялық құбыржолдарды құрастыру бойынша жұмысты қабылдау 3.05.09.2002 СНиП «Технологиялық жабдық пен технологиялық құбыржолдар» тарауына сәйкес болуы керек, 2003 жылғы 20 қаңтар № 21 Қазақстан Республикасының сауда және индустрия Министрлігінің құрылыс істер жөнінде Комитетінің бұйрығы.

108. Қысымы 0,07 МПа бу немесе 115°С-ден жоғары ыстық су құбыржолдарын орнату, даярлау және құрастыру мен пайдалану «Бу мен ыстық су құбыржолдарын орнату мен қауіпсіз пайдалану талабының» талаптарына сәйкес болады.

109. Құбыржолдар мен арматура өзінің құрылымы, материалдары мен механикалық мықтылығы олар бойынша тасымалданатын өнімдердің ерекше қасиеттері мен жұмыс шарттарына сай болады.

110. Технологиялық құбыржолдар мен оларға арматура қолданыстағы РД 38.13.004-86 «10,0 МПа (100 кг/см) қысымдағы технологиялық құбыржолдарды пайдалану және жөндеу», ал плавикалық қышқыл құбыржолдары РМ 4594-69-ға сәйкес болады.

111. Цех ғимараттарында құбыржолдар ашық тартылады.

Қышқылдар мен басқа агрессивті сұйықтықтарды тасымалдауға арналған құбыржолдарды тұрмыстық, қосымша және әкімшілік-шаруашылық ғимараттар, таратқыш құрылғылар, электр қалқаншалық, бақылау-өлшеу аспаптар ғимараттары мен желдеткіш камералары арқылы тартуға болмайды.

112. Қышқыл құбыржолдарын ғимараттардың қышқыл айналымына қатыссыз сыртқы қабырғалары арқылы және көмекші, қосалқы, әкімшілік, тұрмыстық ғимараттар арқылы тартуға жол берілмейді. Темір жолдар мен автомобиль жолдарының, жаяу жүргінші жолдарының қиылысқан жерлерінде құбыржолдар қышқылдың ағып кетуін жоба белгілеген қауіпсіз жерге апаратын жолы бар науашаға бекітіледі.

113. Құбыржолдардың бекіту және реттеуші бекітпелері қолжетімді және қызмет көрсетуге қауіпсіз жерлерде орнатылуы немесе қашықтықтан басқаруы болады. Қашықтықтан басқарылатын немесе қол жетегі бар бекітпені қолдану қажеттілігі технологиялық процесс шарттары мен жұмыс қауіпсіздігін қамтамасыз етумен белгіленеді.

Арматура бір метр сексен сантиметр және одан аса биіктікте орналасқан жағдайда оған қызмет көрсету үшін арнайы алаңшалар мен баспалдақтар қарастырылады. Жиі ауыстыруға арналған арматураны еденнен немесе қызмет көрсету алаңшасынан 1,6 метрден аса биіктікте орналастыруға болмайды (штурвалдар мен басқа басқару органдарына).

114. Құбыржолдарда герметикалық бекітпе арматурасы қолданылады. Арматураның құрылымдық материалдары тасымалданатын ортаға төзімділік және орта параметрлерінің рұқсат етілген диапазонында арматураны сенімді пайдалануды қамтамасыз ету шарттарымен таңдалады.

115. Қысымдағы құбыржолдардың ернемекті қосылулары сенімді нығыздалады. Құбыржолдарды қосу үшін ернемектердің нығыздаушы беттері, сондай-ақ олардың төселгіштері үшін материалдар мен құрылымдары тасымалданатын ортаның жұмыс қысымын, температурасы мен физикалық - химиялық қасиеттерін есепке алумен қолданылады.

116. Қышқыл және агрессивті сұйықтар құбыржолдар қосылуларының қорғаныс қаптамалары болады. Арматураны, компенсаторларды, дренаждық құрылғыларды, ернемекті және бұрандалы қосылуларды құбыржолдардың темір және автомобиль жолдарымен қиылысқан жерлерінде, есіктің үстінде, терезенің, балкондардың асты мен үстінде, жұмыс алаңшаларының үстінде, қызмет көрсетуші қызметкерлердің негізгі өтпелерінде, цех ішіндегі және кәсіпорын аумағындағы жолдарда орналастыруға болмайды. Қорғаныс қаптамаларымен сондай-ақ технологилық және бу құбыржолдарының астымен адамдар өтетін жерлері жабдықталады.

117. Эстакаларда көміртекті болаттан жасалған құбыржолдардың үстінен қышқылжолдарын тартуға тыйым салынады.

118. Құбыржолдардың цех ғимаратына ену жерінде бекітпе, ал қажеттілігі болғанда реттеуші арматура орнатылады.

119. Арматураның тегершігінде (шұралар, шүмектер, ысырмалар олардың жабу бағытын белгілейтін меңзерлер салынады. Аталған арматурада меңзерлер болмаған жағдайда ашылу күйі «А» және жабылу күйі «Ж» салынады. Автоматты түрде реттейтін қалқаншалар, клапандар, бағыттағыш аппараттарға нұсқағыштардың қажеті жоқ.

Барлық арматураның технологиялық сұлбадағы орнына сәйкес реттік нөмірі болады.

120. Салмағы 50 кг астам бекітпе немесе реттеуші арматура орналасқан жерлерде арнайы тұрақты немесе жылжымалы көтергіш құрылғылар қарастырылады.

Қолданыстағы құбыржолдарды блоктарды, көпір астын, баспалдақтарды немесе басқа заттарды бекітуге пайдалауға тыйым салынады.

121. Қысымдағы құбыржолдарда қандай да бір жөндеу жұмыстарын жүргізуге болмайды.

122. Құбыржолдардың МСТ 12.4.026-2006 «Дабылдық түстер, қауіпсіздік белгілер және дабылдық белгілеріне» сәйкес тану түсі, ескерту белгілері мен маркілеу қалқандары болады.

123. Пульптік құбыржолдарда құбыржолдың ұзындығы бойынша қашықтықтары жобамен белгіленуі қажет жуу құрылғылары болады.

124. Болат құбыржолдарды құрастыру барысында жобалау-кұрылымшылық және нормативтік-техникалық құжаттамаға сәйкес типтік фасондық элементтер қолданылады.

Арнайы станокта иіумен жасалған қайтаруларды даярлау барысында қисықтық радиусы құбырдың үш диаметрінен кем болмайды.

125. Эстакадалар бойынша тартылатын қышқыл тасымалдауға арналған құбыржолдар механикалық зақымдардан қорғалады, соның ішінде:

1) құлайтын заттардан (құбыржолдың үстінде көтергіш құрылғылар мен жылдам лақтырылатын шатырларды орналастыруға жол берілмейді);

2) көлік құралдары тарапынан мүмкін соқтығыстардан, ол үшін құбыржолды қауіпті учаскелерден алыс орналастырады немесе оларды бөгеулермен бөледі);

3) көп қабатты тарту барысында қышқыл мен сілті құбыржолдарын ең төменгі қабатта орналастырады.

126. Кәсіпорын аумағынан тыс тартылатын зауыт аралық қышқыл құбыржолдары үшін ені әр жағынан екі метрден кем емес, шегіндегі жұмыс құбыржолды пайдаланатын ұйым өкілінің келісімінсіз және бақылауынсыз жұмыс жүргізуге жол берілмейтін, қорғау аймағы қарастырылады.

127. Қышқыл тасымалдайтын құбыржолға басқа құбыржолдар (жылу серіктерін пісірусіз бекітілетіндерінен басқа) бекітілмейді.

128. Қышқыл құбыржолдарын олардың технологиялық ыдысқа немесе арнайы шаңға толығымен босауын қамтамасыз ететін, құбыржолдардың салақтауы мен тұрып қалу аймақтарын болдырмайтын еңкейіспен тартылады.

129. Қышқыл құбыржолдары үшін жобамен белгіленетін олардың босау мен жуылу мүмкіндігі қарастырылады.

130. Қышқыл құбыржолдарында оны бірақ немесе жеке учаскелерін жұмыс істеп тұрған технологиялық жүйеден ажыратуға, бұқтырма орнатуға және босату, жуу, үрлеу және мықтылығы мен құбыржолдардың герметикалығын тексеруге мүмкіндік беретін бекітпе арматурасы орнатылады.

131. Технологиялық жабдық пен құбыржолдарды орналастыру қызмет көрсету, апаратура мен оның элементтерін жөндеу мен ауыстыру бойынша жұмыс істеу барысындағы ыңғайлылық пен қауіпсіздік қамтамасыз етіледі.

132. Қышқыл үшін құбыржолдар мен арматура пайдалануға жіберу алдында нормативтік-техникалық құжаттар талаптарына сәйкес жұмыс қысымындағы герметикалыққа тексеріледі.

133. Қышқыл құбыржолдары, бекітпе арматуралары мен сақтандырғыш клапандарының ревизияларын өткізу көлемі мен мерзімі 2001 жылы 7 тамызда № 192 энергетика, индустрия және сауда министрінің бұйрығымен бекітілген «Металлургия өндірісінде кәсіпорындар мен ұйымдар үшін жалпы қауіпсіздік ережелерінің» талаптарына сәйкес болуы керек және зауыт өндірушінің жобасымен нұсқау беріледі.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет