ПОӘҚ 042-33 27/01-2014 Баспа №1. 03. 09. 2014



бет5/10
Дата16.06.2016
өлшемі1.18 Mb.
#139383
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Хакер – (Hacker) – 1. Құпия немесе ақысы төленбеген ақпаратқа заңсыз қатынас құруға талаптанатын пайдаланушы (әдетте компьютерлік желіде). 2. Бағдарламалық өнімді әзірлеушілердің авторлық құқығын бұзуға әкелетін, бағдарламалық жасақтамаға рұқсат етілмеген өзгеріс енгізетін пайдаланушы.


Хаттама – Протокол– компьютерлер өзара әрекеттесетін ережелер жиынтығы.

Хаттама – Протокол (Protocol) – компьютерлердің бірін бірі «түсінуіне» көмектесе алатын ережелер жинағы.

Хост – Интернетке қосылған, атау берілген компьютер, сервер.

Цифрлық абоненттік желі – Цифровая абонентская линия (Digital Subscriber Line, DSL) 1 ден 9 мегабитке дейінгі жоғары жылдамдықта тұрақты Интернет-қосуді орнату үшін бар телефон желісін пайдаланатын қосудың түрі.

Чат– желіде он-лайндық қатынасты ұйымдастыру тәсілі.

Чат (ағылшынша сhat) – оқу процесінің әр түрлі қатысушыларының арасындағы мәтіндік сұқбат.

Чат-сабақЧат–занятия – чат жүйесі көмегімен шын уақытта қашықтықтан өткізілетін сабақтардың, конференциялардың, семинарлардың және басқа сабақтардың синхронды формасы.

Шебер Мастер – белгілі бір операцияны орындау кезінде пайдаланушы басшылық ететін арнайы бағдарлама. Мұндай басшылық әдетте сұқбаттық терезелердің тізбектілігі арқылы жүзеге асады, пайдаланушы олардың әрбірінде қажетті параметрлерді көрсетеді, содан кейін келесі терезеге өту болады. Барлық қажетті мәліметтерді жинағаннан кейін операцияны шебер автоматты түрде орындайды.

Шеткері жабдықПерифериное оборудование – компьютерге қосылған сыртқы құрылғылар.

Шиндік ұйымы бар желі – Сеть с шинной организацией (Bus network) – барлық коммпьютерлер тіректік (backbone) деп аталатын бір кәбілдің бойымен қосылатын желі.

Шифрлау – Шифрование (Encryption) – жөнелтілетін ақпаратты тек ол арналған адам немесе компьютер ғана оқи алатындай етіп кодтау процессі.

Ізденуші (сертификация үшін) – Соискатель (для сертификации)сертификация беретін органнан лицензия алуға қол жеткізуші тұлға немесе орган.

Іздестіру жолыПуть поискафайлдық жүйенің иерархиялық құрылымындағы файлдың орналасқан орнын біржақты анықтайтын салынған каталогтардың (қапшықтардың) тізбегі. Каталогтар мен қапшықтар MS-DOS пен Windows-та «\» символымен бөлінеді (кері қисық сызық).

Іздестіру жүйесі – Поисковая система (Search engine) – түйінді сөздер жинағын пайдалана отырып, өзіңізді қызықтыратын ақпаратты таба алатын веб-сайт.

Іздестіру жүйесінің мәліметтер базасы – База данных поисковой системы (Search engine database)сіздер қатынас құра алатын барлық ақпараттың жинағы. Мәліметтер базасы пайдаланушыдан жасырын тұрады, бірақ сіздер өз іздестіру сұраныстарыңызды бағыттаған кезде компьютер іздестіру жүргізеді.

Іздестіру сервері – Поисковый сервер – көмегімен Интернет желісіндегі қажетті ақпаратты табуға болатын веб-сервер (www.yandex.ru , www.aport.ru , www.rambler.ru)

Ішкі бағдарламаПодпрограмма – стандарттық немесе жиі қайталанатын операцияны орындайтын дербес бағдарлама. Бас (негізгі) бағдарламамен немесе деңгейі жоғарылау ішкі бағдарламамен шақырылады. Жұмыстың аяқталуы бойынша басқару қайтан шақырылды, сол нүктеге қайтарады. Ішкі бағдарламаның құрамында процедура мен қызметті ажыратады. Ішкі бағдарламаның сипаттамасында ішкі бағдарламаны шақыру кезінде нақты параметрлермен алмастырылатын формальды айнымалыларды (формальды параметрлерді) пайдаланады. Нақты параметрлерді формальды параметрлердін орнына қоюды шақырушы бағдарлама орындайды. |

Ішкі бағдарламаның формальды параметрлеріФормальные параметры подпрограммы– ішкі бағдарламаның кодын жазу кезінде пайдаланылатын айнымалылар, тұрақтылар, жиымдар және мәліметтердің басқа объектілері. Нақты есептеулерге қатыспайды. Ішкі бағдарламаны шақыру мезетінде формальды параметрлердің орнына шақыратын бағдарламада шын мәндері бар нақты параметрлер қойылады. Осы мәндермен есептеулер орындалады.

Экранды жаңарту жиілігіЧастота обновления экрана – кескін кадрларының жиілігін анықтайтын бейнеішкіжүйесінің параметрі. Компьютермен ұзақ жұмыс істеу кезінде пайдаланушының көңіл күйіне айқын ықпал етеді.

Экрандық қойылымЭкранная заставка –монитор экранындағы статикалық кескінді динамикалық кескінге алмастыратын арнайы бағдарлама. Экранға түсетін жүкті азайту және басқа бақылаушылардан экрандық ақпаратты жасыру үшін пайдаланылады.

Экранның ажыратуыРазрешение экрана –экранда толығымен бейнелене алатын кескіннің ең үлкен мөлшерін анықтайтын параметр. Пикселдермен өлшенеді. Экранның ажыратуы жанама түрде бір мезгілде ашыла алатын терезенің санын анықтайды. Мүмкін болатын мәндері пайдаланылатын бейнеадаптерден және монитордан тәуелді болады. Windows 95/98-де стандарттық болып 640x480, 800x600, 1024x768, 1280x1024 және 1600x1200 ажыратулары есептеледі. Кейбір жұмыс бекеттері ажыратудың айтарлықтай жоғары параметрлерін қамтамасыз етеді. Ажырату неғұрлым жоғары болса, бейнежадтың белгіленген мөлшерлерінде бейнеадаптер бейнелей алатын түстер саны солғұрлым аз болады.

Электрондық басылым (ЭБ)Электронное издание (ЭИ) – тасылатын мағлұматтары бар, өзгертілмейтін түрде тарату үшін арналған, редакциялық-басылымдық өңдеуден өткен электрондық құжат (электрондық құжаттар тобы).

Электрондық білімдік ресурс Электронный образовательный ресурс – бұл білімдік сипаттағы ақпараты бар кез келген электрондық ресурс

Электрондық кітапханаЭлектронная библиотекатез іздестіру және нақты басылымға қатынау үшін арналған электрондық тасуыштардағы оқулық әдебиеттер басылымдарының ұйымдастырылған қоймасы.

Электрондық кітапханаЭлектронная библиотека – жинау, өзекті ету және телекоммуникациялық желі арқылу толық мәтіндік ақпараттық оқу-анықтамалық және басқа мақсаттағы өзінің құжаттау мен қауіпсіздік жүйісі бар ресурстарды пайдаланушыларға ұсыну мүмкіндігін қамтамасыз ететін аппараттық-бағдарламалық кешен. Электрондық кітапхананың негізгі элементті электрондық оқу курсы (оқу-әдістемелік кешен) болып саналады.

Электрондық кітапхана – Электронная библиотека– құжаттау мен қауіпсіздіктің өз жүйесі бар оқу-анықтамалық пен басқа да мақсаттағы толық мәтіндік ақпараттық ресурстарды жинақтау, көкейкесті ету және телеқатынастық желі арқылы пайдаланушыларға ұсыну мүмкіндігін қамтамасыз ететін бағдарламалық кешен.

Электрондық құжатЭлектронный документабоненттік жүйенің жадында сақталатын құжат.

Электрондық оқу құралы(ЭОҚ) Электронное учебное пособие(ЭУП) – басылымның осы түрі ретінде ресми бекітілген және оқулықты ішінара немесе толығымен алмастыратын немесе толықтыратын электрондық оқу курсы.

Электрондық оқу материалдары – Электронные учебные материалы – электрондық тасуышта файл түрінде ұсынылған оқу материалдары. Белгілі бір оқу курсын немесе оның үзінділерін оқып білуге тағанындалған жеке мәтіндік файл, безендірулер, аудио және бейне үзінделер ретінде де және олардың реттелген жиынтығы ретінде де енгізе алады

Электрондық оқулықЭлектронный учебникмашиналық форматта (WORD, HTML және т.б.) электрондық тасуышта орналастырылған бір немесе бірнеше авторлар ұжымы әзірлеген оқулық.

Электрондық оқулық – Электронный учебник(electronic textbook) – мемлекеттік стандарт пен оқу бағдарламасына сәйкес келетін және басылымның осы түрі ретінде ресми бекітілген оқу пәнінің немесе оның тарауының, бөлімінің жүйелі мазмұндамасы бар электрондық оқулық курс.

Электрондық пошта –e-mailэлектронная почта – пайдаланушыға хабар жөнелтуге және қабылдауға мүмкіндік беретін желілік қызмет.

Электрондық поштаЭлектронная почтамәтінді, сөзді, кескіндерді, немесе қағаз тасуышты қолданбайтын пайдаланушылар арасындағы құжаттарды қамтитын хабарларды жеткізу құралдары.

Электрондық пошта (Electronic mail, email) – Интернет бойынша жөнелтілетін хабарлама.

Электрондық пошта(E-mail) – Электронная почта – хабарламаларды адрестік алмасуға арналған желілік технологияларды қолдану тәсілі.

Электрондық пошта жүйелерін кіріктіру Интеграция систем электронной почты – электрондық поштаның әр түрлі типтерінің өзара әрекеттесу технологиясы.

Электрондық тақта – Электронная доска – бір желіге кіретін әр түрлі компьютерлерде бір мезгілде бірнеше пайдаланушыға графикалық немесе мәтіндік бейнемен операция жасауға мүмкіндік беретін компьютерлік қосымша бағдарлама.

Энергияны сақтау режіміРежим энергосбережения – есептеу жүйесін жүктеу жоқ кезінде энергия пайдалануды айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік беретін компьютерді пайдаланудың ерекше режімі. Энергия пайдалануды азайту дегеніміз монитор мен қатқыл дискіні ток көзінен ішінара немесе толық ажырату дегенді білдіреді.

Эссе– берілген тақырыпқа студент өз ойы мен пайымдауын жеткілікті еркін формада баяндай алатын шамалы жазба жұмыс.

Ява аплет (Java applet) –браузердің ішінде іске қосылатын және Яваның файылын орындайтын шағын бағдарлама.
Пайдаланылған әдебиеттер


  1. Бауман Я., Бобковский Г. Англо-русский научно-технический словарь. – М., 1998.

  2. Е. Балапанов, А Есжанов, Б. Бөрiбаев, Информатика терминдерiнің түсiндiрме сөздiгi, 2000.

  3. Ваулина Е.Ю. Толковый словарь пользователя РС. Изд–во "Атон", СПб., 1998.

  4. Григорьев В.Л. Англо-русский толковый словарь РС. –М: 1997.

  5. Информатика. Русско-английский терминологический словарь. –М., 1992.

  6. Қазақ тiлi терминдерiнің салалық ғылыми түсiндiрме сөздiгi: Информатика және компьютерлiк техника, Алматы "Мектеп", Жалпы редакциясын басқарған А.І. Құсайынов, 2002.

  7. Лемешко Е., Лемешко Н. Англо–русский толковый словарь новейшей компьютерной терминологии: Ред. Ахметов К. –М., 1998.

  8. Першиков В.И., Савинков В.М. Толковый словарь по информатике. –2–изд., доп. –М., 1995.

  9. Якубайтис Э.А. Информационные сети и системы. Справочная книга. –М.: Финансы и статистика, 1996.

1 дәріс тақырыбы: Кіріспе. Пәнді оқып үйренудің мақсаттары мен міндеттері, оның педагогты дайындаудағы ролі мен маңызы.



Педагогикалықтехнологиятүсінігі

Жоспар:

  1. «Педагогикалық технология» түсінігінің даму мәселесі

3. Педагогикалық технология принциптері

  1. Педагогикалық технологияның топтары

Дәріс:

1. Қазақстан Республикасында бiлiм берудi 2005-2010 жылдар аралығында дамыту туралы мемлекеттік бағдарламасының «Бағдарламаны іскe асырудың негiзгi бағыттары мен тетіктеpi» апы бесiншi тарауда бiлiм беру мазмұнын бiлiм үстемдiгi деңгейiнен нәтижеге бағытталған бiлiктiлiк деңгейiне келтірудiң маңыздылығынa ерекше назар аударылады.

Нәтижеге бағтталған оқыту - бұл атаушы нәтижелер (бiлiктiлiктер). А таушы немесе соңғы нәтижелер мектептен және жоғары оқу орнын бiтiргеннен кейiнгi өмip ушiн маңызды бiлiм, шеберлiктер және бағдарларды бiлдiредi. Оларды шартты түрде жүйелеп көрсек , келесі біліктіліктер құрастырылады:


  • қарым-қатынасқа түсе алу қабілеттілігі (оқу, жазу, тыңдау, сөйлеу дағдылары );

  • әлеуметтік қарым-қатынасқа бейімділік;

  • талдау жасау қабілеті;

  • проблемаларды шеш білу;

  • құндылықтар туралы пікір білдіріп, шешім қабылдау дағдылары;

  • шығармашылық шеберліктерді игеру дағдалыра;

  • азаматтық жауапкершілік;

  • рухани заттық құндылықтарды жасай алу және сақтай алу қабілеті;

  • Ілімнің құралды ретінде технологияларды қолдана алу қабілеті;

  • өмірі мен карьерасын жоспарлай алу қабілеті.

Ғылым, техника мен технологияның жедел дамуына байланысты 20 ғасырдың білім беру жүйесінің кейбір мәселелері дәстүрлі түрде шешу мүмкін болмай отыр. Өндірісте жаңа ғылыми негізделген технологиялар пайда бола бастады. Осыған байланысты білім беру саласы дамыған өнеркәсіп пен әліеметтік-экономикалық даму жағдайынан ілгері қалды. Қазіргі білім берудің негізгі ерекшелігі нәтижелердің күтпейтіндігі, кездейсоқтығы, толққанды оқушы тұлғасына байланыстылығы, оның жеке басының мүмкіндігі, әр түрлі әдістердің қолдануына байланысты шебер-оқытушының қолында өзінің тиімділігін көрсетіп, техникалық және технологиялық нашар қамтамасыз етілуінде.

Педагогикалық үрдісті технологияландыру проблемасы соғыстан кейнгі жылдары көкейкесті бола бастады және оқытуды өндірістік-технологиялық процеске айналдыруға ықпал ететін құралдарды іздестіруге бағытталды.

Алғаш рет педагогикалық технологияларды жасау педагогикалық процеске оқытудың технологиялық және акпараттық құралдарын пайдаланумен байланыстырады: ол 1950-60 жылдар арасында оқыту технологияларының. Әдетте компьютерді және ақпараттық технологияларды оқу процесінде қолдануоқытуды модернизациялауға қолайлы жағдай тудырады деп саналған.

1960-70-ші жылдар арасында оқу процесін техникалық жабдықтау білім беруді модернизациялау проблемасын шешті деп айтуға болмайды. Технологияландырудың екінші адымы бағдарлап оқытумен байланысты. Бағдарлап оқыту аутоматты көмекші, яғни оқушы қысқа логикалық адымдар арқылы қате жібермей, дұрыс жауабын беріп, және оны нәтижені хабарлаумен бекітеді. Осының ретімен оқушы оқытудың мақсаты болып табылатын біртіндеп жауапқа келеді.

1970-1980-ші жылдары пед технологияның жаңа жақтан қарастыра бастады. Ол педагшогикалық процесті басқару тәсілі ретінде қолданды. Яғни, оқыту технологиясы ретінде. Әйткенмен өндірістік технолгияға қарағанда едәуір қиындықтар тудырды. Сондықтан осыған орай педагогикалық технологияға бірнеше көзқарастар ұсынылады. Оны төмендегі суреттен көруге болады.
группа 1

Процессуалды

Инструменталды

Тұлғалық

Жүйелік

Болжамдық нәтижеге жетуді қамтамасыз ететін белгілі ретпен орындалатын, операциялар мен процедурасымен педагогикалық процесті тұрғызудың жүйелік тәсілі

Оқыту мен тәрбиелеудің әдіс, тәсілдері мен құралдарының жиынтығы.

Оқытушының педагогикалық шеберлік компоненті: педагогикалық іс-әрекет жүйесі ретінде оқу-тәрбие процесін жобалау мен жүргізу дағдылары

Оқу орнындағы біртұтас білім беру процесі: оқыту мен тәрбиелеудің мақсаты, мазмұны, әдістерінің жиынтығы (педагогикалық жүйе)


2. «Технология» сөзінің мағынасы: techne - өнер, шеберлік + logos – түсінік, ілім, білім, ғылым. Барлығы қосылып адамның нақты қызметіндегі ең жоғарға білім деңгейін ашады.Білім беру технологиялары дегеніміз не деген сұраққа жауап беру үшін бірнеше анықтамаларды қарастырамыз.

Технология дегеніміз – белгілі бір процестерді жүзеге асыру әдістері бойынша білімдердің жиынтығы.

Технология дегеніміз – оқу процесін жандандыру мақсатында ұйымдастырылған, белгілі бір мақсатқа жұмылдырылған, алдын ала ойластырылған ықпал мен әсер.

Технология дегеніміз – оқу процесін ойдағыдай жүзеге асырудың мазмұнды техникасы.

Технология дегеніміз – білім алудың жоспарланған нәтижелерге жету процесінің сипаттамасы.

Технология дегеніміз – тәжірибе жүзінде орындалатын белгілі бір педагогикалық жүйенің жобасы.



Педагогикалық технологияларқатаң ғылыми жобалау және педагогикалық іс-әрекетті қамтитын тура көрсеткіш. (Беспалько В.П. Слагаемые педагогической технологии. – М.,1989)

В.П.Беспальконың айтуынша педагогикалық технологиялар алдын ала жобаланған оқу тәрбие процесін практикада жүйелі түрде жүзеге асыру.



Білім беру технологиялары – жоспарлы түрде оқыту нәтижесін, оқушылардың қазіргі жағдайын анықтайтын құралдар, нақты жағдайларға сәйкес тиімді модельді таңдау критерийінің кешені. (Гузеев В.В. Системные основания образовательной технологии. – М.: Знание, 1995.-135 с.)

Сонымен, педагогикалық технология дегеніміз ұстаздың кәсіби қызметін жан-жақты қасмтамасыз ететін және жоспардағы басты міндетті орындаудың басты кепілі бола алатын технологиялық іс-шаралар жиынтығы.

Жаңа педагогикалық технология деген не? Ол үшін алдымен «техника», «технология», терминдерінің мағынасын түсініп, ттереңінде не жатыр, соны ақылмен аңғаруымыз қажет. Ол үшін әлемдік педагогикалық тәжірибеде «технология» ұғымының тарихына көз жүгірткеніміз жөн. «Техника» терминінің екі мағынасы бар екені айқын:


  • біріншісі - өндіріс құралдарының жиынтығы;

  • екіншісі - бір істі орындағанда қолданылатын тәсілдер жинағы.

«Технология» термині сол тәсілдер жүйесі (ілім) деген мағынаны білдіреді.

«Технология» түсінігі біркелкі емес түсіндіріледі. С.Смирнов оны төмендегідей анықтайды:



  • оқытуды ұйымдастыруда «форма» немесе «әдістеме» түсініктерінің синонимі ретінде (бақылау жұмысын орындау технологиясы, қарым-қатынас технологиясы);

  • нақты педагогикалық жүйенің синонимі ретінде (оқытудың «дәстүрлі» технологиясы, В.В.Давыдовтың, Д.Б.Эльконинаның мектепке арналған жүйесі және т.б.)

Білім беру технологиясы білім беру стандартында және мемлекеттік бағдарламаларда ұсынылған білім беру әрекетін жүйелі ұйымдастырудың тәсілін, оның жалпы мақсаттық және мазмұндық бағыттарын, ұйымдастыру құрылымы мен формасын түсіндіреді.

Педагогикалық технология білім беру технологиясын жүзеге асырумен түсіндіріледі. Оған нақты пәнінен тәуелді емес, оқу-тәрбие процесін жүзеге асыратын заңдылықтар жатады. Педагогикалық технология ғылым мен практиканың басқада салаларында кеңінен таралған, әр түрлі арнайы технологияларды, жаңа ақпараттық технологиялар, электрондық және т.б. кірістіреді.

Оқыту технологиясы педагогикалық технология сұрақтарын, тақырыптарын, затын нақты меңгеруге жол ашады.

Оқыту технологиясының анықтамасын Скиннер былай деп берді:

«Оқыту технологиясы – психология жетістіктерін педагогикалық практикада қолдану» немесе «Оқыту технологиясы – бұл оқытудың тиімділігін артыру мақсатымен білім беру үрдісін зерттеу негізінде оқу үрдісін жүзеге асыру және бағалау, бағдарламалаудың жүйелі тәсілі». Әрі қарай бағдарламалау идеясының қалыптасуына, оқытудың арнайы техникалық құралдарын жасауға байланысты «оқыту технологиясы» терминінің орнына «білім технологиясы» немесе «оқу үрдісінің технологиясы» деген термин пайда болады. Оның мазмұны екі бөліктен тұрады.

Технологияның білім беру процесіне енуі: білім беру тұжырымында мақсатты қалыптастыру; адамгершілік ақыл-ой, психологиялық, медициналық, экологиялық көрсеткіштер негізінде қазіргі технологияларды талдау, сонымен қатар дифференциалды оқыту жағдайында олардың тиімділігін бағалау; оқытудың перспективалық қүралдарын олардың негізінде педагогикалық технологияларды құру; бұл процестерді технологизация процестерін реттейтін тұтас мемлекеттік білім беру бағдарламасы мен стандарттары негізінде басқару.

Жаңа білім беру технологиясын іске асырудың қажетті шарты ретінде мынадай әдіснамалық принциптерге міндетті түрде баса көңіл аудару аса маңызды:


  1. Мұғалімнің педагогикалық кәсіби қабілетіне сену принципі;

  2. Оқытудың кез-келген уақыты аралығында берілген пәннен студенттің кепілді дайындығы болу принципі;

  3. Оқу процесінің модульдік жобалау принципі;

  4. Жоғарғы оқу орнындағы кері тартпалық пен шек қойып тежеулікті жойып, бұрынғы дәстүрлі оқыту көздерін дұрыс ара-қатынаста үйлесіиді пайдалану принципі;

  5. Ұйымдастыру және оқыту технологияларын қолдану мен қалыптастырудағы мәліметтердіңт дұрыстығы мен шындыққа сәйкесттік принципі;

  6. Жоғарғы оқу орнының мұғалімдері мен студенттерінің оқу процесіндегі арақатынасының жарасымды даму принципі;

  7. Студенттердің жалпы біліктілігінің нәтижесінде пәндік білікттілік әдістерін меңгеруді жүйелі түрде үйлестіру принциптері;

  8. Жаңа технологияны жобалаудағы мазмұндық, бірізділік, мотивациялық жақтарының бірлігі принципі;

  9. Әр студенттің жалпы білім бойынша дайындығының базалық деңгейге міндетті түрде жету принципі.

Технологияның анықтаушы критерийлері:

Концептуалдылық. Әрбір педагогикалық технология оқу максаттарына жетудің философиялық, психологиялық, дидактикалық және әлеуметтік - педагогикалық негіздері белгіленген нақты ғылыми концепцияға сүйенуі қажет.

Жүйелілік. Педагогикалық технология әрбір бөлігі өзара тығыз байланыста болатын үрдістің тұтастық логикасымен қамтамасыз етілуі тиіс.

• Технология басқарылуы тиіс, яғни, мақсат қою, жоспарлар құру, оқу үрдісін жобалау, әрбір әтапқа сай диа-гностика, нәтижелерді түзету мүмкіндігін беретін әдіс - тәсілдердің көп варианттылығы.

Тиімділік. Қазіргі заманғы технологиялар нәтижелілігі жағынан да, оған кететін шығындар жағынан да тиімді болып, белгілі бір оқыту стандарттарына жетуге кепілдік бере алуы қажет.

• Технологияның қайта қалпына келтірілуі. Бүл критерий белгілі бір технологияның басқа мекемеде, басқа субъек-тілермен жүргізіле алуы мүмкіндігін меңзейді.


Әдебиеттер:

Негізгі:

  1. Кусаинов Г.М. Новая педагогическая технология: методология, теория, практика.- Усть-Каменогорск, 1997-242с.

  2. Шкутина Л.А., Танасейчук М.К. Развивающая профдиагностика и педагогические технологии.- Алматы: Ғылым, 2000.-200с.

  3. Щуркова Н.Е. Педагогическая технология как учебная дисциплина// Педагогика. –1993.- №2. –с.66-70

  4. Іргебаева Ә.И. Оқыту технологиясы ұғымы, мәні, сипаттамасы // білім берудегі менеджмент №2, 61-65б. 2000ж.

  5. Барсай Б. Педагогикалық технология ұғымының мәні мен әдіснамалық сипаттамалары // Бастауыш мектеп, №8-9, 1999ж.

Қосымша:

1. Боголюбов В.И. Педагогическая технология: эволюция понятия// Советская педагогика. –1991. №9. С.123-128

2. Кусаинов Г.М. Новая педагогическая технология: методология, теория, практика.- Усть-Каменогорск, 1997-242с.

3. Селевко Г.К. Современные образовательные технологии: Учеб.М.: 1997

4. Ильина Т.А. Педагогическая технология //Буржуазная педагогика на современном этапе. Под ред. В.А.Мальковой, Б.Л.Вульдсона. М., 1984


  1. Таубаева Ш.Т., Барсай Б.Т .Оқытудың қазіргі технологиялары // Бастауыш мектеп №3, 3-5б., 1999ж.

  2. Смирнов С.Т. Технологии в образовании //Высш. Образование в России №1, с. 109-112, 1999г.

2 дәріс тақырыбы: Оқыту технологиясының мәні және интегралды сипатталуы. «Технология», «білім беру технологиясы», «педагогикалық технология» ұғымдары.



Жоспар:

  1. Оқытудың дәстүрлі технологиясы

  2. Кейбір жаңа педагогикалық технологиялар

  3. Біртұтас педагогикалық процесті жүзеге асырудың технологиясы

  4. «Педагогикалық технология» түсінігінің даму мәселесі

  5. Жаңа педагогикалық технологиялар туралы көзқарастар

6. Педагогикалық технология принциптері

7.Педагогикалық технологияның топтары



Дәріс:

1. Оқытудың дәстүрлі технологиясы деп - ең алдымен XVIIғасырда дидактика принциптерінде қалыптасқан, Я.А. Коменский негіздеген және қазірге дейін дүниежүзі мектептерінде басым көпшілігі қолданатын оқытуды класс-сабақгық ұйымдастыру деп түсінеді. Класс-сабақ жүйесі педагогикалық процестің одан әрі жетіліп ұйымдастырылған дайындау қажетілігіне байланысты пайда болған, себебі сол ғасырдың ортасында оқуға келушілердің санының көбейе түсуіне байланысты шамамен бір жастағы балаларды оку топтарына жинақгала бастады.

Соңғы жүз жылдықта класс-сабақ жүйесін одан әрі дамытуға бағытталған бірнеше зерттеулер жүргізілген. Олар оқу жұмысын ұйымдастырудың мынадай формаларын іздестірумен байланысты болды. Ол сабақтың кемшіліктеріне, айталық оның орта окушыға бағытталуын, оқудағы алға басушылық қортындыларының мазмұнының біркеліктілігі мен орташа шамасы, құрылымының өзгермейтіндігі: үйге берген тапсырманы сұрау, жаңа сабақты баяндау, үйге тапсырма беру. Дәстүрлі сабақгың кемшілігінің нәтижесі, ол оқушылардың танымдық белсенділігінің дамуымен және оның дербестігіне тежеу болатындығында.

Дәстүрлі класс-сабақ технологияларының аса көрнекті белгілері ол: бір жастағы оқушылардың тұрақты құрамы мен дайындық деңгейлері; кластың бірыңғай жылдық оқу жоспары мен бағдарламысымен жұмыс істеу; сабақ оқудың негізгі бірлігі; әрбір сабақ бір оқу пәнінің тақырыбына арналған, себебі класс оқушылары ортақ бір материалмен жұмыс істейді.

Сонымен, оқушы, оқу күні, сабақтар кестесі, оқу каникулдары, үзілістер – бұл класс-сабақ жүйесінің белгілері.

Дәстүрлі оқыту технологияларының концептуалды негізін Я.А.Коменский жасаған педагогика принциптері: ғылымлық, бірізділік, жүйелілік, беріктілік, белсенділіктегі сапалылық, көрнекілік ттеорияның практикамен байланыстылығы, жас аралық пен өзіндік ерекшеліктерді ескерту.

Оқыту дегеніміз ересек үлкен ұрпақтардан, өсіп келе жатқан ұрпақтарға білім, білік және дағдыларды, әлеуметтік тәжірибені алып беруін айтамыз. Бұл тұтас процестің құрамына мақсат, мазмұн, әдістер, құралдар кіреді.

Оқытудың мақсаттары, бірқатар жағдайларға байланысты тиісті бір құрамдас бөліктен тұратын категория. Мақсаттың ерекшелігіне сай дәстүрлі оқыту дегеніміз тұлғаны белгіленген қасиеттермен тәрбиелеу болып табылады. Мақсаттың мазмұнына байланысты дәстүрлі оқыту тұлғаны дамытуға емес, көбіне білім, білік және дағдыны меңгеруге бағытталған. Қазіргі кездегі жалпы мектепте мақсат біршама өзгерген, айталық идеологияландыру шығарып тасталған, жан-жақты үндестірілген даму ұраны алып тасталған, адамгершілік тәрбиесінің де құрамы да өзгерістерге ұшыраған, бірақ мақсатты жоспарлаған қасиеттер сапалар жиынтығы ретінде қарастыру парадигмасы бұрынғы сияқты қалып отыр.

Білімдімеңгеруәдістерідайынбілімдердіхабарлауғанегізделеді, оқытубелгілібірүлгілермен, индуктивтіклогикаменжекедаралықтанжалпылыққа, механикалықестесақтауға, көзбенкөргенініңмазмұнынайқынберу, репродуктивтікескетүсіру, елестету.

Дәстүрлі оқыту технологияларының әдістерін екі келесі топтарға жатқызуға болады:



  1. Иллюстративті-түсіндіру әдістері (лекция, баяндау, әңгімелесу, тәжірибелерді көрсету, еңбек операциялары, экскурсиялар) мұғалім түсіндіреді және оқу материалын көрнекті -түрде көрсетеді.

  2. Репродуктивтік әдіс: мұғалім білімді, іс-әрекет тәсілдерін, тапсырмаларды шешуде тәжірибелерді елестету үшін тапсырмалар құрастырады; оқып үйренуші оқу материалдарын белсенді еске түсіреді.

Сонымен, дәстүрлі оқыту технологиясының артықшылықтарына мыналарды жатқызуға болады: ерекшеліктердің жүйелілігі; оқу материалын логикалық дұрыс бере білуді ұйымдастырудың анықтылығы.

Ал, нашар жақтары: біркелкілік, табандық құрылым, сабақ уақытын тиімсіз бөліп тарату, оқушыларда дербестіктің болмауы, енжарлық, оқушылардың сөз әрекетінің нашарлығы.

2. XX ғасырдың 80-ші жылдары Ресейде жаңашыл мұғалімдер топтары қалыптасады, олардың әрқайсысы баланы оқыту, тәрбиелеу және дамытуда өзіндік жаңалықтары болады, олар ең жоғарғы нәтижелер береді. Сонымен бірге олардың жалпы ортақ белгілері болды. Мектеп оқушысының оқу жұмысы тәсілдерін жеңілдету және жандандыру, танымдық іс-әрекеті (сүйеніш схемалар, сигналдар) үлкен блоктар арқылы материалдарды оқу және т.б. аса айырықша көрсететін жаңашыл педагогтардың мұғалімдер позициясының бағытын авторитарлықтан демократиялыққа гумандыққа ауыстыруға деген ұмтылушылықты айтуға болады, бұл жаңа педагогикалық ынтымақтастық деген бағытқа орын берді.

Барлық осы технологиялардың көрнекті өкілдері ішінен Ш.А.Амоношвилиді-бастауыш класс оқушыларын эксперименталды оқыту жаңашалап атау керек. Ш.А.Амонашвили өзінің эксперименталдық мектебінде ынтымақтастық педагогикасын жеке тұлғалық бабын табу бағыты, тіл мен математиканы оқытудың бір реттілік әдістемесі оның педагогикалық іс-әрекеттінің өзіндік қортындысы жайлы өзінің «О начальной ступений образования, построенного на принципах гуманно-личностной педагогики» деген еңбегінде баяндаған.

Академик М.П.Иванов – коллективтік істің, коммунарлық тәрбие әдістемесінің авторы қазіргі жағдайда А.С.Макаренконың идеясын дамыта түседі. Жаңашыл–педагогтың тәжірибесіндегі басты әдістемелік коллективтік еңбек ісінің ерекшелігі-ол тұлғаның субъективтік позициясы.

Санкт-Петербургтағы №84 мектептің әдебиет пәнінің мұғалімі Е.Н.Ильин әдебиет сабағын өнер және адамгершілік-этикалық курс ретіндегі білім берудің бірегейлі тұжырымдамасын жасады, ол әрбір оқушыға адам болып қалыптасуы үшін көмектеседі.

СССР Халық мұғалімі В.Ф.Шаталов дәстүрлі класс-сабақ тәсілімен оқытудың әлі де болса ашылмай жатқан орасан зор қорын көрсетіп, оқытуды итенцифтендірудің технологиясын жасап практикаға енгізді. В.Ф.Шаталовтың әдістемелік жүйесі әрбір оқушыны оқу іс әрекетіндегі белсенділікке қатыстыруға, дербес ерікті танымдықты тәрбиелеуге, әрбір жеке оқушыда өзінің адамгершілік сезімін, өзінің күштері мен қабілеттеріне сенімділікті нығайта түсіне мүмкіндік береді.

Жаңашыл-педагогтар И.П.Волков оқытудың шығармашылықты дамыту технологиясын жасап жүзеге асырды, осыған сай тұлғаның шығармашылық қабілеттері баланың оқудан тыс іс-әрекетін еркін таңдап алу негізінде бірізді қалыптасады

Қ.О.Бітібаева практика жүзінде ынтымақтастық педагогиканы жүзеге асырды Ынтымақтастық педагогикасы – ол адамгершілік педагогикасы.

Қазіргі білім беру технологиялары санатындағы дамытатын, жетілдіретін оқу технологияларын көрсеткен жөн. (Д.Б.Эльконин-В.В.Давыдов, Л.В.Занков, Г.С.Альтшуллер және т.б.) Дамыта оқыту дамудың заңдылықтарын ескеріп, қолданылады, индивид деңгейімен ерекшелігіне бейімделеді, тұлғаның мұралық нышандарының дамуына дем береді, бағыттайды және тездетеді.

Жаңашыл педагог Н.А.Зайцев сауаттылыққа ерте оқыту және интенсивті оқыту технологиясының авторы болды, бұл технология өте жоғары нәтижеге жетуді қамтамасыз ететтін сауаттылыққа оқытудағы принципиалды жаңа бағытқа негзіделген. Н.А.Зайцевтің технологиясының мәні, ол оқу процесін бала дамуының табиғаттық енгізіне сүйене отырып, қатынас және іс-әрекет арқылы жасайды.

Қазіргі заманғы білім беру технологияларына компьютерлік оқыту технологиясы жатады. Компьютерлік оқыту формаларын қолданатын қазіргі деңгейдегі дамыған телекоммуникациялар, дистанциондық технологиялар, ақпараттық технологиялар алдағы жүзжылдықта оқыту процесінің даму негізін құрайды.

Біздің Республикамызда 1989 жылдан бастап иесі аталған мектептер кеңінен Қазақ ССР Халыққа білім беру министрлігі бекіткен «Республикалық иесі аталған мектептердің ережелері» негізінде ашылады. Олар СССР халық мұғалімі, қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі Айтқалиев. Құсайын Айтқалиұлының мектебі; Бучина Валентина Людвиговичтің өнер мектебі, биология пәнінің мұғалімі Очкур Елена Афанасьевнаның мектебі, бастауыш кластарының мұғалімі Мор Галина Яковлевнаның мектебі; Қазақ ССР еңбек сіңірген мұғалімі, орыс тілі мен әдебиет пәндерінің мұғалімі Фокин Юрий Павловичтің мектебі Республикалық иесі аталған мектептердің мақсаты тұлғаның өзін-өзі көрсетуге ең жақсы режим жасау, оқытудың тиімді «технологиясын» іздеуге қолдау жасауға болады.

М.Монтессордің (1970-1952) мектебі ақыл-ойды, саусақтардың өте нәзік қозғалыстары, қолдардың ұсақ мәнерлі ырғақтарымен интенсивті сенсорлық сезімдер арқылы дамытуға негізделген. М.Монтессори жүйесінің негізгі принциптері:



  • балалардың өзіндік даму қызығушылығын қолдау;

  • жеке оқыту, яғни дайындық ортасын құру, мұнда дидактикалық материалдарды педагог емес, бала өзі таңдайды және баланың еркін таңдауына негізделеді.

Ф.Ю. Фаусек сенсорлық тәрбиенің мәнін атап көрсетеді, яғни М.Монтессори жүйесінің басты принципі интеллект тұлғаны тәрбиелеу болып табылады. Интелект тұлғаны тәрбиелеу мен сезім мүшелерін тәрбиелеу тығыз байланысты. Сезім мүшелері тәрбиеленбеген тұлғадан, тәрбиелі интелект тұлға болуы мүмкін емес. М.Монтессоридің ойлап тапқан дидактикалық материалдары: баланың өзіндік дамуының оянуына әсер етеді, ойлау процестерін дамытады, әрекетін белсендендіреді, өзбеттілікке үйретеді.

М.Монтессори әдісі балаларға төмендегілерді үйретуге көмектеседі:



  • әлеуметтік тәртіпті меңгеріп, өзіне және қоршаған ортаға көмектесуге;

  • қозғалыс координациясын және өзін-өзі бақылауын дамытуға;

- күнделікті өмірге қажетті құралдар мен заттарға дұрыс қарауға көмектеседі. 1993 жылдан бастап Алматыда жекеменшік «Элко» корпорациясының ерікті озат мектебі жұмыс істейді. Бұл мектепің оқыту негізінде мемлекеттік бағдарлама жатыр. Бірінші кластан бастап қазақ, неміс, ағылшын тілдері, эстетика, сөйлеу мәдениеті, ерікті қозғалыс пәндерімен сабақ жүреді. Қосымша мынадай пәндер макеттендіру, моделдеу, хор, бал билері, сахна өнері жүргізіледі. Мектепте баға қойылмайды, оқу мен тәрбиелеу деңгейі жеке бағаланады.

С.Ферне (1896-1996) мектебінің әдістемелік тәсілдері біздің республикамызда әсіресе бастауыш кластарда көптеген мектептерде қолданылады. С.Ферненің әдістемесі баланың өзінің жеке тәжірибесіне негізделген. Ұстаздың қызметі баланың өзіне тән қабілеті оның өзі, өз бойынан тауып оны дамытуға көмектесу. Бұл тұжырымдаманың практика жүзінде жүзеге асуына «ерікті тестер» мен «мектеп типографиясы» қызмет етеді.

Р.Штейнердің (1861-1925) идеялары Қазақстанда «Вольдорфтық педагогика» деген атпен тарауда, ол адамның рухани дүниесіне терең ойлауына негізделген. Вальдорфтық педагогика – тұлғалық дамудың рухани және шығармашылық аспектілердің құрылуына бағытталған. Бірақ, бұл технологиялар қоршаған ортамен және қоғаммен өзара байланыс іскерлігін қалыптастырмаған. Бала өзін қоршаған ортаның: әлемдік заттар, ойлар, сезімдер, үлкендердің іс-әрекеттері әсерінен дамиды. Бұл жерде басты әдіс еліктеу болып табылады. Ресейде Вальдофтық педагогиканы меңгеру және үйрену 1990 жылы іске асты. Алғашында мәскеудің «Аристотель» педагогикалық клубында инициативтік топ негізінде жүргізілген. Қазір вальдорфтық педагогикамен айналысатын топтар көптеген қалаларда дамуда.

Онда мынадай бағыттар: құқықтық, экономикалық, химия-биологиялық бар. Оқушылар қазақ және шетел тілдерін терең оқиды.

Инновациялық мектептер дәстүрлі және сонымен қатар жаңа міндеттерді қазіргі деңгейге сай шеше алатындағын дәлелдейді, оқушы тұлғасының мәдени, адамгершілік дамуына үлесін қосады.

3.Қазіргі қоғамда болып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістер жеткілікті дәрежеде дәстүрлі орташа жай білім беруге жасалған білім беру моделінің тоқырауын жеткілікті дөрежеде анық көрсетіп берді. Қазіргі дүниеде тұлғаға деген талаптың қатаңдай түсуі мен білім беру кеңістігінде өзгерістердің әлеуметтене түсу тенденциясының өсуіне әкеледі:

- білім берудің статикалық моделінен оқушылардың ақыл-ой әрекетінің динамикалық құрылымының қалыптасуына көшуі;

-оқытуда оқушылардың танымдық іс-өрекеттер тәсілдерін белсенді меңгеруге бетбұрыс;

- оқыту процесін тұлғаның қазіргі қоғамның өзгеру жағдайларында барынша өзін-өзі жүзеге асыру перспективасына сай талап пен мүдесіне бейімдеу, үйрету.

Көрсетілген тенденциялар ұстаздардың педагогикалық технологияларды жасауға деген қызығушылығының өсуіне ықпал етті. Біртүтас педагогикалық процесті жүзеге асыру технологиясының өзіндік ерекшелігі бар: ол педагогикалық процесс субъектілерінің үстаз және окушы әрекеттерінің мәнін алдын ала анықтайды, онда тұлға іс-әрекет барысында қайта өзгереді.

Ұстазды дайындаудың технологиясындағы тек қана теориялық білімдердің белгілі бір деңгейін ғана емес, біртұтас педагогикалық процесті жүзеге асырудағы нақтылы практикалық міндеттерді шешуде өзінің кәсіби іс-әрекетінің объектісін өзгертуге алған білімдері үшін қолдана білуді көрсетеді. Көрсетілген көзқарас түрғысынан педагогикалық технологиялар теориялық білімдерді біртүтас педагогикалық процесті практика жүзінде жүзеге асыруға алмастырудағы бірізді комплексті әрекеттің мәні болады, ол ұстаздар мен окушылар түлғаларының өзіндік дамуын қамтамасыз етеді, оның жүзеге асуын сатылы өлшеуге мүмкін болады және одан тұлғаныңда және коллективтің даму динамикасын көруге болады. Бұл анықтама бойынша жасалынатын педагогикалық жүмыстардың тиісті өлшемдерінің технологиясын анықтауға болмайды (Н.Д. Хмель):


  • айтылған ойдың концептуалдығы;

  • ғылыми жүмыс атқарушылардың өте анық методологиялық позициясы;

  • нақтылы педагогикалық қүбьшыстарды қарастырудағы жүйелілік;

  • технологияда педагогикалық процестің екі жақтылық сипатын көрсету;

  • педагогикалық процестегі субъектілердің орны мен олардың өзара әрекеттерін анықтау;

  • алынатын нәтижелердің өлшенетіндігі;

  • қандайда болмасын оку-тәрбие мәселелерінің жүмыс жағдайларында технологиялардың қолданылатындығы.

Технология өндірістік іс-әрекеттегі мақсат пен жетістіктің ажырамас бірлігі болғандықтан жасалынатын педагогикалық технологиялардың сапасын бағалау мәселесін айтпай кетуге болмайды. Педагогикалық процесс дегеніміз "ұстаз-оқушылар" жүйе жағдайының алмасуы. Демек, педагогикалық процесте жүйе жасаушы фактор тұлға болса, үстаз түлғасы-оқушылар тұлғалары. Егер педагогикалық процесте оқу орнының оқу-тәрбие іс-әрекетінде тұлғаның дамуы мен қалыптасуына әсер ететін жағдай болса, онда біртүтас педагогикалық процесті жүзеге асыру технологиясы нормаға сәйкес деген сөз.

Педагогикалық процесс әлеуметтік жүйелердің жеке бір бөлігі ретінде, ол өзін-өзі үйымдастырушылық пен өзін-өзі жөнге салуға қабілетті. "Адам-адам" жүйесіне төн және оның жеке бір бөлігі "ұстаздар-оқушылар" тиімді қызмет атқарылуының өлшемі ретінде адамның өзі болады, себебі, әлеуметтік жүйелерде тұлға жүйе жасаушы фактор болады. Егер адамның өзін-өзі жүзеге асырудағы және тұлға ретінде өз орнын табу (ол бұл ұстаздарға да, оқушыларға тең қатысты) мұқтаждықтары қанағаттандырылса, онда өндірісте қызмет атқаруға тиісті "адам-адам" жүйесі күйзеліске үшырайды. Демек, педагогикалық еңбек технологиясын жетілдіре түсу проблемасы басқа да кәсіби іс-өрекет аймақтары сияқты көкейкесті болады.

Сонымен, біртұтас педагогикалық процесті жүзеге асыру технологиясы мынадай мазмұнды логикалық тізбекке сан түзейді. Біртұтас педагогикалық процестің теориясын білу, ұстаз іс-әрекеті объектісінің идеалдық моделі, нақтылы оқу-тәрбие мекемелерінің іс жүзіндегі процестің жағдайын диагностикалап өлшеу әдістемесін меңгеруін, іс-әрекет объектісінің теориясын, нақтылы процестің түтасымен немесе оның аяқгалған формасын өзгерту жағдайын, ситуациясын моделдеу (жобалау) үшін әрекет тәртібін анықтау (ұстаздар мен оқушылар іс-әрекеттерінің алгоритмі).

Жалпы оқытудың типтерін, түрлерін, стилдерін (яғни технологияларын) таңдап алуына, білім беру саласына, білім беру парадигмасына, дидактикалық тұжырымдамаларға, оқыту теориясына, оқытудың мақсаттары мен міндеттерге, жеке тұлғалық және кәсіби мүмкіншіліктерге, үстаздың бейімділігі мен жоғары бағалауына байланысты.



4. Жаңа педагогикалық технология деген не? Ол үшін алдымен «техника», «технология», терминдерінің мағынасын түсініп, тереңінде не жатыр, соны ақылмен аңғаруымыз қажет. Ол үшін әлемдік педагогикалық тәжірибеде «технология» ұғымының тарихына көз жүгірткеніміз жөн. «Техника» терминінің екі мағынасы бар екені айқын:

  • біріншісі - өндіріс құралдарының жиынтығы;

  • екіншісі - бір істі орындағанда қолданылатын тәсілдер жинағы.

«Технология» термині сол тәсілдер жүйесі (ілім) деген мағынаны білдіреді.

«Технология» түсінігі біркелкі емес түсіндіріледі. С.Смирнов оны төмендегідей анықтайды:



  • оқытуды ұйымдастыруда «форма» немесе «әдістеме» түсініктерінің синонимі ретінде (бақылау жұмысын орындау технологиясы, қарым-қатынас технологиясы);

  • нақты педагогикалық жүйенің синонимі ретінде (оқытудың «дәстүрлі» технологиясы, В.В.Давыдовтың-Д.Б.Эльконинаның мектепке арналған жүйесі және т.б.)

Бірақ бұл түсіндірулер «технология» түсінігін ашпайды, сондықтан «білім беру технологиясы», «педагогикалық технология», «оқыту технологиясы» терминдерін қарастыру қажет. Берілген түсініктерді салыстырмалы талдау Л.А.Шкутина, М.К. Танасейчук еңбектерінде көрсетілген.

Білім беру технологиясы білім беру стандартында және мемлекеттік бағдарламаларда ұсынылған білім беру әрекетін жүйелі ұйымдастырудың тәсілін, оның жалпы мақсаттық және мазмұндық бағыттарын, ұйымдастыру құрылымы мен формасын түсіндіреді.

Педагогикалық технология білім беру технологиясын жүзеге асырумен түсіндіріледі. Оған нақты пәнінен тәуелді емес, оқу-тәрбие процесін жүзеге асыратын заңдылықтар жатады. Педагогикалық технология ғылым мен практиканың басқада салаларында кеңінен таралған, әр түрлі арнайы технологияларды, жаңа ақпараттық технологиялар, электрондық және т.б. кірістіреді.

5. Оқытудың технологиясы педагогикалық әдістерге негізделген. 60-жылдарда шетел зерттеушілері «педагогикалық технология» терминін енгізді.

В.Беспалько «педагогикалық технология дегеніміз – тәжірибеде жүзеге асырылатын белгілі бір педагогикалық жүйенің жобасы, ал педагогикалық жағдайларға сай қолданылатын әдіс, тәсілдер – оның құрамды бөлігі ғана, оқыту процесін жүзеге асырудың мазмұндық техникада педагогикалық ұйымдастыру мен жүзеге асырудың жобасы (алгоритмі)» деп түсіндіреді..

Б.Т.Лихачев «педагогикалық технология – бұл оқытудың формасын, әдісін, тәсілін, тәрбиенің құралын жинақтауды анықтайтын психологиялық-педагогикалық құрылғылардың жинағы»,- деген анықтама берсе, Селевко Г.К. «педагогикалық технология» түсінігін, 3 аспект бойынша қарастырады:


  • ғылыми: педагогикалық технология – жобаланған педагогикалық процесті және оқытудың әдісі мен мазмұнын, мақсатын оқыттатын, педагогикалық ғылымның бөлімі;

  • бейнелеулі іс-жүргізу: оқытудың жоспарланған нәтижесіне жету үшін әдістермен құралдарды, мазмұны мен мақсатының жиынтығын бейнелейтін процесс,

  • нақтылы іс-жүргізу: технологиялық процесерді жүзеге асыру, педагогикалық, әдістемелік және тұлғалық құралдарды жинақтау.

Тұлға дегеніміз тұтастай тұратын құрылым, және ол біртұтас педагогикалық процеспен байланысты. (Ильин В.С.), демек педагогикалық технологияда осы педагогикалық процестің басты белгісіне сәйкес болуы керек.

Педагогикалық технологияларға берілген басқа да анықтамалар бар, ол: оқыту процесін ұйым дастырумен жүргізуді жобалау барысындағы бірлескен педагогикалық іс-әрекеттің моделі (Монахов В.М.), барлық сабақ беру процесін жасаудың, қолданудың және анықтаудың жүйелі әдісі, білімді меңгеоудегі техникалық және олардың өзара әрекеттерін ескеру, мазмұнын қорытындылау (ЮНЕСКО).

В.Н Бордовская және А.А.Реанның көрсетуінше педагогикалық технологиялар дегеніміз бұл білім беру процесіндегі ұстаздар мен оқушылардың жүйелілік іс-әрекеттеріне, ол мақсат мазмұн әдістерді ұйымдастырудың белгілі бір нақтылы принциптері мен өзара байланыстылығына сай нақтылы идея негізінде жасалынады.

Г.М.Құсайыновтың есебінше педагогикалық технология әдеттегі түсініктерден басқа. Ол мұғалімнің жоспарланған оқыту мен тәрбиелеудегі мақсаттары мен нәтижелерге жету мен сабақ беру процесі емес, ол кәсіби ұстаздың басшылығымен оқушылардың өзінің және өзара оқыту процесі, ол білім берудің мазмұны мен оқу жоспарларының бағдарламаларында ескерілген іс-әрекеттердің сол түрлерін меңгеру жұмысттарының әрбір сатыларындағы болатын өзгерістер мен қайта құру болады.

В.А.Сластенин бойынша педагогикалық технология деген: ол қатал ғылыми жоспарлау және дәлірек айтқанда педагогикалық әрекеттің жетістігін қамтамасыз ететін елестету.

Педагогикалық технология теориялық педагогика мен практика аралығында орын алып отыр. (В. Богомолов, Т. Ильин, А. Космодемьянская, М. Кларин, Ф. Янушевич сияқты ғалымдар осылай түсіндіреді.) Педагогикалық технология деп мақсаттар қою, оқу жоспары мен оқу бағдарламасын үнемі жақсартып отырудың, педагогикалық жүйелерді бүтіндей бағалаудың және ол жүйелердің тиімділігі жөнінде гі ақпарат туындауына байланысты жаңа мақсаттар қоюдың тұтас үрдісін айтамыз. (С. Сполдинг, 1969.) Сонымен педагогикалық технология-оқыту үрдісін түгелдей қолдану және бағалау, сол сияқты, білімді аддамдар мен техника ресурстарын ескеру арқылы білімді игеру, білім берудің тиімді түріне жету үшін оларды жоспарлаудың жүйелі әдісі ретінде түсіндіріледі. Педагогикалық технология – педагогикалық қолданбалы сипаты бар, бүтіндей алғанда, жалпы дидактика мен педагогиканың практикалық жалғасы. Ол классикалық дидактиканы дамытады, мынадай технология ұстанымдарына сүйенеді:

а) технологиялық құрылымдық және мазмұндық ұстанымдары;

ә) оның диагностикалық мақсаттылығы, аяқтталғандық, әлеуметтік және табиғатқа сәйкестиілік, барлық үрдістердің қарқынды жүруі (В. Беспалько, 1984.) Шетел зерттеушілері педагогикалық технологияны психология, әлеуметтік философия, басқару және мақсат қою теориясы, техника, қарым-қатынас, аудивизуальды білім беру және кибернетика элементтерінен тұратын пәнаралық конгломерат ретінде қарастырып отыр.

Технологияның білім беру процесіне енуі: білім беру тұжырымында мақсатты қалыптастыру; адамгершілік ақыл-ой, психологиялық, медициналық, экологиялық көрсеткіштер негізінде қазіргі технологияларды талдау, сонымен қатар дифференциалды оқыту жағдайында олардың тиімділігін бағалау; оқытудың перспективалық қүралдарын олардың негізінде педагогикалық технологияларды құру; бұл процестерді технологизация процестерін реттейтін тұтас мемлекеттік білім беру бағдарламасы мен стандарттары негізінде басқару.
Әдебиеттер:

Негізгі:


  1. В.П. Беспалько Слагаемые педагогической технологии. М., 1989.

  2. Ильина Т.А. Педагогическая технология // Буржуазная педагогика на современном этапе. Под ред. В.А. Мальковой, Б.Л. Вульдсона. М., 1984.

  3. Кусаинов Г.М. Новая педагогическая технология: методология теория и практика. Усть-Каменогорск, 1997.

  4. Педагогическая технология / Сост.Н.Е. Щуркова, М., 1992. 1. Амонашвили Ш.А. Личностно-гуманная основа педагогического процесса. Минск, 1990.

  5. Селевко Г.И. Современные образовательные технологии: Учебное пособие.М., 1998.

Қосымша:

Педагогические технологии: что такое и как использовать в школе. Под ред. Т.И.Искаковой, П.И. Третьякова. М.; Тюмень, 1994

Кусаинов Г.М. Новая педагогическая технология: методология, теория, практика.- Усть-Каменогорск, 1997-242с.

Шкутина Л.А., Танасейчук М.К. Развивающая профдиагностика и педагогические технологии.- Алматы: Ғылым, 2000.-200с.

Монахов В.М. Проектирование и внедрение новых технологии обучения // Советская педагогика, -1990. №7. С.17-22

Назарова Т.С. Педагогические технологии: новый этап эволюции // Педагогика, -1997. №3. С.20-27

Сарыпбеков Ж. Информационные технологии – будущее образовательной системы // Казахстанская правда -1996. №6165. 2-августа


3 дәріс тақырыбы: Кәсіптік білім берудегі дәстүрлі технологияларды түрлендірудің концептуалды тәсілдері. Оқушыларды дайындаудағы оқытуды жекелендіру және дифференциациялау технологиялары.

Жоспар

  1. Дифференциация оқыту идеясы

  2. Дифференциация түрлері

  3. Дифференциациялап оқытудың талдау схемасы

  4. Дифференциация бойынша жаңа маттериалды түсіндіру

1.Қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдай мұғалімдердің алдында тұрған оқу-тәрбие жұмысын жетілдіруде, оқушының өзіндік, шығармашыл ойлауын дамыту және білім деңгейін жоғарылатуды қамтамасыз ету міндеттерін маңызды күрделендірді. Көп уақытқа дейін барлық оқыту және тәрбие әдістемесі оқушының орташа деңгейіне бағытталды. Онда оқушылар сыныбы жекелеген тұлғалардан тұрады, яғни олардың әрқайсысының өзіне тән психологиялық және адамгершілік ерекшеліктері, өзінің қызығушылығы және бейімділігі, шындықты көруі болды. Мұндай құбылыстың себебі тәрбиелей және дамыта отырып оқыту тұлғаға тікелей емес, оның дамуында "ішкі жағдай" арқылы әсер етті.

Ішкі әлемнің әр түрлілігі әр баланың ерекшелігін анықтайды. Оқушылардың оқуын ұйымдастыруда, мұндай факторларды жеткіліксіз есептеу "орташа оқушының " пайда болуына әкелді. Әрбір оқушының ішкі дүниесінің бірегейлігі, оның ерекше дүниетануы оқушының танымдық мүмкіндіктерінің пайда болуын қамтамасыз етеді. Мектепте мұндай ерекшеліктерді ескеру оқытудың қызметтік және мотивациялық аспектілерін жоғарылатуда көрінетін әрбір оқушының дұрыс нәтижелерге жетуінде басты роль атқарды. Оқытуда, оқушылардың барлық ерекшеліктерін ескеруді жүзеге асыратын құрал -дифференциация болып табылады.

Дифференциацияның мәні – оқушыларды бөлу емес, оларды біріктіруде дер кезінде дифференциалды көмек көрсету.

Тиімділігі – мұғалім оқушылардың жұмысын бақылап қана қоймай, осы уақытта жеке оқушылармен жекеше жұмыс жасайды. Оқушылар үш режимде жұмыс істей алады: мұғаліммен бірігіп, жеке және өз бетімен мұғалімнің жетекшілігімен.

Мектептің білім беру тарихы, дифференциация барлық жағдайда оқушыларды оқытуда қолданылғандығын дәлелдейді. Мектептік білім беру пайда болғанда, мемлекеттен жеке алынған, әрбір дәуір талаптарына сәйкес дифференциалды оқыту мәселесі де дамыды. Мысал ретінде біздің отандық мектептерімізде, бұл мәселесінің пайда болу жолын, үш кезеңге бөлуге болады: бірінші кезең – 1918-1930 жылдары, дифференциалды оқытуды ұйымдастыруға жалпы амал, тәсіл іздеу; екінші кезең – 1930-1990 жылдар, мектептік білім беруді ұйымдастыруда эгалитарлы амал контекстінде дифференциалды оқыту пікірінің дамуы; үшінші кезең – 1990-2000 жылдар, мектептік білім беруді бұқарашылдандыру жағдайында дифференциалды оқытуды жүзеге асыру үшін жаңа амалдарды анықтау.

XX мыңжылдықтың 20 жылында, яғни алғашқы кезеңде – бұл мектеп тәжірибесінде және педагогикалық теорияда дифференциалды оқыту пікірін жүзеге асырудың бастамасы 1922 жылы Дальтон-план бойынша жұмыс басталады. Дальтон-планының көмегімен оқыту процесіне оқушылардың мүмкіндіктерін ескеретін бағдарламалар енгізілді және құрылды. Оқу бағдарламаларын күрделілік деңгейіне бөлу, нақты пән бойынша біліміне нұсқау, оқушылардың жеке ерекшеліктерін қамтамасыз ету және олардың дальтон-план бойынша жұмысы дифференциалды оқыту принципіне жауап береді. Сонымен қоса, ол оқушыларды деңгейлік дайындаудың қазіргі талаптарына үндес.

20 жылдардың ортасына қарай өмірге енгізілген жаңа тәсіл өңделді. Кеңестік мектепте дифференциалды оқытудың алғашқы формасы дарынды дәрежесі бойынша дифференциация болып табылады. Дарынды балалармен жұмыстың тәжірибесінде әдебиеттер мен әдістемелер болмағандықтан дифференциалды оқытудың аталған формасы баланың психикасына яғни, тым ашушаң, қызбалы болуына әкелді. Бірақ оның жағымды да жақтары болды: үлгерімі нашар және даму жағынан кем балаларды есіркеу және соған байланысты әдістемелер қолданылды.

Дифференциалды оқытудың келесі формасы – еңбекке баулу курсымен үйлестіруде қабілеті бойынша дифференциация. Бұл тәсілдің негізгі кемшілігі: жалпы білімділігін бағаламау.

Бұл кезең дифференциалды оқытудың екі формасымен ерекшеленеді: а) дарынды дәрежесі бойынша дифференциация; б) еңбекке баулу курсымен үйлестіруде қабілеті бойынша дифференциация.

30 жылдары кеңестік үкімет барлық оқу-тәрбие процесінде қатаң тәртіп белгілеуді жою туралы қаулы қабылдайды. Барлық орта білім беру мекемелеріндегі оқушыларды жалпы білім беруге дайындауға және толық емес орта мектептер үшін бірыңғай талаптар бекітіледі. Бұл жылдарда мектеп қызметінің бірыңғай оқу жоспары бойынша оқу-тәрбие процесін құруға және оқу пәндерінің мазмұнын қалыптастыруға бағытталды. Педагогика ғылымында келешек үшін дифференциалды оқыту пікірін өңдеу жалғасты.

Осыған байланысты дифференциалды оқыту пікірін өңдеу білім берудің регламенттік мазмұны негізінде жүзеге асты. Бірақ ғылыми көзқараста дифференциалды оқытудың шекарасын анықтау қажет болды. Осы мәселеге алғаш рет 1946 жылы Н.К. Гончаров назар аударды. Ол дифференциалды оқытудың шекарасын ғылымның екі тобы – табиғат және қоғам негізінде анықтау керек деді. 50 жылдың ортасында, орта мектепте дифференциалды оқыту бойынша эксперимент жүргізудің дайындық жұмысы басталады. Бұл жұмысты бастаушылар: М.А.Мельников, А.М.Арсеньев, Н.К.Гончаров болды. Дифференциалды оқыту бойынша жүргізілген экспериментті жұмысты ұйымдастырудың негізгі принципі келесілер болды: «мектеп үш бірыңғай міндетті шешу керек, яғни кәсіптік, политехникалық және жалпы білім беру, дифференциацияны жалпы білім берумен шектемеу керек» /73/.

Үйлесімді бағдарламалар және пәндер циклдері бойынша бөлімдер құрылғанда дифференциалды оқыту басталды. Жалпы білім берудің бірыңғай көлемі сақталды, дифференциация жалпы білім беру пәндерімен бірге арнайы және тәжірибелі өндірістік дайындық пәндерін қамтыды. Осымен, кеңестік мектептегі дифференциалды оқыту шет мемлекеттерінің фуркациясынан ерекшеленді, яғни мұнда дифференциация екі бағыт бойынша: математикалық және гуманитарлық жүргізілді. Мектеп практикасына пәндерді тереңдетіп, оқыту бойынша класстарды және факультативтерді енгізу ниеттерінің негізін эксперименттік тексеруге байланысты жүргізілген жұмысы 50 жылдың аяғында дифференциалды оқыту тұжырымдамасын өңдеумен аяқталды.

1966 жылы Кеңес министрінің «орта жалпы білім беру мектептерінің жұмыстарын әрі қарай жалғастыру» қаулысы бойынша дифференциалды оқытудың екі формасы енгізілді: тереңдетілген білім, оқушылардың қабілеттерін, қызығушылықтарын, кәсіптік хабарын жан-жақты дамыту.

Сонымен, 60-70 жылдары мектеп практикасында оқу процесіндегі дифференциацияның келесі түрлері: факультативтік сабақ, арнайы кластар және гуманитарлық пәндердің агробиология, физика, есептеу техникасы, математика пәндерін тереңдетіп оқытатын арнайы мектептер пайда болды.

Теоретиктердің берген бағасы практикаға факультативтердің енгізілуі дифференциалды оқытудың берілген формаларын орындауда дидактикалық және әдістемелік жағынан толық өңделмегендігін дәлелдеді.

Бірақ, зерттеудің әр түрлі (әдістемелік, дидактикалық, психологиялық) аспектілерінің қарқынды жүргізілген жұмыстарының нәтижесінде дифференциалды оқытудың аталған формаларын енгізуде жетістіктерге жетті. Сонымен, В.А. Орлов қорытындылай келе «факультативтер оқушыларда білімнің жоғары деңгейін қалыптастыруда өзінің кең қажеттілігін және өмірлік қабілетін көрсетті» деді.

Ал, 70-жылдың басында дифференциалды оқытудың тиімді формасы ретінде арнайы мектеп және сынып шегінде пәндерді тереңдетіп оқыту болып табылады. Дифференциалды оқытудың осы формасының кеңінен таралуы үшін қиыншылықтар болды. Сондықтан, өз уақытында В.А. Орлов және Э.И. Унт пікірі бойынша, пәндерді тереңдетіп оқыту оқушыларға терең білім береді.

Кеңестік мектепте дифференциалды оқыту пікірі құрылуының екінші кезеңін, мектептік білім беруді ұйымдастыруда эголитарлық тәсіл контекстінде дифференциалды оқыту пікірінің даму кезеңі деп атауға болады. Ол дифференциалды оқытудың екі формасымен ерекшеленеді: а) факультативтік сабақтар; б) пәндерді тереңдетіп оқытуда арнайы кластар мен мектептерге бөлу. Осы екі форманың да мақсаты: білімді тереңдету, оқушылардың қабілеттерін, қызығушылықтарын, кәсіптік хабарын жан-жақты дамыту.

Дифференциалды оқытудың барлық формаларын ұйымдастырудағы жетістіктер, олардың барлығы негізінен оқушылардың типологиялық ерекшеліктеріне ғана бағытталған еді, ал оқушылардың жеке ерекшеліктері толығымен ескерілмеді.

1895 жылы білімдегі педагогикалық дағдарыс, сонымен қатар мектептік білім беру практикасындағы дифференциалды оқытудың жағдайы, мектептегі дифференциалды оқытуды жүзеге асыруда жаңа амалдарды іздеуге итермеледі.

1990 жылдың басы дифференциалды оқыту тұжырымдамасы және жаңа пікірлердің тууы, мектептік білім беруде дифференциация мәселесінің дамуындағы жаңа кезең деп есептеледі.

Тұжырымдама авторлары дифференциалды оқытудың қажетті шартын халықтық білім беру жүйесінде пайда болған әлеуметтік келісілген тенденция және екі обьективті, яғни кеңестік мектепке бірыңғай талап және тұлғаның дамуына қолайлы жағдай жасауды атап көрсетті.

Авторлар дифференциалды оқытудың мақсатын үш бағытта қарастырады: психолого-педагогикалық, әлеуметтік және дидактикалық. Біз үшін дифференциалды оқыту мақсатының бірінші және үшінші бағыты қажет. Психолого-педагогикалық көзқараспен дифференциалды оқыту дифференциалды оқытудың мақсаты былай анықталады: «әрбір оқушының қабілетін және қызығушылығын дамыту, келешегін анықтау үшін қолайлы жағдай жасауға негізделген оқытудың жекешеленуі ».

Дидактикалық көзқараспен, авторлар дифференциалды оқытудың мақсаты: «мотивациялық, принциптік ережеге негізделген жаңа әдістемелік жүйе құру жолымен мектеп мәселесін шешу» керек деді. Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін, авторлардың ойынша, оқыту процесін икемді оқу әдістемесімен қамтамасыз ету.

В.М. Монахов, В.А. Орлов, В.В. Фирсов дифференциалды оқытудың келесі формасын ұсынады:

1. Ішкі (деңгейлік) дифференциация – барлық оқушылардың дайындықтық міндетті базалық деңгейін меңгеруге білімді қабылдауда әр түрлі деңгейдің бөлінуі негізінде оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескеріп, ұйымдастыруда оқытудың әдісі, формасы және тәсілінің жиынтығы.

2. Сыртқы дифференциация – білім беру мазмұны және оқушыларға ұсынылған талаптар ескерілетін, белгілі принциптер негізінде (қызығушылық, қабілеттілік, нәтижеге жету, бейімделгіштік) тұрақты топ құру.

Авторлар алғаш рет ішкі дифференциацияны оқытудың нәтижесін жоспарлауда деңгейлік дифференциация жүйесінің формасында жүзеге асыру мүмкіндігін көрсетті

Өңделген тұжырымдама оқу пәндерін оқытуда дифференциалды оқытудың әдістемелік принциптер жүйесін, оқу жоспарын қалыптастыру және білім беру мазмұнын сұрыптау принципін, қазіргі кезеңде дифференциалды оқытудың негізгі мәселесін шешуде жалпы амалды және дифференциация жүйесін мақсатты құруды анықтады.

Сонымен, үшінші яғни дифференциалды оқыту пікірін дамытудың қорытынды кезеңін мектептік білім беруді бұқарашылдандыру жағдайында дифференциалды оқытудың жүзеге асуы үшін, жаңа амалдарды анықтау кезеңі деп атауға болады және дифференциацияның сыртқы формасын әрі қарай жетілдіру және дамытумен сипатталады.

Дифференциалды оқытудың болашағы оның оның формаларының жаңа типологиясын жүзеге асырумен байланысты. Оның мәні мынада:

- оқушылардың ерекшелігінің типологиясы негізінде тұрақты класс немесе топ құру;

- оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескеріп, жан - жақты дайындықты жүзеге асыру.

Барлық оқушылардың оқуға қабілеттілігінің дамуы мен дайындық деңгейі бірдей болмаған жағдайда дифференциалды оқыту технологиясы қолданылады.

Жеке қабілеттері ескерілмей, тек жас ерекшелігіне байланысты жиналған 25-30 оқушы білімді бірдей және тең меңгермейді. Кейбір оқушыларда өз жасына сай ойлауға икемділігі, ширақтылығы болмайды, жинақтап қорыта білмейді, осыдан кейін оқу материалдарынан қала бастайды. Бұндай оқушылардың білімге деген қызығушылығы жоғалады, оқуға деген теріс көзқарасы пайда болады. Бұл үлгермеушілікке әкеліп соғады. Жақсы оқитын оқушылармен де жұмыс істеу қиын, себебі, мұғалім сабақты «орташа» оқитын оқушының қабілетіне негіздейді. Олар біртіндеп оқу тапсырмаларын орындауда жеңілдіктерге үйренеді және бірінші қиындықтар өз-өзіне сенбеушілік, сасқалақтау туады. Ал, бұл үлгерімнің төмендеуіне әкеледі. Сондықтан, әрбір оқушының жоғары үлгерімділігіне жетудің міндеті дифференциалды оқытуда оқушының жеке ерекшелігін ескеру негізінде шешіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет