ПОӘК 042-18-18 4/03-2013 №1 басылым 18. 09. 2013



жүктеу 1.54 Mb.
бет3/8
Дата23.02.2016
өлшемі1.54 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8

Бекіту сұрақтары.

1 Қарлұқ мемлекетінің саяси тарихы

2 Қарлұқ мемлекетінің сыртқы саясаты

3 Қарлұқ мемлекетінің тарих сахнасынан шығу себептері мен салдары

4.Оғыздар туралы дерек көздері мен Оғыз мемлекетінің саяси тарихы

5.Қимақтар мемлекетінің ыдырауының себебі неде?


Ұсынылатын әдебиеттер:

1 Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін (Очерк) А., 1994

2 Қазақстандық тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Төрт томдық. 1 том А., 1996

3 Кляшторный С.Г., Султанов Т.И. Казахстан: летопись трех тысячелетий А.,1992.

4 Салғарин Қ. Қазақтың қилы тарихы А., 1982
Тақырып-7 Қарахан мемлекеті мен Қарақытай мемлекеті және Қыпшақ хандығының саяси тарихы
Қарахан қағанаты Шығыс Түркістан, Жетісу, Сырдария, Талас, Шу еңірін қүтты коныс етті. Оның қүрылуы 940 жылдан басталады. Қағанаттың орталық астанасы Шу өзені бойындағы Баласағүн, кейінірек Ордакент (Тараз) қаласы. Қарахан мемлекетінің Үзген, Мерке, Қүлан сияқты қалала-рында ірі алыпсатар алпауыттары мен қолөнершілері мекендеген.

Қарахан әулетінің негізін салушы Сатұқ Боғрахан (915-955 жж.) болып есептелінеді. Ол Қарлұқ хандығының іргесін көтеріп, мәртебесін асырушылардың бірі - Білге құл Қадырханның немересі. Сатүқ Тараз және Қашқар қала-ларын өзіне қаратып, 942 жылы Баласағүндағы билеушіні қүлатып, өзін жоғары қаған деп жариялайды. Қарахан мемлекетінің өз тарихы осы уақыттан басталды. Мемле-кеттің күшеюіне қарлық, шігіл, ягма тайпалары үлкен үлес қосты. Сатүқ өлгеннен кейін билік оның баласы Мүсаға көшті, ол 960 жылы Қарахан мемлекетінің халқын ислам дініне қаратты. Оның астана қаласы Қашғар болды. Сатұқтың екінші баласы Сүлеймен Баласағүнды иеленді. Кейін бүл еңірді оның ұлы Хасан Боғра-хан мұра етіп алды.

Мұса өлген соң, Қарақан жеріндегі жоғарғы қаған атағы оның баласы Әли Арсылан ханға көшті. Оның енші жерінің орталығы Қашғар болды. Сонымен қатар ол Тараз бен Баласағұнның да билеушісі болып есептелді. Қарахан мемлекетінің саяси тарихы Әли Арсылан өмір сүрген алға-шқы ондаған жылдың озінде-ақ негізінен ықпалды әрі күшті екі отбасы әулетінің - Әли Арсылан хан мен Хасан (Харун) Боғра ханның үрпақтары арасындағы өзара қырқысқан күреске толы болды. Алғашқы кезде Әли (Әлилер) үрпағының ықпалы күштірек болса, ал кейін бүл ықпал Хасан (Хасанилерге) үрпақтарына көшті.

X ғ. 80-ші жылдарында Орта Азиядағы күшті Самани-лер мемлекеті феодалдық талас-тартыстардың нәтижесінде әлсірей бастады. Оны Қарахан мемлекетінің билеушілері пайдаланды. 990 жылы Қарахан билеушілерінің бірі Хасан (Харун) Боғра хан Исфиджабты бағындырды. Ал 992 жылы қарахандықтар шығыста Хотанды, батыста Бүхараны ба-сып алды. 999 жылы Қарахан билеушісі Әли Арсыланның баласы Насыр Орта Азиядағы Саманилер мемлекетіне ой-сырата сокқы берді. Қарахан хандығы қиян-кескі үзақ соғыстардан кейін 1004-1005 жылдары Мәуеренахр жерін түгелдей өзіне қаратты. Осыдан кейін Қарахан мемлекеті ХІ-ғасырдың 30 жылдары Шығыс және Батыс қағанаты болып екіге бөлінді: 1. Жетісу және Шығыс Түркістан жері Шығыс қағанатына қарап, оның орталығы әуелі Орда (Ба-ласағүнға жақын), кейін Қашғар қаласы болды. 2. Мәуеренахр жерлері - Батыс қағанатына қарап, оның орталығы Үзкент, кейінірек Самарқанд болды.

Жетісу мен Шығыс Түркістанды XI ғ. басында Хасан әулетінен шыққан Туған хан билеп түрды. Бірақ онымен Боғра-хан Харунның баласы Қадырхан Жүсіп бәсекелес болды. 1005 жылы Қадырхан Жүсіп Туған-ханды Қашғар-дан тықсырып шығарды.

1017-1018 жж. Жетісу Шығыстан көшпелі тайпалар шабуылына үшырады. Олармен шайқастан кейін көп ұзамай Туған хан дүние салды. Осы кезде Қадыр-хан едәуір күшейіп, Шығыс Қарахан мемлекетіндегі бүкіл билік оның қолына көшеді. 1032 жылы Қадыр-ханның иелігіне Жетісу, Исфиджаб пен Тараз өңірлері және Шығыс Түркістан жері қарады. Бірақ осыған қарамастан Шығыс Қарахан қағандығында билік үшін күрес шиеленісе түсті.

1056 жылы Қадырханның үлы Иинал-тегін өкімет мұралығы жолындағы күресте інісі Сүйлеменнің иелігін басып алды, бірақ ол көп үзамай Ииналды у беріп өлтіреді. Таққа Иинал-тегінің баласы Ибраһим ие болады, ол біраздан кейін Барысхан әміршілігімен соғыста қаза табады. Осыдан кейін Шығыс қағанатын он бес жыл бойы /1059-1074 жж./ Қадыр-хан Жүсіптің баласы Юсуф Тоғрулхан мен Бограхан Харун басқарады. Олардың түсында Ферғана Шығыс қағана-тқа күшпен қосылады, ал екі кағанат арасындағы шекара Сырдарияны бойлай етеді. Тоғұрыл хан өлгеннен кейін оның орнына баласы мүрагер болып тағайындалады. Алайда екі ай өткеннен кейін Тоғұрыл тегінін немере ағасы Боғра хан Харун (1074-1102 жж.) билікті басып алып, Баласағү-нда, Қашғар мен Қотанда өз иелігін жүргізді. Тап осы кезде Қарахан мемлекетіне саяси куаты әбден толысқан Салжүқ мемлекеті тарапынан қатты қауіп төнді. Сөйтіп, 1089 жылы Салжүқ сүлтаны Мәлік шах (1072-1092 жж.) көп әскерімен Батыс қағанаттың орталығы Самарқандты басып алды. Салжүқ әскері Узкентке жеткеннен кейін Боғ-ра хан өзін Мәлік шахтың боданымын деп мойындауға мәжбүр болды. Салжүқтар Қарахан мемлекетінің ішкі істеріне көп араласпай, онда өздеріне қолайлы хандарды тағайындаумен шектелді. Бүл кезде Шығыс түрік қағанатының билеушісі Тоғұрыл Қашғарды басып алды.

1102 жылы Боғра-хан өлгеннен кейін Тараз бен Баласағұнды билеуші Қадыр-хан Жабырайыл салжүқтардың Орта Азиядағы үстемдігіне қарсы шықты. Мәуеренахрды басып алған ол салжүқтардың жеріне беттеді, бірақ Термез түбінде жеңіліске үшырап түтқынға түсті. Осыдан кейін Салжүқ сүлтаны Санжар Ибрахим Тамғаш ханның шобересі Арсы-лан ханды (1102-1 ІЗОжж) Мәуеренахрдың билеушісі етіп тағайындады. Арсылан ханда салжүқтардан бөлек тәуелсіз саясат жүргізуге әрекеттенді. Оның бүл саясатын дін ба-сылары, ақсүйек-феодалдары, әскери басылары қолдама-ды. Оларға қарсы күресте Арсылан баласы Насырмен бірлесіп елді билемекші болды. Бүған дін басылары қарсы шығып, Насырды у беріп өлтірді. Арсылан комекке салжүқ билеушісі Санжар сұлтанды шакырды. Ол әскерімен келіп Самарқандты басып алды. 1130 жылы Арсылан ауырып, Балқы қаласында қайтыс болды. Осы оқиғалардан кейін, XII ғасырдың бірінші жартысында Қарахан мемлекеті іс жүзінде тарихи сахнадан шығып қалды. Қарахан мемлекетінің ыдырап құлауына шығыстан көшіп келген қидан тайпаларының да үлкен әсері тиді.

ХІ-ғасырдың аяғына қарай Қарахан мемлекеті қырқысқан соғыстармен және феодалдық иеліктердің одан әрі бөлшектенуімен байланысты құлдырай түсті. ХІІ-ғасырдың 30-жылдары Шығыс Қарахан иелігін, Жетісуды және Қазақстанның Оңтүстігін шығыстан келген қидандар жаулап алды. Қарақытай тарихында Орталық Азиядағы монғол тектес қидан тайпаларының орны ерекше. Қытай дерегі бойынша Қарақытайлар Солтүстік Монголия, Солтүстік Қытай, Манчьжурия. Уссури өлкесін мекендеген қидандар болған. Х ғасыр басында батысқа жылжып, қидандардың бір бөлігі деп есептелген. Олардың тілі Тұңғұс-монғол және түрік тілдері.

Қарақытайлардың Жетісуға қоныс аударуының себептері: Орталық Азиядан жылжыған түрік тілдес тайпалырының қырықытай жерін жаулап алуы мен Жетісудағы Қарахан ханның қарақытайларға шығыс шекарасын қорғауды тапсыруы. Осылайша олар жеңіспен тарих сахнасына келді.

Х ғасыр (924 жылы) қидандар-Ляо империясын құрды. Аумағы: Тынық мұхит-Алтай аралығы. 1125 жылы Ляо империясы құлап, 40 мың отбасын басқараған Елюй Даши Жетісуға келіп қоныстанды.

1125 жылы қидандар Жетісуға қоныстаып, Баласағұнды басып алды. Сонан соң өз аумағын кеңейтіп, Жетісуға дейін биілк етті. Орталығы-Ғұз ордасы болды. Билеушісінің титулы гурхан (хандардың ханы) дегенді білдірді. Осылайша қарақытайлықтар билік еткен аумақтар: Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан және Түркістан және Мәуереннахр жері болды.

Саясатында сыртқы жағдайна келсек 1137 жылыХоджент маңында қарахандықтарыд жеңді. 1141 жылы Катуан шайқасында қарахандарды жеңіп, Бұқараны, Мәуереннахрдың орталығын басып алды. Қарахандықтар қарақытайлықтарға вассал болды. Сонан соң Хорезмді жаулап алып, олардан жылына 3000 динар салық төлеттіріп, салық алды. Көрші ұйғырлар мемлекетінде басып алған қарақытайлықтар болды.

1198-1204 жж. Гурид тайпаларымен соғысып аяғанда жеңілді. 1208 жылы наймандардан ойсыра жеңіліп, 12010 жылы Хорезм шахымен соғысты. 1212 жылы Қарақытай мемлекеті құлап, қарақытай мемлекетінің жері наймандар иелігіне айналды.

Қарақытайлықтардың салық жүйесіне келсек Жетісу аумағындағы егіншілер өнімнің оннан бір үлесін төледі. Ірі қала әкімдері харадж (жер салығын) төледі. Әр үйден 1 динар жиналып, егістік жерлер халыққа беріліп, одан салық жиналып отырды. Үлестік жер иелеріне арнаулы грамота беріліп, гурхонның қамқарлығына алынды. Бұл жер гурхонның меншігі болғандығын көрсетеід. ХІІ ғ. екінші жартысында салық мөлшері мен көлемі ұлғайып, халық наразылығын күшейтті. Осындай ішкі және сыртқы жағдайлардың шиеленісуі қарақытайлықтардың тарих сахнасынан кетуіне себеп болды.

2.Қарақытай қарахандықтардың басқару құрылысын сол қалпында сақтап қалды. Гурхон әскер басқаруды жергілікті басқарумен ұштастырды. Жергілкті тайпалар шекараны қорғауға тиіс болып, өз адамдарына жеңілдіктер жасалып, шекаралық қызметтен босатылды.

Қарақытайлықтардыға билік мұрагаерлікпен жүрді. Мұның өзіндік басты ерекшеліктері бар еді. Олар.

-әйелдер де мұрагер болды.

-әйел жағының тегі хан ұрпағынан болуы міндетті болды

-1143 жылы Елюй Даши қайтыс болып, билікке әйелі Табуян иелік етті.

-1155 жылы Иле қаза болып, билік басына Елюй Дашидың қызы Бұсұған билікке келді. Осындай жағдайларда қарақытай мемлекетінің биілігінің әлсіреуіне себепші болып, тарихтан қарахан мемлекетінің орнына келген қарақытай (қидан) мемлекеті тарихтан жойылды.
Бекіту сұрақтары:

1 Қарахан мемлекетінің пайда болуы

2 Қарахан мемлекетінің екіге бөліну себептері

3 Қарахан мемлекеті тұсындағы мұсылман әдебиетінің дамуы туралы

4 Қарақытай мемлекетіның саяси тарихы туралы не түсіндіңдер?

5 Қоғамдық құрылысы туралы не айтар едіңдер?



Ұсынылатын әдебиеттер:

1 Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін (Очерк) А., 1994

2 Қазақстандық тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Төрт томдық. 1 том А., 1996

3 Кляшторный С.Г., Султанов Т.И. Казахстан: летопись трех тысячелетий А.,1992

4 Салғарин Қ. Қазақтың қилы тарихы А., 1982
Тақырып 8. ҮІ-ХІІІ ғғ. Қалалар.

Қағанаттардың шаруашылығы мен мәдениеті

ҮІ-ХІІ ғасырларда Орта Азия мен Қазақстанда қалалар тез өсті. Олар сауда мен қолөнердің, дін мен мәдениеттің тірегіне айналды. Батыс Түркістан жерінде Суяб, Құлан, Мерке, Тараз, Отырар, Исфиджаб сияқты қалалар бой көтерді. Олардың көтерілуі таптык қоғамның шығуының айқын көрінісі еді.

Орта ғасырда Қазақстан өзінің қалалары арқылы әлемдік қарым-катынастан тысқары қалмай, Еуропа және Азия елдерімен Жібек жолы арқылы сауда жасасып, байланысын үзген жоқ. Бұл кезде Қазақстанның оңтүстігінде басты және ірі қалалардың бірі - Исфиджаб (кдзіргі Сайрам) бол-ды. Оның толық сипаттамасын әл-Макдиси берген. "Ис-фиджаб ірі қала, - деп жазды ол. Оның рабады (күзеті) мен түратын мединасы бар. Онда (мединада) төбесі жоқ базарлар, мата базары мен үлкен мешіт бар. Оның төрт қакпасы: Нуджакент қақпасы, Фархан кақпасы, Шахраны қақпасы, Бүхара қақпасы, әр қақпаның жанында рабады бар". Исфиджаптан шыққан керуендер шығысқа қарай бет алып, Шараб және Будухкент қалалары арқылы Таразға барған.

УІ-ХІІ ғасырларда тікелей сауда орталығы ретінде мәлім болған Исфиджабта тауарлардың көптеген түрлері өндіріліп, осы жерден басқа жақтарға мата, қару-жарақ, мыс пен темір әкетіліп тұрды. Ағын суы мол, ағашы көп және тамаша бақшалары бар ең гүлденіп, көркейген кенттердің бірі бол-ған Исфиджаб қаласының қазылып, зерттеліп осы уақытқа дейін сыры ашылған жоқ. Бірақ оның қандай рөлі болғаны туралы жазба деректер аз емес.

Қазақстандағы Сырдарияның орта бойына орналасқан ірі қалаларының бірі - Отырар. Араб-парсы деректеме-лерінде Отырар қаласы Фараб, одан бүрын Тарбан (Тра-бан) деп те аталған. IX ғасырдың бас кезінде арабтар Фадл-ибн Сахлдың басқаруымен Отырар аймағын басып алуға тырысты. Ол шекаралық әскерінің бастығын өлтірді және Қарлүқ жабғуының үлдарын қолға түсірді деп хабарлайды деректемелер. ҮІІ-ҮШ ғасырларда Отырар шахристаны мүнарлары бар дуалдармен қоршалған. Бүл дуалдар қайта салынған түрінде ІХ-Х ғасырларға дейін сақталған. Оты-рар тоғыз жолдың торабында түрған. Одан шыққан жол-дың бір тармағы Шавгарға, екінші тармағы Сырдариямен жоғары ерлеп, оғыздар қаласы Сүткентті басып Шашқа, ал төмен қарай Жентке кеткен. Женттен Қызылқүм арқылы Хорезм мен Үргенішке қаражол тартылып, одан әрі Еділ бойымен Кавказға асып кететін болған. XIII ғ. Жібек жолының осы бөлігі Сарайшық, Сарай-Бату т.б. қалалардың үстімен жүрген.

Отырар аймағында болған бірнеше үсақ коныстар мен қалалардың бірі - Кедер ІХ-Х ғасырларда оазистің астаналық орталық дәрежесіне дейін көтерілген, мүньщ өзі саяси жағдайдың өзгеруіне және осы ауданның оғыздарға бағы-нуына байланысты еді. Отырар өмірі Х-ХІІ ғасырлардан кейін де жалғасып, оның орта Сырдария өңірінің экономи-касы мен мәдениетіне ықпалы күшті болған. Отырар көлемі жағынан орта ғасырдағы ең өскен қала болып саналады.

Қазақстанға белгілі болған орта ғасырлық қалалардың бірі - Тараз. Ол жазба деректемелерде 568 жылдан бастап аталады. Византия императоры Юстинианның елшісі Зе-марх Килликискийді Батыс түрік қағаны Дизабүл осы Тараз қаласында қабылдаған. Шамамен 630 жылы Қытай сая-хатшысы Сюань Цзан Таразды (Далассы) шеңбері 8-9 лиге (4-4,5 км) жеткен маңызды сауда орталығы деп сипаттай-ды. Ол көпестер қаласы деп аталған

VII ғасырда Тараз "¥лы Жібек жолындағы" ірі мекенге айналды. Оны шапқыншылық кезінде түрік, қарлүқ, оғыз тайпалары, араб және иран жауынгерлерінің басып алып, талай рет ойранын шығарғаны женінде тарихи мағлүмат-тар бар.

Х-ХІІ ғасырларда Тараз қаласының су қүбырлары, сонымен қатар күйген кірпіштен көпшілік үшін салынған моншасы болған. Оған жақын жерде Айша-бибінің күмбезі кетерілген. Ол жақсы күйдірілген кірпішпен қаланып безендірілген, қабырғаларына ою-өрнектер салынған. Қатты қирап тек батыс жақ қабырғасы мен бүрышы сақталып қалған бүл күмбез қазір қалпына келтірілді. Тараз жеріндегі ортағасырлық сәулет енерінің тағы бір ескерткіші - Қарахан күмбезі. Өкінішке қарай, қираған күмбез XX ғасырдың басында қайта түрғызылып, соның салдарынан оның бас-тапқы жоспары бүзылып, сәнді өрнектері өшіп кеткен. Бізге дейін жеткені тек оньщ суреті ғана.

Тараз Жетісудың саяси, экономикалық және мәдени өмірінің ірі орталығы болған. Оның төңірегіндегі Талас, Асса сияқты өзендердің бойында Томенгі Барысхан, Хамукент, Жікіл, Адахкент, Ден, Нуджикент, Қүлан, Мерке, Ас-пара, Жүл, Баласағүн, Барсхан қалалары мен қоныстары бір-біріне тізбектеліп жалғасып жатқан. Сондай-ақ, Іле өзенінің алкабында Қойлық, Талхиз, Екі-оғыз сияқты басқа да қалалар орналасқан. Жібек жолдың бүл аймақтағы бөлігі Ферғаналық және Жетісулық бағыттарын қамтыған.

XI ғасырда Ясы (Түркістан) қаласы Шауғар округінің орталығы саналған. Мүнда XII ғасырдың аяғында Ахмет Иассауи күмбезі салынып, қала діни орталыққа айналады.

Сырдариядағы ірі қала - Сығанақ. Қазақстаннын солтүстігі мен солтүстік-шығысына баратын керуен жол-Дарының қиылысында орналасқан ол XII ғасырда қыпшақ бірлестігінің орталығы болды. Қазір Сығанақтың орнында Сунақ-ата жұрты бар. 1.Қорқыт (VIII-IX ғғ.) оғыз, қыпшақ тайпаларының ұлы ойшылы, .батагөй абызы, дәулескер күйшісі, келер күнді болжайтын көріпкел данасы. Оның өмірде болғаны Сыр бойы мен Сарыарқа алабында ғұмыр кешкені, нақтылы тарихи тұлға екені бүгінгі күнге дейін жинақталған ғылыми деректер бойынша күмән қалдырмайды. Ата жағынан Қорқыт оғыз тайпасының Қай (Қайыспас) дейтін атасынан тараса, анасы жағынан қалың қыпшақ нағашы жұрты болып келеді. Қорқыттың әкесі оғыз тайпасына белгілі Қара (Қарақожа) деген кісі болса керек.

Қорқыт оғыз бен қыпшаққа бірдей басалқылық жасаған кемеңгер. «Қорқыт батыр емес, абыз, халық даналығын бас болып паш етуші және сақтаушы, оның парасатына дүйім жұрт ден қояды» дейді В.В. Бартольд. Бұл тұжырымды Қорқыттан жетті дейтін мынандай нақыл сөздер орнықтыра түседі: «Қара есектің басына жүген таққанмен, тұлпар болмас, күңге сары пай шапан жапқанмен, бәйбіше болмас», «Анадан өнеге көрмеген қыз жаман, атадан өнеге алмаған ұл жаман», «Атақ-даңқын шығаратын өзінің тегін қуған балаға ешкім жетпейд», «Өтірік сөз өрге баспайды».

Қорқыт ата оғыз қыпшақ ортасындағы саяси әлеуметтік мәселелерді шешуде жол көрсетуші бас тұлға. Ол ел ішіндегі жөн жоралғыны, салт-дәстүрді реттеуші батагөй дана. Халықтың сырьтқы жаудан, ішкі даудан аман болуын қадағалаушы ақылгөй. Дүйім жұрттың көш қонын, мекен тұрағын, ен таңбасын, ұран ұжымын белгілеп отыратын білгір.

Қорқыт туралы ең алғашқы хатқа түскен айғақ «Қорқыт ата кітабы» болса, мұның өзі XV ғасырда жазылған. Бұл кітаптың әзірше екі нұсқасы белгілі. Бірі – 12 тараудан Дрезден нұсқасы, екіншісі тұратын Ватикан нұсқасы.

Әбу Наср әл-Фараби (870-950) - Аристотелден кейін дүниежүзі білімі мен мәдениетінің екінші ұстазы атанған данышпан, энциклопидист ғалым. Оның мұсылманша толық аты жөні Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Узлағ Тархани. Туған жері Сырдария бойындағы ерте заманда түркі халықтарының орталығы болған Отырар қаласы. Отырарды арабтар «Фараб» деп атаған. Қай жерден шыққанын білдіру үшін аты жөніне өзінің туған мекенінің атауын тіркейтін сол заманның дәстүрімен ұлы ұстаз Фараби аталған. Махмұд Қашқари «Диуани лұғат ат-түрк» атты еңбегінде Фараб қаласының түрікше аты «Қарышоқы» деп көрсетеді.

Әл Фараби заманында бүкіл Орта Азия мен Түркістан aраб халифатының ықпалында болған. Соған байланысты қала халқы сауда саттық мәселесінде ислам қалыптасып, дамуына зор үлес қосқан араб, парсы, түркі тілдерін қатар қолданған. Соның ішінде рухани, ғылыми тіл араб тіл болған. Сондықтан осы қалада сауат ашып, осы қалада білімге, ғылымға деген құмарлығы оянған Әл Фарабидің осы үш тілді жетік білуі заңдылық еді. Ол кейін білім ғылым іздеп, көп жерді аралайды. Ақыры сол кезде әлемнің ғылым дүниесінің орталығы болған Бағдадқа келіп, сонда тұрақтап қалады. Сoл кездің әйгілі ғалымдарымен кездесіп, олармен сырлас болады. Грек, латын, санскрит және басқа тілдерді үйренеді.

Ол өз заманындағы дамыған ғылым салаларының бәріне, өнеріне өзіндік үлес қосып, елеулі із қалдырады. Одан қалған ғылыми еңбектердің өзінің саны жүзден астам. Сол еңбектерді ғылым салаларына қарай бөлетін болсақ, олар мынандай: астрономия, астрология, математика, логика, музыка, медицина, табиғат ғылымдары, социология, лингвистика, поэзия риторика, философия болып келеді.

ХХ ғасырдың екінші жартысынан бері қарай Қазақстан ғалымдары да ұлы ұстаздың бай мұрасын жинап, зерттеп тануға өз үлестерін қоса бастады. Қазір Қазақстан Ғылым академиясының кітапханасында Әл Фарабидің елу шақты еңбегі бар. Олардың ішінде басқа тілге аударылмаған, ғалымдар арасында осы күнге дейін белгісіз болып келген: «Алмагеске түсініктеме», « Геометриялық сызықтар жасаудың әдістері», «Астрология», «Китаб әл мусики әл кабир» секілді әрқайсысы бір бір ғылымның шыңын көрсететін аса ірі туындылары бар. Мұның сыртында соңғы жылдары Қазақстанның Иранда алғашқы Төтенше және Өкілетті елшісі болған ғалым Мырзатай Жолдасбеков тауып әкеліп, Алматыдағы Әл-Фараби атындағы ұлттық университеттің кітапханасына тапсырған Әл-Фарабидің қолжазбалары өз алдына бір пара қазына. Олардың көшірмесі (он үш қолжазба) бүгінде Еуразия ұлттық университетінің Отырар кітапханасында сақтаулы.

Өмірінің соңына қарай Әл-Фараби Мысыр, Шам, Халеб қалаларында болып, ақырында Шам шахарында келіп, сонда тұрақтайды. Осында қайтыс болады. Оның денесі Шам шахарының Кіші қақпа (Баб ас-Сағир) жағындағы зиратқа қойылады.

Әл Фарабидің ісін жалғастырған, ғылымға берілген шәкірттері көп болған. Олардың ішінен, ең алдымен, Орта Азияның ұлы ғалымы Әбу Әли ибн Синаның (Авиценна) есімін атауға болады. Кейінгі кездегі шығыс ғалымдары оларды бөліп жармай «Қос Фараби» деп те атайды. Сондай ақ еңбектері ұлы ұстаз еңбектерімен сабақтасып жатқан ұлы ғалымдар Беруни, Бозжани, Омар Һайямдар да өздерін Әл- Фарабидің шәкірттеріміз деп есептеген.

Әбділкәрім Сатұқ Қарахан (? – 960) Орта Азияда Қарахандар мемлекетінің негізін қалаушы. Шыққан тегі мұсылман түркі әулетінен.

Қарахан мемлекетінің құрылуы Қарлұқ қағанатының ыдырауымен тікелей байланысты. Тарихи әдебиеттерде Қарахандар әулетінің шығуы жөнінде түрлі пікірлер айтылады. Солардың ішінде Қарахан мемлекетінің тарихын зерттеуде үлкен еңбек сіңірген. О. Прицактың пікірінше, Қарахандар әулеті негізінен екі ірі тайпалар бірлестігінен шігілдір (шикілдер) мен иағмалардан құрылғанға ұқсайды. Қарахан осы иағма тайпасынан шыққан.

Қарлұқ қағанатының қағаны Білге Құл (Қадыр хан) өлгеннен кейін, оның орнында қалған екі баласы Бәзір Арслан мен Оғұлшақтың немере інісі Сатұқ Боғра хан ерекше көзге түседі. Ол кейін Оғұлшақтың өзіне қарсы шығып, Тараз бен Қашқарды одан тартып алады.

942 жылы ол Баласағұн билеушісін тақтан тайдырып, өзін «қағанмын» деп жариялайды.

Қарахан 960 жылы қайтыс болады. Оның орнына отырған баласы Мұса исламды мемлекеттік дін деп жариялайды. Осыдан болар мұсылман тарихшылары қарахандар әулеті билеушілерінің кестесін осы Мұсадан бастайды. Бірақ шын мәнінде Қарахан мемлекетінің негізін қалаушы Мұсаның әкесі Әбділкәрім Сатұқ Қарахан, кейінгі тарихшылардың мемлекет атын оның есімімен «Қарахан» деп атауы да осыдан. Қараханның мазары бұл күнде Жамбыл облысының орталығы Тараз қаласында тұр.

Қарабура (ХІ ХІІ ғғ.) оғыз қыпшақ заманының әйгілі тұлғасы, дуалы ауыз абызы, ықпалды қайраткері. Шыққан тегі тама руынан. Туып өскен жері, ғұмыр кешкен мекені Шу, Талас, Сырдария, Еділ, Жайық өзендерінің бойы, сахара жұртының сол алаптардағы көшпелілік пен отырықшылықты тоғыстырған ортасы. Топырақ бұйырған жері Қаратаудың етегі, Созақ елді мекені.

Далалық ауызша тарихнама деп жүрген қазақтың қария сөзі Қарабураның тегін былай таратады: әйгілі Қырымның қырық батырының бірі Қарадөн болса, одан Жұбаныш, одан Сүйініш, одан Ер бегіс, Ер Көгіс, одан Тама, одан Қарабура болып келеді де, Қарабурадан Нәрік, одан Шора, одан Есенгелді, одан Атамшыл, одан Торым, одан Базарқұл, одан Көкі, одан атақты тархан Есет батыр болып бір қайырылады. Бәрі де жыр арқауы болған ересен ерлер. Бұл жерде «Тама» атауы осынау ерлердің бәріне қатысты ру атауы, этноним екенін қаперге ілген абзал.

Қарабураның өмір сүрген заманы Қарахан қағанаты, Ғазнауи сұлтандығы, Салжұқ сұлтандығы, Хорезмшах мемлекеті сияқты елдік мемлекеттік құрылымдар арқылы Орта Азияда ислам дінінің салтанат құра бастаған кезі еді. Яғни, Ұлы Дала көшпелілерінің ғасырлар бойғы бір Тәңірді тәу еткен наным сенімі сол кезеңнен бастап бір Аллаға мойын ұсынуға ден қоя бастады. Саяси әлеуметтік төңкерістен гөрі қашанда санадағы сілкіністер әлдеқайда күрделірек болып отырған. Сахара жұртының барша өмір салты, шаруашылық мәдени типі, адамдар арасындағы моральдық этикалық қарым қатынасы, салт дәстүрлері ғасырлар бойы тәңірлік дүниетаныммен реттеліп, мұның өзі экожүйемен үндесе шыңдалып, өмір сүрудің қалыбына айналған болатын. Әрине, мұндай ырғақты өмір салтқа исламдық наным сенімнің, исламдық құндылықтардың араласуы оңай құбылыс емес еді.

Міне, осындай өтпелі кезеңде қайраткерлік қасиеттерімен ел тағдырына белсене араласқан көшпелілер аристократиясының ықпалды тұлғаларының бірі Қарабура болды. Мұны Қарахан, Салжұқ, Ғазнауи мемлекеттік құрылымдар өміріндегі күрделі ситуациялар ортасында ұдайы Қарабураның да бой көрсетіп отыруынан айқын аңғаруға болады. Әсіресе, Сыр бойындағы Жент сияқты іргелі қалада исламдық наным сенімге тәу еткен Қыпшақ Қимақ одағының арасындағы қанды қақтығыстар тұсында Қарабураның басалқылық ықпалы айқын байқалып отырады. Бұл жөнінде аңыз әңгіме түрінде, күй шежіре түрінде жеткен қызықты деректер мол.

Қарабура сахара тұрғындары арасында қалыптасқан өмір салттың шырқын бұзбастан исламдық наным сенімді жерсіндіруге белсене ықпал еткен өз заманының қайраткері. Бұл тұрғыда ол әйгілі ойшыл ақын, сопылық дүние танымның ірі өкілі Қожа Ахмет Яссауимен мүдделес болды. Фәни мен бақи арасындағы құндылықтарды парықтай отырып, адамдар арасында адамгершілік, ізгілік, қанағат, рахымшылдық, адалдық сияқты қасиеттерді өмірдің ең өзекті ұстанымдары ретінде насихаттап отырды. Бұл ретте қызы Бегім сұлу мен күйеу баласы Санжар сұлтанның арасындағы қырбайлықта Қарабураның тек қана адалдыққа жүгініп, тек адалдықтың айнымас үкімін кепіл етуі, оның өмірлік ұстанымына айғақ болатын жарқын мысалдардың бірі.

Қарабура есімінің ұранға шығуы, ол ұстанған гуманистік арман аңсардың (идеал) кейінгі ұрпақ үшін де бойтұмардай қастерлі екенін пайымдатады. Тіптен, Қарабура дүние салып, сүйегі Созақ топырағына бұйырған соң да, оның қабірі Орта Азия халықтары үшін киелі орынға айналды. Қарабураның аруағын исі түркі жұрты күні бүгінге дейін зор құрмет тұтады. Оның кесенесіне қоңырат Құрбан атаның, тарақты Шілмәмбет бидің, тама Құлтас бидің, сары үйсін Белгібай қажының, ұйғыр Шәкәсім ахуанның, өзбек Қожамқұл оқымыстының жерленуі де біраз жайды аңғартса керек.

2. Махмұд Қашқари ХІ ғасыр түркі ғалымы, әйгілі «Диуани лұғат ат-түрк» («Түркі сөздерінің жинағы») атты еңбектің авторы. Толық аты жөні Махмұт ибн әл Хұсейн ибн Мұхаммед. Туған жері қазіргі Қырғызстан жеріндегі Ыстықкөл жағасындағы (кей деректе Шу бойындағы) Барсхан қаласы.

Махмұдтың әкесі белгілі қолбасшы, Барысханның әмірі болған. Ол кейін Қарахан әулеті билеген мемлекеттің мәдени-саяси орталықтарының бірі Қашқарға ауысқан. Махмұд осында дәріс алған, ұзақ жылдар тұрған. Оның аты жөніне қай жерден шыққанын көрсететін дәстүрмен «Қашқариді» тіркеуінің мәнісі де содан.

Ғалымның туған, өлген жылы белгісіз. Ол жөнінде өзі де, басқа зерттеулер мен сол тұстағы жазбаларда да ештеме айтылмайды. Ол Қашқарда алған білімін одан әрі толықтыру мақсатымен, Бұқара, Нишапурда, Бағдад қалаларында болады, түркі тілінің сыртында араб, парсы, тілдерін жетік меңгереді. Өз заманының аса білімдар филологы, тарихшысы, этнографы, географы ретінде танылады.

Махмұд Қашқари түркінің тұңғыш тіл маманы, түркі тілінің оқулығын жасаған, грамматикасын түзеп, жалпы түркі әлемінің тіл өнерінің өрісін кеңейтіп, өркенін өсірген ғұлама. Түркология тарихында ол тұңғыш тарихи салыстырмалы әдісті қолданып, түркі тілдері тарихи диалектологиясының негізін салды. Оның осы тілдерді салыстырмалы түрде зерттеу тәсілі бүкіл Шығыс тілшілеріне ортақ зерттеу тәсілі ретінде өзінше бір мектеп болып қалыптасты.

Түркі жұртының бай тарихы, географиялық жағдайы, әдебиеті мен өнері, этнологияық ерекшеліктері «Диуани лұғат ат-түркте» нақты тарихи деректілік сипатпен танылған. Ол көптеген ұлыстардың, тайпалардың тіл ерекшеліктерін саралап, түркі тілінің бітімін ежіктей түсіндіреді, тұрмыс салтын, әдет-ғұрпын баяндайды, сол кездегі бір қатар қаламгерлердің, ғұламалардың, тарихи адамдардың аттары мен өмірбаяндық деректерін, түркі халықтарының байырғы жырларын, мақал-мәтелдерін береді. Сонымен қатар ол көне дәуірдегі түркінің әлемдік қартасын жасап, онда Барсхан, Баласағұн, Тараз, Екіөгіз, Қашқардан бастап, түркі дүниесінің ежелгі шаһарларын, елді мекендерін түгел дерлік көрсетеді. Бұл ретте оны түркі жұртының тұңғыш энциклопедиялық анықтамалығы десе де болады.

Жүсіп Хас Хажыб Баласағұн (1020-?) Орта Азияның белгілі ақыны. Туған жері Жетісу жеріндегі Баласағұн қаласы. Бұрын бұл қаланы «Күз Орда» деп атаған. Жүсіптің әкесі де ақын, өнерпаз кісі болған. Қараханидтер мемлекетінің астанасы Баласағұн қаласында хан сарайында өлең айтып, күй шерткен. Кейін ол бұл іске баласын да тартып, Жүсіп әккесімен бірге хан сарайында қызмет еткен. Осында жүріп қоғамдыққа тән жаратылыстану ғылымдарынан білім алды.

Жүсіптің ақын ретінде де, ғалым ретінде де атын шығарған еңбегі «Құтты білік», «Құтадғу білік» атты дидактикалық поэмасы. Бұл байырғы түрік тілінде жазылған, түркі тектес халықтардың ортақ қазынасы. Көптеген зерттеушілер бұл поэманы саясат, мемлекет басқару, әскери-іс жөніндегі философиялық трактат деп жүр. Шындығында да, бұл жалаң әдеби дүние емес. Бұл бүтін бір тарихи кезеңнің мінез құлқын бойына сіңірген, қоғамдық-саяси, әлеуметтік бітімі қанық, моральдық этикалық, рухани қазынамыздың негізі, арқау боларлық дүние. Ондағы бүгінгі тілімізге, ой толғамымызға төркіндес, етене жақын орамдарды көргенде, қазақ әдебиетінің солармен тікелей сабақтаса жалғасқан дидактикалық поэзия мен шешендік сөздердің, билердің орағытып, ой тастайтын кең тынысты толғамдарының дәстүрлі бірлігі «мен мұндалап» тұрады.

Жүсіп Баласағұн «Құтты білікті» 1069-1070 жылдары Баласағұн қаласында бастап, он сегіз айдың ішінде Қашқар қаласында аяқтаған. Қоғамдық әлеуметтік мәні терең, халықтың моральдық этикалық бағдарламасы іспеттес бұл еңбегін Қараханид мемлекетінің сол кездегі билеушісі Табғаш Арслан хан Боғратегінге тарту етіп, бұған қоса оның арғы тегіне арнап «Дәрдә Хұсайын» («Хұсайынның қасірет») деген үй шығарған. Хан оның бұл еңбегін жоғары бағалап, оған «Хас Хажыб» деген атақ берген. Жүсіп Баласағұнның аты жөніне «Хас Хажыбтың» тіркелуінің мәнісі де осында. «Хас Хажыб» араб сөзі, ханның ең жақын, ең сенімді кеңесшісі деген мағынаны білдіреді.

Ақынның «Құтты білік» поэмасынан басқа жазған көптеген рубайлары да болған. Мысaлы, Наманган қолжазбаларының ішінен оның 600 жолдан астам рубаилары табылған. Олардың да поэзиялық көркемдігі жоғары, философиялық толғамдары терең.

Қожа Ахмет Яссауи (? – 1166 ж.) қазақ халқының байырғы мәдениетінің тарихында айрықша орыны бар ұлы ақын. Өз аты Ахмет, есімінің алдындағы «қожа» мұсылман дінін таратып, уағыздаушылық қызметіне орай берілген атау, ал соңындағы «Яссауи» ақынның қай жерден шыққандығын көрсетеді. Бірақ нақтылық үшін айтсақ, Йасы қаласы оның туған жері емес, жастайынан жетім қалып, ағайын туыстарының қолына келіп, бала кезнен өскен жері. Ақынның туған жері қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданы. Әкесі Ибрахим мұсылманша сауаты бар, сөз қадірін білетін білікті адам болған. Шешесінің аты Қарашаш.

 Ахмет Бұхара қаласында Юсуф Хамаданидан діни білім алғаннан кейін, Түркістанға кліп, сол кезде Орталық Азияда кең тараған софылық, діни-тақуалық идеялардың ірі насихатшысына айналады. 

Оның бүгінгі ұрпаққа жеткен көлемді шығармасы – «Диуани Хикмат» (Хикмат жинақ). Бұл шығарма алғаш рет 1878 жылы жеке кітап болып басылып шығады. Содан кейін ол Стамбул , Қазан, Ташкент қалаларында бірнеше қайыра басылады. Соның бірі 1901 жылы Қазанда Тыныштықұлының қазақтарға арнап шыығарған нұсқасы болатын. Төрт тармақты өлеңмен жазылған бұл шығармасында ақын өзінің бала күнінен пайғамбар жасына келгенге дейін өмір жолын баяндайды, тіршілікте тартқан азабын, көрген қайғысын айтады, бұхара халыққа үстемдік жүргізуші хандардың, бектердің, қазылардың жіберген кмшіліктерін, жасаған қиянаттарын сынайды, бұл фәнидің жалғандығын білдіреді. «Диуани Хикматтан» қазақ халқының ертедегі мәдениетіне, әдебиетіне, тарихына, этнографиясына, экономикасына қатысты бағалы деректер табуға болады. Түркістан қаласында жерленген Қожа Ахмет Яссауи әзіреті сұлтан аталып, басына XIV ғасырдың аяғында атақты Ақсақ Темір күмбез орнаттырады. Майқы би (ХІІ – ХІІІғғ.) – халықтың ауызша тарихының айтуында, Шыңғысты хан көтеруге қатысқан атақты 12 бидің бірі. Әділ билігімен, тапқыр шешендігімен бүкіл қазақ қауымының арасында атағы шыққан адам. Халық арасында: «Түгел сөздің түбі бір, түп атасы Майқы би» деген ескі сөз бар.

Шежіре деректері бойынша Ұлы жүздің түп атасы Ақарыстан Ұзынсақал Ыбрайым, одан Кейкі, одан Төбе би, одан Қойылдыр, Қоғам, Майқы, Мекре тарайды. Майқы есімі қазақтардың шығу тегіне қатысты көптеген аңыз әңгімелерде кездеседі. «Қазақ Совет энциклопедиясында» оның Шыңғыс ханның ел бастау ісіне көмектесіп, ақылшысы, өзі жорыққа аттанғанда орнына қалдыратын биі болғаны, Жошы ханның Батысқа жасаған жорығында моңғол әскерінің он қанатын басқарғаны айтылады. Осыған қарағанда, МАйқы би жас жағынан Шыңғыс ханмен қарайлас, болмаса ептеп үлкен болуы мүмкін.

Ал қазақ аңыздары оны одан бірер ғасыр кейін жасатып, қазақтардың үш жүзге бөліну кезеңінде үлкен рөл атқарды дегенді айтады. Мұнда Майқы би Орманбек би өліп, он сан Ноғай елі бүлінгенде, қазақ ұлысын құрған тарихи қайраткер есебінде көрсетіледі.

Майқы би қазақ руларын үш жүзге бөліп, Үйсін бастаған бөлікті Ұлы жүз, Арғын бастаған бөлікті Орта жүз, Алшын бастаған бөлікті Кіші жүз деп атайды. Ноғайлы хандарының бірі – Қызыл Арыстанның баласы Ахметті Ұлытауда үш жүздің ханы етіп көтереді.

Ол ұлысқа кірген 40 руға таңба таратып, таңбаны әр рудың ерекшелігіне қарай белгілейді. Ұлыс туын ұстаған Үйсінге «жалау», ортада жүрген Арғынға «көз», жауға алдымен шабатын Алшынға «найза» таңбасын берген. Аталмыш 40 рудың таңбасын жартасқа қашатқан. Кезінде «Майқының таңбасы» деп аталған бұл таңбалы тас кейін жер атымен «Нұра таңбасы» аталып кеткен.

Майқы би қазақ ұлысын құра отырып, кейінгі ұрпақтарына: «Хан ақылды, әділ болса, қарашасы ынтымақты, батыл болса, қара жерден су ағызып, кеме жүргізеді... Ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен қорғап, ел болуды ойлаңдар» деп өсиет қалдырған.

Ел аңыздарының деректеріне қарағанда, Майқы бидің өз заманында ел қамын ойлаған үлкен ойшыл адам болғаны аңғарылады, халықтың әдет-ғұрып, салтын, жол-жоралғысын заңға айналдыруда Майқы бидің орнының ерекше болғаны көрінеді.

Майқы биді өзбек, татар, башқұрт халықтары да өз биіміз деп есептейді. Бұған шежіреде көрсетілгендей, Төбе биден тараған Қойылдыр, Мекре есімді балаларының осы халықтардың арасына барып, сіңісіп кетуі себеп болса керек.

1   2   3   4   5   6   7   8


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет