ПОӘК 042-18 23/03-2014 №2 басылым 11. 09. 2014



бет13/17
Дата11.07.2016
өлшемі1.16 Mb.
#190235
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

1) Классикалық әдіс


Күрделі шығындардың абсолютты нәтижелігін күрделі шығындар тиімділік коэффициенті сипаттайды:

П – пайда; К – күрделі шығын

Салыстырмалы экономикалық тиімділік көрсеткіштері бірнеше вариантты салыстыруға мүмкіндік береді. Ол үшін келтірілген шығындар формуласы қолданылады:



С – жылдық өзіндік құн.

Ен – экономикалық тиімділіктің нормативты коэффициенті.

К – күрделі шығындар. Тн – ақталу мерзімі.

Тиімді вариантты іске асырудың экономикалық нәтижесі келесі формула бойынша табылады:



Ақталу мерзімі: Та = (К2 – К1)/П(Үж)

Жылдық экономикалық үнем: Үж = (С1 – С2)*В2

2) Дисконттау әдісі

Инвестициялар кәсіпорын қызметіне ұзақ уақыт ішінде әсер етеді. Шығындарды мен нәтижелерді белгілі бір уақыт шектерінде бағалайды, оны есептеу горизонты (Т) деп атайды. Осы есептеу горизонтын құрайтын уақыт аралықтары (бірліктері) есептеу қадамдары деп аталынады. Есептеу горизонтының ұзақтығы келесі факторларға тәуелді болады:


Барлық шығындар бастапқы және ағымдағы болып бөлінеді. Есептеулерге қолданылатын бағалар келесі болуы мүмкін:

  1. Базистік – белгілі бір уақыт мерзімінде халық шаруашылығында қалыптасқан бағалар. Олар бүкіл есептеу мерзімі ішінде өзгеріссіз қалады (Цб).

  2. Болжамды бағалар – баға динамикасын болжау негізінде белгіленеді. Үнемі түзетіліп отырылады (инфляцияны есебке алмай):

– t есептеу қадамында бастапқы tн мерзімімен салыстырғанда өзіндік құнның өзгеру индексы.

  1. Есепті баға – инвестирлеу нәтижелерін инфляцияны есебке алып есептегенде қолданылады:

Iи – инфляция индексы.

Инфляция – экономикадағы немесе жеке қор түріне бағалардың өсуі.

Инвестициялар ұзақ уақыт бойы кәсіпорын қызметіне әсер етуіне байланысты барлық шығындарды және нәтижелерді бастапқы мерзім бағаларына келтіру қажеттігі туындайды. Ол үшін дисконттау коэффициенті қолданылады:



t – есептеу қадамы.

Е – дисконт нормасы, капиталға саналған пайда нормасына тең, инвестор өздігінен белгілейді. Ол үшін банк депозиттерінің пайызына, ірі сенімді фирмалар акцияларының дивиденд пайызына, өндіріс рентабельділігіне назар аударылады.

Дисконттау әдісі бойынша келесі көрсеткіштер анықталады:


  1. ТКТ – Таза келтірілген табыс (NPV).

  2. ТИ – табыстылық индексы.

  3. ТІН– Табыстылықтың ішкі нормасы.

  4. Т – ақталу мерзімі.

  1. ТКТ (NPV)

T – есептеу горизонты. t – есептеу қадамы. Rt – t қадамында инвестициялаудың нәтижесі.

Зt – t қадамы бойынша болған шығындар. Сонымен қатар келесі формула қолданылады:

- t қадамы бойынша инвестицияларсыз болған шығын көлемі

– t қадамында инвестицияларды дисконттау.

Егер ТКТ>0, онда жоба тиімді деп саналады.



  1. ТИ (PI)

Егер ТИ>1, онда жоба тиімді.

  1. ТІТ (IRR) Келесі теңдеу бойынша табылады:

Евн – келтірілген нәтиже шамасы келтірілген күрделі шығындарға тең болғандағы дисконт нормасы.

Егер Евн>Е, онда жоба тиімді.


  1. Т – жобаны бастау уақытынан бастап жалпы интегральды нәтиже оң сан шыққанға дейінгі минимальды уақыт:

Егер , онда жоба тиімді.

Жобаның коммерциялық нәтижелігі қаржылық шығындарды табыстылық нормасын қамтамасыз ететін нәтижелерді салыстыру арқылы анықталады.


Е = Нәтиже/Шығындар

Әр қадамдағы нәтиже ретінде нақты ақшаның ағыны қолданылады.

Жобаны іске асырғанда 3 түрлі қызметті бөліп көрсетеді:


  1. Инвестициялық – негізгі қорлар құнының өзгерісімен байланысты.

  2. Операциялық – кәсіпорынды басқарумен және ағымдағы шығындармен байланысты.

  3. Қаржылы – бағалы қағаздар қоржынымен байланысты.

Қызметтің әр түрі ақшаның келуімен және шығуымен байланысты болады.

П – ақшаның түсімі.

О – ақшаның шығыны.

Ф – нәтиже.



Нақты ақша тасқыгы деп инвестициялық және операциялық қызметтен түскен ақша мен шығындар арасындағы айырманы айтады.



Нақты ақша сальдосыбұл барлық үш қызмет түрі бойынша ақша түсімдері мен шығындары арасындағы айырма.

Негізгі шарт – аталған көрсеткіштер оң сан шығу керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет