ПОӘК 042. 18-24 03/01 2015 №1 басылым 11. 09. 2015ж



бет4/9
Дата09.06.2016
өлшемі1.09 Mb.
#124907
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Бақылау сұрақтары:

  1. Ветеринариялық ғылыми практикадағы биохимиялық көрсеткіштерді анықтаудың маңызы

  2. Қан сары суындағы жалпы белок және оның фракциялық бөлімдерін зерттеудің т.б клиникалық-диагностикалық негізгі әдістер.

  3. Гуморальды қорғаныс фкторлардың жануарлар организмінің физиологиялық жағдайларын байланысты өзгеруіне ипаттама.

Негізгі әдебиеттер:

1. Жануарлар ауруларының клиникалық диагностика. оқу құрал – Алматы, 2007. / М.А. Молдағулов, А.Н. Ермаханов, Ө.К. Есқожаев, А.З. Дюсембаева т.б.

2. Малдәрігерлік тәжірибеде ауруларды анықтау және емдеу техникалары / Қожанов, К.Н. – 2013

Қосымша әдебиеттер:

3. Беляков И.М. Пропедевтика внутренних незаразных болезней животных. – М.: Колос, 1984. – 336 с.

4.Клиническая диагностика внутренних болезней сельскохозяйственных животных.// В.И. Зайцев, А.В. Синев, П.С. Ионов и др. - М.: Колос, 1964

5. Диагностика внутренних болезней домашних животных.// А.В. Васильев – М.: Сельхозиздат,1956


5В120100 «Ветеринариялық медицина» мамандығына арналған

«Ветеринариялық пропедевтика» пәнінен №7 Дәріс


Модуль 1 Ветеринариялық пропедевтиканың жалпы ветеринариялық диагностикадағы маңызына таным
Тақырыбы: Қан құрамына әсер етуші факторларды анықтаудың клиникалық-диагностикалық маңызы. Қанның морфобиохимиялық көрсеткіштерін анықтаудың ветеринариялық-пропедевтикалық маңызы мен оны танудың методологиясы.
Жоспары:

  1. Қанның морфобиохимиялық көрсеткіштерін анықтаудың ветеринариялық пропедевтикалық әдістемесі.

  2. Қан құрамының морфологиялық биохимиялық және физико-химиялық көрсеткіштерінің (сандық және сапалық) клиникалық диагностикалық маңызы.

3. Қанның биохимиялық құрамының өзгеруі.


  1. Қанның морфобиохимиялық көрсеткіштерін анықтаудың ветеринариялық пропедевтикалық әдістемесі.

Ветеринария ғылым мен тәжірибесінде малдар организмінің табиғи резистенттілігі мен иммунобиологиялық реактиввтілігін зерттеуде қалыптасқан көптеген ғылыми ұсыныстар жинақталған. Жас төлдің резитенттілік дәрежесі мен денсаудығын қапысыз анықтаудың ең сенімді жолы, қан мен оның сары суының иммунологиялық көрсеткіштерін зерттеу болып табылады.

Қан организмдегі барлық ағзаға қажетті қоректік-қорғаныстық және биохимиялық процесстерге қажетті-қорғанытық және биохиммиялық процестерге қажетті энергиялық заттарды тасымалдап өзі гуморальды, гормондық нервті түрде реттеліп тұрады. Сондықтан қан құрамындағы көрсеткіштердің өзгерісін талқылау кезінде организмнің физиологиялық және патологиялық жағдайларындағы, қан түзілуі мен өзгерісін ескеру және гематологиялық зерттеулер ережесі бойынша мал тұқымы, аймақтық ерекшелік, азықтандыру күту ерекшеліктері екеріледі. Егер организмнің белгілі бір патологиялық процеске душар болса, осы қан жүйесі тұтастай қатыса отырып көпшілік жағдайда қан элементтерінің белгілі бір бөліктері өзгеріске түседі де, осындай күрделі жүйедегі қанның жекелей бір элементтеріне тікелей әсер ететін реттеу механизмі ғана емес, табиғи функциональдық қабілеттіліктің де қатысы бар болғандықтан, патологиялық жағдайды саралау барысында, қан жүйесіндегі патогенездік жайтты анықтау міндетті шарт, яғни қан құрамы мен қызметін реттеудегі қай механизмнің бұзылмағандығын білу керек.



  1. Қан құрамының морфологиялық биохимиялық және физико-химиялық көрсеткіштерінің (сандық және сапалық) клиникалық диагностикалық маңызы.

- Қанның биохимиялық құрамының өзгеруі.

Жалпы қан құрамына әсер етуші фкторлар салдарынан қанның негізгі функциялары өзгеріске ұшырап қызметтік жеткіліксіздік немесе патологиялық құбылыстар пайда бола бастайды.

Жалпы ауыл шаруашылық малдарында қалыпты жағдайда қанның жалпы массасы дене массасының 5-9% құрайды. Соның ішінде 55-60% сұйық бөлігіне (плазма), 40-45% формалы элементтер: (эритроцит, лейкоцит және тромбоциттер).

Әртүрлі патология жағдайында айналыстағы қан мөлшері және эритроциттер мен плазма арасындағы қатынас түрліше өзгереді. Гиперволемия; гиповолеммия.

Гиперволемияның 3 түрі бар: қарпайым гиперволемия – көп мөлшерде қан құйған кезде, қарқынды дене жұмысы кезінде тамыр арнасына қан мен тін сұйығы көптеп келгенде байқалады.

Олигоцитемиялық гиперволемия – қан мөлшерінің сұйық есебінен көбеюі, бұл бүйректің кейбір ауруларында, ісіну қайтқанда, физиологиялық ерітінді және қан алмастыратын сұйық құйғаннан кейін, улануда, қан құрайтын органдар ауруларында.

Полицитемиляық гиперволеммия – эритроциттер есебінен қан көлемінің көбеюі.

Жануарларға жүргізілген тәжірибелерде қанның жалпы массасының 100%-ға артуы елеулі патологиялық өзгеріс туғызбайтындығы анықталды. Сондай-ақ гиповолемиялық немесе олигемиялық үрдісте керісінше құбылыстар өрбиді. Бұндай құбылыстар қансырау және қан құю кезінде байқалады. Егер организмге үйлеспейтін қанды құйған жағдайда гемотрансфузиялық талықсу пайда болады. Сонымен қатар – қандағы формалы элементтердің өзгеруі сандық және сапалық болып бөлінеді.

Эритроцитоз, полицитемия;

Анемия, олигоцитемия.

Мысалы, абсолюттік эритроцитоз – әртүрлі формадағы гипоксиядан болуы мүмкін (өкпе ауруы, жоғары гипоксия).

Эритремия – (Вакез ауруы) да негізінен қан құрау жүйелері ауруға шалдығады.

Анемия – (буыр, бүйрек, ішкі секреция бездерінің жүйесі) уланудан, қан құруға қатысатын факторлардың жеткіліксіздігінен, жілік майындағы гипоплазиядан, эритроциттер гемолизінен т.б пайда болады.


  1. Регенеративтік анемия - жілік майының гиперплазиясымен эритроциттердің күшті бөлінуімен сипатталады. Анемияның бұл түрі көп қан кеткенде және эритроциттер гемолизінде байқалады.

  2. Гипорегенеративті анемия – эритропоэз бұзылады.

Қан құрайтын факторлардың (В12-витамині) жеткілікіздігінен немесе организмде темірдің аздығынан, авитаминоздардан, ашығудан, үнемі қансыраудан, уланудан және инфекциялық аурулардан эритропоэз бұзылуы мүмкін.

  1. Арегенеративті анемия. Мұндайда жілік майының функциясы едәуір тежеліп, эритропоэз үрдісі мүлде тоқтауы мүмкін. Жілік кемігі сарғаяды. Анемияның арегенеративтітік формасы да организмнің өлуімен аяқтлады. Бұл сәуле ауруында, автитаиноздарда, күшті улармен уланғанда пайда болуы мүмкін.

  2. Апластикалық анемия – жылқының инфециялық анемиясы, вирус жілік майын зақымдайды, эритропоэз кемиді, қызбаға шалдығады өледі.

Бақылау сұрақтары:

  1. Қанның морфобиохимиялық көрсеткіштерін анықтаудың ветеринариялық пропедевтикалық әдістемесі.

  2. Қан құрамының морфологиялық биохимиялық және физико-химиялық көрсеткіштерінің (сандық және сапалық) клиникалық диагностикалық маңызы.

3. Қанның биохимиялық құрамының өзгеруі.

- Олигоцитемиялық, Олигоцитемиялық, Полицитемиляық гиперволемия.

- Эритроцитоз, полицитемия;

- Анемия, олигоцитемия.



Негізгі әдебиеттер:

1. Жануарлар ауруларының клиникалық диагностика. оқу құрал – Алматы, 2007. / М.А. Молдағулов, А.Н. Ермаханов, Ө.К. Есқожаев, А.З. Дюсембаева т.б.

2. Малдәрігерлік тәжірибеде ауруларды анықтау және емдеу техникалары / Қожанов, К.Н. – 2013

Қосымша әдебиеттер:

3. Беляков И.М. Пропедевтика внутренних незаразных болезней животных. – М.: Колос, 1984. – 336 с.

4.Клиническая диагностика внутренних болезней сельскохозяйственных животных.// В.И. Зайцев, А.В. Синев, П.С. Ионов и др. - М.: Колос, 1964

5. Диагностика внутренних болезней домашних животных.// А.В. Васильев – М.: Сельхозиздат,1956


5В120100 «Ветеринариялық медицина» мамандығына арналған

«Ветеринариялық пропедевтика» пәнінен №8 Дәріс


Модуль 2 Дербес жүйелер қызметінің морфофункциональдық қабілетіне клиникалық диагностикалық таным
Тақырыбы: Ауыл шаруашылығы төлдерінің анатомоморфологиялық және дербес жүйелерінің функционалдық қалыптасуының ерекшелгі.
Жоспары:

  1. Төлдің эмбриональды және постэмбриональды жетілуіне қатысты ветеринариялық пропедевтикалық таным.

  2. Жануардың дене тұлымын немесе қаңқа сүйектерінің қалыптасуын тексерудің клиникалық-диагностикалық маңызы. / гипотрофиктер/. Жүйке жүйесін тексеру.

1. Төлдің эмбриональды және постэмбриональды жетілуіне қатысты ветеринариялық пропедевтикалық таным.

Жас төлдердің ішінде аналық малдың жатырында ондағы қажетті жағдайлардың бұзылуынан дұрыс өсіп жетілмеген шала туған төлдер әртүрлі ауруларға жиі шалдығады. Төлдің жатырда өсіп даму кезі олардың, өмірге келгеннен кейінгі өсіп жетілуін, сыртқы ортаның қолайыз жағдайын қарсы тұруын бірден бір анықтайтын кезең.

Төлдердің ауруларының алдын алу олардың аналық малдың жатырында дұрыс өсіп, дамуын қамтамасыз етуден басталуы керек. Төлдердің ауруларының екінші бір ерекшелігі олардың организмінің физиологиялық қызмет атқаруға қалыптасуы үшін белгілі бір уақыт мөлшері болуы керек. Сол уақыт аралығында, физиологиялық қызметіне дұрыс қалыптасып үлгермеген организм сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына төтеп бере алмай ерессек малдарға қарағанда әртүрлі аурулрға жиі шалдыққыш келеді.

Организмнің өзін қорғау қабілеті жан-жануарлардың өсіп дму тарихында қалыптстқан күрделі жүйе. Бұл жүйе жануарлардың қаны мен сөлін (лимфа) құрайтын кешенінде шоғырланған.

Сонымен қатар организмнің жұқпалы аурулардың қоздырғыш күштеріне организмнің жұқпалы аурулардың қоздырғыш күштеріне, сыртқы ортның бақ да қолайсыз жағдайларына қарсы тұруы тек қана иммундық қасиетіне ғана емес, организмнің тбиғи резитенттілігіне де байланысты. Бұл құбылы жануарлардың түр көлеміне олардың генетикалық айырмшылықтарымен, метаболизмнің ерекшеліктерімен, қарын өлінің апалылығымен, қандағы және организмидегі бақ сұйық заттардың, тіндердің құрамында жеткілікті түрде фагоциттердің, ингибиттердің болуымен сипатталады. Осы себепті әрқашанда организмнің иммундық қбілеттілігі мен табиғи резистенттілігін жырата білген жөн. Жаңа туған төлдің организмінде осы қасиеттердің жылдам жетілуіне толық жағдай туғызған күнде ғана біз оларды жиі кездесетін аурулардан қорғап, олардан болашақта сапалы да, мол өнім алуға мүмкіншілік жасаймыз.

Қазірдің өзінде көптеген ғылыми зерттеушілеріміз малдардың биологиялық мүмкіншілігін толық пайдалана отырып, олардан ет, май, сүт, жүн және жұмыртқаны мол алу үшін организмдегі зат алмасу үрдісін жоғарылату мақсатымен малдардың организмінде жүретін физиологиялық биохимиялық өзгерістерге ерекше көңіл бөлуде. Әсіресе малдардан мол, сапалы өнім алуға тікелей әсерін тигізетін олардың күтімін жақсарту, азық мөлшерінің сапалылығын қадағалау, уақытында керекті қосымша заттармен қамтмасаыз етуге өте көп көңіл бөлген жөн.

Жалпы организмнің өмір сүру ұзақтығы Аристотел заманынан белгілі болатын және жетілу мерзімінен (период роста) 5-6/есе көп болатындығы есептелген. Бұл қағиданы түсіну үшін биологиялық жасты қарастырмыз. Биологиялық жас дегеніміз организмнің биологиялық мүмкіндік өлшемі деп қарастырылады. Осыған орай ауыл шаруашылық жануарларына қатысты биологиялық жас мүмкіндігінің өзіндік ерекшелігі бар. Сондай-ақ жануар түріне қарай тұқымдық, тұқым ішілік және басқадай ауытқулары болады. Сонымен қатар жануарлардың өмір сүру ұзақтығы қысқаруда.

Мысалы, ФРГ-да жоғары өнімді сиырлардың орташа өмір сүру ұзақтығының 3, 4-5 лактация болатындығы. Жануарлардың 1-2 төлдеген соң ақ, жарамсыздыққа шығарылуы жиілеп бара жатқандығы 1978ж (Б.В.Криштофоревский., И.В.Хрусталева, Л.Г.Демидчик) айтылған. Жалпы сүт өнімділігі организмнің биологиялық мүмкіндігінің көрсеткіші тұқымына байланысты болады.

Осы жоғарғыдағы мәселелерге қатысты мал шаруашылығында мқсатты іс шаралар қабылданып, төлді бағып-күтудің технологиясына ерекше көңіл бөлінген болатын. Болашақ мамандар алдында төлдің өсіп жетілуінде морфологиялық және организмінің функциональдық ерекшелігін жете тану ветеринариялық практикадла өзекті болып табылады. Мысалы медициналық жоғарғы оқу орындарында ұзақ жылдар бойы балалар оргнизмінің оқып, бала дәрігері мамандығын иеленіп келген. Ал ветеринариялық практикада кейбір жануар түліктерінің морфофункционльдық ерекшеліктеріне қатысты еңбектер дәріптелген.



  1. Жануардың дене тұлымын немесе қаңқа сүйектерінің қалыптасуын тексерудің клиникалық-диагностикалық маңызы. / гипотрофиктер/.

Төлдердің морфофункциональдық ерекшелігін білу үшін жануардың биологиялық ерекшелігіне тән анатомо-физиологиялық ерекшеліктерді және бағып-күту, азықтандыру жғдайларының – төл организмінің өсу және жетілуін қамтамасыз етуіне сәйкес мақсатта қарастырылуы керек. Мысалы, төл терісінің эпидермальды қабаты мүйізді қабатпен аз қорғалған. Бұл санитарлық жағдай дұрыс болмағанда әртүрлі қабыну үрдістерінің дамуына себепкер болады. Сондай-ақ, төлдің өсімдік текті азыққа бейімделе бастаған кезінің өзінде де төл организмінің өсуі мен жетілуін қамтамасыз ететін негізгі қорек сүт болып табылады. Өсімдікті азық, безсіз асқазан камерасын ас қорыту үрдісіне қосылуына және ішектің секреторлық, моторлық функциясының күшеюіне мүмкіндік береді. Осылайша біртіндеп, 4-5/айлық жасына таман өсімдік текті азық сүтті толықтай ауыстыруға мүмкіндік беріп, организмнің иммундық қорғанысын қамтамасыз етуге жоғары үлес қосады. Сонымен қатар бұл мерзімде – орталық және перифериялық мүшелердің иммундық жүйесі қарқынды өседі.

Төлдің өсуі кезеңіндегі жыныстық жетілу мерзімі 6-12/ай – бұл мезгілде қаңқа сүйектер және бұлшық еттері қарқынды өсіп, ішкі секреция бездері, алдымен жыныс безі жетілген гормон өндіреді де екіншілік жыныс белгілерінің дамуына мүмкіндік болады. Бұдан кейінгі морфофункциональдық жетілу 18-24/айға дейін жалғасады. Организм көбеюге – өнім беруге дйындалады.

Жалпы төл организмінің жетілу кезеңдеріне сәйкес ең маңызды ерекшелік әсіресе зат алмасудың бұзылуымен байланысты, оның ішінде минеральдық зат алмсу болып табылады. Сондай-ақ, жануар организмінің сүйек жүйесінің дамуы және өсуі туралы жетілу кезеңдерін білу керек. Мысалы алғашқы жетілу кезеңінде баяу болса да қаңқа келетінде мүше сүйектерінде аздап болсын құрылымдық-фунциональдық өзгерістер байқалады. Төл алғашқы күннен бастап өзін қоршаған ортаның әсеріне қалыптасу барысында жүйке жүйесі арқылы өте көп белгілер (сигнал) қабылдайды да көптеген рефлекстерді қалыптастырады. Мысалы, бұзау туғаннан соң 1-2 жұмадан соң ғана терморегуляциялық қабілеті бір қалыпқа келе бастайды. Тері бетінде бөлінетін липид инфекцияның енуінен және терінің жарылуынан сақтауда шешуші рөл атқарады. Тері бетіндегі липид негізінен тері асты майдан түзіледі, себебі ол тері безі және оның өзегінде болмайды.


  1. Жүйке жүйесін тексеру. Нормотрофиктік төлдерде жүйке жүйесінің орталық және перифериялық бөлімдері жеткілікті дамыған және шартты-шартыз рефлекстерді жылдам игереді. Алғашқыда төл ұйықтай береді – ұйқы 18/сағатқа созылады, қарапайым жағдайда төл тек қана азық қабылдауға оянады және организмнің биологиялық қажеттілігіне қарай рефлекстерді қалыптастырады.

Жануарлардың бассүйегі мен омыртқа жотасын тексеру. Қарау арқылы бассүйектің пішіні мен көлеміне, бассүйектің болуы мүмкін деформацияларына назар аударады. Сипалау арқылы жергілікті температураның өзгеруін (менингитте, инфекциялық энцефалитте жоғарлайды), ауырсынуын (қой айналмасы, эхинококкоз, ми ісігі) және сүйек ұлпасының жағдайын анықтайды.

Жануардың табиғи және жасанды бөгеттерден қалай өтетіндігін тексеру керек.



Есту аппаратын тексеру. Көру арқылы жануардың дыбысты қабылдауына (лақап атын айтқанда, шапалақтағанда) назар аударады. Сау жануарларда естуінің белгісі-құлағын қозғалтуы, тынышсыздану, қозу, шошыну болып есептеледі. Тексеру кезінде гиперэстезия мен гипоэстезияның бар- жоғына, есту қабілетіне назар аудару керек.

Иіс сезу мүшесін тексеру. Жануардың көзін орамалмен байлау арқылы көру аппаратының жұмысын тоқтатады. Көру арқылы жануардың әртүрлі азықтардың иісін сезуіне және мүсәтір спиртінің иісіне, реакциясына назар аудару керек. Жануарға азық пен мүсәтір спиртін, әртүрлі қашықтықта апару керек. Иіс сезу мүшесі қалыпты болса, онда жануар бірінші азықты жеуге ұмтылады, сол кезде мүсәтір спиртінің иісін сезсе алшақтап кетеді.

Тері сезімталдығын тексеру. Ауруға сезімталдығын тексеру. Жануар денесінің әртүрлі бөлігіндегі теріге иненің ұшын пісу арқылы оның ауруға сезімталдығын тексереді. Бұл кезде рефлекстен босату үшін тексерілетін тері аймағының үстіне қолды қойып тұрады. Сау жануарлар тынышсызданады, бұлшықеттерін жиырады, құлағын қозғалтады.

Тактильді сезімталдықты тексеру. Орамалмен жануардың көзін жауып, шоқтың аймағындағы жүнге ауамен немесе жіңішке қылқаламмен әсер еткенде, сау жануарлар тері асты бұлшық еттің жиырылуымен, тынышсызданып, құлағын қозғалтып, басын бұрып жауап береді.

Рефлекстерді тексеру.

Жануардың рефлекстерін тексергенде оның 2 көзін орамалмен жауып нұқу балғашығының сабымен терісіне тиіп, оның жауап реакциясын қарайды. Сау жануарларда тері асты бұлшық еттің жиырылуы, құйрығын артқы аяқтарының арасына кіргізуі, сыртқы сфинктердің жиырылуы т.б. болады. Рефлекстердің әлсіреуі немесе жоғалуы, күшеюі немесе қатуы, оның патологиялық өзгерістері болып табылады.



Бақылау сұрақтары:

1.Төлдің эмбриональды және постэмбриональды жетілуіне қатысты ветеринариялық пропедевтикалық таным.



  1. Жануардың дене тұлымын немесе қаңқа сүйектерінің қалыптасуын тексерудің клиникалық-диагностикалық маңызы. / гипотрофиктер/.

3.Жүйке жүйесін тексеру.
Негізгі әдебиеттер:

1. Жануарлар ауруларының клиникалық диагностика. оқу құрал – Алматы, 2007. / М.А. Молдағулов, А.Н. Ермаханов, Ө.К. Есқожаев, А.З. Дюсембаева т.б.

2. Малдәрігерлік тәжірибеде ауруларды анықтау және емдеу техникалары / Қожанов, К.Н. – 2013

Қосымша әдебиеттер:

3. Беляков И.М. Пропедевтика внутренних незаразных болезней животных. – М.: Колос, 1984. – 336 с.

4.Клиническая диагностика внутренних болезней сельскохозяйственных животных.// В.И. Зайцев, А.В. Синев, П.С. Ионов и др. - М.: Колос, 1964

5. Диагностика внутренних болезней домашних животных.// А.В. Васильев – М.: Сельхозиздат,1956


5В120100 «Ветеринариялық медицина» мамандығына арналған

«Ветеринариялық пропедевтика» пәнінен №9 Дәріс


Модуль 2 Дербес жүйелер қызметінің морфофункциональдық қабілетіне клиникалық диагностикалық таным
Тақырыбы: Дербес жүйелер функциясының ауытқуын сараптау. Жануарларды кешенді түрде клиникалық тексерудің методологиялық және деонтологиялық-этикалық талаптары.
Жоспары:

  1. Жануарлар организмінің дамуы және жалпы құрылымдық қағидалар.

- Мүше туралы таным, мүше және организм жүйесі.

- Организмнің қоршаған ортаға қатынасы.



  1. Жануарларды кешенді түрде клиникалық тексеру әдістемесі.




  1. Жануарлар организмінің дамуы және жалпы құрылымдық қағидалар.

Мүше туралы таным, мүше және организм жүйесі.

Организмнің қоршаған ортаға қатынасы.

Дәріс тақырыбына қатысты - ветеринариялық пропедевтикалық ілімі қағидасы негізінде жануарлардың клиникалық-физиологиялық және ауруларын танып анықтаудағы ветеринариялық таным негізіндегі әдістер тұрғысындағы жиынтық шығарылымына сәйкес жүйе және мүшелердің функциональдық жағдайын оқудың әдістері қарастырылады. Сондай-ақ, жануарлардың морфофункциональдық ерекшеліктеріне қатысты тіршілік шарттарының байланыстылығы оқытыла отырылып, организмге әсер ететін ішкі және сыртқы орта әсерлері тарапынан туындайтын клиникалық, физиолого-биохимиялық морфофункциональдық және басқадай заңдылықтар динамикасын бағалау және алынатын эксперимент нәтижесін сараптау оқытылып, ветеринариялық пропедевтика ілімінің негізіндегі семиотикаларды ажырату, диагностикалаудың негізгі алғы шарттары оқытылады.

Жануарлар организмінің дамуы және жалпы құрылымдық қағидаларын қарастыру негізгі функциональдық әрекеттермен дербес жүйелермен олардың қызметі брысындағы өзіндік ерекшеліктерге негізделе отырып оның биологиялық маңыздылығын түсінуге негізделеді. Бұған негізгі үғымды физиология ілімі береді. Бұнда біз негізінен жас физиологиясын қағидасы негізінде салалық физиологияны өз қажетімізге толық пайдалана алуымыз керек.

Мысалы, жас физиология – жануар организмінің тіршілік әрекеті барысындағы негізгі үрдістердің әртүрлі сатысындағы ерекшеліктерін, функциялардың пайда болуын, қалыптсуын және олардың өзара арақатынасының өзгерістеріне түсінік береді. Ал, салалық физиология әртүрлі түліктерге сәйкес олардың жеке мүшелерінің ұлпаларының өмірлік әрекеттеріне мағлұмат береді. Осы себепті жалпы бұл қағидаларды ветеринариялық пропедевтика ілімін игеруде пайдалана алуымыз қажет. Сонда біз организмнің биологиялық ерешеліктерін толық түсінуге мүмкіндік аламыз.

И.П.Павлов 20 жыл бойы қорыту қызметіне қатысты мәлелелерді зертеді. Ол 1897 жылы «Негізі ас қорыту бездерінің қызметі туралы дәрістер» деген еңбегін жариялап, физиология ғылымының классигі деген атаққа ие болды. 1901 жылдан бастап өмірінің соңына дейін И.П.Павлов орталық жүйке жүйесінің жоғарғы бөлімі – ми қыртысының қызметін зерттеді. Ол шартты рефлекстер туралы ілімнің негізін салып, оны жануарлардың мінез-қылығын зерттеудің шынайы (объективті) әдісі ретінде ғылымға енгізді.

Жалпы жануарлар функциялары туралы алғашқы деректер оларды сою, емдеу және пішу кезіндегі ветеринарлық жәрдемдер барысында жинақталған. Сондай-ақ, ерте Қытай мен Үндістанда малды әртүрлі дәрі шөптермен, ине шаншу әдістерімен емдеген жайлы деректер бар. Медициналық деректер мал мен үй құстарына жүргізілген тәжірбелер арқылы жинақталған. Мал басын аман сақтап, оның өнімділігін арттыру, әртүрлі ауруларды таратпау, мал дәрігерлік кәсіпті үйрету үшін жануарлар оргнизмінде жүретін үрдістердің мәнін терең біліп, түсіну мұқтаждығы туындаған. Мал дәрігерлік білімнің отаны Ресей болып танылады. Онда 1735 жылы мал дәрігерлерін дайындайтын тұңғыш арнаулы мектеп ашылған. Сондай-ақ, 1800-1913 жылдар аралығында бүкіл қазақ елінде 200 ғана малдәрігерлік мекеме болып, онда 460 мал маманы қызмет атқарған.

Организм күрделі ашық жүйе – сыртқы ортаның әсеріне өз бетімен жауап қайтаратын, өзін-өзі реттейтін, тірі материаның біртұтас жеке бөлшегі болып табылады. Кез-келген организм өзінің құрылымдық ерекшеліктерімен сиптталады. Организм дамуының белгілі бір сатысында әртүрлі ұлпалар жиынтығынан мүшелер (ағзлар – органдар) пайда болып, организмнің тұтас құрылымдық жүйесін құрайды. Организмде белгілі бір тіршілік әрекетін атқаратын мүшелер жиынтығынан құралған анатомиялық немесе функциялық бірлестік – мүшелер жүйесі деп аталады. Сондай-ақ, жануарлар торшаларына ғана тән ерекше қасиет, ол – қозғыштық. Қозғыштық толқын тәрізді ерекше процес. Мысалы, қозған ет талшықтары жиырылады, жүйке ұлпасы – тітіркеніс (жүйке импульсі) тудырады, ал бездер – сөл бөледі.

Сыртқы орта әсерлеріне организм біртұтас жүйе ретінде жауап қайтарғанымен, оның әртүрлі органдарының қызмет әрекеттері әр дәрежеде өзгереді. Мысалы, организм бір тіршілік аймағынан экологиялық жағдайлары өзгеше екінші аймаққа ауысса, оның көптеген физиологиялық процесстерінде өзгерістер туындап, жаңа жағдайға бейімделу процестері әлсірей бастайды да малдың денсулығы мен оның өнімділігіне тікелей әсер етеді.

Осы жоғарғыдағы басты қағидаларды нақты түсінген жағдайда біз организмде жағымсыз әсерден туындайтын патологиялық үрдістердің білінуі мен дамуының өзіндік ерекшеліктерін түсіне аламыз. Патологиялық жағдайда клиникалық көріністерді анықтау үшін – организмдегі биохииялық және жасушалқ құрылымға тән морфологиялық көріністі анықтай алуымыз қажет. Бұнда клиникалық деректердің дәйектемлерін талдау арқылы ғана патологиялық үрдістің даму заңдылықтарын түсінеміз және ауру тудырушы факторлардың мәнін ұғына аламыз. Мысалы қабынудың фагоцитарлық теориясы, иммунитет туралы ілім аурулар патогенезі туралы көптеген мағлұмат береді.

Жалпы ауру өте күрделі процесс, сондықтан оған қысқаша анықтама беру өте қиын. Ауру мәнін ғылыми тұрғыда түсіндіру және оның ұғымын анықтау үшін аурудың сапалық ерекшеліктері туралы, оның қалыпты (дені сау) күйінен өзгешелігі мен ұқсастығы туралы түсінік болуы тиіс. «Денсаулық – бұл аурудың және дене кемістігінің жоқтығы ғана емес, дене мүшесі мен әлеуметтік жағдайының толық қолайлы болуы» (ВОЗ уставынан. Мал ауруын анықтама бергенде басты көрсеткіштің бірі ретінде, олардың өнімділігінің бұзылуы қарастырылады. Ауру кезінде функциональдық және морфологиялық-патологиялық өзгерістер байқалады. «Ауру» ұғымына патологиялық реакция, патологиялық процес, патологиялық күй жатады. Ауруды тану мақсатында немесе диагноз қою барысында этиологиялық туралы ұғым мен жағдайларды айқындау қажет болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет