Физиологиялық өлім - табиғи өлім, қартаю құбылыстары нәтижесінде пайда болады.
Регенерация-жануарларда түгелдей не жарым-жартылай алып тасталынған, зақымданған не жойылған органның немесе оның бөлігінің (тіннің, ұлпаның) қайтадан қалпына келуі.
Рабдомиома (көне грекше: rhabdomyoma – ісік). Көлденең бұлшық еттің, қатерсіз ісігі. Тіл етінде өте жиі кездеседі, пайда болған соң ауырмай дамып, үлкейетін дерт.
Флюктуация – патологиялық орында (абсцесс, гематома, бурсит т.б) сұйықтың жингалу белгісі.
Халикоздар – жылқы өкпесі мен бауырында кездесетін әк тұзды талшықтан құралған түйіршіктер.
Хилурия – лимфаның несеппен бөлінуі. Хилус – сөл, шырын: ішектің лимфа тамырларындағы сұйықтық, май тамшылары көп лимфа.
Химостаз – жынның он екі елі ішекте, кейде ащы ішекте ірілуінен болатын түйнеу.
Цианоз- көгеру атау ретінде алынады.
Цирроз – созылмлы ауру салдарынан мүше жаушаларының бүрісуі, органның деформациялнуы.
Чейн-Стокстық тыныс алу –жұлынға қан құйылғанда, уремияда (несеп зәрінің денеге жайылы), уланғанда, петехия қызбасында байқалатын патологиялық тыныс алу. Тыныс ритмі әртүрлі болды.
Штамм - бағана: морфологиялық және биологиялық қасиеттері, генетикасы біркелкі болып келетін микроб себіндіі.
Эзостоздар – жарақттың, сүйек ауруларының салдарынан сүйек үстінде өсіндер пайда болу.
Экламисия – буаз малда төлдер алдында, сондай-ақ төлдегеннен кейін болатын талықсу.
Эктазия – белгілі бір түтік тәрізді орган қуысының қалпынан анағұрлым ұлғаюы.
Эктопия – ішкі органның немесе тіннің қалыптан тыс ауытқуы.
Экхимоз – қанталау, ұрылудан, соғылудан жұмсақ тіннің шамалы қанталауы.
Эмеиз – құсу.
Эмпиема –іріңді қуыс. Табиғи қуыстарға жиналу.
Эмфизема – альвеолалардың кеңеюі.
Эндемия – белгілі бір жерде кейбір аурудың тұрақты түрде кездесуі.
Энтералгия - ішектің түйілуі
Эпителиома – эпителийде болатын ісіктердің жалпы аты.
Этиология – аурудың себептері және пайда болуы туралы ғылым.
Эупноз – біркелкі жеңіл тыныс алу.
Эксудация-бір жерге сұйықтықтың жиналып,сол жердің ісінуі.
Эксудатты қабыну-бір жерге сұйықтықтың жиналып сол жер ісініп ол жерде қабыну процесінің пайда болуы.
Эндокардит-Жүректің ішкі қабының қабынуы (Endocarditis – эндокардит). Өтуі боййынша жіті (endocarditis acuta) және созылмалы (endocarditis chronica), орналасуы бойынша – қақпақшалардағы және қабырғалардағы, аурудың сипаты бойынша – сүйелді (endocarditis verrucosa) және жаралы (endocarditis ulceroan) түрлерге бөлінеді.
Өкпе эмфиземасы-өкпеде ауаның шамадан тыс жиналып қалуы.
Энцефалит (грек. enkephalos – ми) – ауру тарататын микроорганизмдердің салдарынан мидың қабынуы.
ПАТОЛОГИЯЛЫҚ КҮЙ ПРОЦЕСТЕРІН БІЛДІРЕТІН ТЕРМИНОЭЛЕМЕНТТЕР
Этиология – аурудың пайда болу себептері;
Патогенез – аурудың патологиялық күй мен процессін, даму механизмі;
pneumothorax – плевра қуысында ауа мен газдың болуы, pyosalpinx – жатыр түтігінде ірің жиналуы.
пневмартроз – буын қуысында газдың болуы.
poёsis – терминоэлементі «пайда болу» мағынасын, басқа «мүшенің орнын толтыру үшін
malacia – жеке мағына беретін «маляция – некроз немесе дистрофия салдарынан болатын тоқаманың жұмсаруы» термині ретінде қолданылады.
plegia – жансыздану дəрежесін білдіретін терминоэлементтер құрамында қолданылады: tetra- (барлық төрт аяғы) , hemi- (бет не дененің бір бөлігінің жансыздануы).
ЗЕРТТЕУ ƏДІСТЕРІН, КӨЛЕМІН, САНЫН БІЛДІРЕТІН ТЕРМИНОЭЛЕМЕНТТЕР
graphia (a-, dys-, cyst-, angio-, mogi-, aorto-, masto-, nephro-, pyelo-, sialo-, phlebo-, gastro-, cranio-, hystero-, sphygmo-, coronaro-, cholecysto-, angiocardio-).
2. –gramma (haemo-, audi-, phlebo-, cardio-, sphygmo-, electro/encephalo-)
3. –metria (oculo-, cysto-, calori-, cephalo-, laparo-, odonto-).
4. –scopia (rhino-, endo-, angio-, pyelo-, recto-, cysto-, broncho-, gastro-, colono-, laparo-, thoraco-, hystero-, duodeno-, laryngo-, gastro/duodeno-).
5. –penia (leuco-, lympho-, thrombo-, monocyto-, erythrocyto-).
6. –ōsis (leuc-, lipid-, arthr-, thromb
2.ДӘРІСТЕР
5В120100 «Ветеринариялық медицина» мамандығына арналған
«Ветеринариялық пропедевтика» пәнінен №1 Дәріс
Модуль 1 Ветеринариялық пропедевтиканың жалпы ветеринариялық диагностикадағы маңызына таным
Тақырыбы: Кіріспе.
Жоспары:
-
Кіріспе.
-
Ветеринариялық пропедевтика пәнін оқыту методологиясы.
-
Ветеринариялық продевтиканың басқа пәндермен байланысы.
-
Клиникалық тексерудің жалпы әдістері
-
Аурутануға клиникалық зерттеу тәсілдерінің алғы шарттары
-
КІРІСПЕ
Пәннің қысқаша мазмұны: «Ветеринариялық пропедевтика» пәні гректің propaideuo – алдын ала оқу яғни, жануарлардың клиникалық-физиологиялық және ауруларын танып анықтаудағы ветеринариялық таным негізіндегі әдістер тұрғысындағы жиынтық шығарылым. Осы себепті пропедевтика негізіне жүйе және мүшелердің функциональдық жағдайын оқудың әдістері жатады. Сондай-ақ, жануарлардың морфофункциональдық ерекшеліктеріне қатысты тіршілік шарттарының байланыстылығын оқытады. Сонымен қатар организмге әсер ететін ішкі және сыртқы орта әсерлері тарапынан туындайтын клиникалық, физиолого-биохимиялық морфофункциональдық және басқадай заңдылықтар динамикасын бағалау және алынатын эксперимент нәтижесін сараптауды оқыта отырып, ветеринариялық пропедевтика ілімінің негізіндегі семиотикалар ажыратылып, диагностика қоюдың негізгі алғы шарттары қалыптасады.
-
Ветеринариялық пропедевтика пәнін оқыту методологиясы.
-
Ветеринариялық продевтиканың басқа пәндермен байланысы.
Ветеринария мамандығын дайындауда және оның келешектік жұмысында ветеринариялық диагностика пәнін оқыту өз маңыздылығымен ерекшеленеді.
Пәнді игеру барысында жануарлармен қарым-қатынас, (обращения) байлау-бекіту тәсілдері және техникалық қауіпсіздік шаралары түсіндіріледі.
Жұмыс істеу барысында гигиеналық талаптар мен зоогигиеналық қажеттіліктер барысында жануарлармен немесе зертханалық басқадай жұмыстардың атқарылуында өзіңе ауру жұқтырып алмау және жануарларға қайталап ауру жұқтырып алмау (перезаражение).
Жануарларды тексеруде қолданылатын құралдар мен диагностикалық мақсатта пайдаланылатын әртүрлі аппаратуралар және зертханалық тәсілдер: қан және қан сары суы, нәжіс пен зәр құрамын талдау түрлеріне байланысты оны игерудің әдіснамасы оқытылады.
Бұл кешенді істің атқарылуы нәтижелі болу үшін ветеринариялық ойлау үрдісінің озықтығы маңызды болып табылады. Зерттеулер барысында алынған нәтижені дұрыс сараптау нақты диагноз қоюға толық мүмкіндік береді.
Сондықтанда ветеринарлық мамандықты қалыптастыруда ветеринарлық ойлау үрдісін жетілдіріп, оны әрқилы сәттерде оңтайлы пайдалану – барлық оқытылатын пәндермен тығыз қатынаста іске асады.
Пәнді оқытудың мақсаты: Ветеринариялық медицина мамандығын қалыптастыруға қатысты ветеринария саласының жетістіктеріне сәйкес ветеринариялық пропедевтикалық істегі заман ағымына қарай жаңа диагностикалық әдістерді, әртүрлі лабораториялық зерттеулердің жете жүргізілуін оқыту. Биология және ветеринария салаларында кеңінен жүргізілетін зерттеулер мен лабораториялық зерттеулермен қатар жануарларды клиникалық қарау, сипау, нұқу, тындау, рентгенография, фоноэлектрография, эндоскопия, қанды, несепті, нәжісті, асқазан, ұлтабарды қарын сөлдерін физикалық-химикалық және микроскопиялық зерттеулердің маңыздылығы мен бағалылығын зерттеудің әдістемеліктерін меңгерту. Пән бағдарламасының оқу барысында аспаптар мен құралдарды, биологиялық материалдарды, антикоагулянттарды, консерванттарды және т.б. заттарды алу, сақтау, тасымалдау мәселелерін дұрыс шешудің әдіснамасы жан-жақты үйретіледі.
3.Клиникалық тексерудің жалпы әдістерінің негізгі мақсаттары:
- Болашақ ветеринар дәрігерлеріне ветеринария саласындағы кең қолданыстағы зерттеу тәсілдерін меңгерту;
- Негізгі мақсатқа байланысты зерттеу түрлерінің озық әдістерін таңдай білуді үйрету;
- Жануарларды зерттеу жоспары мен әдістерін құру дағдысын қалыптастыру;
- Жануарлар организміндегі клиникалық-физиологиялық үрдістерге баға беру методологиясын анықтауды меңгерту;
- Заманауи құрал, аспаптармен жұмыс істей алуды көрсету;
- Организмдегі маңызды функционалдық үрдістердің теориялық биологиялық негіздемесін түсіндіру;
- Ветеринариялық пропедевтика пәнін оқыту барысында зерттеу тәсілдерін мүмкіндігінше теориялық-практикалық тұрғыдан түсіндіре отырып, зертханалық-тәжірибелік сабақтар барысында іс жүзінде көрсету болып табылады.
Оқытудың нәтижелері. Пәнді оқыту нәтижесінде білім алушы келесідей талаптарды - біліп, игеріп, ұғып түсініп алуға міндетті:
- пәнді жан-жақты теория жүзінде түсінуге;
- ветеринариялық клиника жүйесімен толықтай танысып жұмыс істеу қағидаларымен танысуға;
- аудиториялық сабақ тақырыбына қатысты қажетті құрал – жабдықтарды ажырата алуды;
- жануарларды ұстау, бекемдеу тәсілдерін және шешу техникасын білу, күту, пайдалануды дәріптеу;
- ветеринариялық клиниканың жұмыс істеудің ережелерін;
- клиникалық және арнайы зерттеу әдістерін жүргізе алуды;
- Малдың физиологиялық жағдайына, жасына, жынысына, салмағына байланысты диспансеризацияны жүргізудің алғы шарттарын игерудегі тұжырымдамаларды дұрыс пайдалану дағдыларын меңгеру.
- зерттелген биосынамаларды жою және лабораториялық техникаларға күтіммен қарауды;
- мамандық этикасы мен деонтологиялық негіздемені;
- техникалық қауіпсіздік пен жеке бастың гигиенасы және қоршаған ортаға зиян келтірмеу ережелерін және т.б. дағдыны үйренуге;
Пәнді игерудегі негізгі нысандар: жануарлар және приборлармен жұмыс істеу болып табылады. Сонымен қатар болашақ маман тек қана мамандық туралы ілімді емес – философиялық, қоғамдық-тарихи және саяси көзқарстарды өзіне қалыптастыра алуы керек. Сондай-ақ, дұрыс ойлау логикасын үйрену қажет. Жалпы жаңаша оқыту түрі және жұмыс әдісімен оқытушы – профессорлардың тікелей әрекетінен ғана нәтиже қалыптаспайды. Сол себепті оқу бағдарламасын жақсы меңгеру үшін, клиниалық зертханалық бақтарға тиісті материалдар уақытылы игерілуі керек. Мысалы, қандай да бір жүйе немесе сала заман ағымына қарай жетілдіріліп, соған сәйкес танымда өзгереді. Осындай қажеттіліктің бірі ретінде ветеринариялық пропедевтика пәні алғашқы клиникалық пән болғандықтан кафедраның клиникалық құрылымына қатысты оқу үрдісіне байланысты енгізілген қажеттіліктермен толық танысу қажет. Сонымен қатар ветеринариялық клиникада сабақ өткізудің өзіндік ерекшеліктері де бар. Жалпы біздің ветеринариялық клиника типтік үлгіде салынған және сол негізде жұмыс ітеуге ыңғайлы болып келеді. Пәнді игерудегі оқу ісін жүргізу барысында – жануарлардың дербес биологиялық қасиеттеріне қатысты физиологиялық, анатомо-топографиялық және ерекшеліктеріне байланысты клиникалық көріністері сарапталынады. Бұл оқыту үрдісі арнаулы плакаттар, көрініс және қандай да бір зерттеу немесе тексеру жұмысын жүргізу үшін әртүрлі әдістемелік құралдар пайдаланылады. Сондай-ақ, тексерілетін жануар түрінің асау, жуас немесе қолға үйренгендігіне де байланысты өзіндік ерекшеліктер мен талаптар сақталуы керек.
Қазіргі уақытта елімізде ветеринария саласы өте жоғары дәрежеде жаңғырту сатыларынан өтіп жатуына байланысты шаруашылықтарды дамытуда өте күрделі технологиялық қарқынды үрдісте дамуда. Осыған қатысты барлық сала жұмысы ветеринариялық қолайлылықты сақтуға бағытталады.
Аурутануға клиникалық зерттеу тәсілдерінің алғы шарттары
Жоғарғыдағы мәселелерді қортындылай айтқанда клиникалық диагностикалық әдістерді игеруде келесідей мәселелерді шешу қажеттілігі қарастырылған:
-
клиникалық логиканы қалыптастыруды оқыту;
-
дәріснама барысында негізігі мәселелермен қоса білім алушылар тарапынан қойылатын сұрақтардың іс жүзінде шешілуін қамтамасыз ету;
-
білім алушының танымдық ұстанымын жүйелі басқаруға негізделеді.
Клиникалық логиканы оқыту барысында – дәрігерлік техника,
семиология, және клиникалық логиканы жүйелі қалыптастыру қарастырылады.
Сондықтан да ауруды анықтау үшін – алдымен клиникалық симптом және патологиялық синдромдарды тауып алу, одан кейін сараптау барысында клиникалық логика заңына сүйене отырып атқарылуы қажет. Осы себепті болашақ ветеринар маманын кликалық диагностикалық көрсеткіш элементін тануға, ажыратуға үйрету міндет. Бұнда біріншіден әр мүше мен организм жүйесін зерттеу техникасын және патологиялық симптомды жақсы түсіне алу қажет. Сонымен қатар тұжырымдамалық пікірлер кликалық терминология негізінде түйінделеді.
Бақылау сұрақтары:
1. Пәнді игерудегі негізгі әдістемеліктер.
2. Анамнез түсінігіне анықтама беріңіз.
3. Ветеринариялық пропедевтика пәнін оқыту методологиясы.
4. Пәнді игерудегі негізгі нысандар
5. Аурутануға клиникалық зерттеу тәсілдерінің алғы шарттары
Негізгі әдебиеттер:
1. Жануарлар ауруларының клиникалық диагностика. оқу құрал – Алматы, 2007. / М.А. Молдағулов, А.Н. Ермаханов, Ө.К. Есқожаев, А.З. Дюсембаева т.б.
2. Малдәрігерлік тәжірибеде ауруларды анықтау және емдеу техникалары / Қожанов, К.Н. – 2013
Қосымша әдебиеттер:
3. Беляков И.М. Пропедевтика внутренних незаразных болезней животных. – М.: Колос, 1984. – 336 с.
4.Клиническая диагностика внутренних болезней сельскохозяйственных животных.// В.И. Зайцев, А.В. Синев, П.С. Ионов и др. - М.: Колос, 1964
5. Диагностика внутренних болезней домашних животных.// А.В. Васильев – М.: Сельхозиздат,1956
5В120100 «Ветеринариялық медицина» мамандығына арналған
«Ветеринариялық пропедевтика» пәнінен №2 Дәріс
Модуль 1 Ветеринариялық пропедевтиканың жалпы ветеринариялық диагностикадағы маңызына таным
Тақырыбы: Жалпы диагностиканың негізгі теорияларына сәйкес жануарлардың клиникалық-физиологиялық статусына ветеринариялық таным.
Жоспары:
-
Клиникалық тексерудің жалпы әдістерімен диагностика дамуының қысқаша тарихы.
-
Жануар организмін клиниалық диагностиалық тесеру.
-
Экзогенді және эндогенді биологиялық өнімді немесе биосынамалық зерзатты зерттеу (қан, сүт, несеп, нәжіс т.б).
-
Клиникалық тексерудің жалпы әдістеріммен диагностика дамуының қысқша тарихы.
Мал емдеуден жазбаша ескерткіш қалдырған ерте заманғы египеттің папирусы – Кахунский (біздің эраға дейінгі 2000 жыл шамасында).
Аристотель (біздің эрамызға дейінгі 384-322 жж.) мал тарихына арналған УІІІ-ші кітабында ірі қара малдың өкпесінің қабынуын, жылқыда болатын шаншуларды, сондай-ақ шошқа, есек, ит ауруларын жазған.
Гректің, ветеринария Гиппократы аталған көрнекті ғалымы, гиппиатр (жылқы маманы) Абсирт (ІУ ғасыр) малдың жұқпалы емес ішкі ауруларының негізін салушы деп есептелінеді. Ол бүйрек қабынуы, өкпе эмфиземасы, өкпе гангренасы, жылқы шаншуы туралы мәлметтерді жазған.
ХУІІ және ХУІІІ ғасырларда Россияда қолжазба ретінде және баспадан "Қаладағы және ауылдағы оташы", "Жылқыға арналған дәрілер кітабы" деп аталатын оқу нұсқаулары және малды емдеу туралы кітаптар басылып шықты.
1806 жылы Вилен университетінде ветеринария кафедрасы жұмыс істей бастады.
1808 жылы Петербургтегі медициналық-хирургиялық академияда, 1811 жылы осы академияның Москвадағы бөлімінде ветеринария бөлімшелері ашылды.
1851 жылы Харьковте, 1873 жылы Қазанда, 1876 жылы Дерпте (Тарту) ветеринария институттары ашылды. Әрқайсысы жыл сайын 25-30 -дан ғана мал дәрігерлерін дайындады.
Қазақстанда бірінші өлкелік малдәрігерлік-бактериологиялық институт 1925 жылы ашылды. Ол институт 1935 жылдан бастап Қазақтың ғылыми-зерттеу малдәрігерлік институты болып аталады. Онда 1948 жылы Қазақстан бойынша бірінші аспирантура ашылды.
1930 жылы Алматының зоотехникалық-малдәрігерлік институты ашылды. Бұл институтта негізгі ғылыми бағыт пен орталықтар топтастырыла бастады. Атап айтқанда: академиктер Б.А.Домбровский, Ф.М.Мұхаметғалиевтар басқарған морфологтар; академик Н.У.Базанова басқарған физиологтар; академик Я.И.Клейнбок басқарған терапевтер; профессор Б.П.Всеволодов басқарған патоморфологтар; профессор М.П.Орлов басқарған паразитологтар топтары өздерінің ғылыми еңбектерімен Қазақстанда ветеринария ғылымының дамуына елеулі үлестерін қосты.
Қазақстанда малдәрігерлік ұйымдарды құруға ат салысып, ерекше еңбектері сіңген мал дәрігерлері: В.Я.Бенкин, А.П.Петровский, У.Б.Базанов, Т.Есенкулов, Ш.Көсепғалиев және басқалар. Кейінгі кезде Қазақстандағы ветеринария ғылымын дамытуға көп еңбек сіңірген ғалымдар: К.И.Скрябин, М.И.Иванов, Я.И.Клейнбок, А.Р.Әбішев, К.Н.Бучнев, З.К.Қожабеков, Т.С.Минкин, Н.Ж.Жанузақов, Т.С.Сайдулдин, Е.Ф.Дымко, К.Б.Биашев және т.б.жатады.
Қазірде жекелеген аймақтардың геобиохимиялық көрсеткіштерін зерттеу арқылы, кейбір минеральды заттардың жетіспеушілігінен немесе артық болуынан пайда болатын аурулардың алдын алу бағытында көптеген ғылыми жұмыстар жүргізілуде.
Мал дәрігерлері мен әр саладағы ферма қызметкерлерінің алдында тұрған негізгі мақсат – малдың денсаулығы мен өнімділігіне жағымсыз әсер ететін факторларды дер кезінде жоюға әрекет жасап, олардың өнімділік мүмкіндігін толық пайдалану. Осы мәселелерді шешу үшін және аурудың алдын алу шараларын жүйелі түрде жүргізуді дұрыс ұйымдастыру үшін үлкенді-кішілі барлық шаруашылықтарда диспансеризация уақытында өткізіліп отырылуы қажет.
-
Жануар организмін клиниалық диагностиалық тексеру
Ветеринариялық пропедевтикалық таным негізіне оның зерттеу оқу нысанына жануарлардың клиникалық-физиологиялық статусын, ауру белгілерін көре алу, сонымен қатар жануарлардың биологиялық ерекшеліктеріне байланысты қалыптасатын морфофункциональдық көрсеткіштерді зерделеп оқу жатады.
Бұндағы алғы шарттар:
-
анамнез, симптом және синдромдарының (семиотика) диагностикалық маңыздылығын түсіну.
-
Физиологиялық ауытқулықты тудырушы этиологиялық факторлардағы ең басты жетекшілік негізгі себепті табу.
-
Ауруды дамытушы патогенездік қағиданың заңдылығын анықтау.
-
Нақты клиникалық көріністі байқай алу.
-
Клиникалық зерттеу барысында методологиялық және әдістемелік ережелерді дұрыс пайдалану.
Осы жоғарыдағы алғы шарттардың дұрыс сақталуы біріншіден, клиникалық логиканың дағдысын қалыптастыруға екіншіден, дұрыс диагноз қойылып, ауруды емдеу және оның алдын алу іс шараларының тиімділігін береді. Сонымен қатар, патофизиологиялық үрдістің даму дәрежелеріне байланысты – патогенездік көрсеткіштермен клиникалық көріністерді толықтай түсіне білу керек.
Сондықтан диагностикалық тексеруді жүйелі жоспарлы түрде жүргізіп, кезеңдерімен іске асыру қажет. Сонда: біріншіден, аурудың нозологиялық сипатының атысы және дәрежесін анықтауға толық мүмкіндік болады. Екіншіден анықталынған симптомдық жиынтықты индукциялық және дедукциялық негізде логикалық тұрғыдан шынайы тануға болоады. Үшіншіден – еңбекті тиімді және дәрігерлік жабдықты дұрыс қолдануға, диагнозды дұрыс қоюға мүмкіндік береді.
Қазіргі уақытта жануарлардың морфофункциональдық статусын анықтау мақстында клиникалық биохимиялық көрсеткіштердің ғылыми зерттеулерді жетілдіру қарқынында үдемелі дамуда. Бұл жағдай әсіресе жануарларға тәжірибе жасауда зор табыстарға жеткізуде. Мысалы, ірі өндірістік мамандандырылған шаруашылықтарда мал басының сақталуы 94-97%. Бірақ осындай жағдайда технологиялық жағымсыз факторлар салдарынан жануар организмінің жалпы резистенттілігі және реактивтілігі төмендеуі орын алып отыр. Бұнда: Биологиялық эксплуатация, тығыз ұстау, мационның шектелуі, азықтандыру, ветеринариялық санитариялық, зоогигиеналық талаптар және күту-қараудың дұрыс болмауы.
Ірі өндірістегі мал басының 10-15% тексеру клиникалық баға беруге жеткілікті болып табылады. Бұл жағдайда табындағы синдроматиканы жүйелі түрде зерделеу керек. Бұнда аурудың дамуын (патогенезін) тудырушы баты факторды табу қажет. Жануарды тексеру барысында мазасызданбауы қажет. Жануарды тексеру денсаулық жағдайына, дербес биологиялық ерекшелігіне байланысты болуы керек.
-
Экзогенді және эндогенді биологиялық өнімді немесе биосынамалық зерзатты зерттеу (қан, сүт, несеп, нәжіс т.б).
Ветеринариялық практикада қалыптасқан тәжірибе бойынша негізінен қан және қан сары суының құрмындағы көрсеткіштер тексеріледі. Бұнда:
-
Қанның физикалық қасиеттерін анықтау.
-
Қан сарысуынды анықтау.
-
Қандағы гемоглобин мөлшерін, түс көрсеткішін және эритроциттегі гемоглобинің орташа мөлшерін анықтау.
-
Қандағы жасушалардың санын есептеу. Эритроциттер, лейкоциттер мен тромбоциттердің санын есептеу.
-
Билирубин, глюкоза және қандағы жалпы ақуызды (белок) анықтау.
Аз мөлшердегі қанды құлақтың ұсақ тамырларынан алуға болады, үрпек жүнді жануарлардан құлақтың ұшынан, алақаннан, үйректер мен қаздардың жұмсақ табанынан, тышқандардан құйрығынан қан алады.
Ірі қара мал, қой, ешкі, жылқы, түйе, бұғының мойын күре тамырынан алады. Шошқаларда құйрығынан, құлақтың ірі тамырынан, венозды көз қуысынан, иттерде сафен тамырынан немесе иық алды тері асты тамырларынан, ақ түлкі мен түлкілерде плантарлық венадан, қояндарда құлақ тамырынан, теңіз шошқасында жүректен, тауықтарда қанаттың ішкі бөлігінің вена қан тамырынан немесе жүректен алады.
Қан алуды жеңілдету үшін түрлі құралдар пайдаланылады. Қан ұйып қалмас үшін (10 мл қанға есептеп) оған 30мл натрий цитратын, 15 мл натрий оксалатын, 50 ЕД гепарин немесе 10 пайызды трилон Б ерітіндісінің төрт тамшысын қосады.
Қанның физикалық қасиеттерін анықтау.
Қанның салыстырмалы тығыздығы мен ЭТЖ анықтаудың клиникалық маңызы өте зор.
Қанның салыстырмалы тығыздығын анықтау.
Анализ үшін гепаринмен, натрий оксалатымен, Б трилонымен қалыпқа түскен қанды пайдалануға болады, центрифугаланған қанды зерттеу үшін жарамсыз.
Сау ірі қара мал қанының салыстырмалы тығыздығы мынадай түрде ауытқып тұрады:
ІҚМ –1,047 –1,055; қойда 1,042- 1,052; ешкіде-1,044-1,053; жылқыда-1,045-1,055; шошқада-1,042-1,060; итте-1,044-1,056; тауықтарда-1,039-1,057.
Қанның салыстырмалы тығыздығының ұлғаюы оның қоюлануы, терлеу, полиурия, қан ауруы, нефрит, жылқының миоглобинурисы кезінде болады.
Қанның салыстырмалы тығыздығының азаюы, анемия, гемолитикалық сары ауру, кахексия, гидремияда болады.
Эритроциттердің тұну жылдамдығын анықтау(ЭТЖ). Панчеков әдісімен жүргізеді. Сау малдарда ЭТЖ (мм/ с): ІҚМ-0,5-0-1,5; қойда-0,5-1; ешкіде-0,3-1; жылқыда-40-70; шошқада-2-9; итте-2-6; тауықта-2-3.
Неводов әдісі: Эритроседиометрге скальпельдің ұшымен (0,02гр жуық) натрий оксалатын кіргізеді де тамыр қанын «о» белгісіне дейін алады, резеңке қақпақпен жауып, мұқият пробирканы 5- 10 рет төңкере отырып, қанды антикоагулянтпен араластырады. Пробирканы штативке қояды. ЭТЖ-ны плазма бағанының биіктігімен 15, 30, 45, 60 мин. кейін не 24 сағатта есептейді.
ЭТЖ-ның бәсеңдеуі шаршағанда, қатты терлегенде, полиурияда, іш өтуде, шаншуде гастроэнтеритте, механикалық және парехиматоздық сарғаюда, механикалық илеус, инфекциялық энцефаломиелит, стахиботритоксикозде және т.б. болады.
Қан сарысуынды анықтау.
Сау малдардағы қан сарысуындағы сілті қорын Ван –Слайкс әдісі бойынша анықтағанда былайша болады: ІҚМ-50-62; қойда-45-54; ешкіде-48-52; жылқыда 50-65; шошқада-42-60; итте –40-60; тауықта-40-52.
Қандағы гемоглобин мөлшерін, түс көрсеткішін және эритроциттегі гемоглобинің орташа мөлшерін анықтау.
Қандағы гемоглобин мөлшерін анықтау.
Гематинді және гемоглобинцианидті әдістер қолданылады.
Сау жануарлардың қанындағы гемоглобиннің мөлшері (г/ 100 мл): ірі қара малда-9,9-12,9; қойда-9-13, 3; ешкіде-10-15; жылқыда-8-14; шошқада –9-11; итте-11-17; тауықта – 8-12.
Гемоглобиннің (г/л) мөлшері мынадай болады: ірі қара малда-100-130; қойда-90-135; ешкіде-100-150; жылқыда-80-140; шошқада-90-110; иттерде-110-170; тауықтарда-80-120.
Достарыңызбен бөлісу: |