ПОӘК 042. 18-24 03/01 2015 №1 басылым 11. 09. 2015ж



бет7/9
Дата09.06.2016
өлшемі1.09 Mb.
#124907
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Гипотермия – дене қызуының қалыпты жағдайдан төмендеуі. 1° төмендеуді субнормальді деп атайды. Дене қызуының ең тез төмендеуі талу кезінде байқалады. Дененің қызуының 2° төмендеуін қалыпты талу дейді, ал 3-4° төмендеуін альгидтік талу деп атайды.


Әрбір студент оқытушы берген мәлімет бойынша дене қызуының әртүрлі төмендеуімен сипатталатын қызба қисығын салады.
Мазмұнды бейінлейтін негізгі кестелер, формулалар және т.б

өзін-өзі текеру үшін және зертханалық жұмыстарын қорғау сұрақтары.
5В120100 «Ветеринариялық медицина» мамандығына арналған

«Ветеринариялық пропедевтика» пәнінен №5 зертханалық сабақ


Тақырыбы: Жануарлардың жас ерекшелігіне сай: төлдердегі уыз, сүт ему, жыныстық жетілу, тұқымдық және тұқым ішілік ерекшеліктер мен ауытқулықтарды зертханалық тексеру

Сабақ мақсаты: Малдың қорғаныш-физиологиялық функциясын жұмылдыру организмнің зиянды тітіркендіргіштерге төзімділігін анықтау. Жалпы ауру кезінде функциональдық және морфологиялық-патологиялық өзгерітер байқау.

Зертханалық сабаққа рұқсат беру үшін сұрақтар:

Зертханалық сабақтың алғашқы кіріспе сабағындағы негізгі талаптар мен күнтізбелік тақырыбына сәйкес зерттеулерді жүргізуге қажетті жұмыс үстелінің дайындығы мен қауіпсіздік алғы шарттарымен танысу, жұмыстың жүргізілуіне негізгі нұсқаулықты алу.



Эксперименттік жұмыстарды жүргізу және алған мағлұматтарды өңдеу бойынша әдістемелік нұсқаулықтар:

Тапсырма №1

Организмнің реактивтілігі мен резистенттілігі аурудың пайда болуында және даму барысында үлкен рөл атқаратындығы дәлелденген (гомеостаз).

Осы жоғарғыдағы айтылған мәелелерді клиникалық физиология тұрғыдан пайда болу құбылыстарының заңдылығын, аурудың дамуын – этиологиясы мен патогенезіне байланысты мағлұмт беру.

Тапсырма №2

Қандағы сілті қорын анықтау. Қышқылды сілті тепе-теңдігінің көрсеткіштерін анықтау үшін Астрип әдісін ( 1956), Зиггард Андерсеннің (1963 ) модифицирлеуі бойынша РН мөлшерін, СО2-нің қысымын, сілті қорын, нағыз бикарбонатты, қалыпты бикарбонатты, буферлік негіздерді, плазманың жалпы көміртегі қышқылының мөлшерін анықтайды. Қышқылды- сілті тепе-теңдігін қан плазмасындағы сілті қорын Ван –Слайкс әдісі бойынша анықтап, соның нәтижесімен бағалайды. Немесе И. П. Кондрахин әдісі бойынша сарысудың мөлшерін белгілейді. Сарысуды вазелин майының астында сақтайды.

Сау малдардағы қан сарысуындағы сілті қорын Ван –Слайкс әдісі бойынша анықтағанда былайша болады: ІҚМ-50-62; қойда-45-54; ешкіде-48-52; жылқыда 50-65; шошқада-42-60; итте –40-60; тауықта-40-52.



Тапсырма №3

Қан сарысуындағы билирубиннің мөлшерін анықтау. (Ендрашик, Клеггорн және Гроф бойынша) 3 пробиркаға 0,9 % хлорлы натриймен 2 рет араластырылған 0,5 мл сарысу құяды. 1-інші пробиркаға 1,75 мл кофе реактиві мен 0,25 мл 0,9 % хлорлы натрий ерітіндісін қосып, колориметрлейді, 2-інші пробиркаға (тікелей билирубин) 1,75 мл 0,9 % хлорлы натрий ерітіндісін және 0, 25 мл диазоқоспасын қосып, 5 мин. кейін колориметрлейд; үшінші пробиркаға (жалпы билирубин) 1, 75 кофе ерітіндісін құйып, 0, 25 дизоқоспасын қосып, 20 мин кейін колориметрлейді. Колориметрлеуді жасыл жарық фильтрде 5 мм кюветпен қарсы дистильденген сумен жүргізеді.

Тікелей және жалпы билирубинді зерттеу кезінде алынған оптикалық тығыздық көрсеткіштерінен бақылаудың оптикалық тығыздығының көрсеткіштерін шығарып алады.

Колибрлы кесте бойынша, жалпы және тікелей билирубиннің мөлшерін тауып, (мг/ 100 мл немесе ммоль/ л) ал олардың арасындағы айырмашылықтан тікелей емес билирубиннің мөлшерін (мг/ 100мл немесе ммоль/л ) алады.

Мазмұнды бейінлейтін негізгі кестелер, формулалар және т.б

өзін-өзі текеру үшін және зертханалық жұмыстарын қорғау сұрақтары.


  1. Клиникалық-диагностикалық маңызды көрсеткіштер.

  2. Патологиялық үрдістердің дауының негіздемесі.

  3. Фагоцитоз, иммунитеттің пайда болуы.

5В120100 «Ветеринариялық медицина» мамандығына арналған

«Ветеринариялық пропедевтика» пәнінен №6 зертханалық сабақ
Тақырыбы: Қан құрамындағы биохимиялық көрсеткіштер арқылы жануардың морфофункциональдық қабілетін бағалаудың зертханалық методологиясы.

Сабақ мақсаты: Организмдегі құрылымдық жүйенің жалпы функциональдық қабілетін тексере алу, оны талду арқылы организмнің клиникалық физиологиялық жағдайын нақты бағалау. жануарлардың клиникалық-биохимиялық және морфофункциональдық жағдайын бақылау.

Зертханалық сабаққа рұқсат беру үшін сұрақтар:

Зертханалық сабақтың алғашқы кіріспе сабағындағы негізгі талаптар мен күнтізбелік тақырыбына сәйкес зерттеулерді жүргізуге қажетті жұмыс үстелінің дайындығы мен қауіпсіздік алғы шарттарымен танысу, жұмыстың жүргізілуіне негізгі нұсқаулықты алу. Қан сары суындағы жалпы белок және оның фракциялық бөлімдерін зерттеудің т.б клиникалық-диагностикалық негізгі әдістерді игеру.



Эксперименттік жұмыстарды жүргізу және алған мағлұматтарды өңдеу бойынша әдістемелік нұсқаулықтар:

Тапсырма №1

Қан жүйесі қызметі: қан қызыл түсті, езодермадан түзілетін сұйық ұлпа, ол ұлпалық сұйық, организмде әртүрлі қызмет атқарады. Тасымлдаушы, қорғаныстық – жасушалық, гуморальдық, жылу реттеуші, байланыстырушы жасушалар әрекеті кезінде түзілген өнімдер мен ішкі секреция бездері бөлген гормондарды тасымалдап мүшелерді өзара байланыстыратындығына анықтама беру.



Тапсырма №2

Морфобиохимиялық зерттеудегіі қанның морфологиялық көріністік жағдайын анықтауды жүргізу. Бұнда лейкограмманы Филипченко әдісі бойынша еептеп, гемоглобин Сали гемометрі арқылы анықтау.



Тапсырма №3

Эритроцит пен лейкоцит мөлшерін анықтау Горяев камерасы арқылы.



Мазмұнды бейінлейтін негізгі кестелер, формулалар және т.б

өзін-өзі текеру үшін және зертханалық жұмыстарын қорғау сұрақтары.

  1. Қан сары суындағы жалпы белок және оның фракциялық бөлімдерін зерттеудің маңыздылығына анықтама беру.

  2. Ветеринариялық ғылыми практикадағы биохимиялық көрсеткіштерді анықтаудың маңызы.

5В120100 «Ветеринариялық медицина» мамандығына арналған

«Ветеринариялық пропедевтика» пәнінен №7 зертханалық сабақ
Тақырыбы: Қанның морфобиохимиялық көрсеткіштерін анықтаудың негізгі зертханалық әдістері

Сабақ мақсаты: Гуморальды қорғаныс фкторлардың жануарлар организмінің физиологиялық жағдайларын байланысты өзгеруіне сипаттама беру. Эндогенді және экзогенді химиялық компоненттерді, клеткалық және клеткадан тыс түзілген биологиялық сұйықтар мен тіндерді зерттей отырып, олардың биологиялық сұйықтық ара қатынсы (қан, сүт, несеп) және т.б тексеру жалпы клиникалық диагностикада өте маңызды мағлұмат беру

Зертханалық сабаққа рұқсат беру үшін сұрақтар:

Зертханалық сабақтың алғашқы кіріспе сабағындағы негізгі талаптар мен күнтізбелік тақырыбына сәйкес зерттеулерді жүргізуге қажетті жұмыс үстелінің дайындығы мен қауіпсіздік алғы шарттарымен танысу, жұмыстың жүргізілуіне негізгі нұсқаулықты алу.



Эксперименттік жұмыстарды жүргізу және алған мағлұматтарды өңдеу бойынша әдістемелік нұсқаулықтар:

Тапсырма №1

Қан сарысуындағы сілті қоры мен каротинді анықтау.

Қандағы сілті қорын анықтау. Қышқылды сілті тепе-теңдігінің көрсеткіштерін анықтау үшін Астрип әдісін ( 1956), Зиггард Андерсеннің (1963 ) модифицирлеуі бойынша РН мөлшерін, СО2-нің қысымын, сілті қорын, нағыз бикарбонатты, қалыпты бикарбонатты, буферлік негіздерді, плазманың жалпы көміртегі қышқылының мөлшерін анықтайды. Қышқылды- сілті тепе-теңдігін қан плазмасындағы сілті қорын Ван –Слайкс әдісі бойынша анықтап, соның нәтижесімен бағалайды. Немесе И. П. Кондрахин әдісі бойынша сарысудың мөлшерін белгілейді. Сарысуды вазелин майының астында сақтайды.

Сау малдардағы қан сарысуындағы сілті қорын Ван –Слайкс әдісі бойынша анықтағанда былайша болады: ІҚМ-50-62; қойда-45-54; ешкіде-48-52; жылқыда 50-65; шошқада-42-60; итте –40-60; тауықта-40-52.

Тапсырма №2

Қан сарысуындағы сілті қорын Кондрахин әдісі бойынша анықтағанда 0,5 мл сарысу құяды, сұйықтықтың қалған мөлшерін пипеткамен үрлеуге болмайды, тек бетін мықтап жауып қояды.

Колбаның екінші натрий гидроокисінің 2мл 0,01 н ерітіндісін қосып бетін жабады. Содан кейін колбаның бірінші бөлігін ашып, ондағы қан сарысуына 5 пайызды 1мл күкірт қышқылының ерітіндісін қосып дереу қақпағын жабады. Айналдыра отырып, сарысумен қышқылдарды араластырады, реакция жүріп жатқан уақытта 3-4 рет араластырады.

Бақылау колбасына натрий гидроокисі ерітіндісінің 0,01н 2 мл қосып, бетін мықтап жабады. Шағылыстырылған шыны сауыттың екінші бөлігіне күкірт қышқылының 5 пайызды 1мл ерітіндісін қосып тағы да бетін жауып қояды. Жабардың алдында қақпағын дистильденген сумен ылғалдайды. Нақты нәтиже алу үшін сарысудың әрбір түрін шағылыстырылған екі шыны ыдыста зерттейді. Екі –алты сағаттан кейін (12 сағатқа шейін рұқсат етілген ) натрий гидроокисінің ерітіндісі бар шыны ыдысты ашып, фенол фталеиннің 1 пайызды спирт ерітіндісінің бір тамшысын қосып араластырады.(түсі қызылға айналады). Бұдан кейін шыны ыдыстағы сұйықтықты түссізденгенге дейін 0,01 н күкірт қышқылының ерітіндісімен титрлейді. Титрлеуді мұқият барлық шыны ыдыста бірдей жүргізу керек. Сілті қорының мөлшерін х=(а-в) х0,224х 200=(а-в) х 44, 8 формуласымен есептейді. Мұндағы а –тәжірибе жасаған шыны ыдыстағы титрлеуге шығарылған күкірт қышқылының 0,01 н ерітіндісінің мөлшері; в- бақылау шыны ыдысын титрлеуге шығындалған күкірт қышқылы 0,01 н ерітіндісінің мөлшері; 0,224-аталған реакция кезіндегі 0,01Н күкірт қышқылы ерітіндісінің СО2-ге есептеу факторы; 200-100мл (0,5) мөлшеріндегі қан сарысуының анализге алынған мөлшерін есептеуге арналған коэффициент. Ірі малдағы қан сарысуындағы сілті қорының мөлшері Кондрахин әдісі бойынша есептегенде 45-55об пайыз СО2 –ні, ал плазмада –46-66 об пайыз СО2 –ні құрады.

Қышқылды сілтілік тепе-теңдік бұзылған уақытта ацидоз қышқылдардың өте көп болуы немесе негіздердің жетіспеушілігі және алколиз (сілтілік заттардың көптігі) дамуы мүмкін. Егер ацидоз немесе алколиз РН –тың итеруінсіз ақса, компенсирленген, ал РН-тың итеруімен болса, компенсирленбеген деп атайды. Ацидоз бен алколиз газы (тыныс алу) және газды емес болуы мүмкін. Газды ацидоз ағзадағы көмір қышқылының өкпенің ауа алмастыруды азайтуының (ауа тамырлық астма, өкпенің эмфиземасы) нәтижесінде пйда болады. Газды алколиз өкпенің ауа алмастыруды азайтуының (Энцефаломиелит) нәтижесінде болады.

Метаболикалық алколиз ағзада құсу кезінде көп мөлшерде негіздердің жиналуы, фибриноздық пневмония силикоз, кант қызылшасын артық мөлшерде жеу, пироплазмада және т.б. болады. Метаболикалық ацидоз жануарларды қышқыл және ашып кеткен жеммен, концентраттармен көп қоректендіргенде дұрыс тамақтандырмағанда, қораны дұрыс желдетпегенде, күн сәулесі аз түсіп, өте аз қозғалғанда, рахитте, сұйық құрамының бұзылуында, алдыңғы қарынның әлсіреуінде, ауа тамырларының қабынуында дене қызуының көтерілуі мен қабыну процестерінде, кетозда, туудан кейінгі жартылай салдануда, іш өтуде, жүрек қантамырлары мен тыныс алу жолдарының ауруында, сәуле ауруында, қант диабетінде, бүйрек қабынуында, талма ауруында және т. б. болады.



Мазмұнды бейінлейтін негізгі кестелер, формулалар және т.б

өзін-өзі текеру үшін және зертханалық жұмыстарын қорғау сұрақтары.

  1. Ішкі орта тұрақтылығын сақтау, өсу, көбею, тұқым қуалау, сондай-ақ, табиғи резистенттілікті дәйектеуде иммунитеттің қалыптасуында негізгі қызмет атқарылуына баға беру.

  2. Жануарлар жасының өсуіне қарай организмдегі зат алмасу деңгейіне байланысты қан мен тіндегі бірқатар биохимиялық көрсеткіштер өзгеруін бағалау.

5В120100 «Ветеринариялық медицина» мамандығына арналған

«Ветеринариялық пропедевтика» пәнінен №8 зертханалық сабақ
Тақырыбы: Жануардың дене тұлымын немесе қаңқа сүйектерінің қалыптасуын тексерудің клиникалық-диагностикалық маңызы.

Сабақ мақсаты: Төлдердің морфофункциональдық ерекшелігін білу үшін жануардың биологиялық ерекшелігіне тән анатомо-физиологиялық ерекшеліктерді және бағып-күту, азықтандыру жағдайларының – төл организмінің өу және жетілуін қмтамасыз етуіне сәйкес мақсатта қарастыру. Жануар организмінің үйек жүйесінің дмуы және өсуі туралы жетілу кезеңдерін білу. Жүйке жүйесін тексеру.

Зертханалық сабаққа рұқсат беру үшін сұрақтар:

Зертханалық сабақтың алғашқы кіріспе сабағындағы негізгі талаптар мен күнтізбелік тақырыбына сәйкес зерттеулерді жүргізуге қажетті жұмыс үстелінің дайындығы мен қауіпсіздік алғы шарттарымен танысу, жұмыстың жүргізілуіне негізгі нұсқаулықты алу.


Эксперименттік жұмыстарды жүргізу және алған мағлұматтарды өңдеу бойынша әдістемелік нұсқаулықтар:

Тапсырма №1

Вегативті жүйке жүйесін тексеру

Малдәрігерлік тәжірибеде вегативті жүйке жүйесінің жағдайын анықтау үшін арнайы рефлекстер әдістемесі қолданылады. Бұл мақсатта жануардың 30 секунд ішінде жүрек соғуын санайды. Содан соң Шатала аппаратын қолданып немесе қолмен көз алмасына сынап бағанасы бойынша 20-30 мм қысым түсіру арқылы көз-жүрек рефлексін түзеді. Құлақ – жүрек рефлексінде Шатала динамаметрін құлақ негізіне қойып немесе жылқылар үшін қозғыштық типті- 20 кг, қозғалғыш –25 кг, инертті –30 кг қысым күшін түзу үшін бұрау салады, сол кезде бір уақытта 30 секунд ішіндегі жүрек рефлексін анықтағанда үстіңгі ерінге бұрау салып, жүрек соғуын санайды. 1 минутта 4 реттен аз соқса, ол жануардың вегатоникалық жағдайда екенін, ал 4 реттен көп соқса, ол жануардың симпатикотоникалық жағдайда екенін білдіреді.



Тапсырма №2

Захарыш-Хеда зоналарын (бөліктерін) тексеру.

Захарыш- Хеда зонасы – ішкі мүшелердің аурулары кезіндегі терінің сезімталдығы жоғарылаған бөліктерін анықтау.



Сезімталдығы жоғары бөліктердің клиникалық сипаттамасы. Сезімтал бөлік аймағын ақырын басқанда немесе нұқығанда ауру малда терінің ауырсыну реакциясы (гиперестезия) болады. Жоғары сезімталдық бұлшық еттің жиырылуымен, тердің көп бөлінуімен, ыңырсумен, арқасын бүгумен, тексерушінің қолынан қашқалақтаумен сипатталады.

Тапсырма №3

Тірі жануардың денесіне көкірек және құрсақ қуысының мүшелерінің топографиясын бормен сызып, бейнеленген ауырсынуды тексеру. Тексеру нәтижесін жұмыс дәптеріне жазып алу керек. Жылқыларда ауырсыну бейнеленген бөліктер мынадай:

1. Асқазан ауруында терінің жоғары сезімталдық зонасы – шоқтықтың артқы еңісінде;

2. Асқазан, 12-елі ішек, бауыр, көкбауыр және ұйқы безінің ауруларында – сол жақтан 5-10-шы қабырға аралығында;

3. Ащы ішек, мықын ішек, соқыр ішек ауруларында – оң жақтан және сол жақтан 11-12-ші қабырға аралықта;

4. Тоқ ішек ауруында – 13-15-ші қабырға аралығы аймағында;

5. Бүйрек, бүйрек үсті безі және қалақаның ауруларында – 16-18-ші қабырға аралығында;

6. Кіші тоқ ішек, тік ішек ауруларында - терінің жоғары сезімталдық бөлігі мықын, шап, жамбас, бел аймағында болады;

7. Қуық, несеп жолы, жыныс бездерінің ауруларында – бел және сегізкөз аймағында;

8. Жүрек ауруы кезінде – сол жақтан 3-6-шы қабырға аралығы аймағында.


Мазмұнды бейінлейтін негізгі кестелер, формулалар және т.б

өзін-өзі текеру үшін және зертханалық жұмыстарын қорғау сұрақтары.

1. Қандай ішкі ағзалар алдыңғы және артқы айшықты түйіндермен, алдыңғы және артқы шажырқай түйіндермен, бүйректік қалқаның және жамбастың түйідермен нервтеледі;

2. Келесі аурулардағы терінің жоғары сезімтал бөлігін атаңыз:

а) асқазан, 12 елі ішек, бауыр, көкбауыр және ұйқы безі;

б) ащы, мықын, соқыр ішек;

в) тоқ ішек;

г) бүйрек және бүйрек үсті безі, қалқа;

д) кіші тоқ ішек және тік ішек;

е) қуық, несеп жолы және жыныс бездері;

ж) жүрек ауруларында.


5В120100 «Ветеринариялық медицина» мамандығына арналған

«Ветеринариялық пропедевтика» пәнінен №9 зертханалық сабақ


Тақырыбы: Жануарларды кешенді түрде клиникалық тексерудің методологиясындағы зертханалық нәтижелермен байланыстыра тұжырымдау

Сабақ мақсаты: Жануарлар организмінің дамуы және жалпы құрылымдық қағидаларын қарастыру негізгі функциональдық әрекеттермен дербес жүйелермен олардың қызметі барысындағы өзіндік ерекшеліктерге негізделе отырып оның биологиялық маңыздылығын түсінуге негізделеді. Бұнда клиникалық деректердің дәйектемлерін талдау арқылы ғана патологгиялық үрдістің даму заңдылықтарын түсінеміз және ауру тудырушы факторлардың мәнін ұғына аламыз. Мысалы қабынудың фагоцитарлық теориясы, иммунитет туралы ілім аурулар патогенезі туралы көптеген мағлұмат береді.

Зертханалық сабаққа рұқсат беру үшін сұрақтар:

Зертханалық сабақтың алғашқы кіріспе сабағындағы негізгі талаптар мен күнтізбелік тақырыбына сәйкес зерттеулерді жүргізуге қажетті жұмыс үстелінің дайындығы мен қауіпсіздік алғы шарттарымен танысу, жұмыстың жүргізілуіне негізгі нұсқаулықты алу.



Эксперименттік жұмыстарды жүргізу және алған мағлұматтарды өңдеу бойынша әдістемелік нұсқаулықтар:

Тапсырма №1

Жануарларды кешенді түрде клиникалық тексеру әдістемесі.

Жануарларды клиникалық тексерудің жоспары төмендегідей:

Ауру малмен алдын -ала танысу. а) тіркеу, б) анамнез.

Өзіндік тексеру.

А) Жалпы тексеру.

Габитусты анықтау.

Көрінетін кілегей қабықтарды тексеру.

Тері және тері туындыларын тексеру.

Лимфа түйіндерін тексеру.

Дене температурасын өлшеу.



Тапсырма №2

Б) Арнайы тексеру

Жүрек-қан тамыр жүйесін тексеру.

Тыныс алу жүйесін тексеру.

Асқорыту жүйесін тексеру.

Зәр шығару және жыныс жүйелерін тексеру.

Жүйке жүйесін тексеру.

Тапсырма №3

В) Ерекше тексеру

Физико-химиялық тексеру.

Микроскопиялық тексеру.

Бактериологиялық тексеру.

Серологиялық тексеру.

Аллергиялық тексеру.
Мазмұнды бейінлейтін негізгі кестелер, формулалар және т.б

өзін-өзі текеру үшін және зертханалық жұмыстарын қорғау сұрақтары.

5В120100 «Ветеринариялық медицина» мамандығына арналған

«Ветеринариялық пропедевтика» пәнінен №10 зертханалық сабақ
Тақырыбы: Тыныс алу жүйесінің функциональдық қабілетін тексерудің клиникалық-диагностикалық түрлеріне байланысты негізгі зертханалық зертеулер

Сабақ мақсаты: Тыныс алу жүйесі қызметіне ветеринариялық-биологиялық тұрғыдан баға бере отырып ондағы функциональдық мүмкіндіктер негізінде ауытқуылықтарға байланысты байқалатын клиникалық диагностикалық көрсеткіштерді анықтау және оны бағалау.

Зертханалық сабаққа рұқсат беру үшін сұрақтар:

Зертханалық сабақтың алғашқы кіріспе сабағындағы негізгі талаптар мен күнтізбелік тақырыбына сәйкес зерттеулерді жүргізуге қажетті жұмыс үстелінің дайындығы мен қауіпсіздік алғы шарттарымен танысу, жұмыстың жүргізілуіне негізгі нұсқаулықты алу.



Эксперименттік жұмыстарды жүргізу және алған мағлұматтарды өңдеу бойынша әдістемелік нұсқаулықтар:

Тапсырма №1

Тыныс алу жүйесін тексеру әдістері:

а) мұрын ақпасының және шығарылатын ауаның түрін анықтау;

б) мұрын қуысының кілегей қабатын тексеру;

в) жылқы ауақабының маңдай және үстіңгі жақ қуыстарының шекарасын анықтау;

г) қосалқы қуыстарды көру, сипалау, нұқу арқылы тексеру:

д) жылқы ауақабын тексеру:

е) көмекей мен кеңірдекті көру, сипалау және риноскоп, ларингоскоп құралдары арқылы тексеру;

ж) жөтел мен қақырықты тексеру;

з) қалқанша безін (орнын, көлемінің, тығыздығының, қозғалғыштығының өзгерісін) тексеру.



Тапсырма №2

Тыныс алу қозғалыстарын зерттеу. Көкірек қуысын көру арқылы тексеруден бастайды. Мұнда көкірек қуысының пішініне, көлеміне, қозғалғыштығына; тыныс алу түріне, жиілігіне, симметриялығына және ырғағына назар аударады. Көкірек қуысының пішінін, көлемін, қозғалғыштығын бүйірінен және артынан қарау арқылы анықтайды.

Тыныс алу түрін кеуде және құрсақ бұлшықеттерінің қозғалысы бойынша анықтайды. Ауылшаруашылық малдарында тыныс алудың кеуде-құрсақтық (косто-абдалинальдық),иттер мен терісі бағалы аңдарда – кеуделік тыныс алу. Ауылшаруашылық малдарында кеуделік тыныс алу- перитонит, қарынның жіті үлкеюінде, ішектердің метеоризмінде, мес қарынның тимпаниясында т.б. кездеседі. Ал, құрсақтық тыныс алу-плевритте, өкпе эмфиземасында, пневмонияда байқалады.

Тапсырма №3

Нұқу арқылы өкпе шекарасын анық өкпелік дыбыстың топас немесе тимпаникалық дыбысқа ауысуынан анықтау. Негізгі тыныс алу шуларын ажырату.



Мазмұнды бейінлейтін негізгі кестелер, формулалар және т.б

өзін-өзі текеру үшін және зертханалық жұмыстарын қорғау сұрақтары.

  1. Тимпаникалық дыбыс

  2. Негізгі тыныс алу шулары.

  3. Қалыпты бронхтық тыныс алу.

  4. Қосалқы тыныс алу шулары.

  5. Амфорикалық тыныс алу.

5В120100 «Ветеринариялық медицина» мамандығына арналған

«Ветеринариялық пропедевтика» пәнінен №11 зертханалық сабақ
Тақырыбы: Фоноэлектрокардиографиялық тексерудің клиникалық-диагностикалық әдістерін меңгеру

Сабақ мақсаты: Жүрек-қан тамырлары қызметін бағалау және ондағы өзгерістерді анықтау жолдары. Студенттерге жануарларды тыңдау ережелерін, жүрек тондарын ажыратуды, жүрек дүрсілінің ең айқын естілетін орнын табуды, жүрек шуларын ажыратуды үйрету

Зертханалық сабаққа рұқсат беру үшін сұрақтар:

Зертханалық сабақтың алғашқы кіріспе сабағындағы негізгі талаптар мен күнтізбелік тақырыбына сәйкес зерттеулерді жүргізуге қажетті жұмыс үстелінің дайындығы мен қауіпсіздік алғы шарттарымен танысу, жұмыстың жүргізілуіне негізгі нұсқаулықты алу.


Эксперименттік жұмыстарды жүргізу және алған мағлұматтарды өңдеу бойынша әдістемелік нұсқаулықтар:

Тапсырма №1

Студенттерге жануарларды тыңдау ережелерін, жүрек тондарын ажыратуды, жүрек дүрсілінің ең айқын естілетін орнын табуды, жүрек шуларын ажыратуды үйрену.



Тапсырма №2

Жүрек тондарын анықтау. Жүректі тыңдағанда екі түрлі тон байқалады. Біріншісі, систолалық тон – ол жүрекшелердің және қарыншалардың жиырылуы, үш жақтаулы клапанды екі жақтаулы клапан жабуы, қарынша систоласы кезінде қалқа және өкпе артериясы қабырғаларының тербелуі кезінде пайда болады.

Екіншісі, диастолалық тон – ол қалқа және өкпе артериясының жартылай айшық клапандарының жабылуы, сонымен қатар диастола кезінде қалқа мен өкпе артериясы қабырғаларының тербелісі кезінде пайда болады.



Жылқыларда:

-екі жақты клапан – сол жақта 4-ші қабырға аралықта;

- үш жақтаулы клапан – оң жақта 4-ші қабырға аралықта; көкірек қуысының төменгі 1/3 бөлігінде;

- қалақаның жартылай айшық клапаны- сол жақта 3-ші қабырға аралықта, иық буыны сызығынан біраз төменірек;

- өкпе артериясының жартылай айшық клапаны- сол жақта 3-ші қабырға аралықта, көкірек қуысының төменгі 1/3 бөлігінің ортасында.

Тапсырма №3

Ірі қара малда және ұсақ малдарда:

- екі жақтаулы клапан – сол жақта 4-ші қабырға аралықта;

- үш жақтаулы клапан – оң жақта 4-ші қабырға аралықта, көкірек қуысының төменгі 1/3 бөлігінде;

- қалқаның жартылай айшық клапаны – сол жақта 4-ші қабырға аралықта иық буынынан төменірек;

- өкпе артериясының жартылай айшық клапаны – сол жақта 3-ші қабырға аралықта, көкірек қуысының төменгі 1/3 бөлігі деңгейінде;

Ит жүрегінің ең айқын естілетін орны жылқыныкі сияқты. Жүректі тыңдағанда жануар жүректерінің шуларын анықтайды. Олар эндокардиальді және экзокардиальді болып екіге бөлінеді.

Эндокардиальді шулардың өздері органикалық және функционалдық деп бөлінеді. Ал экзокардиальді, шулар перикардиальді, плеврокардиальді, кардиопульмональды болып бөлінеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет