ПОӘК 042. 18-24 03/01 2015 №1 басылым 11. 09. 2015ж



жүктеу 2.05 Mb.
бет6/9
Дата09.06.2016
өлшемі2.05 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Жұмысты ажырату әдістемесі


1. Жануарлардың (жылқы, сиыр, қой, қоян) конъюнктивасының және кілегей қабаттарының түсіне, ылғалдығына, ісінулеріне және түзілістердің бар-жоқтығына назар аудару.

Сау малдарда кілегей қабаты қызғылт түсті, қалыпты ылғалданған, ісінулер мен түзілістерсіз болу керек. Жылқылардың танау аралық пердесінің кілегей қабатының түсі көкшіл болады. Ауруларда кілегей қабаттар өзгереді. Қан кетуде кілегей қабаттары ақшыл түсті болып кетеді. Пневмонияда, жүрек мүкісі, қызба, қозу кезінде кілегей қабаттарының қызаруы байқалады. Сары ауру, инфекциялық анемияда кілегей қабаты сарғыш түсті болады. Кілегей қабаттарының домбығуы қабынуларда байқалады. Үлкейген конъюнктива көз саңылауынан қызыл валик тәрізді қатпар түрінде шығып тұрады. Ол инфлюэнца, жұғымтал ала өкпе, оба ауруларында кездеседі.

Кілегей қабаттарында ақ және сұр түсті түзілістер болады. Асқорыту трактісінің ауруларында ақшыл-сұр түсті түзіліс байқалады. Жылқылардың энфлюэнца ауруында конъюнктивада фиброзды түзілістер пайда болады.

Кілегей қабаттарының секрециясының көбеюі қабынуларда байқалады. Конъюнктивалық қап, ауыз, танау және қынап ауруларымен сипатталады. Ағындылар сірлі, кілегейлі, іріңді т.б. болады.

2. Дені сау жылқы, сиыр, қойдың лимфа түйіндерін және ауру малдардың лимфа түйіндерін тексеру.

Көру және сипалау арқылы лимфа түйіндердің көлеміне, пішініне, тығыздығына, қозғалғыштығына және лимфа түйінін жауып тұрған терінің қызуына назар аударады. Жылқыларда жақ асты, тізе қатпары және шап лимфа түйіндерін тексереді.

Ірі қара малдарда және ұсақ малдарда жақ асты, жаурын алды, тізе қатпары және желін үсті лимфа түйіндерін тексереді. Түйелерде жақ асты, жоғары және төменгі мойын, жаурын алды, тізе қатпары және шап лимфа түйіндерін тексереді.шошқаларда лимфа түйіндерін сипап табу өте қиын, бірақ оларды жұтқыншақ арты безі міндетті түрде тексеріледі, өйткені олар туберкулез, сібір жарасы кезінде зақымдалады. Иттерде, мысықтарда шап бездерін, ал құстарда төменгі мойын бездерін тексереді.

Ауруларды (лейкоз, туберкулез, сақау және т.б.( лимфа түйіндерінің ісінуі мен үлкеюі байқалады.

3. Әрбір студент жылқы, қой, сиырдың дене қызуын максимальді малдәрігерлік термометрді тік ішекке, ал құстарда клоакоға салу арқылы өлшейді. Дене қызуын өлшегенге дейін термометр дезинфекциялық ертінді құйылған сауытта тұрады. Дене қызуын өлшеу алдында термометрге вазелин жағады, түсіп қалмау үшін арнайы құрал арқылы құйрық түбіне қыстырып қояды. Дене қызуын жұмыс дәптеріне жазып алу керек.

Қызба. Патологиялық тітіркендіргіштердің әсеріне ағзаның жалпы жақсы жауап беруі, ал жылу түзілудің бұзылуымен және дене қызуының көтерілуімен және дене қызуының көтерілуімен сипатталады. Қызбалық процесте қалтырау, асқорыту, тыныс алу, жүрек-қантамыр жүйелері мүшелерінің, жүйке жүйесінің өзгерістері байқалады.

Дене қызуының көтерілу дәрежесіне байланысты қызба төмендегідей бөлінеді:

1) субфибрильді (1° жоғарылауы);

2) Фибринді (2° жоғарылауы);

3) Перитикалық ( 3° жоғарылауы);

4) Гипер перитикалық (3°ары қарай жоғарылауы);



Қызба түрлері:

Эфимерлік және өткінші:

Тұрақты;

Әлсіздендіргіш;

Аралық;

Қайталанбалы;

Антиптік;

Арықтандырғыш

Қызба ауруын емдеудің үш кезеңі:

Дене қызуының жоғарылау кезеңі;

Дене қызуының ең қатты жоғарылау кезеңі;

3) Дене қызуының төмендеуі, ол литикалық және критикалық болады.

4. Оқытушы берген мәлімен бойынша студенттер дене қызуының қисығын құрады да, қызба түрін және ол қай ауруды кездесетінін анықтайды.

Гипотермия – дене қызуының қалыпты жағдайдан төмендеуі. 1° төмендеуді субнормальді деп атайды. Дене қызуының ең тез төмендеуі талу кезінде байқалады. Дененің қызуының 2° төмендеуін қалыпты талу дейді, ал 3-4° төмендеуін альгидтік талу деп атайды.


Әрбір студент оқытушы берген мәлімет бойынша дене қызуының әртүрлі төмендеуімен сипатталатын қызба қисығын салады.
Бақылау сұрақтары:

    1. Морфофункциональдық қабілеттілікті бағалау әдістері.

    2. Қызба.

    3. Қызба түрлері

    4. Гипотермии


Оқитын тақырып бойынша беттері көрсетілген әдебиеттер тізімі.
Негізгі әдебиеттер:

1. Жануарлар ауруларының клиникалық диагностика. оқу құрал – Алматы, 2007. / М.А. Молдағулов, А.Н. Ермаханов, Ө.К. Есқожаев, А.З. Дюсембаева т.б.

2. Малдәрігерлік тәжірибеде ауруларды анықтау және емдеу техникалары / Қожанов, К.Н. – 2013

Қосымша әдебиеттер:

3. Беляков И.М. Пропедевтика внутренних незаразных болезней животных. – М.: Колос, 1984. – 336 с.

4.Клиническая диагностика внутренних болезней сельскохозяйственных животных.// В.И. Зайцев, А.В. Синев, П.С. Ионов и др. - М.: Колос, 1964

5. Диагностика внутренних болезней домашних животных.// А.В. Васильев – М.: Сельхозиздат,1956


5В120100 «Ветеринариялық медицина» мамандығына арналған

«Ветеринариялық пропедевтика» пәнінен №4 тәжірибелік сабақ


Тақырыбы: Морфофункциональдық жағдайдың қалыптасуын анықтаудағы иммунобиологиялық көрсеткіштердің практикалық маңызы.

Қажетті құралдар: Спирт, инелер, микроскоп, пробиркалар, мата.

Жануарлар: Жылқы, сиыр, қой.

Сабақтың мақсаты: Студенттерге аурулар кезінде диагнозды дұрыс қою мақсатында қан жүйесін тексеруін үйрету. Жалпы жас организмнің жетілу мерзімдерін нақтылай білу – жануарларды емдеу-сауықтыру шараларында аурудың птогенезін ажыратуды үйрету. Мысалы, қан сары суындағы бактериоцидтік беленділік 3/айлық жында ересек малдағы дәрежеге тең келеді. Сондай-ақ лизоцим түзу қабілеті болп, 2/айлық жсындағы лизоцимдік көрсеткіш шегіне жетіп, 6/айлық жсына дейін бір қалыпта сақталады.

Төл өмірге келгеннен кейін: уыз, сүт ему және физиологиялық жетілу барысында жыныстық жетілу, жоғары өнім беру кезеңдерінен өтеді. Жалпы төл организмі туа сала мүлде басқа ортаға тап болып, өзгеше жағдайға душар болады. Мысалы, жердің гравитациялық өрісі басқадай әсер етеді. Сондай-ақ, төл туғаннан кейін 1-2 аптадан соң терморегуляция пайда болады. Сонымен қатар, жүрек-қан тамыр жүйесі бойынша плаценталық қан айналыс немесе қамтамсыз етілуі кенет өзгеріп, ірі жануардікі тәрізді қызметке ауысады.

Төлдің қаны гемоглобинге бай болады (фетальный Ғ-Hb). Бұл үрдіс 3-айлық жасына дейін жалғсып, ірі жануар гемоглобині тәрізді түріне ауысады (А-Hb, - ге). Ал төлдегі эритроцит көлемінің үлкен болуы арқасында төлде – оттегі жетіспеушілігі туындамайды. Өнімі жоғары малдың төлдерінде бұл ерекшелік айқын байқалады. Лейкоцит мөлшері уыз қабылдағаннан кейін 24/сағ. соң 1,2 ее өседі. g- глобулин (уыздық), 60-күнге одан да артық сақталады. Өзіндік интез 30-50 күннен бастап қалыптаса бастайды.

Лимфа түйінінің қызметі алғашқы уыз қабылдаған соң басталады. Иммундық жүйе – туа сала қызметі қабілетсіз болады. Иммундық жүйе тарапынан: сүйек кемігі (костный мозг), тимус, ккөк бауыр, таңдай (небные миндалины) туғаннан кейін қалыптсады. Арнайы (спецификалық) емес факторлар: комплемент, лизоцим, пропердин. Фагоцитарлық қабілет.

Ветеринариялық тәжірибеде организмнің жалпы иммунологиялық реактивтілігін анықтау тәсілдерінеде әртүрлі әдістемеліктер мен қатар тері рекциялары қолданылып келеді.

Тапсырманы орындаудың әдістемелік нұсқаулығы:

Тәжірибелік сынамадағы глюкозаның құрамы мына формула бойынша есептеледі:

CЕ оп

С оп = --------------

Е ст

Мұндағы Сст-глюкозаның стандарттық концентрациясы (мг/100 мл немесе ммоль/л); Е оп- сынаманың оптикалық тығыздығы; Е ст- стандарттың оптикалық тығыздығы.

Сау ересек малдарда қандағы глюкоза мөлшері мынадай болады ( мг/ 100мл): ІҚМ-40-70, қойда- 35-60, шошқада –45-75, жылқыда-55-75, итте-60-80, тауықта- 80-140.

0,0555 мөлшерде глюкоза концентрациясының көбеюі СИ (ммоль/ л) бірліктегі концентрацияны алады. Глюкоза мөлшері мынадай болады: ІҚМ-2,22-3,88, қойда-2,05-3,33, шошқада-2,5-4,16, жылқыда-3,05-5,27, итте-3,33-4,44, тауықта-4,44-7, 77.

Қандағы глюкоза мөлшерінің көбеюі (гипергликемия) қант диабетінде, В1С гиповитаминозында, бүйрек жетімсіздігінде, нефритте және т. б. байқалады.

Ал қандағы глюкозаның азаюы кетозда, ашығуда, диспепсияда, А-гиповитаминозында, лейкозда, қалқанша бездің қызметінің төмендеуінде, бүйректің қатты зақымдануы және т. б. болуы мүмкін.


Бақылау сұрақтары:

  1. Қан сары суындағы билирубинді анықтау

  2. Қан сары суындағы билирубинді анықтау

  3. Қанның профилінің маңызы


Оқитын тақырып бойынша беттері көрсетілген әдебиеттер тізімі.

Негізгі әдебиеттер:

1. Жануарлар ауруларының клиникалық диагностика. оқу құрал – Алматы, 2007. / М.А. Молдағулов, А.Н. Ермаханов, Ө.К. Есқожаев, А.З. Дюсембаева т.б.

2. Малдәрігерлік тәжірибеде ауруларды анықтау және емдеу техникалары / Қожанов, К.Н. – 2013

Қосымша әдебиеттер:

3. Беляков И.М. Пропедевтика внутренних незаразных болезней животных. – М.: Колос, 1984. – 336 с.

4.Клиническая диагностика внутренних болезней сельскохозяйственных животных.// В.И. Зайцев, А.В. Синев, П.С. Ионов и др. - М.: Колос, 1964

5. Диагностика внутренних болезней домашних животных.// А.В. Васильев – М.: Сельхозиздат,1956


5В120100 «Ветеринариялық медицина» мамандығына арналған

«Ветеринариялық пропедевтика» пәнінен №5 тәжірибелік сабақ


Тақырыбы: Жануарлар өміріндегі жалпы биологиялық мәселелердің негізгі себептерін анықтаудың клиникалық-диагностикалық маңызы.

Қажетті құралдар: Фонендоскоп, плессиметр, балғашық, руминограф, мата.

Жануарлар: Жылқы, сиыр, қой.

Сабақтың мақсаты: Патологиялық үрдістердің білінуі мен дамуының қалыпты кездегіден өзгешелігін анықтауды үйрету. Ондағы әртүрлі клиникалық, биохимиялық және морфологиялық көріністе өтіп, басқадай көріністердің пайда болуымен сипатталынуын түсіндіру. Осыған қажетті көптеген мағлұматты патологиялық физиология ілімінен алуды үйрену. Мысалы, молекулалық патофизиология малдың әртүрлі аурулары кезіндегі жасушалық органелладағы өзгерітерді зерттеп – дұрыс диагноз қоюға және емдеу тиімділігін арттыруға дәйектеме бере алады.

Тапсырманы орындаудың әдістемелік нұсқаулығы:

Қан сарысуындағы билирубиннің мөлшерін анықтау. (Ендрашик, Клеггорн және Гроф бойынша) 3 пробиркаға 0,9 % хлорлы натриймен 2 рет араластырылған 0,5 мл сарысу құяды. 1-інші пробиркаға 1,75 мл кофе реактиві мен 0,25 мл 0,9 % хлорлы натрий ерітіндісін қосып, колориметрлейді, 2-інші пробиркаға (тікелей билирубин) 1,75 мл 0,9 % хлорлы натрий ерітіндісін және 0, 25 мл диазоқоспасын қосып, 5 мин. кейін колориметрлейд; үшінші пробиркаға (жалпы билирубин) 1, 75 кофе ерітіндісін құйып, 0, 25 дизоқоспасын қосып, 20 мин кейін колориметрлейді. Колориметрлеуді жасыл жарық фильтрде 5 мм кюветпен қарсы дистильденген сумен жүргізеді.

Тікелей және жалпы билирубинді зерттеу кезінде алынған оптикалық тығыздық көрсеткіштерінен бақылаудың оптикалық тығыздығының көрсеткіштерін шығарып алады.

Колибрлы кесте бойынша, жалпы және тікелей билирубиннің мөлшерін тауып, (мг/ 100 мл немесе ммоль/ л) ал олардың арасындағы айырмашылықтан тікелей емес билирубиннің мөлшерін (мг/ 100мл немесе ммоль/л ) алады.


Бақылау сұрақтары:

  1. Қан сары суындағы билирубинді анықтау

  2. Несептегі кетон денелерін анықтау

  3. Қарын сөлін анықтау


Оқитын тақырып бойынша беттері көрсетілген әдебиеттер тізімі.

Негізгі әдебиеттер:

1. Жануарлар ауруларының клиникалық диагностика. оқу құрал – Алматы, 2007. / М.А. Молдағулов, А.Н. Ермаханов, Ө.К. Есқожаев, А.З. Дюсембаева т.б.

2. Малдәрігерлік тәжірибеде ауруларды анықтау және емдеу техникалары / Қожанов, К.Н. – 2013

Қосымша әдебиеттер:

3. Беляков И.М. Пропедевтика внутренних незаразных болезней животных. – М.: Колос, 1984. – 336 с.

4.Клиническая диагностика внутренних болезней сельскохозяйственных животных.// В.И. Зайцев, А.В. Синев, П.С. Ионов и др. - М.: Колос, 1964

5. Диагностика внутренних болезней домашних животных.// А.В. Васильев – М.: Сельхозиздат,1956


5В120100 «Ветеринариялық медицина» мамандығына арналған

«Ветеринариялық пропедевтика» пәнінен №6 тәжірибелік сабақ


Тақырыбы: Жұқпалы емес аурулар патогенезіндегі үрдісті қан құрамындағы биохимиялық көрсеткіштер арқылы бағалаудың ветеринариялық-пропедевтикалық методологиясы.
Сабақтың мақсаты: Ветеринариялық пропедевтикалық методология негізінде эндогенді және экзогенді химиялық компоненттерді, клеткалық және клеткадан тыс түзілген биологиялық сұйықтар мен тіндерді зерттей отырып, олардың биологиялық сұйықтық ара қатынасы (қан, сүт, несеп) және т.б тексеру жалпы клиникалық диагностикада өте маңызды мағлұмат беру.

Тапсырманы орындаудың әдістемелік нұсқаулығы:
Тапсырма №1

Қандағы сілті қорын анықтау. Қышқылды сілті тепе-теңдігінің көрсеткіштерін анықтау үшін Астрип әдісін ( 1956), Зиггард Андерсеннің (1963 ) модифицирлеуі бойынша РН мөлшерін, СО2-нің қысымын, сілті қорын, нағыз бикарбонатты, қалыпты бикарбонатты, буферлік негіздерді, плазманың жалпы көміртегі қышқылының мөлшерін анықтау. Қышқылды- сілті тепе-теңдігін қан плазмасындағы сілті қорын Ван –Слайкс әдісі бойынша анықтап, соның нәтижесімен бағалау. Немесе И. П. Кондрахин әдісі бойынша сарысудың мөлшерін белгілеу. Сарысуды вазелин майының астында сақтайды.

Сау малдардағы қан сарысуындағы сілті қорын Ван –Слайкс әдісі бойынша анықтағанда былайша болады: ІҚМ-50-62;

Тапсырма №2

Қан сарысуындағы билирубиннің мөлшерін анықтау. (Ендрашик, Клеггорн және Гроф бойынша) 3 пробиркаға 0,9 % хлорлы натриймен 2 рет араластырылған 0,5 мл сарысу құяды. 1-інші пробиркаға 1,75 мл кофе реактиві мен 0,25 мл 0,9 % хлорлы натрий ерітіндісін қосып, колориметрлейді, 2-інші пробиркаға (тікелей билирубин) 1,75 мл 0,9 % хлорлы натрий ерітіндісін және 0, 25 мл диазоқоспасын қосып, 5 мин. кейін колориметрлейд; үшінші пробиркаға (жалпы билирубин) 1, 75 кофе ерітіндісін құйып, 0, 25 дизоқоспасын қосып, 20 мин кейін колориметрлейді. Колориметрлеуді жасыл жарық фильтрде 5 мм кюветпен қарсы дистильденген сумен жүргізеді.

Тікелей және жалпы билирубинді зерттеу кезінде алынған оптикалық тығыздық көрсеткіштерінен бақылаудың оптикалық тығыздығының көрсеткіштерін шығарып алады.

Колибрлы кесте бойынша, жалпы және тікелей билирубиннің мөлшерін тауып, (мг/ 100 мл немесе ммоль/ л) ал олардың арасындағы айырмашылықтан тікелей емес билирубиннің мөлшерін (мг/ 100мл немесе ммоль/л ) алады.



Бақылау сұрақтары:

  1. Қан сары суындағы жалпы белок;

  2. Белок және фракциялық бөлімдерін зерттеудің клиникалық-диагностикалық маңызы;

  3. Қан жүйесі қызметін бағалу.


Оқитын тақырып бойынша беттері көрсетілген әдебиеттер тізімі.

Негізгі әдебиеттер:

1. Жануарлар ауруларының клиникалық диагностика. оқу құрал – Алматы, 2007. / М.А. Молдағулов, А.Н. Ермаханов, Ө.К. Есқожаев, А.З. Дюсембаева т.б.

2. Малдәрігерлік тәжірибеде ауруларды анықтау және емдеу техникалары / Қожанов, К.Н. – 2013

Қосымша әдебиеттер:

3. Беляков И.М. Пропедевтика внутренних незаразных болезней животных. – М.: Колос, 1984. – 336 с.

4.Клиническая диагностика внутренних болезней сельскохозяйственных животных.// В.И. Зайцев, А.В. Синев, П.С. Ионов и др. - М.: Колос, 1964

5. Диагностика внутренних болезней домашних животных.// А.В. Васильев – М.: Сельхозиздат,1956


5В120100 «Ветеринариялық медицина» мамандығына арналған

«Ветеринариялық пропедевтика» пәнінен №7 тәжірибелік сабақ


Тақырыбы: Қан құрамына әсер етуші факторларды анықтаудың клиникалық-диагностикалық маңызы.

Сабақтың мақсаты: Ветеринрия ғылым мен тәжірибесінде малдар организмінің табиғи резистенттілігі мен иммунобиологиялық реактиввтілігін зерттеуде қлыптасқан көптеген ғылыми ұсыныстар негізінде жас төлдің резистенттілік дәрежесі мен денсаулығын қан мен оның сары суының иммунологиялық көрсеткіштері арқылы бағалау болып табылады.

Тапсырманы орындаудың әдістемелік нұсқаулығы:

Тапсырма №1

Қанның физикалық қасиеттерін анықтау. Қанның салыстырмалы тығыздығын анықтау. Қанның салыстырмалы тығыздығын әрі плазмамен сарысудың салыстырмалы тығыздығын Филлипс әдісімен анықтайды. Мыстың қанық сульфатын дайындау үшін 900гр бес сулы сульфатын ұнтаққа айналдырып үгіп, 1250 мл дистильденген су құйып, әйнек таяқшасымен мұқият 5 мин араластырады. Ерітіндінің температурасын 0,5 С0 дейін анықтап сүзіп алады. Алынған ерітіндіден 1,100 салыстырмалы тығыздығы бар негізгі ерітіндіні жасайды Бұл үшін негізгі ерітіндінің 15гр С0 529 мл алып, дистильденген сумен 1л жеткізеді. Ерітіндінің мөлшері оның температурасына байланысты. Мысалы, 15,5 С гр 525 мл; 160 521; 190 496; 15,50 492гр; 200 488; 20,50 484; 210 480; 21,50 477; 220 473.



Тапсырма №2

Эритроциттердің тұну жылдамдығын анықтау(ЭТЖ). Панчеков әдісін мынадай жолмен жүргізеді. Капиллярға «Р» белгісіне дейін 5 пайыздық натрий цитратының ерітіндісін алып оны сағат әйнегіне үрлейді. Осы капилляр мен қанды 2 рет «К» белгісіне дейін құйып алады да, 2 рет қанды натрий цитратының ерітіндісімен араластыра отырып, сағат әйнегіне үрлейді. Алынған қоспаны капиллярға «К» белгісіне дейін алып, штативке қояды. ЭТЖ- ны 1 сағаттан кейін есептейді.

Сау малдарда ЭТЖ (мм/ с): ІҚМ-0,5-0-1,5; қойда-0,5-1; ешкіде-0,3-1; жылқыда-40-70; шошқада-2-9; итте-2-6; тауықта-2-3.

Неводов әдісі: Эритроседиометрге скальпельдің ұшымен (0,02гр жуық) натрий оксалатын кіргізеді де тамыр қанын «о» белгісіне дейін алады, резеңке қақпақпен жауып, мұқият пробирканы 5- 10 рет төңкере отырып, қанды антикоагулянтпен араластырады. Пробирканы штативке қояды. ЭТЖ-ны плазма бағанының биіктігімен 15, 30, 45, 60 мин. кейін не 24 сағатта есептейді.

ЭТЖ-ның бәсеңдеуі шаршағанда, қатты терлегенде, полиурияда, іш өтуде, шаншуде гастроэнтеритте, механикалық және парехиматоздық сарғаюда, механикалық илеус, инфекциялық энцефаломиелит, стахиботритоксикозде және т.б. болады.
Бақылау сұрақтары:


  1. Қанның биохимиялық құрамының өзгеруі

  2. Қарапайым гиперволемия

  3. Олигоцитемиялық гиперволемия

  4. Полицитемиляық гиперволемия

  5. Эритремия – (Вакез ауруы)

  6. Регенеративтік анемия


Оқитын тақырып бойынша беттері көрсетілген әдебиеттер тізімі.
Негізгі әдебиеттер:

1. Жануарлар ауруларының клиникалық диагностика. оқу құрал – Алматы, 2007. / М.А. Молдағулов, А.Н. Ермаханов, Ө.К. Есқожаев, А.З. Дюсембаева т.б.

2. Малдәрігерлік тәжірибеде ауруларды анықтау және емдеу техникалары / Қожанов, К.Н. – 2013

Қосымша әдебиеттер:

3. Беляков И.М. Пропедевтика внутренних незаразных болезней животных. – М.: Колос, 1984. – 336 с.

4.Клиническая диагностика внутренних болезней сельскохозяйственных животных.// В.И. Зайцев, А.В. Синев, П.С. Ионов и др. - М.: Колос, 1964

5. Диагностика внутренних болезней домашних животных.// А.В. Васильев – М.: Сельхозиздат,1956


5В120100 «Ветеринариялық медицина» мамандығына арналған

«Ветеринариялық пропедевтика» пәнінен №8 тәжірибелік сабақ


Тақырыбы: Ауыл шаруашылығы төлдерінің анатомоморфологиялық және дербес жүйелерінің функционалдық қалыптасуының ерекшелгін анықтаудың тәжірибелік маңызы

Сабақтың мақсаты: Жас төлдердің ішінде аналық малдың жатырында ондағы қажетті жағдайлардың бұзылуынан дұрыс өсіп жетілмеген шал туған төлдер әртүрлі ауруларға жиі шалдығу себептерін анықтау. Төлдің жатырда өсіп даму кезі олардың, өмірге келгеннен кейінгі өсіп жетілуін, сыртқы ортаның қолайыз жағдайын қарсы тұруын анықтау әдістерін үйрену.

Мысалы: төлдердің ауруларының екінші бір ерекшелігі олардың организмінің физиологиялық қызмет атқаруға қалыптасуы үшін белгілі бір уақыт мөлшері болуы керек.



Тапсырманы орындаудың әдістемелік нұсқаулығы:

Тапсырма №1

Төлдердің морфофункциональдық ерекшелігін білу үшін жануардың биологиялық ерекшелігіне тән анатомо-физиологиялық ерекшеліктерді және бағып-күту, азықтандыру жғдайларының – төл организмінің өу және жетілуін қмтамасыз етуіне сәйке мқсатта қарастыру.



Тапсырма №2

Төлдің өсуі кезеңіндегі жыныстық жетілу мерзімі 6-12/ай – бұл мезгілде қаңқа сүйектер және бұлшық еттері қарқынды өсіп, ішкі секреция бездері, алдымен жыныс безі жетілген гормон өндіреді де екіншілік жыныс белгілерінің дамуына мүмкіндік болады. Бұдан кейінгі морфофункциональдық жетілу 18-24/айға дейін жалғасуына ветеринариялық таным негізінде дәйектеме беру.


Бақылау сұрақтары:

  1. Гипотрофиктер;

  2. Нормотрофиктік төлде

  3. Есту аппаратын тексеру.


Оқитын тақырып бойынша беттері көрсетілген әдебиеттер тізімі.
Негізгі әдебиеттер:

1. Жануарлар ауруларының клиникалық диагностика. оқу құрал – Алматы, 2007. / М.А. Молдағулов, А.Н. Ермаханов, Ө.К. Есқожаев, А.З. Дюсембаева т.б.

2. Малдәрігерлік тәжірибеде ауруларды анықтау және емдеу техникалары / Қожанов, К.Н. – 2013

Қосымша әдебиеттер:

3. Беляков И.М. Пропедевтика внутренних незаразных болезней животных. – М.: Колос, 1984. – 336 с.

4.Клиническая диагностика внутренних болезней сельскохозяйственных животных.// В.И. Зайцев, А.В. Синев, П.С. Ионов и др. - М.: Колос, 1964

5. Диагностика внутренних болезней домашних животных.// А.В. Васильев – М.: Сельхозиздат,1956


5В120100 «Ветеринариялық медицина» мамандығына арналған

«Ветеринариялық пропедевтика» пәнінен №9 тәжірибелік сабақ


Тақырыбы: Дербес жүйелер функциясының ауытқуын сараптау.

Сабақтың мақсаты: Жануарлар организмінің дамуы және жалпы құрылымдық қағидаларын қарастыру негізгі функциональдық әрекеттермен дербес жүйелермен олардың қызметі брысындағы өзіндік ерекшеліктерге негізделе отырып оның биологиялық маңыздылығын түсінуге негізделеді. Жануарлар организмінің дамуы және жалпы құрылымдық қағидаларын қарастыру негізгі функциональдық әрекеттермен дербес жүйелермен олардың қызметі брысындағы өзіндік ерекшеліктерге негізделе отырып оның биологиялық маңыздылығын түсінуге негізделеді.

Тапсырманы орындаудың әдістемелік нұсқаулығы:

Тапсырма№1

Жануарларды кешенді түрде клиникалық тексеру әдістемесі.

Ауру малмен алдын -ала танысу. а) тіркеу, б) анамнез.

Өзіндік тексеру.

А) Жалпы тексеру.

Габитусты анықтау.

Көрінетін кілегей қабықтарды тексеру.

Тері және тері туындыларын тексеру.

Лимфа түйіндерін тексеру.

Дене температурасын өлшеу.

Тапсырма№2

Б) Арнайы тексеру

Жүрек-қан тамыр жүйесін тексеру.

Тыныс алу жүйесін тексеру.

Асқорыту жүйесін тексеру.

Зәр шығару және жыныс жүйелерін тексеру.

Жүйке жүйесін тексеру.

Тапсырма№3

В) Ерекше тексеру

Физико-химиялық тексеру.

Микроскопиялық тексеру.

Бактериологиялық тексеру.

Серологиялық тексеру.

Аллергиялық тексеру.
Бақылау сұрақтары:

1) Anamnesis vitae, 2) Anamnesis morbi. Ауру мал туралы мәлімет.

1) жануар қашан және қандай жағдайда ауырды?

2) аурудың қандай белгілері байқалды?

Көру әдісі;

Көру әдістері;

Аускультация.
Оқитын тақырып бойынша беттері көрсетілген әдебиеттер тізімі.
Негізгі әдебиеттер:

1. Жануарлар ауруларының клиникалық диагностика. оқу құрал – Алматы, 2007. / М.А. Молдағулов, А.Н. Ермаханов, Ө.К. Есқожаев, А.З. Дюсембаева т.б.

2. Малдәрігерлік тәжірибеде ауруларды анықтау және емдеу техникалары / Қожанов, К.Н. – 2013

Қосымша әдебиеттер:

3. Беляков И.М. Пропедевтика внутренних незаразных болезней животных. – М.: Колос, 1984. – 336 с.

4.Клиническая диагностика внутренних болезней сельскохозяйственных животных.// В.И. Зайцев, А.В. Синев, П.С. Ионов и др. - М.: Колос, 1964

5. Диагностика внутренних болезней домашних животных.// А.В. Васильев – М.: Сельхозиздат,1956


5В120100 «Ветеринариялық медицина» мамандығына арналған

«Ветеринариялық пропедевтика» пәнінен №10 тәжірибелік сабақ


Тақырыбы: Тыныс алу жүйесінің қызметін тексерудің ветеринариялық-диагностикалық әдістері.

Сабақтың мақсаты: Тыныс алу жүйесінің функциональдық қабілетін тексерудің клиникалық-диагностикалық түрлерін игеру.

Тапсырманы орындаудың әдістемелік нұсқаулығы:

Тапсырма №1

Тыныс алу жүйесін тексеру әдістері:

а) мұрын ақпасының және шығарылатын ауаның түрін анықтау;

б) мұрын қуысының кілегей қабатын тексеру;

в) жылқы ауақабының маңдай және үстіңгі жақ қуыстарының шекарасын анықтау;

Тапсырма№2

г) қосалқы қуыстарды көру, сипалау, нұқу арқылы тексеру:

д) жылқы ауақабын тексеру:

е) көмекей мен кеңірдекті көру, сипалау және риноскоп, ларингоскоп құралдары арқылы тексеру;



Тапсырма№3

ж) жөтел мен қақырықты тексеру;

з) қалқанша безін (орнын, көлемінің, тығыздығының, қозғалғыштығының өзгерісін) тексеру.

Бақылау сұрақтары:


  1. Ринит, бронхит, пневмония, қосалқы қуыстардың қабынуы, өкпе ісінуі, ларинго-фарингит кезінде мұрын ақпасы үнемі немесе кезеңмен сірлі, сірлі-іріңді немесе шірікті ағынды түрінде бөлінулері.

  2. Шығарылатын ауаны тексергенде оның күшін, температурасын, иісін ( өкпе гангренасында жағымсыз иіс, кетоз кезінде ацетон иісі, уремия кезінде аммиак иісі) анықтау.

  3. Жылқылардың маңдай және үстіңгі жақ қуыстарының топографиялық шекараларын анықтау.

  4. Жөтелді зерттегенде оның күшіне,жиілілігіне, ұзақтығына және жөтелдің табиғатын бағалау (бронхит, трахеит кезінде- жаңғырған, пневмония кезінде –глухой, плеврит, өңеш қабынуы, бронхит және плевропневмония кезінде ауырсынудың байқалуы).

  5. Палипноэ, Олигопно.

  6. Кусемаульдық, Биоттік, Чейн-Стокс тыныс алу, Грокктың дислоцирленген тыныс алуы, Ентігу (диспноэ), Экспираторлық ентігу, Аралас ентігу дем алу, Топас дыбыс (экссудатты плеврит, крупозды пневмония, контагиозды плевропневмония) Тимпаникалық дыбыс (беткі орналасқан ауалық қуыстар- каверна, бронхоэктази, пневмоторкас).

  7. Металлдық дыбыс (каверна) диафрагма жарығы).

  8. Шытынаған құмыра дыбысы (каверна, ашық пневмотораксте).


Оқитын тақырып бойынша беттері көрсетілген әдебиеттер тізімі.
Негізгі әдебиеттер:

1. Жануарлар ауруларының клиникалық диагностика. оқу құрал – Алматы, 2007. / М.А. Молдағулов, А.Н. Ермаханов, Ө.К. Есқожаев, А.З. Дюсембаева т.б.

2. Малдәрігерлік тәжірибеде ауруларды анықтау және емдеу техникалары / Қожанов, К.Н. – 2013

Қосымша әдебиеттер:

3. Беляков И.М. Пропедевтика внутренних незаразных болезней животных. – М.: Колос, 1984. – 336 с.

4.Клиническая диагностика внутренних болезней сельскохозяйственных животных.// В.И. Зайцев, А.В. Синев, П.С. Ионов и др. - М.: Колос, 1964

5. Диагностика внутренних болезней домашних животных.// А.В. Васильев – М.: Сельхозиздат,1956


5В120100 «Ветеринариялық медицина» мамандығына арналған

«Ветеринариялық пропедевтика» пәнінен №11 тәжірибелік сабақ


Тақырыбы: Жүрек қан-тамыр жүйесі қызметін тексерудің клиникалық-диагностикалық әдістерін меңгеру

Сабақтың мақсаты: Жүрек қызметінің жеткілісіздігін жүрек қызметінің жеткілісіздігі. Клиникалық белгілер: цианоз, веналық қан амырларындағы қан қысымының жоғарылауы, қан тамырларының соғысының жиілеуі және әлсіреуі, ентігу сияқты өзгерістердің байқалуын анықтауды игеру.

Тапсырманы орындаудың әдістемелік нұсқаулығы:

Тапсырма№1

Жүрек дүрсілі аймағын көру және сипау.

Жүрек аймағын малдың алдыңғы сол жақ аяғын алдыға жылжыту арқылы тексереді. Көкірек қуысының төменгі 1/3 бөлігін 3-6 қабырға аралығында көру және сипау арқылы көкірек қуысының тербелмелі қозғалыстарын немесе түктердің тербелісін байқайды. Жүрек аймағын сипағанда көкірек қуысының тербелісі сезіледі.

Көру және сипау арқылы жүрек шекарасын анықтауды үйрету. Көру және сипау арқылы жүрек дүрсілін анықтауды және нұқу арқылы жүрек шекарасын анықтауды үйрету.



Жүрек дүрсілі – қарынша систоласымен бір уақытта көкірек қуысының қабырғасының қайталанып шығып отыруы. Жүрек дүрсілінің ең айқын білінетін орны : ірі қара малда – сол жақтан 4-ші қабырға аралығында, шынтақтан 2-3 см жоғары, ауданы 5-7 см2 ; ұсақ малдарда: ірі қара малдардікі сияқты; жылқыда – сол жақтан 5-ші қабырға аралығында, ауданы 4-5 см2 ; шошқада- сол жақтан 4-ші қабырға аралығында, ауданы 2-4 см2 ;

Тапсырма№2

Жүректі нұқу. 1. Салыстырмалы тұнық- бұл жүректің төске тиіп, өкпемен жабысып тұрған бөлігі. Нұқу кезінде топастау дыбыс естіледі.

2. Абсолютті тұнық - өкпенің жүрек сайында орналасқан, төске жанасып тұрған бөлігі. Нұқу кезінде топас дыбыс естіледі.

Жүрек шекарасын 2 сызық бойынша табады:

Жауырынның артқы бұрышынан шынтақ төмпешігіне дейін.

2. Шынтақ төмпегінен артқа қарай және жоғары 45° бұрышты мықынға дейін.

Ірі қара малда салыстырмалы тұнықтың жоғарға шекарасы иық буыны деңгейінде, ал артқысы –5-ші қабырғаға жетеді.

Қой мен ешкіде жоғарға шекарасы иық буынынан төменірек, артқы шекарасы 5-ші қабырғаның алдыңғы шетіне жетеді, ал алдыңғы шекарасы –3-ші қабырға аралығында орналасқан.

Жылқыда жоғарға шекарасы иық буыны сызығынан 2-3 см төмен, артқы шекарасы –6-шы қабырғаға жетеді.

Шошқада – жоғарғы шекарасы –иық буынының үшбұрыш пішінді болады. Алдыңғы шекарасы анкомеус сызығы бойымен жүреді, артқы шекарасы- доға тәріздес жоғарыдан төмен қарай 3-ші қабырға аралықтан 6-шы қабырға шетіне жетеді, ал төменгі шекарасы кеуде сүйегінің және бұлшықетінің тұнығына ауысады. Үшбұрыш биіктігі 3-ші қабырға аралықта 10-13 см болады.

Тапсырма№3

Жүрек саздары. Систолалық саздың пайда болуына негізінен атровентрикулярлы клапандар қатысады. Қарыншалардың ситолсы кезінде атриовентрикулярлы клапандар жабылып, олардың жармалары (створкалары) мен оған бекітілген жіпшелер тербеліі 1-ші сазды береді. Сонымен қатар 1-ші тонның пайда болуына қарыншлар бұлшық етінің жиырылуы кезінде пайда болатын дыбытық құбылыстар да қатысады.

Өзінің дыбыстық ерекшеліктері бойынша 1-саз созылыңқы және төмен болады. Диастолалық саз - қарыншалардың диастоласының басында протодистолалық фаза кезінде, айшық клапандардың жабылуы кезінде пайда болады. Осы кезде қақзпақшалар жармаларының тербелісі дыбыстық құбылыстардың көзі болып табылады. Дыбыстық сипаттамалары бойынша 2-ші саз қысқа және жоғары. Жүректің жұмысын онда пайда болатын электрлік құбылыстар бойынша да жормалдауға болады.


Бақылау сұрақтары:

1. Перикардитте, плевритте, пневиотораксте, гидротораксте жүрек дүрсілінің ығысыуы болады.

2. Өкпе эмфиземасында, плевритте, перикардитте жүрек дүрсілінің әлсізденуі болады.

3. Қызбада, перикардитте, инфекциялық ауруларда, улануда жүрек дүрсілінің кұшеюі болады.

4. Плевритте, перикардитте, перноститте, миозитте жүрек аймағының ауырсынуы болады.
Оқитын тақырып бойынша беттері көрсетілген әдебиеттер тізімі.
Негізгі әдебиеттер:

1. Жануарлар ауруларының клиникалық диагностика. оқу құрал – Алматы, 2007. / М.А. Молдағулов, А.Н. Ермаханов, Ө.К. Есқожаев, А.З. Дюсембаева т.б.

2. Малдәрігерлік тәжірибеде ауруларды анықтау және емдеу техникалары / Қожанов, К.Н. – 2013

Қосымша әдебиеттер:

3. Беляков И.М. Пропедевтика внутренних незаразных болезней животных. – М.: Колос, 1984. – 336 с.

4.Клиническая диагностика внутренних болезней сельскохозяйственных животных.// В.И. Зайцев, А.В. Синев, П.С. Ионов и др. - М.: Колос, 1964

5. Диагностика внутренних болезней домашних животных.// А.В. Васильев – М.: Сельхозиздат,1956


5В120100 «Ветеринариялық медицина» мамандығына арналған

«Ветеринариялық пропедевтика» пәнінен №12 тәжірибелік сабақ


Тақырыбы: Жануарлардың биологиялық ерекшеліктеріне байланысты ас қорыту жүйесін тексеру әдістері.

Сабақтың мақсаты: Жануарлардың құрсақ қуысы мүшелерінің топографиясы. Ас қорту жүйесінің ауруларының негізгі белгілерін анықтау. Асқорыту аппаратын клиникалық тексеру жануардың азық пен суды қабылдауын бақылау.

Тапсырманы орындаудың әдістемелік нұсқаулығы:

Тапсырма№1

1. Құрсақ қуысы мүшелерін тексеру

2. Мес қарынды тексеру

Сол жақ аштық қуыспен сол жақ мықынды қарау кезінде іштің көлемі мен пішінінің өзгерісіне көңіл аударады. Мес қарынды сипалау арқылы оның сезімталдығын анықтайды. Мес қарынның 2 минут ішіндегі жиырылуын санайды. Нұқу арқылы сау жануардың сол аштық қуыстың аймағында тимпаниялық дыбыстың бар-жоғына және оның өзгерісіне назар аударады. Тыңдау арқылы мес қарынның жиырылуымен сәйкес келетін тұйық шулардың күшін, жиілігін және ұзақтығын анықтау.



Тапсырма№2

2. Тақия қарынды тексеру

Ірі қара малдың тақия қарынының негізгі ауруы-травматикалық радикулит. Оны анықтау үшін келесі әдістер қолданылады:

а) төс сүйектің семсер тәрізді өсіндісі аймағына қысым түсіру арқылы;

б) шоқтық аймағының терісін қатпар қылып бір орынға жинау арқылы;

в) көкірек қуысының бүйір бетін басу арқылы;

г) диафрагманың беку сызығы бойымен нұқу арқылы;

д) жануарды еңіске түсіріп жүргізу арқылы;

е) пилокартин және т.б. заттарды тері астына егу арқылы.



Тапсырма№3

3. Кітапша қарынды тексеру

Сипалау, нұқу, тыңдау әдістері қолданады. Сипалау кезінде кітапша аймағын жұдырықпен басу арқылы ауырсынуды анықтайды. Ауырсынғанда жануар қыңсылайды, мөңірейді, қашуға ұмтылады.

Нұқу кезінде сау жануарларда топастау немесе топас дыбыстың бар-жоғын және кітапша бітеліп қалған жағдайда ауырсынуын анықтайды. Кітапшаны тыңдау арқылы сау малдарда сықырлаған дыбыстың бар-жоғын және ол дыбыстың кітапша бітеліп қалғанда жоғалуын анықтайды.

4. Ұлтабарды тексеру

Сипалау кезінде ұлтабар қабынуы, жара, улану және т.б. ауруларда ауырсынудың бар – жоғын анықтайды.


Бақылау сұрақтары:

      1. Құрсақ қуысы мүшелерінің топографиясы.

Мес қарынды тексеру

    1. Тақия қарынды тексеру

    2. Кітапша қарынды тексеру

    3. Ұлтабарды тексеру


Оқитын тақырып бойынша беттері көрсетілген әдебиеттер тізімі.
Негізгі әдебиеттер:

1. Жануарлар ауруларының клиникалық диагностика. оқу құрал – Алматы, 2007. / М.А. Молдағулов, А.Н. Ермаханов, Ө.К. Есқожаев, А.З. Дюсембаева т.б.

2. Малдәрігерлік тәжірибеде ауруларды анықтау және емдеу техникалары / Қожанов, К.Н. – 2013

Қосымша әдебиеттер:

3. Беляков И.М. Пропедевтика внутренних незаразных болезней животных. – М.: Колос, 1984. – 336 с.

4.Клиническая диагностика внутренних болезней сельскохозяйственных животных.// В.И. Зайцев, А.В. Синев, П.С. Ионов и др. - М.: Колос, 1964

5. Диагностика внутренних болезней домашних животных.// А.В. Васильев – М.: Сельхозиздат,1956


5В120100 «Ветеринариялық медицина» мамандығына арналған

«Ветеринариялық пропедевтика» пәнінен №13 тәжірибелік сабақ


Тақырыбы: Жануарлардың биологиялық несеп-жыныс жүйелерін тексерудің клиникалық-диагностикалық әдістерін меңгеру

Сабақтың мақсаты: Зәр жүйесін бүйрек, несеп ағар, қуық, несеп бөлгіш канал – уретраны тексерудді үйрену.

Тапсырманы орындаудың әдістемелік нұсқаулығы:

Тапсырма№1

Несеп шығару жүйесін тексеру. Зәр жүйесін бүйрек, несеп ағар, қуықты тексеру. Несептін бөліну процессы бүйректін нефроныңда болады. Нефрон- мальпигий денешігі мен бүйрек каналшаларынан тұрады.

Несеп шыгару процесс екі бөлімнен түрады: 1.бүйректін түйіндлерінде қанның плазмадан ультра түзілеу бойынша бірінші несептің шығуы. 2. бүйректін жолдарыңда екінші несептің қалыптасуы.

Несеп жүйесінің органдары үш негізді қызметтерді орындайды : 1.організмін ішкі түрақтылығың қамтамасыз етеді.2 зат алма судың ақырғы заттарды жояды. 3. ішкі секрецияны қамтамасыз етеді.

Жоспар. Қуық - /vesica urinaria/ Несеп түтігі арқылы бүйректен келіп құйылған несеп жиналатын, жамбас құйысында орналасқан, кілегейлі, етті, сыртқы қабықтардан тұратын қап тәрізді етті орган. Осыған орай: тело М.П.- қуық белі; вершина М.п.- қуық төбесі; шейка М.П.- қуық мойыны. Қуықты нұқу арқылы терсереді. Ірі қара малдарда, қоймен, ешкіде қуықты тік ішек арқылы зертейді.



Тапсырма№2

Несеп шыгару процессін тексеру: 1.бүйректін түйіндлерінде қанның плазмадан ультра түзілеу бойынша бірінші несептің шығуы. 2. бүйректін жолдарыңда екінші несептің қалыптасуы.

Несеп жүйесінің органдары үш негізді қызметтерді орындайды : 1.організмін ішкі түрақтылығың қамтамасыз етеді.2 зат алма судың ақырғы заттарды жояды. 3. ішкі секрецияны қамтамасыз етеді.

Жоспар. Қуық - /vesica urinaria/ Несеп түтігі арқылы бүйректен келіп құйылған несеп жиналатын, жамбас құйысында орналасқан, кілегейлі, етті, сыртқы қабықтардан тұратын қап тәрізді етті орган. Осыған орай: тело М.П.- қуық белі; вершина М.п.- қуық төбесі; шейка М.П.- қуық мойыны. Қуықты нұқу арқылы терсереді. Ірі қара малдарда, қоймен, ешкіде қуықты тік ішек арқылы зертейді.



Тапсырма№3

КАТЕТЕРИЗАЦИЯ- КАТЕТЕРДІ ҚУЫҚА ЕНГІЗУ. Катетерлар металды, резинке, пласмасс әртүрлі малдарға қолданылады. Ұрғашы малдарға- металды катетер қолданылады, еркек малға- эластикалық /резинке, пласмасс/ катетермен жүмыс сітейді /қолданылады/.

Малға катетризацияны қолданады - Қуықты кернеген несепті ағызып жіберу үшін, несеп жолына дәрі енгізу, қынап, жатыр, желін үрпісі сияқты органдарды ішін жуып-шаю үшін, т.б. мақсаттармен қолданылытын амал.

ЦИСТОСКОПИЯ- / грек. kystis- қуық, skopeo-қараймыз, зерттейміз/. Қуықтың ішін арнаулы аспап- цископпен зертеу. Ұрғашы малдарда цистоскопты қолданылады. Еркек малда қолданбайды.

Уретраны тексеру. Грек. Urethra - несеп каналы. Қуықтан шыққан несеп жүретін жол /түтік/. Уретраны қөру, сипау және катетеризация арқылы тексереді.

Қөру арқылы кілегей қабықтарына және бөлудың сипатына көңіл боледі. Қуық мойынан басталып, қасаның басында /еркек малда/не қынап пен қынап кіре берісінде аяқталатын несеп жол көніл боледі.

Несеп зертеу. 1. Мөлшерін.2.Цвет- түсі. 3. Түсін- Несеп мөлдір түсті. Прозрачность мочи. 4.Қурамы- Консистенция мочи. 5. Несептін ісі. 6. Относительная плотность мочи.7. Химиялық зертеу.- химические исследования.

Зәрдің тәуліктік мөлшері: ірі қарада – 6-12 л, жылқыда – 3-6 л, шошқада – 2-4 л, түйеде – 8-15 л, қой мен ешкіде – 1,5-2 л, итте – 0,5-1 л (адамда – 0,8 л).

Зәрде қанға қарағанда мочевина 70, аммиак 40, фосфаттар 30, зәр қышқылы 25 есе көп.
Бақылау сұрақтары:


  1. Полиурия, Олигурия, Олигурия;

  2. ИШУРИЯ Ischuria;

  3. ЭНУРЕЗ;

  4. НИКТУРИЯ;

  5. ЦИСТОСКОПИЯ.


Оқитын тақырып бойынша беттері көрсетілген әдебиеттер тізімі.
Негізгі әдебиеттер:

1. Жануарлар ауруларының клиникалық диагностика. оқу құрал – Алматы, 2007. / М.А. Молдағулов, А.Н. Ермаханов, Ө.К. Есқожаев, А.З. Дюсембаева т.б.

2. Малдәрігерлік тәжірибеде ауруларды анықтау және емдеу техникалары / Қожанов, К.Н. – 2013

Қосымша әдебиеттер:

3. Беляков И.М. Пропедевтика внутренних незаразных болезней животных. – М.: Колос, 1984. – 336 с.

4.Клиническая диагностика внутренних болезней сельскохозяйственных животных.// В.И. Зайцев, А.В. Синев, П.С. Ионов и др. - М.: Колос, 1964

5. Диагностика внутренних болезней домашних животных.// А.В. Васильев – М.: Сельхозиздат,1956


5В120100 «Ветеринариялық медицина» мамандығына арналған

«Ветеринариялық пропедевтика» пәнінен №14 тәжірибелік сабақ


Тақырыбы: Зат алмасу үрдістерін тексерудегі физиологиялық-клиникалық көрсеткіштерінің және биогеоценоздық зерттеудің диагностикалық маңызы.

Сабақтың мақсаты: Зат алмсу үрдісі барысында организмге түскен әртүрлі зттардың ақтық өнімге дейін ыдырыап, бөлінуін бағалау. Резорбция – қоректі заттардың организмге сіңуі (ішек шырышты қабықтары). Аралық алмасу – ферментті және нейрогуморальдық реттелу жолы арқылы жауша ішілік үрдістердің синтезі және ыдырауы нәтижесінде жүзеге асырылып жатады. Ақтық өнімнің шығарылуын бағалау.

Тапсырманы орындаудың әдістемелік нұсқаулығы:

Тапсырма№1

Заттардың алмасуының бұзылуынан болатын ауруларды олардың себептері мен басымырақ клиникалық өзгерістерін бағалау.

1. Организмдегі негізгі заттардың /көмірсутегі, май, белок/ алмасуларының бұзлуының басымрақ болуы / майлану, алиментарлы дистрофия, кетоз, миоглобинурия, гипогликемия/;

2. Минералды заттардың асмасуының бұзылуының басымрақ болуы /сүйек дистрофиясы, гипомагнемия/;

3. Микроэлементтердің жеткіліксіздігінен немесе олардың организмге қалыптан тыс артық түсуінен болатын арулар. Бұл аурулар белгілі бір биогеохимиялық зоналарда кездеседі /гипокобальтоз, гипокупороз, еттің ағарып ауруы, цинктің, йодтың, марганецтің жеткіліксіздігі, бордың, селеннің, никельдің, молибденнің көп болуы/:

4. Гиповитаминодар/ретинолдың, кальцийферолдың, токоферолдың, аскорбин қышқылының, тиаминнің, цианкобаламиннің және т.б. витаминдердің жеткіліксіздіктері/.



Тапсырма№2

Белок алмасулар патологиясын бағалау.

Белоктың қорытылуы – ақазан өлінен бастау алады. Рациондағы белоктық тапшылықтың пайда болуы, тоқтаусыз құсу, жара (язвення) ауруы, өңеш стенозы т.б.

Жүйке жүйесінің зақымдануына байланысты азықтанбауы. Зық құрамындағы белоктың толық қорытылмауы, сіңірілмеуі, (диарея, дисфункция, а қорыту бездері). Тәбет төмендеуі (гастрит, колит, гепатит, язва).

Жоғары белоктық алмасу – буаздық, лактация, стресс-реакция, гипертиреоз, зілді ісіктер. Сондай-ақ тіндегі белок синтезделуінің бұзылуы (әсіресе бауырдағы). Гиперпротеинемия – төлдерд: эжксикозда, дирея, құсу, суыз диета т.б.

Гипопротеинемия – ұзақ ашығудан, диареяда күйік шалуда, нефроз, (протеинурия), қансырауда, гепатит және гепатозда.

Қан плазмындағы белоктың жоғарлауы глобулиндік фракцияға тәуелді, бұл – ретикулоэндотелиальды жүйенің тітіркенуінен (раздражения) патогенездік жағдайды көрсетеді.

Альбумин негізінен соматикалық және пластикалық функцияны атқарады. Ал, гаммма глобулин күйзелістік, қарқынды қабынуда (лихорадк, жарақат (травма) күйік, созылмалы инфекцияда пада болса, бета- глобулиннің ртуы көбінесе бауырдың сары дистрофиясында, нефротикалық синдромда, периртрит, пиелонефрит, нефроз, диабетте байқалады. Гамма – глобулин негізінен иммундық рөл (иммуноглобулин және аннтидене бөлу) атқарады.

Организм қандай да бір патологиялық немесе жабығу жағдайына душар болған кезде осы негізгі көрсеткіштерді анықтаудың және ол өзгерістерді саралаудың маңызы өте зор болып табылады.



Тапсырма№3

Фосфор калций алмасулар патологиясы салдарынан негізінен - СҮЙЕК ДИСТРОФИЯСЫ пайда болып, баты себеп, ірі малдардың организімде кальцийдің, фосфордың, кальцийферолдың асмасуларының бұзылуы салдарынын сүйектерде дистрофиялық өзгерістердің/остеомаляция, остеопороз, остеофиброз/ болуымен сипатталатын созылмалы ауру.
Бақылау сұрақтары:

  1. Белок, көмірсу алмасулар патологиясы.

  2. Фосфор калций алмасулар патологиясы

  3. Зат алмасуы дегеніміз.

  4. Минералды заттардың асмасуының бұзылуы.

  5. Микроэлементтердің жеткіліксіздігі.

  6. Гиповитаминоздар/ретинолдың, кальцийферолдың, токоферолдың, аскорбин қышқылының, тиаминнің, цианкобаламиннің және т.б. витаминдердің жеткіліксіздіктері/.


Оқитын тақырып бойынша беттері көрсетілген әдебиеттер тізімі.
Негізгі әдебиеттер:

1. Жануарлар ауруларының клиникалық диагностика. оқу құрал – Алматы, 2007. / М.А. Молдағулов, А.Н. Ермаханов, Ө.К. Есқожаев, А.З. Дюсембаева т.б.

2. Малдәрігерлік тәжірибеде ауруларды анықтау және емдеу техникалары / Қожанов, К.Н. – 2013

Қосымша әдебиеттер:

3. Беляков И.М. Пропедевтика внутренних незаразных болезней животных. – М.: Колос, 1984. – 336 с.

4.Клиническая диагностика внутренних болезней сельскохозяйственных животных.// В.И. Зайцев, А.В. Синев, П.С. Ионов и др. - М.: Колос, 1964

5. Диагностика внутренних болезней домашних животных.// А.В. Васильев – М.: Сельхозиздат,1956


5В120100 «Ветеринариялық медицина» мамандығына арналған

«Ветеринариялық пропедевтика» пәнінен №15 тәжірибелік сабақ


Тақырыбы: Гиповитаминоздық жағдайдың негізгі себептеріне байланысты жануарлардың биологиялық ерекшеліктеріне сәйкес клиникалық-диагностикалық тексеру әдістерін меңгеру.

Сабақтың мақсаты: Гиповитаминоздық жағдайда витамин түрінің жетіпеушілігіне байланысты әртүрлі үрдістер байқау. Гиповитаминоздық жағдайда витамин түрінің жетіпеушілігіне байланысты әртүрлі үрдістер байқау.

Тапсырманы орындаудың әдістемелік нұсқаулығы:

Тапсырма№1

А – гиповитаминоз азықпен (провитамин А) каротиннің жеткіліксіз түуінен туындайтын патологиялық жағдай. Бұл белок синтезінің бұзылуына әкеп соқтырады да бұдан келіп, бауыр тініндегі альбумин синтезінің қарқыны төмендейді. Гиповитаминоз А – жағдайында асқазан сөлінің бөлінуі нашарлайды, ішектің шырышты қабығының функциясы төмендейді. Сондай-ақ несеп бөлу және жыныс жүйеінің функциясы да нашарлайды.

Жалпы гиповитаминоз А – төлдерде жиі кездеседі. Онда көру қабілеті нашарлап, анемия пайда болып, өсуі және дамуы төмендеп, инфекциялық аурулардың пайда болуы туындайды.

Авитаминоздың айқын белгіінде қанда глюкоза деңгейі төмендеп, каталаза белсенділігі жоғарлайды. Қан сары суында аазот қалдығы бірнеше ее жоғарлайды ал, жалпы белок және альбумин төмендейді.



Тапсырма№2

Ірі қара малдарындағы жайылымнан болатын тетанияны анықтау. Аурудың сипатталуы жүйке бұлшық ет қозуының басымдылығымен және қан құұқрамыныңың электролитті күйінің өзгеруімен сипатталады. Аурудың тіркелуі жайылымға алғаш шыққан 4-5 апта аралығында жиі тіркеледі. Бұл жағдайдың дамуында азықпен калий тызының шамадан артық түсуінен магний және кальций балансының өзгеруінен организмдегі магшнийдің төмендеуіне әкеп соғады. Негізгі имптомдар үрку, тәлтіректеп жүру, бұлшық еттеің фибриллярлы тартылуы, тамыр соғу және тыныс алудың жиілеуі, дене қызуының жоғарылауы, жиі зәр бөлу, тәбеті төмендейді.

Аурудың ауыр түрінде – күшті қозу, талықсып құлау болады ауруды құтырық, кетоз және туғаннан кейінгі болатын талықсудан ажырату қажет.



Бақылау сұрақтары:

  1. Гиповитаминоздық жағдай

  2. А – гиповитаминоз

  3. Ірі қара малдарындағы жайылымнан болатын тетания


Оқитын тақырып бойынша беттері көрсетілген әдебиеттер тізімі.

Негізгі әдебиеттер:

1. Жануарлар ауруларының клиникалық диагностика. оқу құрал – Алматы, 2007. / М.А. Молдағулов, А.Н. Ермаханов, Ө.К. Есқожаев, А.З. Дюсембаева т.б.

2. Малдәрігерлік тәжірибеде ауруларды анықтау және емдеу техникалары / Қожанов, К.Н. – 2013

Қосымша әдебиеттер:

3. Беляков И.М. Пропедевтика внутренних незаразных болезней животных. – М.: Колос, 1984. – 336 с.

4.Клиническая диагностика внутренних болезней сельскохозяйственных животных.// В.И. Зайцев, А.В. Синев, П.С. Ионов и др. - М.: Колос, 1964

5. Диагностика внутренних болезней домашних животных.// А.В. Васильев – М.: Сельхозиздат,1956



Б) зертханалық сабақтар:
5В120100 «Ветеринариялық медицина» мамандығына арналған

«Ветеринариялық пропедевтика» пәнінен №1 зертханалық сабақ


Тақырыбы: Клиникалық тексерудің жалпы әдістерінің зертханалық методологиясын меңгеру

Сабақ мақсаты: Организмге әсер ететін ішкі және сыртқы орта әсерлері тарапынан туындайтын клиникалық, физиолого-биохимиялық морфофункциональдық және басқадай заңдылықтар динамикасын бағалау және алынатын эксперимент нәтижесін сараптауды оқыту. Биология және ветеринария салаларында кеңінен жүргізілетін зерттеулер мен лабораториялық зерттеулермен рентгенография, фоноэлектрография, эндоскопия, қанды, несепті, нәжісті, асқазан, ұлтабарды қарын сөлдерін физикалық-химикалық және микроскопиялық зерттеулердің маңыздылығы мен бағалылығын зерттеудің әдістемеліктерін меңгерту. Пән бағдарламасының оқу барысында аспаптар мен құралдарды, биологиялық материалдарды, антикоагулянттарды, консерванттарды және т.б. заттарды алу, сақтау, тасымалдау мәселелерін дұрыс шешу методологиясын үйрету. Заманауи құрал, аспаптармен жұмыс істей алуды көрсету. Заманауи құрал, аспаптармен жұмыс істей алуды көрсету;

- Организмдегі маңызды функционалдық үрдістердің теориялық биологиялық негіздемесін түсіндіру.


Зертханалық сабаққа рұқсат беру үшін сұрақтар:

Лабораторияда жұмыс істеу алдында оқытушы жалпы қауіпсіздік ережелері, жеке құралдармен дұрыс жұмыс істеу, құрылғылар, химиялық реактивтер және өрттің алдын-алу шаралары бойынша нұсқаулар жүргізеді. Содан кейін студеттер нұсқауды жүргізілген күні мен оқутушының аты-жөні жазылған арнайы журналға қол қояды.

Құралдар мен құрылғылар жиналып, химиялық реактивтер мен сабақта қолданылатын ыдыстар тексерілгеннен кейін жұмыс істеуді бастайды.

Сабақтың соңыңда жұмыс орынын, құралдарды, құрылғыларды, химиялық ыдыстарды жинастырып лаборантқа өткізеді.

Сабақтың барысында студенттер қауіпсіздік ережелерін және санитарлық- гигиеналық нормаларды қатаң сақтаулары керек:


  • Клиника лабораториясында жұмыс істеудегі техника қауіпсіздік ережелеріне және еңбек қорғауға институттің мүдірі мен кафедра меңгерушісі жауапты;

  • Лабораторияда жұмыс істегенде міндетті түрде ақ халат пен қалпақ кию керек;

  • Шыны ыдыстармен абайлап жұмыс істеу керек;

  • Концентрациялы химиялық реактивтерді қолмен ұстайуға болмайды;

  • Сынық , жарылған ыдыстарды жұмыс істеуге болмайды;

  • Лабораториялық жұмыстарды жүргізіп болған соң барлық құрылғыларды тоқтан ажырату керек;

  • Студенттер нәтижесі белгілі және оқытушы рұқсат еткен лабораториялық эксперименттерді жасау керек;

  • Студенттер лабораторияда жеке бас тазалығы ережелерін сақтау керек;

  • Сабақ уақытында тамақ ішуге, темекі тартуға, арнайы киімді шешуге болмайды;

Лабораторияға арнайы киімсіз кіруге, киім ауЫстыруға болмайды.
Эксперименттік жұмыстарды жүргізу және алған мағлұматтарды өңдеу бойынша әдістемелік нұсқаулықтар:

Лабораториялық жануарлармен жұмыс істеудің негізгі ережелері

Лабораториялық жануарларға операция жасағанда, инъекция енгізгенде, қансыздандырғанда, фистулалар мен датчиктер орнатқанда ауырсыну болмау үшін, жергілікті жансыздандырғыш немесе жалпы есірткі заттар пайдалану керек.



Бекіту әдістері. Ұсақ лабораториялық жануарларды бекіту үшін жәшіктер пайдаланады. Оның үлкендігі жануардың көлеміне сәйкес болады. Жануарларды қолмен ұстауға да болады. Қояндармен теңіз шошқаларын көмекші үстелдің үстінде, тізесінде немесе қолында жұмыс істеуге ыңғайлы қалыпта ұстайды. Итті тексерген кезде, қандай жуас ит болмасын оған томаға кигізу қажет, егер олар жоқ болса, онда иттің жағын жіңішке жіппен буып, түйіннің ұшын желкенің мойнынан байлау керек.
Мазмұнды бейінлейтін негізгі кестелер, формулалар және т.б

өзін-өзі текеру үшін және зертханалық жұмыстарын қорғау сұрақтары.

Тапсырма №1

Зертханалық тексеруге әртүрлі жануарлардан қан алу әдістерін иеңгеру.

Қан алу.

Аз мөлшердегі қанды құлақтың ұсақ тамырларынан алуға болады, үрпек жүнді жануарлардан құлақтың ұшынан, алақаннан, үйректер мен қаздардың жұмсақ табанынан, тышқандардан құйрығынан қан алады.

Ірі қара мал, қой, ешкі, жылқы, түйе, бұғының мойындырық тамырынан алады. Шошқаларда құйрығынан, құлақтың ірі тамырынан, венозды көз қуысынан, иттерде сафен тамырынан немесе иық алды тері асты тамырларынан, ақ түлкі мен түлкілерде плантарлық венадан, қояндарда құлақ тамырынан, теңіз шошқасында жүректен, тауықтарда қанаттың ішкі бөлігінің вена қан тамырынан немесе жүректен алады.

Қан алатын жердің жүнін қырқып, терісін спирт немесе эфир спиртіне малынған мақтамен сүртеді.



Тапсырма №2

Қан алу.



Капиллярлық қан алғанда теріні Франк инесімен немесе инъекциялық инемен тесіп алады. Қанның бірінші тамшысын мақтамен сүртіп, келесісін анализге алады.

Яремдік тамырдың қанын қан жіберетін инелер арқылы жоғары мойынның ортасына өту жерінен алады. Сол қолдың үлкен саусағымен, резеңкемен, арнайы қысқышпен немесе басқа құралдармен мойынның ортасындағы тамырды қысады. Қан алуды жеңілдету үшін түрлі құралдар пайдаланылады. Қан ұйып қалмас үшін (10 мл қанға есептеп) оған 30мл натрий цитратын, 15 мл натрий оксалатын, 50 ЕД гепарин немесе 10 пайызды трилон Б ерітіндісінің төрт тамшысын қосады.
5В120100 «Ветеринариялық медицина» мамандығына арналған

«Ветеринариялық пропедевтика» пәнінен №2 зертханалық сабақ


Тақырыбы: Жануарлардың жалпы диагностикасы барысында анықталатын клиникалық көрсеткіштерге зертханалық дәйектемелер тұжырымдамаларын меңгеру

Сабақ мақсаты: Қан құрамы көрсеткіштері бойынша зертханалық дәйектемелер тұжырымдамаларын меңгеру.

Зертханалық сабаққа рұқсат беру үшін сұрақтар:

Зертханалық сабақтың алғашқы кіріспе сабағындағы негізгі талаптар мен күнтізбелік тақырыбына сәйкес зерттеулерді жүргізуге қажетті жұмыс үстелінің дайындығы мен қауіпсіздік алғы шарттарымен танысу, жұмыстың жүргізілуіне негізгі нұсқаулықты алу.



Эксперименттік жұмыстарды жүргізу және алған мағлұматтарды өңдеу бойынша әдістемелік нұсқаулықтар:

Тапсырма №1

Гематинді әдіс (Сали әдісі). Градуирленген гемометр пробиркасына (ГС-3) көз пипеткасымен «2» белгісіне дейін 0,1 н тұзды қышқыл ерітіндісін қосады. Капиллярлық пипеткамен 20 мкл (0, 02мл) қан алады, пипетканың ұшын мақтамен сүртіп, қанды мұқият түбіндегі қышқыл ерітіндісіне үрлейді, онымен 2-3 рет пипеткадағы жұққан қанды жуады. Араластырып, 5 мин. қойып қояды (тауықтардың қанын зерттегенде –15 мин.). Тұзқышқылды гематин (хлоргемин) пайда болуының нәтижесінде пробиркадағы ерітінді қоңыр түске боялады. Тамшымен дистильденген су қосып, әйнек таяқшамен пробиркадағы сұйықтық қалыпты пробиркалардың түсімен теңескенге шейін араластырады. 100 мл. қандағы грамм көлеміндегі гемоглобиннің мөлшерін пробиркадағы сұйықтықтың деңгейімен сәйкес келетін шкаланы бөлу бойынша есептейді. Гемометр шкаласындағы гемоглобиннің мөлшерін 10 коэффициентіне көбейтсе, гемоглобиннің (г/л) концентрациясын анықтауға болады

Тапсырма №2

Қандағы сілті қорын анықтау. Қышқылды сілті тепе-теңдігінің көрсеткіштерін анықтау үшін Астрип әдісін ( 1956), Зиггард Андерсеннің (1963 ) модифицирлеуі бойынша РН мөлшерін, СО2-нің қысымын, сілті қорын, нағыз бикарбонатты, қалыпты бикарбонатты, буферлік негіздерді, плазманың жалпы көміртегі қышқылының мөлшерін анықтайды. Қышқылды- сілті тепе-теңдігін қан плазмасындағы сілті қорын Ван –Слайкс әдісі бойынша анықтап, соның нәтижесімен бағалайды. Немесе И. П. Кондрахин әдісі бойынша сарысудың мөлшерін белгілейді. Сарысуды вазелин майының астында сақтайды.

Сау малдардағы қан сарысуындағы сілті қорын Ван –Слайкс әдісі бойынша анықтағанда былайша болады: ІҚМ-50-62; қойда-45-54; ешкіде-48-52; жылқыда 50-65; шошқада-42-60; итте –40-60; тауықта-40-52.



Тапсырма №3

Қан сарысуындағы билирубиннің мөлшерін анықтау. (Ендрашик, Клеггорн және Гроф бойынша) 3 пробиркаға 0,9 % хлорлы натриймен 2 рет араластырылған 0,5 мл сарысу құяды. 1-інші пробиркаға 1,75 мл кофе реактиві мен 0,25 мл 0,9 % хлорлы натрий ерітіндісін қосып, колориметрлейді, 2-інші пробиркаға (тікелей билирубин) 1,75 мл 0,9 % хлорлы натрий ерітіндісін және 0, 25 мл диазоқоспасын қосып, 5 мин. кейін колориметрлейд; үшінші пробиркаға (жалпы билирубин) 1, 75 кофе ерітіндісін құйып, 0, 25 дизоқоспасын қосып, 20 мин кейін колориметрлейді. Колориметрлеуді жасыл жарық фильтрде 5 мм кюветпен қарсы дистильденген сумен жүргізеді.

Тікелей және жалпы билирубинді зерттеу кезінде алынған оптикалық тығыздық көрсеткіштерінен бақылаудың оптикалық тығыздығының көрсеткіштерін шығарып алады.

Колибрлы кесте бойынша, жалпы және тікелей билирубиннің мөлшерін тауып, (мг/ 100 мл немесе ммоль/ л) ал олардың арасындағы айырмашылықтан тікелей емес билирубиннің мөлшерін (мг/ 100мл немесе ммоль/л ) алады.
Мазмұнды бейінлейтін негізгі кестелер, формулалар және т.б

өзін-өзі текеру үшін және зертханалық жұмыстарын қорғау сұрақтары.
5В120100 «Ветеринариялық медицина» мамандығына арналған

«Ветеринариялық пропедевтика» пәнінен №3 зертханалық сабақ


Тақырыбы: Жануарлар организмінің негізгі морфофункциональдық көрсеткіштерін зертханалық жағдайда анықтап баға беру

Сабақ мақсаты: организмге әсер ететін ішкі және сыртқы орта әсерлері тарапынан туындайтын клиникалық, физиолого-биохимиялық морфофункциональдық және басқадай заңдылықтар динамикасын бағалау және алынатын эксперимент нәтижесін сараптауды оқыта отырып, ветеринариялық пропедевтика ілімінің негізіндегі семиотикалар ажыратылып, диагностика қоюдың негізгі алғы шарттары қалыптастыру.
Зертханалық сабаққа рұқсат беру үшін сұрақтар:

Зертханалық сабақтың алғашқы кіріспе сабағындағы негізгі талаптар мен күнтізбелік тақырыбына сәйкес зерттеулерді жүргізуге қажетті жұмыс үстелінің дайындығы мен қауіпсіздік алғы шарттарымен танысу, жұмыстың жүргізілуіне негізгі нұсқаулықты алу.



Эксперименттік жұмыстарды жүргізу және алған мағлұматтарды өңдеу бойынша әдістемелік нұсқаулықтар:

Тапсырма №1

Жануарлар түрлеріне, генетикалық ерекшеліктеріне, метаболизмдік әрекетпен организмнің жекелей қасиеттеріндегі – кілегей қабықтарджың қорғау қабілеттері, қарын сөлінің сапалылығы қандағы фагоциттік қабілеттің пәрменділігі және жасушалық, гуморальдық факторлардың өзіндік қаиеттеріне тікелей байланысты болындағы қағидалардың теориялық негіздемесін игеру.

Төл туғаннан кейін 1-2 аптадан соң терморегуляция пайда болады. Сонымен қатар, жүрек-қан тамыр жүйесі бойынша плаценталық қан айналыс немесе қамтамсыз етілуі кенет өзгеріп, ірі жануардікі тәрізді қызметке ауысады.

Төлдің қаны гемоглобинге бай болады (фетальный Ғ-Hb). Бұл үрдіс 3-айлық жасына дейін жалғсып, ірі жануар гемоглобині тәрізді түріне ауысады (А-Hb, - ге). Ал төлдегі эритроцит көлемінің үлкен болуы арқасында төлде – оттегі жетіспеушілігі туындамайды. Өнімі жоғары малдың төлдерінде бұл ерекшелік айқын байқалады. Лейкоцит мөлшері уыз қабылдағаннан кейін 24/сағ. соң 1,2 ее өседі. g- глобулин (уыздық), 60-күнге одан да артық сақталады. Өзіндік синтез 30-50 күннен бастап қалыптаса бастайды.



Тапсырма №2

Қанның бактериоцидтік қасиеті, жас мөлшері, физиологиялық жағдай және патологиялық жағдайларды анықтауда септігін тигізетіндігін анықтау.

Лимфа түйінінің қызметі алғашқы уыз қабылдаған соң басталады. Иммундық жүйе – туа сала қызметі қабілетсіз болады. Иммундық жүйе тарапынан: сүйек кемігі (костный мозг), тимус, ккөк бауыр, таңдай (небные миндалины) туғаннан кейін қалыптсады. Арнайы (спецификалық) емес факторлар: комплемент, лизоцим, пропердин. Фагоцитарлық қабілет.

Ветеринариялық тәжірибеде организмнің жалпы иммунологиялық реактивтілігін анықтау тәсілдерінеде әртүрлі әдістемеліктер мен қатар тері рекциялары қолданылып келеді. Бұнда 0,1% гистамин ерітіндісі тері асытна енгізіледі. Бұл ұсыныс бойынша – табиғи резистенттілік қасиеттегі организмнің біртұтастығын, жалпы биологиялық тұрғыдан түрдің эолюциялық дамуы, ал екінші жағынан – организмнің қоршаған орта жағдайына бейімделу мүмкіндігін көруге болады. В..Николский /1958/ бұзаулардың алғашқы 10 күндік мерзімінде, тері реактивтілігі әлсіз болып, жсына қарай арта отырып, 2-3/айылық жасында өте йқын білінетіндігі айтылған.



Тапсырма №3

Жас организмнің жетілу мерзімдерін нақтылай білу – жануарларды емдеу-сауықтыру шараларында аурудың птогенезін ажыратуда мүмкіндік береді.ғылыми дәлелдемелерге қарағанда, бұзаулардың туғанынан 12-айлық жасына дейінгі мерзімдеріндегі нақтыланбаған резистенттілікті тзерттеу жұмыстары бойынша: бұзулардың айлық жсына таман фагоцитарлық белсенділік арта отырып 6/айлық жаына таман бір қалыпқ келеді. Бірақ кейбір табиғи резистенттілік көрсеткіштері ертерек қалыптасып үлгереді екен. Мысалы, қан сары суындағы бактериоцидтік беленділік 3/айлық жында ересек малдағы дәрежеге тең келеді. Сондай-ақ лизоцим түзу қабілеті болп, 2/айлық жсындағы лизоцимдік көрсеткіш шегіне жетіп, 6/айлық жсына дейін бір қалыпта сақталын саралау



Мазмұнды бейінлейтін негізгі кестелер, формулалар және т.б

өзін-өзі текеру үшін және зертханалық жұмыстарын қорғау сұрақтары.

  1. Төлдердің өсу мерзіміндегі негізгі морфофункциональдық көрсеткіштер

  2. Организмнің дамып жетілуі және жалпы құрылымдық қағидалары:

5В120100 «Ветеринариялық медицина» мамандығына арналған

«Ветеринариялық пропедевтика» пәнінен №4 зертханалық сабақ
Тақырыбы: Жануарлардың тіршілік ортасына бейімділігінің төмендеуін тудырушы негізгі факторлар көрсеткіштерін зертханалық анықтау

Сабақ мақсаты: Сау организмнің тіршілі әрекетіндегі негізгі заңдылықтарды білмей тұрып, ауру малдағы клиникалық-диагностикалық маңызы бар мағлұматтарды алу. Патологиялық үрдістердің білінуі мен дамуының қалыпты кездегіден өзгешелігін анықтау.

Зертханалық сабаққа рұқсат беру үшін сұрақтар:

Зертханалық сабақтың алғашқы кіріспе сабағындағы негізгі талаптар мен күнтізбелік тақырыбына сәйкес зерттеулерді жүргізуге қажетті жұмыс үстелінің дайындығы мен қауіпсіздік алғы шарттарымен танысу, жұмыстың жүргізілуіне негізгі нұсқаулықты алу.



Эксперименттік жұмыстарды жүргізу және алған мағлұматтарды өңдеу бойынша әдістемелік нұсқаулықтар:

Тапсырма №1

Әрбір студент жылқы, қой, сиырдың дене қызуын максимальді малдәрігерлік термометрді тік ішекке, ал құстарда клоакоға салу арқылы өлшейді. Дене қызуын өлшегенге дейін термометр дезинфекциялық ертінді құйылған сауытта тұрады. Дене қызуын өлшеу алдында термометрге вазелин жағады, түсіп қалмау үшін арнайы құрал арқылы құйрық түбіне қыстырып қояды. Дене қызуын жұмыс дәптеріне жазып алу керек.



Қызба. Патологиялық тітіркендіргіштердің әсеріне ағзаның жалпы жақсы жауап беруі, ал жылу түзілудің бұзылуымен және дене қызуының көтерілуімен және дене қызуының көтерілуімен сипатталады. Қызбалық процесте қалтырау, асқорыту, тыныс алу, жүрек-қантамыр жүйелері мүшелерінің, жүйке жүйесінің өзгерістері байқалады.

Дене қызуының көтерілу дәрежесіне байланысты қызба төмендегідей бөлінеді:

1) субфибрильді (1° жоғарылауы);

2) Фибринді (2° жоғарылауы);

3) Перитикалық ( 3° жоғарылауы);

4) Гипер перитикалық (3°ары қарай жоғарылауы);



Тапсырма №2

Қызба түрлерін анықтау:

Эфимерлік және өткінші:

Тұрақты;

Әлсіздендіргіш;

Аралық;


Қайталанбалы;

Антиптік;

Арықтандырғыш

Қызба ауруын емдеудің үш кезеңі:

Дене қызуының жоғарылау кезеңі;

Дене қызуының ең қатты жоғарылау кезеңі;

3) Дене қызуының төмендеуі, ол литикалық және критикалық болады.

4. Оқытушы берген мәлімен бойынша студенттер дене қызуының қисығын құрады да, қызба түрін және ол қай ауруды кездесетінін анықтайды.


1   2   3   4   5   6   7   8   9


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет