ПОӘК 042. 18-24 10/03 2013 18. 09. 2013ж. №1-ші басылым



бет1/10
Дата13.06.2016
өлшемі0.83 Mb.
#131212
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

ПОӘК 042.18-24.1. 10/03 2013

18.09.2013ж. №1-ші басылым

–ші беттің –і




ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАЛЫҚ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



3 деңгейлі СМЖ құжаты

ПОӘК

ПОӘК 042.18-24.1. 10/03 2013

«Зертханалық іс» пәнінің оқытушыларға арналған оқу-әдістемелік материалдар

№1 басылым

18.09.2013ж.






5В120100 «Ветеринариялық медицина» және «5В120200» «ветеринариялық санитария» мамандығына арналған «Зертханалық іс» пәнінен


ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

Семей, 2013 ж.



МАЗМҰНЫ



  1. Дәрістер

  2. Тәжірибе сабақтары


К І Р І С П Е

Азық-түлік проблемасын шешу кез келген елдің алдында тұрған ғылыми-техникалық прогресс жолында дамуының негізгі келелі мәселелердің бірі болып табылады. Ол үшін халық шаруашылығында, оның ішінде ауыл шаруашылығында түпкілікті өзгерістер, қайта құру мәселелері дұрыс жолға қойылуы қажет. Кейінгі жылдары елімізде мал, құс шаруашылықтары ақырындап аяғынан тұрып келеді. Қазіргі кезде ғылыми жұмыстағы ең негізгі мақсат – асыл тұқымды малдарды өсіру, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады. Бұл мәселені шешуде мал шаруашылығы және ветеринария ғылыми-өндірістік орталығының басшылары мен мамандары белсене ат салысуда.

Республикамыздағы ауылшаруашылық өндіріс кешендерінің алдында тұрған мақсат - өндірістерге экономикалық әдістерді еңгізу, шаруашылық қарым-қатынастарды жаңа деңгейге көтеру, жаңа технологияларды тиімді пайдалану, өндірудің мөлшері мен сапасын бүгінгі күннің талабына сай нәтижеге жеткізу болып табылады. Бұл мәселелерді шешуде мал және құс шаруашылықтарының алатын орындары ерекше, тіпті шешуші негізгі роль атқарады десек артық айтқандық емес. Міне сондықтан да мал және құс шаруашылықтарының өнімдерін өндіруге аса зор көңіл бөлінуі керек. Республикамыздың халқын мал шаруашылығының өнімдерімен қамтамасыз ету үшін малдан алынатын өнімдердің мөлшерін ғана көбейтіп қоймай, олардың сапасын үнемі жақсартып отыру қажет. Шаруашылықтарда кездесетін кемшіліктерді жойып, алдыңғы қатардағы технологияны іске асыру арқылы жұмсалған қаржының қайтарымдылығын жоғарылату керек.

Мал және құс шаруашылықтарының дұрыс өркендеуі ветеринариялық ғылыми-зерттеу жұмыстарының дұрыс іске асуына тікелей байланысты. Бұл жерде мал басының сақталуын қадағалай отырып, олардың өнімділігін жоғарылату, санитарлық және тауарлық сапасын жақсарту, барлық жерлерде эпизоотиялық жағдайды, әсіресе адамдар мен малдарға бірдей аурулардан сақтандыру мәселесін, дұрыс уақытында шешеіп отыру негізгі мақсат. Мәселен, бүгінгі таңда індетті аурулардың 300-ге жуық нозологиялық түрлері белгілі. Олардың көпшіліктері өте қауіпті аурулар. Қазірде малдар арқылы адамдарға берілетін аурулардың 184 түрлері анық. Олардың ішінде жылқылардан – 50, ірі қарадан -50, шошқадан -46, құстардан - 26, балықтардан - 14 және т.б.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұжымының деректері бойынша жыл сайын 1,5 млрд. адамның тағамдар арқылы уланулары тіркелетін көрінеді. ТМД елдерінде бұл көрсеткіш 6,5 – 33 млн. болса, олардың 6000 – 9000 адамы өледі екен. Міне сондықтан да, мал дәрігерлері мен адам дәрігерлерінің және санитарлардың алдында тұрған негізгі мақсаттар – адамдар мен малдарды індетті аурулардан сақтандыру, бола қалған жағдайда уақытында нақтылы диагноз қоя білу және тез арада ғылыми тұрғыда дәлелденген емдеу, жою шараларын дұрыс пайдалану.

Бұл мәселелерді іске асыру тек қана қазіргі кездегі жаңа технологияны және диагностикалық әдістерді, әртүрлі лабораториялық зерттеулерді жете білгенде ғана дұрыс орындалады. Биология және ветеринария салаларында кеңінен жүргізілетін зерттеулер көптеген техниканы, жаңа технологияны, аспаптар мен әртүрлі лабораториялық жануарлар мен ыдыстарды қолдануды талап етеді.

Қазіргі кезде мал шаруашылығының өркендеу технологиясының негізінде ауруларды емдеу мен олардан сақтандыру мәселелерін шешу үшін көптеген жаңа препараттар, приборлар және аспаптар мен құралдар ұсынылуда. Мал организмінің өмірінде болатын өзгерістерді толық қанды түрде зерттеу үшін қазірде белгілі зерттеу әдістері мен әдістемеліктерді, аспаптар мен құралдарды үнемі жетілдіре түсіп отыру қажет екені сөзсіз. Ол үшін радиоэлектротехниканың, физиканың, оптиканың, биологияның және т.б. ғылымдардың жетістіктерін пайдалана отырып шығарылған күрделі аспаптар мен құралдарды кеңінен пайдалану қажет.

Мұндай күрделі аспаптар мен құралдарды зерттеу жұмыстарында дұрыс пайдалану үшін қосымша білім мен әдістемеліктерді үйрену қажеттілігі сөзсіз. Малдәрігерлік салада экспериментті зерттеу жұмыстарын жүргізуде және оны жоспарлауда зерттелетін заттарды, аспаптар мен құралдарды таңдап алу көптеген қиындықтар тудырады. Себебі, ветеринариялық және биологиялық зерттеулерде қолдануға болатын жаңа приборлар, аспаптар мен құралдардың жүйеленген анықтамалары әркімнің қолына түсетін әдеби деректерде кездесе бермейді. Олардың негізгі көздері арнайы жұрналдардағы жеке мақалаларда, министрліктер мен ведомстволықтардың шығарылымдарында және шет елдердің фирмаларының жарнамаларында кездеседі. Оларда кездесетін қысқаша техникалық мінездемелер зерттеушіні оған қажетті мағлұматтармен толық қамтамасыз ете алмайды. Кей кезде техникалық білімділіктің жеткіліксіздігі де кедергі жасайды.

Бір қарағанда қарапайым болып көрінетін ыдыстарды зерттеу жұмысына дайындау; реактивтерді, бояуларды, бактериялық ортаны рет-ретімен дайындау ерекшеліктерін де еске алып отыру қажет. Оларды дайындау сапасынан зерттеу жұмысының нақтылығы мен дұрыстығы пайымдалады.

Сонымен, қорыта келгенде, малдардың ауруын дұрыс анықтау, малдар мен өсімдіктерден алынатын өнімдердің сапасына дұрыс баға беру т.б. көптеген мәселерді дұрыс шешу лабораториялық зерттеулердің негізінде жүргізіледі.

Лабораториялық зерттеулердің нақтылығы мен бағалылығы зерттеу үшін таңдап алған әдістемелікке; аспаптар мен құралдарды, ыдыстар мен реактивтерді дайындауға; биологиялық материалдарды, антикоагулянттарды, консерванттарды және т.б. заттарды алу, сақтау, тасымалдау мәселелерін дұрыс шешуге тікелей байланысты.

Сонымен қатар малдәрігері мен биологиялық мамандықтарына лабораториялық ыдыстардың, аспаптар мен құралдардың түрлерін білу және оларды жұмысқа дайындау; әртүрлі ертінділердің концентрацияларын дұрыс есептеп шығару; зерттеу үшін лабораториялық жануарларды таңдап ала алу олардың тәжірибеде нәтижелі жұмыс істеулеріне жақсы көмегін тигізеді.

Жоғарыда айтылған мәселелерді ескере отырып 1998 жылдан бастап малдәрігерлерін дайындайтын жоғарғы оқу орындарының бағдарламасына «Лабораториялық іс» пәні еңгізілген. Бұл сабақ бұрын тек медицина саласында дәрігерлерді жетілдіру курстарында ғана жүргізіліп келген. Тәжірибе жүзінде медицина саласындағы мұның өзінің жеткіліксіз екендігін өмір көрсетіп отыр.

Біздің алға қойған мақсатымыз болашақ малдәрігерінің барлық мамандықтарының кез келген лабораториялық зерттеулерді толық меңгеріп шығуларын қатаммасыз ету. Міне, сондықтан да, болашақ мал мамандары «Лабораториялық іс» пәнін игергенде келещекте өз жұмыстарында кездесетін зерттеу аспап-құралдарымен, техникамен, лабораториялық жануарлармен, оларды жұмысқа дайындап, пайдалана білу әдістерімен жәнеде осының бәрін өздіктерімен шешу мәселелрімен танысады.




Н Е Г І З Г І Б Ө Л І М
1. Анықтамасы, пәннің мақсаты.

2.Тарихи деректер.


«Лабораториялық іс» пәні лабораториялық зерттеулерді әдістемелік, техникалық, ұйымдастыру мәселелерімен қамтамасыз етуді және зерттеулерді тәжірибе жүзінде іске асыруды қарастырады.

Негізгі қарастырылатын мәселелер:



  • ауруларды анықтау, олардан сақтандыру және емдеу процессінің нәтижесін бақылау үшін адамдар мен малдардың организміндегі биологиялық сұйықтарды зерттеу;

  • қоршаған ортаның биологиялық, химиялық агенттермен ластану деңгейін анықтау және физикалық факторлардың әсерін зерттеу;

  • сыртқы ортаны қорғау; мал шаруашылығының жұмысшыларын тиімді санитарлық-гигиеналық жағдаймен қамтамасыз ету; малдардың, олар тұратын қора жайларының, жайлымның, азықтардың, судың және т.б. мәселелерді дұрыс, уақытында шешу;

  • малдан, өсімдіктерден алынатын шикізаттардың сапасын анықтау;

  • індетті және тоғышарлар тудыратын адамдар мен малдарға ортақ аурулардан сақтандыру шараларын қамтамасыз ету.

Бұл мәселелерді шешуде «Лабораториялық іс» пәні барлық клиникалық, ветеринариялық, жалпы биологиялық және т.б. пәндермен тығыз байланыста болады. Қандай лабораториялық зерттеулер болмасын, оларды жүргізу үшін белгілі бір приборлар, аспап-құралдар және реактивтер қажет. Сондықтан да «Лабораториялық іс» пәнінің негізінде техникалық (физика, химия) және іргелі (фундаментальды) ғылымдардың қазіргі кездегі жетістіктері жатыр.


Республикамызда мал шаруашылығының дамуын зерттеу бастапқы кезде ара-тұра әртүрлі ғылыми-зерттеу экспедициялары арқылы жүргізілді. Мәселен, ХІХ ғасырдың 15-20 жылдары доктор Бунге ірі қара малының сібір жарасы мен оба ауруларының таралу себептерін анықтады. Кейіннен 1872-1874-1888 жылдары осы ауруларды зерттеп, болдырмау мәселелерін жетілдіре түсу үшін кешенді экспедициялар құрылды. Ал 1893 жылдан бастап Қазақстанда обылыстық ветеринариялық қоғамдар құрыла бастайды. Бұл қоғамдар көп жылдар бойы ғылыми мекемелердің ролін атқарып келді. Олар ветеринария ғылымының алғашқы кезеңіндегі ғылыми ізденістердің жолы мен көлемін анықтап отыратын негізгі ұйымдастырушы күшке айналды. Қоғамның негізгі қызметтері үш мәселені шешуге бағытталды:

  1. Ғылыми, тәжірибелік және ұйымдастыру жұмыстарын;

  2. Әдістемелік-кеңес мәселелерін;

  3. Үгіттеу және оқытушылық бағыттарды.

ХІХ ғасырдың екінші жартысында Ресейде басқа да Еуропа елдеріндегідей медициналық, ветеринариялық және ауылшаруашылық микробиологияның дамуы негізінде медициналық және ветеринариялық бактериологиялық лабораториялар мен станциялар ашыла бастады. 1887 жылы Харьковтік және Дерптік (Юрьевтік) бактериологиялық станциялар ұйымдастырылды, ал 1890 жылы Саратовтың ветеринариялық-бактериологиялық лабораториясы құрылды. 1897 жылы Ресейде 25 ветеринариялық-бактериологиялық лабораториялар мен станциялар жұмыс істеді.

1898 жылы 22 қаңтарда Петербургта ветеринариялық-бактериологиялық лаборатория мен ішкі істер министрлігінің жанынан ветеринариялық басқарма ашылды. Лабораторияның алдына қойылған мақсаттар:



  • губерниялардың талаптары бойынша сібір жарасына қарсы вакцинаны және басқа да егілетін материалдарды дайындап, жіберіп отыру;

  • жаңа биопрепараттарды тексеруден өткізіп отыру;

  • сырттан келетін патологиялық материалдарды диагностикалық тұрғыдан зерттеу;

  • әртүрлі эпизоотологиялық сұрақтарды ғылыми зерттеуден өткізу;

  • малдәрігерлік курстарда білімдерін жетілдіруге жіберілген мал дәрігерлеріне бактериологиядан сабақ беру.

Осы лабораторияның негізінде Қазан революциясынан кейін Мемлекеттік эксперименталды ветеринария институты құрылды. Кейіннен, 1930 жылы ВИЭВ болып аталды.

Қазақстанда ветеринариялық-бактериологиялық лабораторияларды ұйымдастыру мәселесін бірінші рет обылыстық ветеринария инспекторы А.П.Петровскийдің ұсынысы бойынша Орал ветеринариялық қоғамы көтерді. Оған негізгі себеп болған сол жылдары Оралда түйелердің белгісіз аурудан көптеп қырылуы. 1897 жылы Оралда төрт далалық бөлімшесі және бес сапарға дайын лабораториясы бар ветеринариялық-бактериологиялық лаборатория құрылды. Бұл лаборатория кезінде індетті, тоғышарлар тудыратын және басқа да ауруларды анықтауда; бактериялық улар мен вакциналарды дайындауда, белгісіз түйе ауруларын зерттеуде қомақты жұмыстар жүргізді. Лаборатория мамандары қазіргі Батыс-Қазақстан, Ақтөбе, Манғышылақ және Атырау обылыстарына қызмет көрсетті.

Орал ветеринариялық-бактериологиялық лабораториясының ғылыми-зерттеу жұмыстары тек Қазақстанда ғана емес бүкіл Ресейдің барлық түкпір-түкпірлеріне дейін белгілі болды. Осы лабораторияның оңды тәжірибелеріне сүйене отырып көптеген мал дәрігерлері осындай лабораторияны Қазақстанның басқа да обылыстарында ашуға ұсыныстар жасады. Бірақ сол кездегі патша үкіметі ол ұсыныстарды, сондай-ақ орталық малдәрігерлік ғылыми-зерттеу станциясын ашу туралы берілген ұсынысты да ескерусіз қалдырды.

Азамат соғысы кезінде малдәрігерлерінің күрт азаюы, мал өнімдеріне қызығушы топтардың көбеюі малдәрігерлік жұмыстың нашарлауына және Қазақстанда эпизоотияның таралуына әкеп соқты. Осындай құлдырап кеткен малдірігерлік істің дұрыс жолға қойылуына 1921 жылғы қараша айында болған малдәрігерлік мамандардың Бүкілресейлік съезі түпкілікті әсер етті. Онда эпизоотиямен күрестің бірыңғай мемлекеттік жоспарлануы анықталды; жылқылардың маңқа ауруын жоюдың жолдары, ірі қараның және шошқаның оба және өкпе ауруларына, сібір жарасы, қотыр және т.б. ауруларға қарсы күресу шаралары белгіленді.

Съезд губерниялық және обылыстық маңыздағы ветеринариялық қызметтің біртекті құрылымын шешті, «Ветеринариялық-бактериологиялық институттар» және «Губерниялық ветеринариялық-бактериологиялық лабораториялар» туралы ережелерді бірінші рет бекітті.

1921 жылы В.С.Бобровский жер туралы халық комиссариатының ветеринариялық басқармасының бастығы болып тағайындалады. Оның басқаруымен арнайы комиссия Ветеринария заңының (Жарғы) бірінші жобасын дайындауға кіріседі. Бұл жоба 1923 жылғы қараша айында өткен ВЦИК-тің сессиясында қаралып, Заң ретінде бекітіледі. В.С.Бобровский басқарған орталық ветеринариялық басқарма ветеринариялық ұжымдардың тармақтануына, оның ішінде бактериологиялық лабораториялардың дамуына ерекше қамқорлық жасады.

Қазақстанда ветеринариялық ұжымдар Қырғыздық орталық атқару комитеті мен Қырғыз республикасының советтік халық комиссариаты құрылғаннан бастап заңды ұжым ретінде хаттала бастады. 1920 жылы 18 қырқүйекте Қырғыз республикасының халықтық жер комитетінде Орталық ветеринариялық бөлім ұйымдастырылды. Оның бірінші ұйымдастырушысы және бастығы болып 1904 жылы Қазанның малдәрігерлік институтын бітірген А.П.Сейдалин тағайындалады.

1924 жылы ветеринариялық ұжымдар мен ветеринария мамандырының саны недәуір көбейеді. Малдәрігерлік бөлімдер, пункттер, институттар ұйымдастырылады. Қазақстанда ветеринария саласының дамуы әсірее соғыстан кейінгі жылдары жылдамдай түседі. Обылыстық, аудандық малдәрігерлік лабораториялар құрылады. Қазақстанда малдәрігерлік лабораториялардың қызметін ұйымдастыруда үлкен үлес қосқан ғалымдар: У.Б.Базанов, И.А.Квятковский, Т.И.Исенгулов, С.А.Аманжолов, А.Р.Абишев, Н.Ж.Жанузаков, академик З.К.Кожебеков және т.б..

Диагностикалық әдістемеліктер мен препараттар дайындауда көп еңбек сіңірген ғалымдар: К.Н.Бучнев, А.А.Росляков,Б.А.Матвиенко,Б.Т.Толысбаев, К.Б.Бияшев, Т.С.Сайдулдин, Н.П.Иванов, М.С.Сабаншиев, И.Белобаб және т.б. көптеген ғалымдар.

Лабораториялық зерттеу әдістемеліктерін шығаруда Е.Ф.Дымко, З.К.Кожебеков, Н.Ф.Шуклин, Т.М.Тлеуғали, С.Қ.Қырықбай ұлы, Г.Х.Габидуллин, В.Н.Квятковский, К.Н.Қожанов және т.б. көптеген ғалымдар өз үлестерін қосты.


Лабораториялық ыдыстар.


  1. Жалпылай қолдануға арналған ыдыстар;

  2. Арнайы қолдануға арналған ыдыстар;


Лабораториялық ыдыстар – анализдік, препараттық және басқа лабораториялық жұмыстарда жалпылай және арнайы қолданылатын ыдыстар. Олар негізінен химикалық-лабораториялық шынылардан, фарфордан, пластикалық заттардан, платинадан, металл тотықтарынан және басқа да материалдардан жасалады. Химикалық-лабораториялық шынылар жоғарғы химиялық және температуралық төзімділігімен, аз кристаллданатын ерекшелігімен сипатталады. Оның мұндай қасиеттері оларды шыны үрлеу оттықтарында өңдеуге мүмкіншілік береді. Оларды 5 топқа жіктеуге болады:

  1. Кварц шыныдан жасалған лабораториялық ыдыстар.

  2. № 23, 20, 52, Ц 32, ЦЛ, КС-№; және т.б. натрий-кальций силикатты шыны маркаларынан жасалған лабораториялық ыдыстар.

  3. Сілтісі аз алюминийбор және бор силикаттарынан дайындалған лабораториялық ыдыстар.

  4. Борсыз және аз борлы алюминий силикатынан дайындалған лабораториялық ыдыстар.

  5. Сілтіге төзімді цирконды шынының Щ-14, Щ-23, Щ-26 маркаларынан дайындалған лабораториялық ыдыстар.

Кварц шынылардың құрамында 96 %-дан жоғары кремнезем болады. Оны кварцтың ең таза сортынан электр пештерінде немесе оттегі-сутегі жалынында балқыту арқылы алады. Кварц шынысы температураға ең төзімді, оның температурада ұлғаю коэффициенті төмен, отқа төзімділігі жоғары, көптеген химиялық реагентерге инертті, көзге көрінетін, ультракүлгін және инфрақызыл сәулелерді өткізе алады. Бірақта ол шынылар өте нәзік; сілтілерде, сілтілік металлдардың карбонаттарында және фторлы-сутегі қышқылында тұрақсыз; 1200ºС-дан жоғарғы температурада мөлдірлігін жоғалтады. Негізгі түрлері: мөлдір, мөлдір емес, оптикалық, ерекше таза, керамикалық және легирленген. Мөлдір шынылардан колбалар, тигелдер, реторттар, стақандар, табақтар, әртүрлі диаметрлі түтікшелер дайындалады.

Бұл топқа кварционидті шынылар да жатады. Оларды құрамында натрий, бор, оттегі, кремний бар шынылардан натрий боратын қышқыл ертінділерімен сілтісіздендіру арқылы алады. Бұл шынылардан өте жұқа химиялық лабораториялық ыдыстар, түтікшелер, ультракүлгін сәулесін шашатын кварц жанғыштары дайындалады.



Екінші топтағы шынылардың құрамында 13-20 % сілті тотықтары, 5-10 % кальций тотығы және 1,5-4 % аллюминий тотығы болады. Олардан жұқа лабораториялық ыдыстар, приборлар, аппараттар және қалық қабырғалы эксикаторлар, газ өлшегіштер, өлшегіш цилиндрлар және т.б. ыдыстар дайындалады.

Үшінші топтағы ыдыстар өте жоғарғы температураға төзімділігімен, бірақ сілті ертіндісіне тұрақсыздығымен сипатталады. Бұл шынылардан қалыпты шлифті ыдыстар, химиялық аппаратуралар, шыны мақталары, микробиологияда қолданылатын Петри тарелкасы, Кох пипеткасы және т.б. ыдыстар дайындалады.

Төртінші топтағы ыдыстар маркасы № 13, АТ-24 ж2не т.б. механикалық әсерлерге мықтылығымен, температураға төзімділігімен ерекшеленеді. Олардан лабораториялық трубалар дайындайды.

Бесінші топтағы лабораториялық шынылардың құрамында цирконий, стронций, лантан тотықтары болады.

Лабораториялық ыдыстарды дайындайтын шыныларды олардың құрамындағы заттарды-шихталарды арнайы банна пештерде 1400ºС қайнату арқылы алады. Шихтаға әртүрлі металлдардың тотықтары мен карбонаттарын қосу арқылы өздерінің оптикалық, механикалық, химиялық және басқа да касиеттерімен ерекшеленетін шынының арнайы сорттарын алуға болады.

Лабораторияларда қолданылатын шыны ыдыстар жұмысқа қолданылуы бойынша және оларды дайындаған материалдардың түрлеріне қарай бірнеше топтарға бөлінеді.

Жұмысқа қолданылуы бойынша: жалпы қолданыстағы, арнайы қолданыстағы және өлшегіш ыдыстар; оларды дайындаған материалдардың түрлеріне қарай: қарапайым шыныдан, арнайы шыныдан және кварцтан дайындалған ыдыстар.

Жалпы қолданыстағы ыдыстарға жататындар үнемі лабораторияда болуы қажет, онсыз көптеген жұмыстарды істеуге мүмкіншілік жоқ ыдыстар. Олар: пробиркалар, ворнкалар, стақандар, колбалар, кристаллизаторлар, тоңазытқыштар, реторттар, үшқосқыштар, крандар және т.б. заттар.

Арнайы қолданыстағы ыдыстарға жататындар белгілі бір мақсатта қолданылатын ыдыстар. Олар: Кипп, Сокслет, кали аппараттары; Къелдаль приборы; дефлегматорлар; Дрексель, Вульф, Тищенко шынылары; пикнометр, ареометр; шар тәрізді түбі бар колбалар; арнайы тоңазытқыштар; балқу, қайнау, мұздату температураларын анықтайтын приборлар; центрифуга стақандары, арнайы пробиркалар және т.б. ыдыстар.

Өлшегіш ыдыстарға өлшегіш цилиндрлар, пробиркалар, пипеткалар, колбалар жатады.

Жалпы қолдануға арналған ыдыстар.
Бұл ыдыстардың ішіндегі ең көбірек қолданылатыны әртүрлі пішінді, әртүрлі материалдардан дайындалған пробиркалар. Олар цилиндр тәрізді, түбі доғалданған, әртүрлі көлемді, әртүрлі шынылардан дайындалған түтіктер. Кәдімгі лабораториялық пробиркаларды жеңіл балқитын шынылардан дайындайды. Бірақта жоғарғы температурада қолданылатын пробиркаларды қиын балқитын немесе кварцтан дайындайды.

Қарапайым пробиркалардан басқа градуспен белгіленген және цетрифугаға арналған пробиркалар бар. Пробиркалар сапалы реакцияларда, өте терең микро анализдерде пайдаланылады. Пробиркаларда реакция қою үшін реактивтерді аз мөлшерде алған жөн. Оларда аз мөлшерде сұйықты қайнатуға болады. Тек оның жоғарғы жағынан ұстағышпен ұстау керек. Сұйықты қыздыруды жоғарғы жағынан бастайды, төменгі жағынан бастағанда сұйық қатты қайнайды да төгілуі мүмкін. Қайнатқан уақытта пробирканың ашық аузын оператордан қарсы жаққа қаратып ұстайды. Ал аздап жылыту керек болған жағдайда пробирканы сұйықпен ыстық суға салып қою керек.



Воронкалар сұйықтарды құю, сүзу үшін қажет. Химиялық воронкалар әртүрлі көлемде шығарылады. Олардың жоғарғы ауызғы диаметрлері 35, 55, 70, 100, 150, 200, 250 және 300 мм болады. Кәдімгі воронкалардың ішкі қабаты тегіс болып келеді. Егер сүзуді жылдамдату керек болса, онда ішкі қабаты бұдырланған воронкаларды қолданады. Сүзу үшін қолданылатын воронкалардың 45º бұрышы болады және қисайта кесілген түтікшемен аяқталады.

Аналитикалық жұмыстарда аналитикалық воронкаларды қолданған жөн. Олардың айырмашылығы аяқ түтікшелері ұзын және оның жоғарғы жағының диаметрі төменгі жағынікінен тарлау болып келеді. Мұндай конструкция сүзуді жылдамдатады. Сонымен қатар ішкі қабаты бұдырланған және воронканың түтікшеге қосылатын жерінде шар тәрізді кеңістік істелген воронкаларда сүзу процессін үш есеге дейін жылдамдатуға болады.



Бөлгіш воронкалар өзара араласпайтын сұйықтарды (мысалы су мен майды) ажырату үшін қолданылады. Олар цилиндр немесе груша тәрізді, көпшілігі тығыздалып жабылатын тығынмен қамтамасыз етілген. Трубканың жоғарғы жағында шыны кран бар.

Олардың сиымдылықтары әртүрлі, соған байланысты қабырғаларының қалыңдықтары да әртүрлі болып келеді. Неғұрлым сиымдылығы аз болса, солғұрлым қабырғасы жұқа.



Тамшылатқыш воронкалардың бөлгіш воронкалардан айырмашылығы олар жеңіл, қабырғалары жұқа, көпшілігінің аяққы түтікшелері ұзын болып келеді. Оларды реакцияда сұйықтарды өте аз мөлшерде, тамшылатып қосу керек болғанда пайдаланылады.

Жұмысты бастар алдында шыны кранның шлифті бетін жұқа етіп вазелинмен немесе арнайы маймен майлайды. Ол май түтікшенің ішіне кірмеуі керек. Тамшы бірқалыпты таму үшін воронкаға қондырғы орнатылады. Ондай воронкаларда краннан кейін бірден кеңейтілген бөлігі ары қарай түтікшемен жалғасады.



Химиялық стақандар әртүрлі сиымдылықтағы (50-2000 мл) қабырғасы жұқа цилиндр тәрізді ыдыстар. Олар аласа, биік; тұмсықты, тұмсықсыз болып келеді. Сондай-ақ шкалалы, Филлипс, тұмсықты конус қабырғалы стақандар бар. Оларды химиялық реакцияларда, препарат дайындау жұмыстарында қолданады.

Кәдімгі шынылардан дайындалған стақандарды жалаң отқа қыздырғанда олар сынып кетеді. Сондықтан олардағы сұйықты қыздыру үшін газға немесе электр плиткаларына асбестенген торша арқылы қыздырады. Су банналарында қыздыруға болады. Стақанды плитаға қояр алдында оның сыртындағы суды, ылғалды орамалмен мұқият сүрту керек.



Түбі жадағай шыны колбалар. Олар шар және конус тәрізді болып келеді, сиымдылықтары 50 мл-ден 10 литрге дейін, шлифті және шлифсіз түрлері болады. Тығыз жабылатын тығынды конус тәрізді колбаны «йод санын анықтайтын колба» деп атайды.

Колбаларды химиялық реакцияларды титрлеуге, препараттар дайындауға т.б. лабораториялық жұмыстарға пайдаланады. Колбадағы сұйықты стақандағыдай қыздырады. Ыстыққа төзімді шыныдан жасалған колбаларды ашық отқа да қоюға болады. Штатив шығырына орналастырып қыздыруға да болады. Кейде колбаның бетін жауып қыздыруға тура келеді. Ол үшін сағат шынысын, шыны жапқышты немесе колпақты пайдаланады. Дистілденген суды, реактивтерді сақтау үшін, оларға шаң, бөгде заттардың түспуіне өте қолайлы.

Бунзен колбасы сүзуді вакуум-насос қолдану арқылы жүргізгенде қажет. Колбаның жоғарғы жаында тубусы болады. Оны резина түтікше арқылы вакуум-насосқа қосады. Колбаның аузына резина тығынмен бекітілген ворнканы орналастырады. Сорғыш колбалар әртүрлі сиымдылықты және әртүрлі пішінді болып келеді. Лабораториялық жағдайда көбінесе конус тәрізді колбаларды қолдану ыңғайлы.

Колбадағы сүзіндіні аппаратты қайта ажыратып жатпай құйып алу үшін краны түп жағында орналасқан Бунзен колбасы қолайлы. Ол үшін вакуум-насосты алдын ала жабады да, сүзіндіні кран арқылы дайын ыдысқа құйып алады. Бунзен колбасын атмосферлік қысымға төзімді болу үшін қалың шыныдан дайындайды. Жұмыс уақытында колбаны орамалмен орап немесе қағаз жәшікке орналастырып ұстаған қауіпсіз болады. Жарыла қалған кезде шынының сынықтарынан қорғау үшін колбаға поливинилхлоридтан дайындалған мөлдір пленканы спираль тәрізді жапсырып тастауға да болады. Әрбір колбаға тесігі әртүрлі, жиі қолданылатын воронкалардың ұштарының диаметрлеріне дәл келетін, екі-үш тығыннан дайындау керек.

Әлі қолданыста болмаған Бунзен колбасын мұқият тексеру керек. Сызаты бар колбалар вакуумға шыдамайды. Колбаны вакуум-насосқа қосар алдында оны орамалмен орап немесе қағаз жәшікке орналастырып барып қосу керек.

Кристаллизаторлар – қабырғалары жұқа, түбі жадағай, сиымдылығы мен бетінің диаметрі әртүрлі шыны ыдыс. Оны заттарды кристаллдау және буландыру үшін қолданады. Кристаллизаторларды тек су баннасында ғана қыздыруға болады.

Жуғыштар – ыдыстарды жуу үшін бейімделген аспап. Оларды сиымдылығы 0,5-2 литр колбалардан дайындайды. Полиэтиленнен жасалған жуғыштар қолайлы, бірақ оларды ыстық ертінділерде қолдануға бомайды.

Жуғыштарды дайындау үшін екі тесігі бар резина тығынды колбаны пайдаланады. Майыстырылған бірі ұзын, бірі қысқа екі түтікшені резина тығындағы тесіктерге орналастырады. Түтікшелердің екі жақ басын балқыту арқылы доғалдайды. Осылай жиналған жуғышты дистілденген сумен толтырады, жуғыш жұмысқа дайын.



Тоңазытқыштар – қайта қуу аппаратындағы қайнаған судың буын конденсациялау үшін қолданылады. Суытылған су буы дайын ыдысқа немесе қайта сол қайнатылған ыдысқа жиналады. Осыған байланысты олардың пішіні мен аттары әртүрлі болады. Дайын ыдысқа конденсатты жинау үшін пайдаланылатын тоңазытқыш түзу тоңазытқыш деп, ал конденсат қайта қайнатылған ыдысқа жинау үшін пайдаланылатын тоңазытқыш кері тоңазытқыш деп аталады.

Либихтің түзу тоңазытқышы. Лабораторияда кең тараған тоңазытқыш. Бір жақ басы кеңейтілген ұзын шыны түтік сытанан шыны немесе металл жапқышпен қапталған. Шыны түтіктің ұштары резина түтікшелермен жалғасады. Бір ұшы су құбырымен жалғасады да, ал екінші ұшы ағатын каналға бағытталады. Краннан келетін суық су су буына қарсы ағыста болады да, оны суытады. Негізгі ереже бойынша су төменгі жағынан кіріп жоғарғы жағынан шығуы керек және буы бар түтікшенің сыртындағы шыны көйлек әрқашанда суға толы болуы керек. Олай болмаған жағдайда түтік суға толмаған жерінен сынып кетеді. Тоңазытқышты ұзақ уақыт пайдаланғанда оның шыны көйлегінің ішінде сумен келетін темір тотығының тұнбасы пайда болады. Оны ауық-ауық 10-16 %-ды тұз қышқылының ертіндісімен тазалап отыру керек. Тазалап болғаннан кейін ол арқылы 5-6 минуттай таза су жібереді. Либихтің тоңазытқышы арқылы пары 150ºС-дан аспайтын сұйықты ғана қайта айдауға болады.

Кері тоңазытқыштардың шарикті, бұрандалы және т.б. түрлері болады. Шарикті түрінде тоңазытқыштың трубасы шар тәрізді кеңейтілген, ал бұрандары түрінде спираль тәрізді бұратылған. Мұндай трубаларда олардың тоңазытқыш беттері ұлғаяды, конденсация толық жүреді.

Аллиннің тоңазытқышы тік орнатылады. Оны қисайтқан жағдайда шар тәрізді кеңейтілген жерге конденсат сұйығы толады да конденсация фракциясы дұрыс жүрмейді.

Сокслеттің шарикті тоңазытқышы. Онда сұйықтың буы шардың ішкі және сыртқы қабаттарының арасынан өтеді де, бу сыртқы жақта ауамен, ал ішкі жақта суық сумен суытылады.

Домраттың тоңазытқышы бұрандалы тоңазытқыш, түзу және кері тоңазытқыштардың ролін бірдей атқарады. Температураның өзгеруіне жақсы бейімделген. Ерекшелігі оның сыртқы қабатындағы қоршаған ортаның су буы суытылмайды.

Сифондар. Сұықты қайта құюға бейімделген ыдыс. Оның бір ұшын құйылатын сұйыққа батырады да, бір ұшын саусақпен немесе қысқышпен жауып қояды. Үшінші ұшы арқылы сұйықты сорады да, сұйық түтіктің бүгілген деңгейіне жеткенде саусақпен басып тұрған ұшын ашады,ал үшінші ұшын жабады. Сифонды жоғарғы қысымды пайдаланып та туғызуға болады.

Дөңгелек түпті шыны колбалар кәдімгі және арнайы шынылардан дайындалады. Олар көптеген лабораториялық жұмыстарда пайдаланылады. Олардағы сұйықты жалаң отта қыздыру үшін үстіңгі жағында шұңғылы бар асбесс торшалары қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет