ПОӘК «Дауыс қою» пәннің оқу-әдістемелік құралы



бет3/5
Дата13.06.2016
өлшемі443 Kb.
#134125
1   2   3   4   5

Жеке сабақ № 11-12

Дауыс қоюдағы романстардың алатын орны.

Жоспары:

1.Романс туралы түсініктеме.

2.Романстың түрлері.

3.Вокалдық жаттығулар және вокализбен жұмыс.



Шетел және Қазақстан композиторларының романстары туралы.

Жоспары:

1.Орыс романстары.

2.Батыс композиторларының романстары.

3.Қазақстан композиторларының романстары.



Романс(исп. romance) — белгілі бір музыкалық аспаптың сүйемелдеуімен жеке дауыста орындалатын шығарма. Испанияда пайда болған романс алғашында испан (“роман”) тіліндегі ән деген ұғымды білдірген. Бүгінде романс лирико-эпикалық немесе лирико-драмалық мазмұнға толы бір дауысқа арналған ән жанры. Романс көбіне лирикалық поэзия мәтініне құрылып, аспаптық музыкада вокалдық негізде жазылады. Романстың әннен айырмашылығы — әуеннің сөзбен тығыз байланыстылығы мен аспаптық сүйемелдеудің маңыздылығында. Романстың баллада, элегия, т.б. жанрлық түрлері бар. Романс синтетикалық, музыко-поэтикалық жанр ретінде 18 ғасырдың 2-жартысында неміс композиторларының мектебінен басталып, кейін Франция мен Ресейде жалғасын тапты. 19 ғасырдағы романтизм кезеңінде жетекші жанр рөлін атқарып, адамның ішкі дүниесінің сезімталдығын жан-жақты көрсету мен оны музыка арқылы бейнелеуді негізге алды. Романстың бұл түрі В.Шуберт шығармашылығында кеңінен орын алған.

Сұрақтар:

1.Романс жанры туралы түсініктеме бер?

2.Романстың түрлері туралы не білесің?

3.Қазақстан композиторларының романстары туралы түсініктеме бер?

Қолданған әдебиеттер:



  1. Қазақ энциклопедиясы, 7 – том

  2. Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005

  3. И.Кочнева, А.Яковлева «Вокальный словарь» Ленинград «Музыка» 1986г.

Жеке Сабақ №13

Мектеп әндерін музыка пәнінде қолдану.

Жоспары:

1.Мектеп әндеріне түсінік және олармен танысу.

2.Қазақстан композиторларының балалар әні.

3.Мектеп әнімен жұмыс.

Музыка  сан  алуан  жанрларға  бөлінеді.  Әннің  алатын  орны  өте  зор. Ән адамның жан сезімін  оятып, жүректің  нәзік  қылын  қозғайды  «Ән  миллиондардың жүрегін  біріктіреді »  Л. Бетховен.Әннің  эмоциялық ықпалы өте күшті, өзіндік көркемдігі және  мазмұндылығымен  балалар  жанын  баурап, олардың  ақыл - ой, сана - сезімінің  кеңейіп  жақсы  мінез - қылықтарының  қалыптасуына  әсер  етеді.Әнді  орындау  барысында  қандай  мақсат  қойылады? Орындау  кезінде  оқушылардың  музыкаға  деген  іс әрекеті қалыптасады, оның  ішінде  хормен  орындағанда  оқушының  музыкалық  мәдениеті  тұрақтап, орындаушылық  шеберлігі  тұррақтап, өздерінің  музыкаға  деген  көзқарасын  нығайтып,  шығарманың бейнелеу образын  көрсетедi.Әндер  әртүрлі  болады: халықтық, композиторлық, балалар  әні,  бесік жыры, той - думан әндер, лирикалық, патриоттық, эстрадалық, тақпақ  сазды т. с. т. б. Әндер  өмірмен  байланысты  болған  соң  көңілді - жадыраңқы, жабығыңқы - қапалы, албырт, жалынды, қайғылы, ойлы, айбынды т.б. болып  келеді. Әнді  орындағанда  орындау   ережелерімен  танысады.
 Мысалы:
-  Ән  айту  кезінде  тік  тұр  немесе  тік  отыр.
-  Иығыңды  көтерме  (демалғанда). Әнде  не  туралы  айтылатынын  ойла, мәнерлеп  айтуға  тырыс т.с.Сондықтан, әнді  орындау - халықтың  бүкіл  мәдениетінің  негізі, музыкалық  білім  мен  тәрбие  берудің  ең   ықпалды  құралы.
Ескере кететін  бір  жай: бастауыш  сынып  оқушылары  ән  айтудың  көркемдік  немесе  техникалық  жағынан  жеңіл, қысқа  әуеннен  емес, белгілі  бір  мазмұны  бар  әуендер  арқылы  тезірек  қабылдайды .

Мысалы: Түлкі. Сыңғыр  қоңырау. Бөдене. Қандай  жақсы  гүл. Апорт  деген  тәтті  алма .



1 сыныпта:  Күз  ырғағы.  Биші  болам  өскенде. Алтын  астық.
                      Бауырсақ.

2 сыныпта: 1) Өсіп  келе  жатырмын (К.Сатиев).
    «Кемесінде  арманның - екі  «н» - ің  біреуі  түсіп  қалмасын.  «Таласып  мен  күнмен  өсемін»  (9 буын),  ал  әнде (7 буын)  мынандай  ырғақты  қосу  керек.                               

2) «Саяхатта» - әр  буынды  көрсете  отырып, ауыздың  қимылы, дауыс  аппаратың,  сөздерді   анық, тез  айтуына  үйретеміз.

3) «Елім - ай» -  кең  тынысты  баяу, жәй  екпінде  орындап, демді  алуын  үйретеміз (иықты  көтерме, шулап  дем  алма т. с)

4) Гәк-ку -   жаттығу  ретінде  қолдануға  болады «Гәк-ку, гә-гә-гәй» буындарында   «Г», «К»,  дыбыстары  таңдай   дыбыстарына  жатады.  Ол  дыбыстар  бірден  дауыстың жоғарғы позицияда құрылуына  жағдай  жасайды, ал «ку» «гу» буындағы «у» дыбысы - дауыс   аппараттың  көмекейден  қысып  шығармай  босатады.

5) «Ана» - терция  интервалы  арқылы, лига сызығы арқылы  дыбыстар  бір - бірімен  жалғасады, таза әуенді интонациясын  қадағалаймыз, және  де  «жылы  сезіммен»  деген   мағынада.

6) «Уж, как  по  мосту,  мосточку» - екпініне  жету.

7) «Наурыз  келді» - қайырмасының  әуені  «ля »  буынымен  жеңіл, көтеріңкі, «ұшып»  отырсын  т.с.

3-сынып

1. «Таң»  у, о, а - біртіндеп, дыбыс  арқылы  - ауызды  ашып, таңдайды  көтеріп,  дауысты  “бүрмелеу”  керек   (округленно).   

2. «Қара  торғай» -   үзінді, буындар  екі  дыбысқа  созылатынын  байқап  (Қара торғай, ұштың зорғай, бейшара) - динамикасына  жеткіземіз,  тақтада  үлгі  ретінде   ырғақ  болу  керек .

3. «Кімнің  құлағы  ұзын?» -  тәрбиелік  мәні  бар  шығарма.  «Өсекші» деген  кім? ең  бірінші  сұрақ  қою  керек – «Кімнің  құлағы   ұзын?» жауаптар: қоянның, пілдің, есектің  т. б.  Өсекшінің  деп  ешкім  айтпайды.  Неге?  мазмұнын  оқып  береміз.

4. « 8 Наурыз  күні» – диалог  ретінде  балалар  әндетуді  үйренеді  және  де қалып  қоймай, сахнада  орындау  мәдениетін  тәрбиелейді  т.с.

5. «Құстар  қайтып  келеді» – 2 дауысқа  үйренеді, өздері білмей  қалады, үйретіп  те керегі  жоқ. Осыған  ережелер  ретінде: сынып  бір  дауысты  (негізгі  әуенді) орындайды, ал  мұғалім  екінші  дауысты.  Осыны дұрыс айтса, оқушы  екінші  дауысты  тыңдауға  үйренеді. Сондықтан  екі  дауысты  әндерді  орындау  үшін  өз  тобының  ән - әуезін  жақсы  білуі  қажет  т.б.



4 сынып: Бұл  кезде  жоғарғы  немесе  төменгі  дауыс  нышандарын  байқауға  болады.  Дауыс  толыға, әрлене, қоюлана  түседі.

1. «Алатау» – қазақ  жерінің  табиғаты, оның  ішінде  Алматы маңайы. Әні  өте  әуенді, қайырмасы  жеңіл, екпінді, қысқа.

2. «Жомарт  елім» – балаларға таныс  2 дауыс, оның  ішінде  канон -  2 әдісі.

3. «Елім - ай» – Н. Дүкенбай – негізгі  интонация  халық әні «Елім - ай» - дан алынған, мақсаты, мазмұны – оралмандар, көшіп келіп  жатқан  туыстарға  арналған.

4. «Қозым»  - әнін өте  жеңіл  орындау  керек, дәл ме дәл дем  алу  және  дыбыстың  «ұшуына»  байланысты.

5. «Бөбегім » – сөзін жазған  М. Мақатаев, әнін жазған  Қ. Сәтиев - жаңа бесік  жыры  деуге  болады, орындағанда  жылы, тербете  және  2 дауысты  қолданады (қайырмасы).

6. «Бір  бала » – халық әні, үйренгенде байқау  керек: екпінін, әуезділігін сақтап, тебірене, сезіммен ойлана орындау. Мысал  келтірсек  Роза Рымбаеваға  балалар  еліктейді  (ол жаман  болмайды)

7.  «Ақ  сиса»  – ны  үйрену  кезінде, қайырмасы  “ ги-ги-гәй ”- дан  бастаған  жөн. Әуездің  сөз  буындары  тақтада  жазылып,  буындарды    ырғағымен үйреніп, оқып, дауысты нық, анық айтып үйретіп,  жоғарғы  тиссетура  болғасын, сәл  күш  салып,  f айтамыз. Ырғағын   анықтап  алғасын  негізін  үйренеміз.

8.«Заман - ай», «Желтоқсан  желі»  – тарихымызға  байланысты, әңгіме  арқылы, сипатын  ашамыз, орындауға  жеңіл  болады.

9. «Сырғанақ »  әннің атын  айтып  отырып, сырғып, стаккатто  әдіспен  орындап  үйренген  жөн, жеңіл, жылдамдата  орындау  керек.

10. «Полька »  чех халық әні, жеңіл, ойнақы, биді  сипаттау және  3 шумақты «хлопаем», «топаем» – cөздерді  айтпай қолмен шапалақтап, еденді  ырғағына  келтіріп  соғу, сол  кезде  сүйемелдеудің   керегі жоқ. Бұл  балаларға  қызық, ұнайды.

11.«Майра» –  бұл  жеке  дауыс  пен  хорға  арнап, сахнаның  сиқырын, көркемін біліп, өз  өздерін  әртіс, әнші  ретінде  мақтанышы.

12. «Сарбаздар маршы» - сазгер  Қ.Сәтиев,  сөзі Қ.Смағұлдікі – негізгі  мақсат, нағыз марш, жігерлі, таза  ырғақты  байқау, көтеріңкі.

13. «Айналайын елімнен» - Н. Дүкенбай - әні жеңіл, диапазоны  қолайлы, әннің мәтініне көңіл бөлу, тәрбиелік кезең, өнер  адамдарымен  таныстыру.   

14. «Жар - жар »  (айтыс ретінде)  ұлдар - қыздар  айтыс деген не?, соған   қатысады т.с.
  Ән  айтқанда, музыка  тыңдағанда, ырғақтық  қимылдар  жасағанда  дауысы, дене  қимылы  сол  шығарманың  сипатын  дәл  жеткізуге  тырысады. Осы қасиет шығармашылық  қабілетті  дамытуға  ықпалын  тигізеді. Шығармашылық балалардың  ойын  ұштап (заострить) қиялын  қанаттандырады, сезімталдық  қабілетін, байқампаздығын  арттырады.Шығармашылық  әрине  негізгі  түрде  емес, ол  музыка саладағы  ізденіс, іздене  отырып  өздеріне  байқамаған  жаңалықтар   Шығармашылық  музыканың  орындалу  барысында  жүзеге  асады, мұғалім  оған  музыканы  түсіну, ойлау  мүмкіндігін  бақылап тұруға  мүмкіндік береді. Сондықтан «шығармашылық» балалардың  музыкалық материалдарды терең түсінуге және музыкалық  қабілетінің  дамуына  жағдай  жасайды.Шығармашылық  қарапайым  ән  әуендерін  айтқанда  ұсынылған  сөз  тексіне  ән  шығарғанда, дауыспен  әр - түрлі  сипаттағы  музыканы  орындағанда ( марш, би, полька, вальс ) музыкамен  оның  сипатын  жеткізетін  мәнерлі  қимылдар  жасағанда, бір  ерекше  ырғақ  тапқанда,  музыка  туралы  пікір  алысқанда т. с. өзіндік  мәнер  қолданғанда  ғана  өмірге  келеді.

Сұрақтар:

1.Мектеп әндері туралы түсініктеме бер?

2.Қазақстан композиторларының мектеп әндері туралы не білесің?

3.Өзің таңдаған бір мектеп әніне музыкалық талдау жаса?

Қолданған әдебиеттер:



  1. Ән сабағы. Учебно-методическое пособие для начальных классов казахских школ. /в сопровождении баяна/. – Алматы: Өнер, 1997. – (Сорос-Казахстан коры).

  2. Музыка хрестоматиясы 1 класс. Құрастырған Р.Жәрдемалиева, Г.Қарамолдаева, А.Исағұлова. – Алматы, «Өнер», 1986.

  3. Музыка хрестоматиясы 3 класс. Құрастырған А.Исағұлова, А.Бәйментаева, Д.Атаханова. ҚазақССР халыққа білім беру министрлігінің коллегиясы бекіткен – Алматы, «Өнер», 1990.

  4. Музыка хрестоматиясы 4 класс. Құрастырған Г.Қарамолдаева. – Алматы, «Өнер», 1981.

Жеке сабақ№14-15

Эстрадалық әншілік өнер туралы

Жоспар:

1.Эстрада жанры туралы түсініктеме.

2.Эстрадалық әндердің түрлері және жанрлары.

3.Вокалдық жаттығулар мен вокализдер.



Шетел және Қазақстан композиторларының эстрадалық әндері.

Жоспары:

1.Эстрадалық әндердің түрлері мен жанрлары.

2.Қазақстан композиторларының эстрадалық әндері.

3.Дауыс күшейткіш аппаратпен жұмыс. (микрофон, минусовка, плюсовка).



Эстрада, эстрада өнері (франц. estrade, исп. estrado – тақтайша үстел) – көп жанрлы сахналық өнердің бір түрі. Эстрада өнері әр алуан артистердің (әншілер мен бишілер, көркем сөз оқушылар мен акробаттар, конферансье мен музыканттар, т.б.) ойын-сауығынан құралады. Кейде жалғыз артистің өнер көрсетуіне құрылған жеке – соло концерт те болуы ықтимал. Әрбір ойын-сауық нөмірінің ұтымды әрі шапшаң (10 – 15 мин) орындалуымен байланысты Эстрада өнердің шағын түрі деп те аталады. Эстрада артистері жасаған сахналық бейнелер психол. жағынан күрделі болмағанымен, олар ашық та жарқын бояуға, гротескіге толы болады.

Сұрақтар:

1.Эстрадалық әндер және эстрада жанрының тарихы туралы түсініктеме бер?

2.Қазақстан эстрадасының тарихы туралы не білесің?

3.Эстрадалық әндерді орындағанда аппараттарды қолдану тәсілдері туралы айтып бер?

Қолданған әдебиеттер:



  1. “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998

  2. Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005

Жеке сабақтың тақырыптары мен жоспары

3 курс, 5-6 семестр



Жеке сабақ № 1-2

Дауыс қою пәнінде вокалдык жаттығуларды қолдану.

Жоспары:

1.Вокализ туралы түсініктеме

2. Вокалдық жаттығулардың диапазон кеңейтудегі маңызы.

3. Вокалдық жаттығулар жасау.



Вокалдық жаттығулардың түрлері.

Жоспары:

1.Леггато жаттығулары

2.Стокато жаттығулары

3.Вокалдық жаттығулармен жұмыс.

Адам баласының сөз өнерінен кейінгі ең ұлы өнері ол- әншілік өнер. Әлемдік музыканың атасы да әншілік өнер. Әншілік өнердің де мыңдаған вокалдік жаттығулары бар.

Адам баласының ойлау қабілеті мен сөйлеу қабілеті қалыптасқаннан кейінгі бірінші меңгерген өнері - әншілік өнер. Қаншама музыкалық аспаптар болғанымен адамға ең қажетті, ең жүрегіне жақыны, адамның өз дауысы. Себебі, шыр етіп дүниеге келгеннен кейінгі естейтіні анаңның әлдейі. Содан бастап ән сенімен өмір бойы бірге болып, қара жер қойнауына да сені ән шығарып салады (Абай). Әрине, екінің бірі әнші болмайды. Әншілік мыңнан, миллионнан біреудің маңдайына жазылған жаратқанның сыйы.

Академиялық әншілік өнер болмаған заманда әншілердің бәрі ұлттық үлгіде ән салған. Олар өз ұлтының тіл ерекшелігіне байланысты сол ұлттың ғана әншісі болған. Олардың ән салу үлгісін халықтық немесе ұлттық әншілік манерасы деп атайды. Европада католиктер мен христиандардың шіркеулерінде діни уағызды хор мен орындау пайда болған соң, вокалдік музыкада кантата, оратория, опера жанрлары пайда болған соң, академиялық әншілік өнерде бірте-бірте дами бастады. Әншілерді оқытып олардың дауысын арнаулы жаттығулармен академиялық манерада айтқызуға үйретті. Әншілердің дауыс диапазонының екі октаваға дейін кеңейуі, олардың орындау техникасы аспаптық дәрежеге жетуіне байланысты композиторлар оратория, кантата, опера жанрындағы вокалдік партияларды күрделендіре түсті. Арнаулы дайындықпен дауысы қойылмаған әншілер опералық партия айталмайтын болды. Міне бұл адам баласының ойлап тапқан ұлы өнері опера мен академиялық әншілік өнердің тууы еді.Академиялық әншілік өнер адамзатқа ортақ ұлы өнер!

Сонау 16 ғасырдың аяғы 17 ғасырдың басынан бастап академиялық әншілерді дайындайтын вокалдік педагогика пайда болды. Сол педагогтар шәкірттерінің даусын қою үшін сан түрлі вокалдік жаттығулар шығарып, ол жаттығулар ұрпақтан- ұрпаққа ауысып біздің заманымызға жетті. Вокалдік жаттығулар да халық әндері сияқты белгілі бір авторы жоқ. Вокалдік жаттығулар да халық әндері сияқты сан өзгеріске түсті. Себебі, әр педагог белгілі бір жаттығуды өз еркінше шәкіртінің дауыс мүмкіндігіне ыңғайлап өзгертеді. Ол шәкірт өзі педагог болғанда, сол жаттығуды өз бетінше ол да өзгертеді. Сондықтан да вокалдік жаттығулардың авторлары халық әндеріндей белгісіз. Вокалдік жаттығулар бүкіл әлемдік әншілік өнердің ортақ қазынасы.

Вокалдік жаттығуларды диатоникалық гамма жаттығулары, арпеджио жаттығулары, хроматикалық гамма жаттығулары, контелина, портаменто, филировка жаттығулары, мелизм группасындағы- трель, форшлаг, группетто жаттығулары және арлас жаттығулары деп топқа бөлдім.

Дауыс қоюдағы вокалдік жаттығулардың ең басты қызметі мен мақсаты - әншіліктің қажетті техникалық әдістемелерін жеттік меңгеру үшін, әншілік тыныс алудың әдістері мен түрлерін меңгеру, дауыстың созылмалылығын (контелина), жұмсақтығын, дауыстың екпінділігін меңгеру, интонация тазалығын сақтау, дауыспен форте және пианоны, дыбысты филировка жасауды, трельді, стакаттоны еркін меңгеруге, жоғары дауыстарға колоратураны меңгеруге, дауыс тембрін байытып сәндеуге, дауыс күшін барлық регистрда біркелкілеуге, дауыс диапазонын мүмкіндігінше екі октаваға жеткізуге, дауыс төзімділігін арттырып профессиональдік қабілеттілігін жоғары деңгейге көтеру, ритмді сезініп қатаң сақтауға дағдыландыру т.б. әдістемелерге жас әншіні жаттықтыру.

Ал, әншіні шығарманы көркемдеп айтуға, дикцияны, фразировканы, сөз анықтығын меңгеруге, сахана мәдениетіне, артистизмге, шығармадағы бейнені сомдауға басты құрал ол вокализдер, әндер, романстар, ариялар болып табылады.

Хроматикалық гамма жаттығулары

«Хроматизм» атауы гректің – chroma – бояу деген сөзінен алынған. Гректер диотоникалық гаммадағы жеті дыбысты жаңбырдан кейінгі кемпірқосақтың жеті түрлі бояуымен теңестірген. Ал, гаммадағы хроматикалық дыбысты сол жеті бояудың түс реңіне теңеген.

Хроматикалық гамма – мажорлық немесе минорлық латтарда дыбыстардың рет-ретімен жоғары, төмен жарты тоннан қозғалуы. Хроматикалық гаммада дыбыстар жоғары диез белгісімен, төмен тек бемоль белгісімен қозғалады. Хроматикалық гаммаларды дауыс қоюдың алғашқы кезеңінен қолданысқа кіргізеді. Хроматикалық гамманың міндеті- бірінші кезекте әншіге интонация тазалығын меңгеру. Хроматикалық гаммалар мен жаттығу бастағанда алдымен ара-қашықтығы (интервал) тар үлкен секундадан бастаған жөн. Сол секундадаға кіретін үш дыбысты меңгерген соң, кіші терцияға, үлкен терцияға ауысу керек. Осы жаттығуларды игергеннен кейін кварта, квинта интервалдарына жаттығуларды бастауға болады. Хроматикалық гаммалар жаттығулары – (57.58.59. 60. 61. 62 – жаттығулар). Бұл жаттығуларды алғашында өте жай (largo) темпінде орындап бірте-бірте тездетуге ауысу керек. Жоғарыдағы интервалдардағы хроматикалық гаммаларды ойдағыдай меңгерген соң октавалық немесе одан-да жоғары интервалдік гаммаларға жаттығулар жасауға кірісуге болады. Ол жаттығулар (63. 64 – жаттығу).

Филировка, Портаменто жаттығулары.

Филировка – атауы француз тілінен filer un son – дыбысты созу деген мағнаны беретін сөзінен алынған. Филировка әдісі дыбыстың созылмалы динамикасын қаттыдан (forte) , ақырынға (piano), ақырыннан қаттыға жайлап бірте-бірте ауысу. Филировканы жақсы меңгеру – дауыстың табиғилығын дұрыс қойылғанының көрсеткіші іспетті.

«Кім филировканы жақсы меңгерсе – сол жақсы ән салады» - дейді орыстың атақты әнші педагогы И.П.Пряничников.

Филировка жаттығуларын дауыстың күшін, қаттылығын, дауыстың созылмалалағын біршама меңгерген соң бастаған жөн. Себебі, күші жоқ ,әншілік тынысты меңгермеген, дауысының созылмалылығы жоқ әнші филировка әдісін ешқашан да жасай алмайды.

Дыбысқа филировка жасау әдісі әншілік өнерде шығарманы орындауда нюанстар жасаудың басты құралы болады. Ән салғанда филировканы жоғары деңгейде еркін жасау, дыбысты ұзақ созылмалы филировка жасау әншілік өнердің ең ұзақ уақыт жаттығу арқылы үлкен қиыншылықтармен меңгерілетін әдісі. Филировка әдісі әншінің өмір бойы қолданатын өмір бойы сол әдісті жетілдіруге еңбектенетін жаттығуының ең бастысы. Бұл жаттығу кез келген шығарманы көркемдеп орындаудың негізгі әдістемесі.

Филировканы меңгеру үшін алдымен бір дыбысты ұзақ уақыт терң тыныста жоғары резонаторда форте әдісімен жеке айтып жақсы меңгеріп, сол дыбысты енді пиано әдісімен жеке орындап дағдылану керек. Екі әдісті жеке-жеке әбден меңгергеннен кейін, бір дыбыста филировка жасау жеңілге түседі. Ол туралы ұлы педагогтардың пікірлері ортақ.

Филировканы меңгеруге арналған - № 65.66.68.69.70.72 – жаттығуларды күрделігіне қарай педагогтың таңдауымен қолданған жөн.

* * *


Портаменто атауы – италиян тілінен - portare la voce (портарэ ля воче) дауысты (басқа нотаға) апару немесе тасымалдау деген мағнаны беретін сөздерінен алынған. Портаменто жеке ән салуда және ысқылы (смешковый) музыкалық аспаптарда бір дыбыстан келесі дыбысқа сырғанап ауысатын әдіс. Нота текстінде композитордың міндеттеуімен орындалатын глиссандодан, Портаментоның айырмашылығы оны орындаушы өз қалауынша орындайды. Портаментоны шамадан тыс қолдану манерлік орындаушылыққа ұрындырады. Одан құтылу әншіге қиынға соғады. Портаменто әншілік өнердегі өте күрделі әдістердің бірі.

Ноталық текстте портаменто белгісі доға екі нотаны қосып тұрады. Портаменто әдісі терция интервалынан бастап жоғары қарай қолданылады. Портаменто әдісінде доғамен жалғасқан екі нотаның арасындағы барлық ноталарды жоғары, төмен сырғанатып біргелкі орындау керек. Егер екі дыбыстың арасындағы дыбыстардың бір-екеуі таза болмаса портаментоның дұрыс орындалмағаны. Онда ол тыңдаушыға жағымсыз әсер етеді. Портаменто мелодияға, мазмұнға бір қосымша мағна беру үшін қолданады. Шығармада портаментоны көбінесе нәзік сезімді, мұңлы сезімді суреттеу кезінде немесе күлкілі әзіл-қалжыңды, қайғыны ерекшет көрсету үшін қолданады. Портаменто әдісін меңгеруге – 67.71-жаттығулар берілген.



Мелизмдер жаттығулары

(Трель, форшлаг, группетто)

Мелизм – атауы гректің - melismos (мелисмос) - әншіліктің ерекше әдісі деген мағынаны беретін сөзінен алынған.

Мелизм – мелодиялық айналымның жеке бір дыбысына әсемдік әуен беруге арналған арнаулы белгілеулер. Мелизмдер 17 ғасырдан бері қолданып келе жатқан - форшлаг, группетто, мордэнт, трель белгілері.

Трель – аутауы италияның - trillo (трилло) немесе trillare (трилларе) – дірілдеу ,тербелу деген мағнаны беретін сөздерінен алынған. Трель вокалдік музыкада әуенді әсемдеу, сәндеу үшін қолданатын екі қатар тұрған тез орындалатын дыбыстардан құралған. Оның интервалы жарты тон немесе бір тон болады. Трель астынғы дыбыстан басталса , негізгі дыбыс астынғы болады, үстіңгі дыбысы қосалқы дыбыс болады. Егер трель үстінгі дыбыстан басталса, үстінгі дыбыс негізгі, астынғы дыбыс қосалқы дыбыс болады.

Трель италияда Белканто заманында колоратуралық әншілік орындаудың бір түрі болды. Ол кезде трельді барлық дауыстар қолданды. Осы заманда трельді көбінесе жоғарғы дауыстар лирико-колоратуралық және колоратуралық сопранолар репертуарларына байланысты жиі қолданады. Трельдің нағыз вертуоз шеберлері- италияның кастрат- әншілері болған. Трельді орындау үшін көмейдің тербелісімен еркіндігі өте қажетті әдіс. Трельді меңгері үшін алдымен секунданың жарты және бір тондық дыбыстарын жай орындап, бірте-бірте тездету қажет. Трельді меңгеуге -

73.74.75.76.78.82.83.84.86.89-жаттығулары берілген.

* * *


Форшлаг – атауы немістің vorschlag (воршлаг) – алдыңғы соққы деген мағынаны беретін сөзінен алынған. Форшлаг вокалді музыкада, аспаптық музыкада негізгі әуенді (мелодияны) әсемдеумен сәндеудің бір түрі. Форшлаг ұсақ нотамен негізгі нотаның алдына жазылады. Оның размері тактыға кірмейді. Егер форшлаг қысқа әрі сызылған нота болса, онда ол алдыңғы нотаның ұзықтығына кіреді. Егер форшлаг ұзақ нота болса, ол өзінен кейінгі нотаның ұзақтығына қосылады. Форшлаг бір, екі ,үш дыбыстардан тұрады. Форшлагта трель тәрізді көбінесе жоғары дауыстардың репертуарларындағы шығармаларда қолданылады. Форшлагты меңгеруге – 77.79.81.85.87.88.- жаттығулары арналған.

* * *


Группетто – атауы италияның – gruppetto (группетто) – кішкене топ деген мағна беретін сөзінен алынған.

Группетто мелодиядағы бір дыбысқа әсемдік беру үшін төрт дыбыстан тұратын тез орындалатын қосымша әуен. Егер группетто белгісі нотаның тура үстінде тұрса, онда группетто сол нотадан секунда жоғары басталады. Ал, егер группетто белгісі нотаның оң жағында тұрса, онда группетто сол нотадан кейін орындалады. Группеттоның ұзақтығы (размері) негізгі нотаның ұзақтығының ішіне кіреді. Группеттоны таза орындау үшін әншіге ұзақ дайындық қажет. Группеттоға арналған жаттығулар – 79.80.



Аралас жаттығулар

Вокалдік аралас жаттығулар жас әншінің алдыңғы – гамма,арфеджио, хроматикалық гамма, лигато, стокатто, филировка, портаменто, мелизмдері бар жаттығуларды жеке-жеке меңгергеннен кейін, дауысын біршама қалыпқа келтірген соң орындайтын жаттығулары. Себебі, бұл жаттығулар мелодия, ритм, диапазон ,орындау әдістері жағынан күрделі жаттығулар. Бір жаттығуда бірнеше вокалдік әдістемелер қолданылады. Жаттығуларда орындау екпіні (темп) қойлмаған. Екпін жылдамдығын оқушының мүмкіндігін ескере отырып педагог өзі белгілейді. 90- номерден 101- номер жаттығулары аралас жаттығулар.



Cұрақтар:

1.Вокльдік жаттығулар туралы анықтама беріңіз?

2.Legato, non legatoлық жаттығуларына анықтама бер?

3.Стокатто, моркатталық жаттығуларға анықтама бер?



Қолданған әдебиеттер:

1.Бейсембеков А. «Вокальдік жаттығулар мен вокализдердің дауыс қоюдағы маңызы» 2012 жыл Талант баспасы Семей

2.Пряничников И. «Советы обучающимся пению» Москва 1958ж «Музгиз»

3.Доливо А.Л. «Певец и пение» Москва 1958г «Музгиз»




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет