«Романс» – испан тілінен алынған. Орта ғасырда Испанияда жергілікті роман тілінде айтылатын лирикалық әндер пайда болып, ХҮІ ғасырдан бастап «романс» жанр болып тұрақталып, басқа европалық елдерге тарайды. ХҮІІІ – ХІХ ғасырларда романс деген сөз мағынасы кеңейіп, жеке дауысқа арналған, музыкалық сүйемелеумен жазылған күрделі де кең екпінді шығармалардың қатарына енеді.
Романстың әннен айырмашылығы, екі – үш бөлімнен құралып, кең ауқымды, терең сезіммен, баяу екпінмен орындалатын ән. Жай әндер мен романстардан басқа көлемді әндер де бар, олар ария, ариетта, аризо, коватина, баллада және т.б.
Романс(исп. romance) — белгілі бір музыкалық аспаптың сүйемелдеуімен жеке дауыста орындалатын шығарма. Испанияда пайда болған романс алғашында испан (“роман”) тіліндегі ән деген ұғымды білдірген. Бүгінде романс лирико-эпикалық немесе лирико-драмалық мазмұнға толы бір дауысқа арналған ән жанры. Романс көбіне лирикалық поэзия мәтініне құрылып, аспаптық музыкада вокалдық негізде жазылады. Романстың әннен айырмашылығы — әуеннің сөзбен тығыз байланыстылығы мен аспаптық сүйемелдеудің маңыздылығында. Романстың баллада, элегия, т.б. жанрлық түрлері бар. Романс синтетикалық, музыко-поэтикалық жанр ретінде 18 ғасырдың 2-жартысында неміс композиторларының мектебінен басталып, кейін Франция мен Ресейде жалғасын тапты. 19 ғасырдағы романтизм кезеңінде жетекші жанр рөлін атқарып, адамның ішкі дүниесінің сезімталдығын жан-жақты көрсету мен оны музыка арқылы бейнелеуді негізге алды.
Сұрақтар:
1.Романс жанры туралы түсініктеме бер?
2.Романстың түрлері туралы не білесің?
3.Қазақстан композиторларының романстары туралы түсініктеме бер?
Қолданған әдебиеттер:
1.Қазақ энциклопедиясы, 7 – том
2.Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005
3. И.Кочнева, А.Яковлева «Вокальный словарь» Ленинград «Музыка» 1986г.
Жеке Сабақ №11-12
Мектеп әндерін дауыс қоюда пайдалану.
Жоспары:
1.Репертуарға мектеп әндерін талдау.
2.Қазақстан композиторларының балалар әні.
3.Мектеп әнімен жұмыс.
Халық әндерін мектептік музыка пәнінде қолдану.
Жоспары:
1.Қазақтың балаларға арналған фольклерлік әндері.
2.Мектеп әнімен жұмыс.
3.Мектеп әнін студенттің өзі сүйемелдеп орындауы.
Музыка сан алуан жанрларға бөлінеді. Әннің алатын орны өте зор. Ән адамның жан сезімін оятып, жүректің нәзік қылын қозғайды «Ән миллиондардың жүрегін біріктіреді » Л. Бетховен.Әннің эмоциялық ықпалы өте күшті, өзіндік көркемдігі және мазмұндылығымен балалар жанын баурап, олардың ақыл - ой, сана - сезімінің кеңейіп жақсы мінез - қылықтарының қалыптасуына әсер етеді.Әнді орындау барысында қандай мақсат қойылады? Орындау кезінде оқушылардың музыкаға деген іс әрекеті қалыптасады, оның ішінде хормен орындағанда оқушының музыкалық мәдениеті тұрақтап, орындаушылық шеберлігі тұррақтап, өздерінің музыкаға деген көзқарасын нығайтып, шығарманың бейнелеу образын көрсетедi.Әндер әртүрлі болады: халықтық, композиторлық, балалар әні, бесік жыры, той - думан әндер, лирикалық, патриоттық, эстрадалық, тақпақ сазды т. с. т. б. Әндер өмірмен байланысты болған соң көңілді - жадыраңқы, жабығыңқы - қапалы, албырт, жалынды, қайғылы, ойлы, айбынды т.б. болып келеді. Әнді орындағанда орындау ережелерімен танысады.
Мысалы:
- Ән айту кезінде тік тұр немесе тік отыр.
- Иығыңды көтерме (демалғанда). Әнде не туралы айтылатынын ойла, мәнерлеп айтуға тырыс т.с.Сондықтан, әнді орындау - халықтың бүкіл мәдениетінің негізі, музыкалық білім мен тәрбие берудің ең ықпалды құралы.
Ескере кететін бір жай: бастауыш сынып оқушылары ән айтудың көркемдік немесе техникалық жағынан жеңіл, қысқа әуеннен емес, белгілі бір мазмұны бар әуендер арқылы тезірек қабылдайды .
Мысалы: Түлкі. Сыңғыр қоңырау. Бөдене. Қандай жақсы гүл. Апорт деген тәтті алма .
1 сыныпта: Күз ырғағы. Биші болам өскенде. Алтын астық.
Бауырсақ.
2 сыныпта: 1) Өсіп келе жатырмын (К.Сатиев).
«Кемесінде арманның - екі «н» - ің біреуі түсіп қалмасын. «Таласып мен күнмен өсемін» (9 буын), ал әнде (7 буын) мынандай ырғақты қосу керек.
2) «Саяхатта» - әр буынды көрсете отырып, ауыздың қимылы, дауыс аппаратың, сөздерді анық, тез айтуына үйретеміз.
3) «Елім - ай» - кең тынысты баяу, жәй екпінде орындап, демді алуын үйретеміз (иықты көтерме, шулап дем алма т. с)
4) Гәк-ку - жаттығу ретінде қолдануға болады «Гәк-ку, гә-гә-гәй» буындарында «Г», «К», дыбыстары таңдай дыбыстарына жатады. Ол дыбыстар бірден дауыстың жоғарғы позицияда құрылуына жағдай жасайды, ал «ку» «гу» буындағы «у» дыбысы - дауыс аппараттың көмекейден қысып шығармай босатады.
5) «Ана» - терция интервалы арқылы, лига сызығы арқылы дыбыстар бір - бірімен жалғасады, таза әуенді интонациясын қадағалаймыз, және де «жылы сезіммен» деген мағынада.
6) «Уж, как по мосту, мосточку» - екпініне жету.
7) «Наурыз келді» - қайырмасының әуені «ля » буынымен жеңіл, көтеріңкі, «ұшып» отырсын т.с.
3-сынып
1. «Таң» у, о, а - біртіндеп, дыбыс арқылы - ауызды ашып, таңдайды көтеріп, дауысты “бүрмелеу” керек (округленно).
2. «Қара торғай» - үзінді, буындар екі дыбысқа созылатынын байқап (Қара торғай, ұштың зорғай, бейшара) - динамикасына жеткіземіз, тақтада үлгі ретінде ырғақ болу керек .
3. «Кімнің құлағы ұзын?» - тәрбиелік мәні бар шығарма. «Өсекші» деген кім? ең бірінші сұрақ қою керек – «Кімнің құлағы ұзын?» жауаптар: қоянның, пілдің, есектің т. б. Өсекшінің деп ешкім айтпайды. Неге? мазмұнын оқып береміз.
4. « 8 Наурыз күні» – диалог ретінде балалар әндетуді үйренеді және де қалып қоймай, сахнада орындау мәдениетін тәрбиелейді т.с.
5. «Құстар қайтып келеді» – 2 дауысқа үйренеді, өздері білмей қалады, үйретіп те керегі жоқ. Осыған ережелер ретінде: сынып бір дауысты (негізгі әуенді) орындайды, ал мұғалім екінші дауысты. Осыны дұрыс айтса, оқушы екінші дауысты тыңдауға үйренеді. Сондықтан екі дауысты әндерді орындау үшін өз тобының ән - әуезін жақсы білуі қажет т.б.
4 сынып: Бұл кезде жоғарғы немесе төменгі дауыс нышандарын байқауға болады. Дауыс толыға, әрлене, қоюлана түседі.
1. «Алатау» – қазақ жерінің табиғаты, оның ішінде Алматы маңайы. Әні өте әуенді, қайырмасы жеңіл, екпінді, қысқа.
2. «Жомарт елім» – балаларға таныс 2 дауыс, оның ішінде канон - 2 әдісі.
3. «Елім - ай» – Н. Дүкенбай – негізгі интонация халық әні «Елім - ай» - дан алынған, мақсаты, мазмұны – оралмандар, көшіп келіп жатқан туыстарға арналған.
4. «Қозым» - әнін өте жеңіл орындау керек, дәл ме дәл дем алу және дыбыстың «ұшуына» байланысты.
5. «Бөбегім » – сөзін жазған М. Мақатаев, әнін жазған Қ. Сәтиев - жаңа бесік жыры деуге болады, орындағанда жылы, тербете және 2 дауысты қолданады (қайырмасы).
6. «Бір бала » – халық әні, үйренгенде байқау керек: екпінін, әуезділігін сақтап, тебірене, сезіммен ойлана орындау. Мысал келтірсек Роза Рымбаеваға балалар еліктейді (ол жаман болмайды)
7. «Ақ сиса» – ны үйрену кезінде, қайырмасы “ ги-ги-гәй ”- дан бастаған жөн. Әуездің сөз буындары тақтада жазылып, буындарды ырғағымен үйреніп, оқып, дауысты нық, анық айтып үйретіп, жоғарғы тиссетура болғасын, сәл күш салып, f айтамыз. Ырғағын анықтап алғасын негізін үйренеміз.
8.«Заман - ай», «Желтоқсан желі» – тарихымызға байланысты, әңгіме арқылы, сипатын ашамыз, орындауға жеңіл болады.
9. «Сырғанақ » әннің атын айтып отырып, сырғып, стаккатто әдіспен орындап үйренген жөн, жеңіл, жылдамдата орындау керек.
10. «Полька » чех халық әні, жеңіл, ойнақы, биді сипаттау және 3 шумақты «хлопаем», «топаем» – cөздерді айтпай қолмен шапалақтап, еденді ырғағына келтіріп соғу, сол кезде сүйемелдеудің керегі жоқ. Бұл балаларға қызық, ұнайды.
11.«Майра» – бұл жеке дауыс пен хорға арнап, сахнаның сиқырын, көркемін біліп, өз өздерін әртіс, әнші ретінде мақтанышы.
12. «Сарбаздар маршы» - сазгер Қ.Сәтиев, сөзі Қ.Смағұлдікі – негізгі мақсат, нағыз марш, жігерлі, таза ырғақты байқау, көтеріңкі.
13. «Айналайын елімнен» - Н. Дүкенбай - әні жеңіл, диапазоны қолайлы, әннің мәтініне көңіл бөлу, тәрбиелік кезең, өнер адамдарымен таныстыру.
14. «Жар - жар » (айтыс ретінде) ұлдар - қыздар айтыс деген не?, соған қатысады т.с.
Ән айтқанда, музыка тыңдағанда, ырғақтық қимылдар жасағанда дауысы, дене қимылы сол шығарманың сипатын дәл жеткізуге тырысады. Осы қасиет шығармашылық қабілетті дамытуға ықпалын тигізеді. Шығармашылық балалардың ойын ұштап (заострить) қиялын қанаттандырады, сезімталдық қабілетін, байқампаздығын арттырады.Шығармашылық әрине негізгі түрде емес, ол музыка саладағы ізденіс, іздене отырып өздеріне байқамаған жаңалықтар Шығармашылық музыканың орындалу барысында жүзеге асады, мұғалім оған музыканы түсіну, ойлау мүмкіндігін бақылап тұруға мүмкіндік береді. Сондықтан «шығармашылық» балалардың музыкалық материалдарды терең түсінуге және музыкалық қабілетінің дамуына жағдай жасайды.Шығармашылық қарапайым ән әуендерін айтқанда ұсынылған сөз тексіне ән шығарғанда, дауыспен әр - түрлі сипаттағы музыканы орындағанда ( марш, би, полька, вальс ) музыкамен оның сипатын жеткізетін мәнерлі қимылдар жасағанда, бір ерекше ырғақ тапқанда, музыка туралы пікір алысқанда т. с. өзіндік мәнер қолданғанда ғана өмірге келеді.
Сұрақтар:
1.Мектеп әндері туралы түсініктеме бер?
2.Қазақстан композиторларының мектеп әндері туралы не білесің?
3.Өзің таңдаған бір мектеп әніне музыкалық талдау жаса?
Қолданған әдебиеттер:
-
Ән сабағы. Учебно-методическое пособие для начальных классов казахских школ. /в сопровождении баяна/. – Алматы: Өнер, 1997. – (Сорос-Казахстан коры).
-
Музыка хрестоматиясы 1 класс. Құрастырған Р.Жәрдемалиева, Г.Қарамолдаева, А.Исағұлова. – Алматы, «Өнер», 1986.
-
Музыка хрестоматиясы 3 класс. Құрастырған А.Исағұлова, А.Бәйментаева, Д.Атаханова. ҚазақССР халыққа білім беру министрлігінің коллегиясы бекіткен – Алматы, «Өнер», 1990.
-
Музыка хрестоматиясы 4 класс. Құрастырған Г.Қарамолдаева. – Алматы, «Өнер», 1981.
Жеке сабақ№13-14
Эстрадалық өнердің тарихы туралы.
Жоспар:
1.Эстраданың әр жанрлары.
2.Репертуарға эстрадалық әндер алу.
3.Вокалдық жаттығулар мен вокализдер.
Дауыс күшейткіш аппараттарды қолданып ән орындау.
Жоспары:
1.Микрофонмен ән айтуды меңгеру.
2.Минусовкамен ән айтуды үйрену.
3.Плюсовкамен ән айтуды үйрену.
Эстрада өнердің шағын түрі деп те аталады. Эстрада артистері жасаған
сахналық бейнелер психол. жағынан күрделі болмағанымен, олар ашық та
жарқын бояуға, гротескіге толы болады. Эстрада өнерінің қайнар көзі еуроп.
елдерде жонглерлер (Франция), шпильмандар (Германия), скоморохтар
(Ресей), даршылар мен масқарапаздар (Орт. Азия), қулар (Қазақстан) сияқты
кезбе өнерпаздардың сауығына саяды. Олардың ойын-сауығы сатиралық
көріністер мен машықтандыруды, акробатика мен жонглерлік өнерді, ән мен
билерді қамтыды.
Эстрада өнері (франц. estrade, исп. estrado – тақтайша үстел) – көп жанрлы сахналық өнердің бір түрі. Эстрада өнері әр алуан артистердің (әншілер мен бишілер, көркем сөз оқушылар мен акробаттар, конферансье мен музыканттар, т.б.) ойын-сауығынан құралады. Кейде жалғыз артистің өнер көрсетуіне құрылған жеке – соло концерт те болуы ықтимал. Әрбір ойын-сауық нөмірінің ұтымды әрі шапшаң (10 – 15 мин) орындалуымен байланысты.16 – 17 ғ-ларда Эстрадалық өнердің мұндай түрлері халық сейілдерінде, балағандар мен жәрмеңке алаңдарында одан әрі өркендеу өрісін тапты. 18 ғ-дың басында Англияда ойын-сауықтары ән-билерден, шағын пьеса мен буффонадалық интермедиялардан тұратын мюзик-холлдар пайда болды. Лондон қ-нда “Альгамбра” (1890), “Колизей” (1904) атты мюзик-холл құрылып, жұмыс істей бастады. Эстраданың осы сияқты түрлері дүние жүзінің көптеген елдерінде бой көрсетіп, кеңінен тарады. 18 ғ-дың аяғы мен 19 ғ-дың басында Францияның жәрмеңке театрлары сахнасында көбіне фольклорға негізделген сатиралық өлеңдер мен тақпақтар зор табыспен орындалды. Эстрадасы бар мейрамханалар кафе-шантандар деп аталды. Бұлардың артистері кейде өз ойын-сауықтарымен әлеум. мәселелерді қозғады. Бірақ олар көбіне көңіл көтеруден аспайтын, ой-мазмұны таяз ойын-сауық нөмірлерін орындаумен шектелді. Тыңдаушы-тамашалаушыларға әннің сөзін жеткізу, әннен гөрі сөзге, яғни мелодекломацияға еркін ауысып отыру Эстрада өнерінің ерекшелігі болып табылады. 19 ғ-дың 80-жылдары Францияда импровизац. ойын-сауықтар қоятын кабарелер ашылды. Бұлардың ойын-сауықтарына ақындар мен музыканттар, орындаушы актерлер, өмірдің көкейтесті мәселелерін қозғайтын өлеңдер мен әндер, сатиралық көріністер мен би нөмірлерін және пародия орындаушылар қатысты. Осы жылдары ойын-сауыққа қатысушы орындаушы-өнерпаздардың аты-жөнін хабарлап тұратын және көрермендермен қызғылықты әңгіме-дүкен құрып отырушы конферансье өнері де өмірге келді.
Сұрақтар:
1.Эстрадалық әндер және эстрада жанрының тарихы туралы түсініктеме бер?
2.Қазақстан эстрадасының тарихы туралы не білесің?
3.Эстрадалық әндерді орындағанда аппараттарды қолдану тәсілдері туралы айтып бер?
Қолданған әдебиеттер:
-
“Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998
-
Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005
Жеке сабақ№15
Қазақстан композиторларының лирикалық әндері мен романстары.
1.Ш.Қалдаяқов пен Т.Базарбаевтың әндерін репертуарға алу.
Қазақ музыка өнерінің тұлғалы тұғырының бірі - Теміржан Базарбаев. Әріде атамекені Батыстан келіп, Талдықорғанның Үшарал балалар үйінде өскен бала жастайынан музыкаға бейім болып өсті. 1961 жылы Алматы консерваториясын бітірген. 1961 жылдан бастап М.Төлебаев атындағы Семей музыкалық училищесі теория бөлімшесінің меңгерушісі әрі оқытушысы болып қызмет атқарды. 1979-1982 жылдары Қазақстан Композиторлар одағының Ертіс өңірі бөлімшесін басқарды.
Композитор шығармашылығынан туған Отан, туған өлкенің әсемдігі мен халқының тарихы тәрізді азаматтық тақырыптар басты орын алған. Атап айтқанда, "Қаздар қайтқанда", "Студенттік кештер", "Ауылым" әндерімен қатар, "Отан таңы", "Семей жастары", "Қалың елім, қазағым, қайран жұртым", "Белгісіз солдат анасы", "Курган бессмертия", "Шалқыма", "Әнсіз қазақ болмаған", "Қазақстан", "Мен коммуниспін" т.б ондаған дүниелері қазақ музыкасының асыл қорлары. Өнер қайраткерінің ұлттық қазына қорындағы орнын айқындайтын симфония, фантазия, поэма, романс опералық жанрларында тудырған шығармалардың болғандығы ғана емес. Сонымен қатар жалпы шығармашылығындағы халықтық, ұлттық нақыш, нәр мен құнарынан үндестік табуында болса керек. Теміржан Базарбаев - арнайы білімді, теориялық сауатты, әлемдік музыкадан мол хабары бар өнер иесі.
Баспадан жарық көрген "Қаздар қайтқанда", "Ақбаян" жинағына отызға жуық әндері мен романстары енгізілген. Т.Базарбаевтың Т.Молдағалиев, Н. Шәкенов, Ж.Молдағалиев өлеңдеріне шығарған "Жаңа жерлер", "Қазақстан" т.б шығармалары - қазақ ән дәстүрінің тағы бір жаңарған құбылысының жемісі. Сазгердің домбыра мен өзге аспаптардың қосылуымен шығарған терме-толғаулары қазіргі музыкаға қосып отырған жанр жаңғыртудағы тың үлесі. Семей өңірі, Семей қаласы - Теміржан Базарбаевтың өнер бесігі, ән ұясы. Отыз жылдан астам уақыт өмірі осында өтіп келеді. Сазгер әлі де шығармашылық ізденіс үстінде талмай еңбек етуде.
Сұрақтар:
1.Қазақстан композиторларының романстары мен әндері туралы не білесің?
2.Ш.Қалдаяқовтың өмір-баяны мен шығармашылығы туралы айтып бер?
3.Т.Базарбаевтың әндері мен романстары туралы не білесің?
Қолданған әдебиеттер:
-
“Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998
-
Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005
-
Т.Базарбаев «Ауылым» әндер жинағы «Талант» баспасы 2005 жыл Семей.
3 СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫ
Студенттің дәрісханадан тыс жұмысының түрі жекеленген және ОСӨЖ сабақтарында шығарма бойынша жұмыс істеу барысында қалыптасқан білімдерді және дағдыларды бекітуге бағытталған.
СӨЖ түрлері:
- сольфеджио мен және буынға вокализдарды жатқа білу;
- шығармаларды жатқа білу;
- вокалдық шығармаларды талдау білу;
- артикуляция бойынша жұмыс жасау;
- динамика бойынша жұмыс жасау;
- фразировка бойынша жұмыс жасау.
-
Өз бетінше тыныс алу жаттығуларын жасау
-
Дауысты, дауыссыз дыбыстарды дұрыс айтып үйрену.
-
Мектеп әнін нота арқылы жаттау.
-
Халық әнін нота арқылы жаттау.
-
Композитордың әнін нота арқылы жаттау.
-
Әншілердің орындауында вокалдық шығармалар тыңдау.
-
Өзінің әншілік репертуарын байыту.
-
Өз бетінше вокализді нотаға қарап орындау..
-
Өзі орындайтын вокалдық шығармаларды талдай білу.
10.Мектеп әнін өз сүйемелдеп айтуға жаттығу.
11.Ән айту өнерінің тарихы, әншілік мектептер.
12. Дауыс аппаратымен жұмыс істеу.
13.Тыныс алу жолдары, диапазон..
14.Артикуляция, дыбыстарды анық айтып үйрену, орфоэпиялық дыбыстарды айтып жаттығу
15.Бақылау сабағын дайындау.
Мұғалімнің жол көрсету аясында атқарылатын студенттердің өздік
жұмыстарының сабақ жоспары.
1. Әншілікті тыныс алу жаттығуларын жасау арқылы шыңдау.
2. Дауыс аппаратымен өз бетінше жұмыс істеу
3. Артикуляция, дикция техникаларын қалыптастыру
4. Вокализді нота арқылы үйрену
5. Мектеп әндерін өз бетінше үйрену
6. Таныс емес шығарманың әуенін аспапта орындай алу.
7. Халық әндерін орындау шеберлігін жетілдіру
8. Ария, романс жанрларын шебер орындауға қалыптасу
9. Вокалдық шығармаларды әр-түрлі штрихтарда орындау
10. Балалар әндерін өзі сүйемелдеп орындау
11. Дауыс диапазонын кеңейту жаттығулары
12. Әр-түрлі жанрда өз бетінше шығармалар үйрену
13. Өзі орындайтын шығармаларды теориялық талдау
14. Әншілік репертуарын байыту
15. Әншілер және әншілік мектептер жайлы реферат дайындау
16. Емтихан бағдарламасын дайындау
СЕМЕСТР БОЙЫНША ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР:
1. Мектеп әні.
2. Вокализ.
2. Қазақстан композиторларының әні.
3. Халық және халық композиторларының әні.
4. Әлем халықтарының әндері.
5. Шетел композиторларының романсы
КУРС БОЙЫНША ЕМТИХАН ТАЛАПТАРЫ:
1.Вокализ.
2. Қазақстан композиторларының әні.
3. Халық және халық композиторларының әні.
4. Мектеп әндері өз сүйемелдеуімен.
5. Шетел композиторларының романсы.
ҮЛГІ РЕПЕРТУАРЛАР:
Қазақстан композиторларының әндері
Қазақтың халық әндері: Алқоныр, Бір бала, Сәулем-ай, Ағажан, Дудар-ай, Қамажай.
Б.Байқадамов: Айгөлек, Бөбегім, Алма ағаштар жайнайды, Сүйген сәулем, Домбыра, Ақ бидай.
Ә.Епсаев: Әлі есімде, Ақ сәуле ұстазым, Сағыныш саздары, Сағыныш екен бала кез, Барасың қайда, қайда.
А.Жұбанов, Л.Хаимди: Ария Ажар из оперы «Абай», Песня Айдара, Ақ көгершін, Қарлығаш.
Л.Хамиди: Смотрины невесты из оперы «Абай», Қазақ вальсі, Бұлбұл, Жайлауым бақша жайнаған.
А. Бейсембеков «Әнші жүрек әуендері» әндер,романстар жинағы. Махаббат серенадасы. Желбіре туы қазақтың. Анаңнан асыл барма екен.Ата мекен туған жер.Сағыныш. Тәуелсіздік туралы ән.
Б.Жамақаев: Сен ғана, Махабат вальсі, Ертіс вальсі.
М.Мағытаев: Ақ маржан, Қалкам-ай, Мен үндемей жүремін көп, Іздедім сені.
Қ.Мусин: Почтальон, Алма бағында.
Н.Тлендиев: Құстар әні, Көз көрген қарындас-ай, Бақыт бар ма, сенен артық?, «Қыз Жібек» филімінен Алтыбақан әні, Жүрегім менің, Әке туралы жыр, Саржайлау, Куә бол.
М.Илиясов: Алтынай, Туған жер, Мерекем сен, Қазақтың дастарханы.
Ш.Қалдаяқов: Әнім сен едің, Қайықта, Арыс жағасында, Ана туралы жыр, Қаракөз, Ақ ерке – ақ жайық, Ақ бантик, Қуаныш вальсі, Қайдасың?, Бақыт құшағында, Сыр сұлуы, Ақ маңдайлым, Кешікпей келем деп ең.
Г.Хамитов: Сағындым жайық.
Е.Хасанғалиев: Ауылым-әнім, Гүл сезм, Келші, келші балашым, Елігім еркем, Асыл арман, Сағындым сені, Жан досым, Анаға сәлем, Атамекен, Бозторғай.
Т.Базарбаев: Тамаша, Аяулым, Қаздар қайтақанда.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
1. Бейсембеков.А Вокалдық жаттығулар мен вокализдердің дауыс қоюдағы маңызы.Талант баспасы 2012 жыл Семей.
2. Әсеттің 500 әні. /1,2,3 кітаптар/. Құрастырғандар: Н.Нүсіпжанов, Д.Ә.Бейсеуов. Қазақстан Республикасы ақпарат және қоғамдық министрлігінің «Өнер» баспасы. – Алматы, 1998.
3. Ән сабағы. Учебно-методическое пособие для начальных классов казахских школ. /в сопровождении баяна/. – Алматы: Өнер, 1997. – (Сорос-Казахстан коры).
4. Гәкку. Песни, романсы и песни из репертуара К.Байсейтовой. Составитель: К.И.Бобошко. – Алматы: «Өнер», 1991.
5. Ибрагим Нүсіпбаевтың әндері. Құрастырған: Рәбиға Нүсіпбаева – Алматы, «Рауан», 1996.
6. Қазақтың халық әндері. Қазақтың мемлекеттік көркем әдебиет баспасы. Алматы, 1960.
7. Қазақ вальсі. Қазақстан композиторларының әндері. Құрастырған Д.Мүсіров. – Алматы, «Өнер», 1982.
8. Бейсембеков А. «Әнші жүрек әунедері» әндер, романстар 2005ж. Семей.
9. Музыка хрестоматиясы 1 класс. Құрастырған Р.Жәрдемалиева, Г.Қарамолдаева, А.Исағұлова. – Алматы, «Өнер», 1986.
10. Музыка хрестоматиясы 3 класс. Құрастырған А.Исағұлова, А.Бәйментаева, Д.Атаханова. ҚазақССР халыққа білім беру министрлігінің коллегиясы бекіткен – Алматы, «Өнер», 1990.
11. Музыка хрестоматиясы 4 класс. Құрастырған Г.Қарамолдаева. – Алматы, «Өнер», 1981.
12. Мыңжасар Маңғытаев. Ақ маржан /сборник песен/. Изд-во «Жалын» - Алматы, 1977.
13. Милькович Е.К. Систематизированный вокально-педагогический репертуар /часть/ для высоких и средних голосов. – Музгиз. 1962.
14. Программы педагогических институтов. «Музыка и пение» Сборник 25 – Просвещение, 1980.
15.Романса и свежее дыханье. /Для голоса в сопровождении фортепиано/. Составитель Г.АПортнов. Всесоюзное издательство «Советский композитор» - Ленинград, 1988.
16. Сейдолла Байтереков. Ақ жауын. Белые дожди. /сборник песен/. Изд-во «Өнер» - Алматы, 1980.
17. Сыдық Мұхамеджанов. Жазғы дала. Песни и романсы (на русскрм языке) – Алматы, «Өнер», 1988.
18. Сағыным менің. Ш.Қалдаяқов. Әндер жинағы. «Жалын» баспасы – Алматы, 1976.
19. Хрестоматия Вокально-педагогического репертуара. Для сопрано. Муз.училище 3-4 курсы, ачсть 2. «Музыка» - М Хрестоматия по курсу вокального ансамбля. Для пения в сопровождении фортепиано. Составитель А.Скульский. Изд-во «Музыка» - Москва, 1983.
-
Э. Б. Абдуллин Методологический анализ проблем музыкальной педагогики в системе высшего педагогического образования, - М., 1990.
21. Ф.Абт «Хрестоматия» М.; 1998
22. Музыкалық оқулықтар 1-6 сынып бойынша 1997 ж, Атамұра баспасы.
23. Абдуллин Э. Б. Теория и методика музыкального образования
24. Г.Зейдлер «Вокальные упражнение» М., 2000 г.
25. В.Дмитриев «Искусство пения» М., 1990 г.
26. Аравин П.В. Ахмет Жұбанов. Алма- Ата, 1969.
27. Арчажникова Л.Г. Профессия – учитель музыки. М., 1984
28. А. Краснощеков “Хороведение”, Москва, 1975
29. М.М.Ахметова. Ән өнеріне кіріспе
30. Н.Б.Дмитриева “Основы вокальной методики”, Москва, 1982.
31. А.С.Соболев “Речевые упражнения на уроках пения”, Москва, 1985
32. Е.Малинина “Вокальное воспитание детей”, Ленинград, “Музыка”, 1967
Достарыңызбен бөлісу: |