Полимерлік материал қалдықтарын қоқыс сақтау орындарында жер астына көміп тастау уақыт өте келе өз әйгілігін жоғалтуда



бет13/25
Дата12.05.2024
өлшемі372.67 Kb.
#500909
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   25
Полиэтилентерефталат печать

13) Флотационды жуу. Толықтай жоғарыда (8) айтылып кеткен флотационды жууға ұқсас.
14) Флотационды жуу. Қалған жеңіл фракциялар кесілген ПЭТ бөтелкелерінен ажырайды.
15) Кептіруге арналған машина. Жуылып болған флексты ыстық ауамен кептіру.
16) Кептіргіш және сақтау бункері. Кептірілген флексты сақтау бункеріне үрлеу. Дайын өнім флекс арнайы қаптарға салынады.
Полиэтилентерефталат бөтелкелерін біріншілік өңдеу линиясы басқару панелі бар электр шкафы арқылы басқарылып отырады. Әр стадияны қадағалап және өзгертуге арналған кнопкалардан құралған, сенсорлік дисплеймен жабдықталған.
Алынған флекс полиэфирлі талшық алу цехына жіберіледі. Полиэтилентерефталаттан жасалған бөтелкелерді өңдеу арқылы алынған флексты өнімділігі 6-7кг/мин болатын экструдерда 280-320 °С-та балқытылады. Экструдердегі балқыманы фильерлерге бөледі. Фильерлерден шығатын балқыма формалау машинасы шахтасында ауамен салқындатылады және қатаяды. Талшықтың фрикциондық қасиетін жақсарту мақсатымен майлағыштармен өңдейді. Фильерлерден шығатын формаланған жіптер жгутқа бірігеді. Оны 800-1800 м/мин жылдамдықпен контейнерге қабылдайды. Содан кейін контейнерлерден жалпы жгут қалыптасады, оны келесі операцияларға жібереді:
1) ориентационды созу (3,0-4,5 рет), булы камерада 120-180°С аралығында 100-350 м/мин жылдамдықпен, және созылу кезіндегі ұзартылуын 2-4% мен 200-220 °С температурада стабилизациялау;
2) гофрирлеу, одан кейін бұралаң болады;
3) термоөңдеу15-20 мин ішінде 110-140°С-та (жгут кептіріледі және бұралаңдалуы бекітіледі; талшық 15-18%-ға отырады);
4) салқындату; 5) антистатикалық өңдеу. Содан жгутты кеседі, талшық алады. Кесілген талшықты (мақта тәріздес ұзындығы 34-40 мм, сызықтық тығыздығы 1,1-1,7 дтекс; жүн тәріздес, зығырды және мехты тәріздесұзындығы 60-120 мм, сызықтық тығыздығы 3,3-20 дтекс) байламдарға престейді.


1.6. Процесті аналитикалық бақылау


Бастапқы және соңғы өнімдерді өлшейтін негізгі параметрлері.
Шикізаттың сыртқы пішінін (түсін)анықтау.
Полиэтилентерефталат түсін күндізгі жарық мезгілінде бейнеленген түспен салыстырмалы түрде анықталады.


Біріншілік өңделген ПЭТ (флекс) сипаттамалары:
cыртқы пішіні –бұрыс формалы бөлшектер;
түсі – түссіз, көгілдір, жасыл, қызыл-қоңыр немесе олардың қоспасы;
бөлшек өлшемі – 6-12 мм;
балқу температурасы – 248 +- 2°C;
сипаттамалық тұтқырлық – 70 мг./л-дан кем емес;
ПВХ-дан басқа пластиктардың мөлшері – 0 %;
ПВХ мөлшері – 0 %;
желім мөлшері – 0 %;
қағаз мөлшері – 0 %;
металл оның ішінде түсті металдар мөлшері – 0 %;
төгілу тығыздығы – 260-280 г/л;
ылғалдылығы (өлшеген кездегі) –1 %


Полиэфирлі талшық сипаттамалары:
Полиэфирлі талшықтарда иіс болмайды немесе майлағыштардың иісі болады.
Суда ерімейді. Концентрлі күкірт қышқылында және кейбір органикалық қосылыстарда ериді.
Полиэфирлі талшық:
-сілтілік ортаға тұрақты
-органикалық еріткіштердің әсеріне тұрақты
-биохимиялық тұрақты
-күн сәулесі әсеріне тұрақты


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет