139
2.3. СЮЖЕТ ВЫДУМАННЫХ СКАЗОК И МУЛЬТСЕРИАЛОВ
ПУТЕШЕСТВИЕ В СТРАНУ СКАЗКИ «АЛТЫН САҚА»
Ғани: Сендердің сақаларыңа қорғасын құйылған.
Менің сақам нашар
болғандықтан ұтылып қалдым.
Фархат: Алшы, иə, менің сақама ешқандай асық шақ келмейді. Ал,
сенің сақаң алтын болса да ұта алмайсың.
Ғани: Ұтам, егер менде шынымен де алтын сақа болса ғой, шіркін!
Арай: Балалар, таласпаңдар. Мен дəл қазір «Алтын сақа»
ертегісін
оқып отырмын. Ол өте қызықты екен.
Болат: Мəселе
тек сақада емес, сен дəл
көздеп ата алмайсың, міне
былай. Мен қазір барып алып келейін.
Ғани: Болат, шықсаңшы енді ойнамай. Болат,
сен ертегі еліне бара
алмайсың ғой!
Арай: Ау... Болат...
Фархат: Мен қазір...
Ғани: Енді, Фархат та жоқ, екеуі əдейі шықпай тығылып отыр.
Арай: Болат, Фархат, біз үйге қайтамыз.
Ғани: Е... кеттік не болса да бірге көрерміз. Біз өзі қайдан шықтық?
Арай: Білмеймін, бəйтерек те жоқ, қарға да жоқ.
Фархат: Ештеңе де жоқ.
Ғани: Енді не істейміз? Болат, не болды саған?
Болат: Сақам осы жерде жоғалып қалды, таппай отырмын.
Ғани: Анда қараңдар, бір əжей талдың түбін кетпенмен қазып жатыр.
Фархат: Жүріңдер, көмектесейік, сол кісіден жөн сұрармыз.
Арай: Тоқтаңдар, біз «Алтын сақа» ертегісіне тап болған сияқтымыз.
Ал, ана əжей деп тұрған жалмауыз кемпір болуы керек. Ол тісін кетпен етіп
бəйтеректің түбін қазады. Анау – соның дəл өзі.
Фархат: Ал, не үшін қазып жатыр? Түбінде қазына бар ма?
Достарыңызбен бөлісу: