Практикалық сабақ 1



бет3/23
Дата18.01.2024
өлшемі2.58 Mb.
#489300
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Жобалау. Тәжірибелік сабақтар

Кәсіпорынның бас жоспары

Кәсіпорынның бас жоспарын құрылыс нормалары мен ережелері бойынша «Өнеркәсіптік кәсіпорындардың бас жоспарлары. Жобалау нормалары ҚНмЕ ІІ-М. 1-71», сонымен қатар өнеркәсіптік тораптарының объектілері ортақ бірнеше кәсіпорындардың бас жоспарларының сұлбасын талдау нұскамасы (ҚН 387-72) бойынша және өнеркәсіптік кәсіпорындарды жобалаудың санитарлық нормалары бойынша жобаланған (ҚН 245-71).
Мысал ретінде Алматы қаласындағы «Байсерке Агро» ЖШС кәсіпорынның бас жобасында кәсіпорынның жұмыс істеуіне қажетті барлық құрылыстар мен ғимараттардың, темір және автокөлік жолдарының үйлесімді орналасуы көрсетілген. Кәсіпорын территориясындағы ғимараттар мен құрылыстар келесідей бөлінеді:

  • өндірістік;

  • көмекші;

  • энергетикалық шаруашылықтың құрылыстары;

  • көлік шаруашылығының объектілері;

Өндіріс ғимараттары астықты қабылдауға, өңдеуге және дайын өнімді жіберуге арналған. Бұған жататындар: автокөліктен және темір жолдан қабылдау құрылғылары, элеватордың жұмыс ғимараты және силостары, астық кептіргіштер, ұн зауыты, құрама жем зауыты, шикізатты және дайын өнімді сақтауға арналған қоймалар.
Көмекші шаруашылық объектілеріне келесілер жатады: әкімшілік ғимараты, зертханалар, таразылық құрылғылар, өрт депосы, медпункт, жөндеу шеберханалары, отын қоймалары, жанар-жағар май қоймалары және т.б.
Энергетикалық шаруашылық құрылыстарына трансформаторлық подстанциялар жатады.
Транспорттық шаруашылық нысандарына темір, автокөлік жолдары, тепловоз депосы, машина жөндеу шеберханасы және автотұрақтар жатады.
Барлық құрылыстардың үйлесімді орналасуы өндіріс процессіне кететін уақыт пен шығындарды төмендетуге мүмкіндік береді және санитарлық-техникалық талаптарға сай келеді.
Кәсіпорын территориясы қоршалған, бұған бөтен адамдардың кіруіне тыйым салынған.
Кәсіпорынның басты ғимараттарына элеватор және ұн зауыты жатады. Элеватор темір жолдардың ұзына бойы орналасқан. Астықты қабылдау тек өздігінен ағатын шығару қондырғыларымен жабдықталған арнайы вагондардан жүзеге асады.
Астық элеваторда өңдеуден өткеннен кейін, қоймаларға сақталуға немесе элеватордың қасында орналасқан ұн зауытына жіберіледі. Дайын өнім пневмотасымалдағыштармен қаптарға, өнімді қапсыз сақтау қоймаларына немесе наубайханаға жіберіледі.
Автокөлік жолдары жергілікті жолдар желісімен байланысқан. Кәсіпорын территориясына кіреберісте екі жақты автокөлік таразылары орналасқан. Екі жақты жүру жолы қарсы келіп қалған автомобильдердің тұрып қалмауына мүмкіндік береді. Кәсіпорын территориясында өртке арналған гидранттар бар.
Кәсіпорынның территориясы санитарлық-техникалық талаптарға сай жайғастырылған, барлық территория ауданы түнгі жарықпен қамтамасыз етілген, сонымен қатар кәсіпорында дәрігерлік пункт бар болуы керек. Әкімшілік ғимаратының айналасы және де территория ауданы көгалдандырылған.
Кәсіпорынның жалпы тарихы мен оныдағы бар өндірістік ғимараттар, цехтар мен негізгі өнімдеріне тоқталып өту қажет.
Бас жоспардың техникалық және экономикалық көрсеткіштері. Барлық ғимараттар мен құрылыстарды орналастырып болғаннан кейін, территория өлшемдері және техникалық экономикалық көрсеткіштері анықталады. Территорияның жалпы өлшемдерін (ұзындығы мен енін) ең ірі ғимараттардың орналасуынан табамыз.
Ұзындығын, енін және жалпы ауданын. Енінің ұзындыққа қатынасын табу қажет. Кәсіпорындағы барлық ғимараттардың аудандарын тауып, жалпы ғимараттардың алып жатқан территорияны табу қажет.

  • Автомобиль жолдарының, тратуарларының, асфальтті алаңдардың ауданы.

  • Темір жолдар ауданы.

  • Көгалдандыру ауданы.

  • Территория периметрі бойында орналасқан қоршаулардың ұзындығы.

Бұл көрсеткіштер бас жобаның техникалық және экономикалық көрсеткіштерін анықтауға көмектеседі.
1. Құрылыстың тығыздығын келесі формула арқылы анықтайды:
(3)
мұндағы Кқ құрылыс тығыздығы, %; ∑ƒқ – ғимараттардың аудандарының қосындысы: бас жобадағы барлық ғимарат пен құрылыстардың алатын ауданы, м2; Fо – территорияның жалпы ауданы, м2.

2. Территорияны пайдалану коэффициентін (Кп) келесідегідей анықтаймыз:


(4)
мұндағы ∑ƒқ – айдаланылатын территорияның ауданы құрылыстардың ауданының, қоймалардың, автокөлік жолдарының, темір жолдарының қосындысы, м2; Fо – территорияның жалпы ауданы, м2.

3. Көгалдандыру коэффициентін (Кк) келесі формуламен табамыз:


(5)
мұндағы Fк – көгалдандыру ауданы, м2 ; Fо – территорияның жалпы ауданы, м2 .

1-кесте. Бас жоспардың техникалық және экономикалық көрсеткіштері



Аталуы

Мөлшері

1

2

Территория ауданы, м2




Территория өлшемдері: ұзындығы, м
ені, м




Енінің ұзындыққа қатынасы




Территорияның құрылыс ауданы, м2




Темір жолдардың ауданы, м2




Көгалдандыру ауданы, м2




Қоршау ұзындығы, м




Құрылыс тығыздығы,%




Территорияны пайдалану коэффициенті




Көгалдандару коэффициенті







  • Сумен қамтамасыз етуге арналған объектілерді орналастыру.

  • Темір жол және көлік жолдарының сұлбасын таңдау.

  • Сұйық отынға арналған қойма.

  • Ұн зауытына қойылатын талаптар



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет