Практикалық сабақ 1


Ұн зауытындағы майдалау бөлімінің есебі мен техникалық жарақтануы



бет5/23
Дата18.01.2024
өлшемі2.58 Mb.
#489300
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Жобалау. Тәжірибелік сабақтар

Ұн зауытындағы майдалау бөлімінің есебі мен техникалық жарақтануы

Майдалайтын бөлімге керек қондырғыларды екі әдіспен анықтауға болады:



  • Ұн тартудың сандық балансы негізінде;

  • Нақты бір ұн тарту типіне арналған қондырғы жұмыс бөлігіне түсетін жүктеме негізінде.

Дипломдық жобада екінші әдіспен есептейміз.



  1. Білікті линияларды есептеу

Білікті линияларға түсетін жалпы меншікті жүктеме – 330 кг/см·тәул.
Елеу беттеріне түсетін жалпы меншікті жүктеме - 1300 кг/см·тәул.
Білікті линияларының жалпы ұзындығын анықтау:
L0=50*1000/330= 151,52 см
Екінші әдіспен есептегенде әр бір жүйе бойынша білікті линияның ұзындығы келесі формула арқылы анықталады:
(13)
Мұнда, Q – ұн зауытының берілген өнімділігі, т/тәулік; qо – жүктемелердің техникалық нормалары, кг/см·тәул.; (шынылығы төмен астықты өңдеуде төмен мән шектерін қолданады). Яғни мәнді 10%-ға кемітуге немесес сәйкесінше жоғарылатуға болады.

Білікті станоктардың санын мына формула арқылы табады:



Мұнда бірінші жармалау жүйесінде бір білікті қондырғы қолданылады.
Қалған жүйелерге дәл осылай етіп білік санын анықтайды.


5-кесте. Жармалау жүйесіндегі біліктер ұзындығы мен сандары

Жүйелер

Баланс бойынша меншікті жүктеме, %

Жүйеге түсетін меншікті жүктеме,
кг/ (см·тәул)

Білікті станоктың есептік ұзындығы, см

Білікті станоктар

Саны

Өлшемі, мм

I ж.ж

100

700

71,43

0,5

800 x 250

II ж.ж.

76

600

63,33

0,5

800 x 250

III ж.ж.

22,3

280

39,8

0,5

800 x 250

IV ж.ж.

15

200

37,5

0,5

800 x 250

1 ұн.ж

22,87

200

57,1

0,5

800 x 250

2 ұн.ж

28,48

200

71,2

0,5

800 x 250

Есептеулер нәтижесінде А1 – БЗН маркалы білікті станоктардың 3 данасын қабылдаймыз.





  1. Рассевтердің елеу бетін есептеу және процесстерге бөлу

Елеуіштердің жалпы елеу бетін келесі формуламен анықтаймыз:


(15)
Екінші әдіс бойынша: әр бір жүйеге қажетті елек бетін келесі формула бойынша анықтайды:
(16)
Рассев санын мына формула арқылы өрнектейді:
(17)

яғни бұл төрт секциялы рассевте бір секция жасайтынын көрсетеді.
Қалған жүйелердің рассевтер санын осылай етіп шығарады.


6-кесте. Елеуіштердің есептік бетінің ауданы мен саны

Жүйелер

Баланс бойынша меншікті жүктеме, %

Норма бойынша жүйеге түсетін меншікті жүктеме,
кг/(м
2* тәул)

Елеуіштің есептік ауданы, м2

Елеуіштер

Саны

А1-ЗРШ-4М елеуішінің елеу бетінің ауданы , м2

I ж.ж

100

20000

2,5




17

II ж.ж.

80

15000

2,67




17

III ж.ж.

22,3

10000

1,115




17

IV ж.ж.

15

7000

1,07




17

1 ұн.ж

22,87

88000

1,29




17

2 ұн.ж

28,48

88000

1,62




17

Есептеулер нәтижесінде негізгі технологиялық процесстерге А1-ЗРШ-4М маркалы 1 рассев және ұнды бақылау үшін А1-ЗРШ-4М маркалы 1 рассев қолданылады.





  1. Үгіту қондырғысын есептеу

(18)

Есептеу нәтижелерінде бұл технологиялық процесте қосымша бір А1-БВГ үгіту қондырғылар қолданады.


Ұн зауытындағы майдалу бөліміндегі құрал- жабдықтарының техникалық сипаттамасы мен технологиялық спецификациясы
8-кесте. Технологиялық үрдістің техникалық сипаттамасы



Атауы

Марка

Саны

1

Білікті станоктар

А1-БЗН

3

2

Майдалау линияларының жалпы ұзындығы, см: жармалау және ұнтақтау жүйесінде




2200
1000
1200

3

Майдалау линиясындағы ұнтақтау жүйесінің жармалау жүйесіне қатынасы




1,4

4

Елеуіштер

А1-ЗРШ-4М

2

5

Ұн бақылауға арналған елеуіш

А1-ЗРШ-4М

1

6

Жалпы елеу беттері, м2:
жармалау жүйесі
Ұнтақтау жүйесі
Ұн бақылау




38,5
2,5
1,29
5,05

7

Елеу беті бойынша ұнтақтау жүйесінің жармалау жүйесіне қатынасы




0,5

8

Үгіту қондырғысы

А1-БВГ

1

9

Магнитті сепаратор

У1-БМП

7

10

Ұнлау жүйесіне арналған меншікті жүктеме қарапайым ұн тарту үшін, кг/см*тәу.




330

11

Ұнтақтау жүйесіне арналған меншікті жүктеме қарапайым ұн тарту үшін, кг/м2*тәу.




1300



9-кесте. Майдалау бөліміне арналған қондырғылардың спецификациясы

Қондырғылардың атауы

Марка, тип

Саны, дана

Өнімділігі, т/сағ

Электрқозғалтқышының қуаты, кВт

Габариттік өлшемдері, мм

Білікті станок

А1-БЗН

3

3,50

7,5-18,5

2030*1700*1800

Елеуіш

А1-ЗРШ-4М

2

21,0

3,57

730*1085*2760

Үгіту қондырғысы

А1-БВГ

1

0,9-1,6

5,5

1600*820*1720


Практикалық сабақ №3
Тақырыбы: ЭЛЕВАТОРДЫҢ ЖҰМЫС ҒИМАРАТЫ, СИЛОС КОРПУСТАРЫМЕН ҚАБЫЛДАУ-ТИЕУ ҚОНДЫРҒЫЛАРЫН ЖАЙЛАСТЫРУ НҰСҚАЛАРЫН ТАҢДАУ АСТЫҚ ҚАБЫЛДАУ КӘСІПОРЫНДАРЫНЫҢ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ЖАБДЫҚТАРЫН ЕСЕПТЕУ. ЭЛЕВАТОРДАҒЫ АСТЫҚ ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ СХЕМАСЫН ҚҰРУ


Мақсат: Элеватор элементтерін технико – экономикалық көрсеткіштерге қарай тиімді жайластыруды анықтау.


Шикізаты мен дайын өнімінің сипаттамалары
Сұлының тамақ өнеркәсібі үшін үлкен маңызы бар. Сонымен бірге құнарлы азық болып саналады.
Басқа дәнді дақылдармен салысырғанда сұлының сабаны мен топанының жемдік қасиеттері анағұрлым жақсы. Сұлы көк балауса, сүрлем, пішен ретінде өте жұғымды жем болып табылады. Сондықтан да сұлы түрлі жемдердің арасында бірінші орында тұр; сұлының бір килограмы жемшөптік өлшем ретінде алынады және қандай да бір басқа жемдердің азықтық құндылығын білу керек болғанда сұлымен салыстырылады.
Сұлыны бір жылдық бұршақ дақылдарымен араластырып егу – парды пайдаланудың ең тиімді тәсілі.
Сұлының құрамындағы витамин мөлшері едәуір көп болады. Сұлы жармасында витамині басқа дақылдарға қарағанда жоғары мөлшерде, ол бидай мен арпадағыдан анағұрлым көп, бір килограмында 4,5-8,0 мг мөлшерінде болады. Құрамындағы рибофлавиннің (дәрумен) мөлшері жағынан сұлының басқа дәнді дақылдардан айырмашылығы шамалы. Мына бір жағдайды атап көрсеткен жөн: сұлы жармасының жұғымдылығы бүтін дәннен гөрі анағұрлым артық, өйткені өңдегенде клетчатка азаяды да белок пен майдың мөлшері көбейеді. Сұлының жармасында май көбірек болғандықтан тез қызып кетеді, сондықтан жарманы құрғақ жерде сақтаған дұрыс.
Сұлы жармасындағы белокта мин қышқылы бар, амин қышқылында лизин, аргинин және триптофан көп.
Сұлының елеулі кемшілігі сол, басқа дақылдарға қарағанда құрғақ заттың бір өлшемін құрау үшін суды анағұрлым көп пайдаланатындығы (сұлының дәні бөккенде өз салмағының 65 пайызындай ылғалды пайдаланса, арпа 50 пайыздай ылғалды сіңіреді). Сұлының тағы бір кемшілігі – арпаға қарағанда вегетациялық мерзімі анағұрлым азығырақ, сондықтан солтүстік аудандарда сұлы кейбір жылы піспей қалады, соның салдарынан оны астық ретінде емес жем орнында жұмсауға тура келеді. Алайда, соған қарамастан солтүстік аудандар үшін сұлының маңызы бар, өйткені тундрадағы тың жерді игергенде сұлыдан бірінші жылы гектарына 200 центнерге жуық көк балауса және 50 центнерден пішен алынды. Солтүстік аймақта дәнді дақылдардың ішінде көк балаусаалу үшін тек қанасұлы өсіріліп жүр. Дегенде сұлы бағалы дақыл, жағдайды онша талғамайды. Жақсы алғы дақылдардан кейін еккенде қосымша өнім көп алынады, дәнді дақылдардан кейін еккенде де шығымдылығы кемімейді. Алғы дақылдарды онша талғамайтын болғандықтансұлы әдетте ауыспалы егісте ең соңғы дақыл ретінде егіледі.
Тыңайтқыштарды кеңінен қолданған шаруашылықтар сұлының шығымдылғын арттыруда айтарлықтай табысқа жетіп келеді. Мәселен, Москва селекция станциясында өндірістік жағдайда өсірілгенде 1970 жылы 400-450 гектар жерден гектарына 42 центнерден, 1971 жылы 37 центнерден, Липецк облыстық ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясында 1970 жылы 298 гектар жердің әр гектарынан 45,8 центнерден өнім алында.
Агротехника дұрыс қолданылса сұлы өсіру тиімді. 1960-1970 жылдарындағы орташа көрсеткіштерге қарағанда, Повожье ауданының колхоздары 1 гектардан 96 сомнан таза пайда алды. 1 центнер астықтың өзіндік құны 3,4 сом болды. Өнімнің өзіндік құнын кеміту және шығымдылығын арттыру арқылы сұлы өсірудің экономикалық тиімділігін арттыруға болады. Сұлының жемдік қасиеттерін сақтай отырып, жемшөп өлшемі мен протеиннің 1 центнерінің өзіндік құнын да кеміткен жөн.
Ботаникалық сипаттамасы.
Екпелі сұлының – Avena Satival – тамыр жүйесі сапалы, сабағы жіңішке оның 2 – 4буыны, 3 – 5 буын аралығы бар. Жапырақ қынабы сабақ пен жапырақты жалғастырады. Қынап пен жапырақтың жалғасқан жерінде жұқа тілшесі болады.
Сұлының гүл шоғы – шашақ басы. Шашақ бастың сабақтарын жартылай мутовкалар ұстап тұрады. Шашақ баста 5 – 6 жартылай мутовка болады. Шашақ бастың негізгі сабағынан бірінші кезектегі бұтақшалар өсіп шығады. Әрбір бұтақшаның ұшында масақ болады. Масақ екі қабыршақтан және екі гүлден тұрады. Сұлының пленкалы түрінің бірден төртке дейін, дәні жалаңаш сұлының екіден жетіге дейін гүлі болады.
Гүлдің екі қабыршағы бар. Бірі ішкі, екіншісі сыртқы қабыршақ. Гүлдің үш аталғы, бар аналығы және екі пленкасы болады.
Сұлы зауыттарының негізгі өнімі бүтін сұлы жармасы. Сұлы жармасы-гүлді және тұқымдық, жемістік қабатынан толық, алейрондық қабаты мен ұрықтық қабатынан жартылай ажыратылған ядро. Сұлыны қайта өңдеу кезінде бүтін жармадан басқа әр түрлі сападағы жапалақ, сұлы ұнын(толокно), жылтырлатылған , ажарланған жарма алынады.
Сұлы жармасы құрамындағы ақуыз, майлар, дәрумендердің көптігімен ерекешелінеді. Сондықтан бұл жарманы диеталық, емдік, балалар тағамында кеңінен қолданады.
Жарма өндіру үшін сұлының келесі базистік көрсеткіштері болу керек:
1.Таза ядро мөлшері (1,8*20 сырғымасы) 65 % болу керек
2. Қауызы - 27%
3. Ұсақ дәндер – (1,8*20 өтімі)- 5%
Қалдықтарды тазалау үшін астықты екі рет желді-електі сепаратордан өткізеді. Сепаратордың бірінші жүйесінде тек ірі және жеңіл қоспаларды бөліп алады. Майда қоспаларды, ұсақ дәннің фракциясымен бірге 2,2 x 20 мм- лік електің тесігінен өткізіп бөледі. Ірі фракцияны екінші сепараторлық жүйеге жіберіп, одан ірі және жеңіл қоспаларды және қосымша майда фракцияны бөліп алады. Дәннің ірі фракциясынан қара сұлыны бөлу үшін қара сұлы бөлгіш триерді қолданады. Сепаратордың бірінші және екінші жүйелерінен алынған дәннің майда фракциясын жарма бөлгішке немесе елеуішке жібереді, олардан 1,8 x 20 мм - лік електі пайдаланып, майда қоспалар мен ұсақ дәндерді бөледі, ал сырғымаларды қарашықтан бөлу үшін қарашық ажыратқыш машинаға бағыттайды. Дәнді дайындауда ірілігі бойынша екі фракцияға бөледі. Оларды ылғалдауға, булауға бірге немесе жеке жіберуге болады. Майда қоспаларды буратты қолданып тексереді, онда (1,3 - 1,5) х 20 мм - лік електе елеп, бөледі.
Сұлы дәнін ылғалдау (булау), оның технологиялық қасиеттерін жақсартып, ащы дәмін кетіреді. Ылғалдаудың немесе булаудың көп тараған тәсілі - булау, кептіру және дәнді суыту. Сұлы дәнін булауға үздіксіз немесе үздікті булағыштарды қолданып, дәнді алғашқы ылғалдығына қарай, 2 - 6% - ға дейін ылғалдайды. Дайындауда қолданатын негізгі операциялар: қалдықтарды бөліп алу және дәнді булап ылғалдау (1 - сурет).
Дәнді вертикалды кептіргіште кептірсе, онда оның соңғы ылғалдылығын, оны ақтаудың тәсіліне байланысты таңдайды. Егер, дәнді ақтауға ақтағыш поставты қолданса, онда оның соңғы ылғалы 10%- дан аспауы керек, ал обойкалы машинада 13,5 - 14,0% - ға жеткізеді. Дәнді суытқыш колонкада суытады. Кейбір өнеркәсіптерде дәнді буламайды тек 8 - 9% - ға дейін кептіріп, суытады. Көптеген тәжірибелердің нәтижесінде ұсынылған булаудың режімдері: будың қысымы 0,05 - 0,10 МПа, булау ұзақтығы 3 - 5 мин. Егер будың қысымы жоғары болса, онда ақтау алдында дәннің ұсақтары көбейіп кетеді. Дәнді кептіру оның қабығына қарағанда, ядроның ұсақталғыш қабілетін ұлғайтады. Сондықтан ақтауға дәнді температурасы 50°С шамасында жіберсе, ақтаудың сапасы жақсарады. Дәннің алғашқы ылғалдығы неғұрлым жоғары болса, соғұрлым булаудың сапасы жоғары болады. Ылғалдығы 14 - 15% дәнді буламай ақтауға болады, онда тек жарманы булайды. Дәнді немесе жарманы булау олардың сақтау төзімділігін арттырады. Ылғалдаудан немесе булаудан кейін дәнді екі фракцияга бөледі. Ол үшін желді- електі сепараторды немесе басқа елегіш машиналарды қолданады. Оларға 2,2 : 2,3 x 20 мм елегін қояды. Бұл електен сырғып түскені – ірі фракцияға, тесігінен өткендері - ұсақ фракцияға жатады.





1 сурет – Сұлы дәнін жарма алуға дайындау сұлбасы
1 – автоматты таразылар; 2 – желді електі сепараторлар; 3 – жарма бөлгіш; 4 – қара сұлыны бөлгіш машина; 5 – қарашық бөлгіш машина; 6 – булағыш аппарат; 7 – кептіргіш; 8 – суытқыш аппарат; 9 – бурат.

Сұлы дәнін ақтаушы поставтарды, обойкалы машиналарды, ортаға тепкіш ерекшеліктер бар ақтаушыларды қолданып өңдейді. Ақтаудан алынған өнімдерді бураттарды, центрофугал машиналарын, желдеткіштерді қолданып сорттайды. Ақталған және ақталмаған дәндерді ажырату үшін триерлер, падди- машиналар, жарма бөлгіштер қолданады. Сұлы дәнінен жарма өндірудің жалпы сұлбасы 2- суретте көрсетілген.


Дәнді ақтау. Негізгі ақтаушы машина - ақтағыш постав. Дискасының айналу жылдамдығы 18 - 20 м/сек, екінші рет ақтағанда 16 - 18 м/сек. Бірінші рет ақтағанда ақтау коэффициенті ірі фракция үшін 90 - 96%, ұсақ фракцияны өңдегенде 80 - 85% - дан жоғары болуы тиіс. Майда дәннің мөлшері 3 - 4% -дан аспауы қажет. Сырғыма өнімдерді (ақталмаған дән) қайта ақтағанда, ақтау коэффициенті 90 - 95% - дан кем болмайды, ал ұсақтарды өңдеуде 5 -6% - дан аспауы қажет. Ақтауға обойкальқ машинаны қолданғанда екі фракцияға бөлген дұрыс деп есептеледі. Обойканың ұрғыш қалағының айналу жылдамдығы 20 – 11 м/сек, ұрғыш қалақ пен тасты цилиндрінің ара қашықтығы 20 - 22 мм, ұрғыштың түйетайлығы 8%.
Ақтаудан алынған өнімдерді бөлу. Ақтаудан алынған өнімдердің құрамы көбіне қауыздардан және құрамында майы көп ұнтақтан тұрады. Бұл өнімдерді бөліп алуға қолайлы машиналар - центрофугалдар, центрофугалды - шөткелі машиналар. Бұл машиналардын айналғыш қалақтары мен шөткелері еленуді тиімді жүргізеді. Ұнтақты және ұсақ дәнді саңылауы 2,0 мм - лік електі қолданып бөліп алады. Бұл електен сырғып түскен өнімдерді желсорғыштан өткізіп, одан кейін жарма бөлгіш, көбіне падди - машинаға жібереді.



2 сурет – Сұлыдан жарма алудың жалпы сұлбасы
1 – ақтаушы постав; 2 – бурат; 3 – аспиратор; 4 – падди-машина; 5 –ажарлағыш постав; 6 – жарма бөлгіш.

Сұлыны ақтауда алынған заттардан бөлуде падди-машинаның сапасы, күріш зауыттарына қарағанда төмен болғандықтан, оны екі рет өткізеді.Өйткені, қырғылауға жіберетін дәннің қҥрамында ақталмаған дәннің


мөлшері 0,4 - 0,7% - дан, ал екінші жҥйедегі падди - машинаға түсетін қоспалардың құрамында ақталмаған дәннің мөлшері 1 - 3% - дан және оның жоғары сырғымасының кұрамында 3 - 5% - дан аспауы кажет. Бір типтес сұлбаларда бірінші және екінші жүйедегі падди -машиналардың жоғарғы сырғымаларын бірге косып қайтадан ақтауға жібереді. Ақталған дәнді ақталмаған дәннен бөліп алу үшін, кейбір зауыттарда, триерлерді қолданады. Олардың сапасы, падди -машиналарға қарағанда, өте төмен болады да, екінші жағынан ақталмаған дәндер мен бірге ақталған дәндерді қайта ақтайды, оның
құрамына ақталмағаны көп кетеді. Триерді ақталмаған дәндерді ақталған дәндерден алдын ала бөліп алу үшін қолданатын болса, падди -машинаның жұмысының сапасы едәуір жоғарылайды.
Ядроны қырғылау. Ақталған сұлы ядросы РС - 125 маркалы қырғылау поставынан бір рет өткізіп, қырғылайды.
Жарма мен қалдықтарды тексеру. Қоспаларды (2,5 x 10 мм електің сырғымасы) және ұсақ дәнді (саңылауы 2,0 мм електен өткені) бөліп алу үшін, жарма бөлгішті немесе елеуішті қолданады. Ақталмаған дән мөлшері жоғары сортта 0,4% - дан, ал бірінші сортта 0,7% - дан аспауы үшін жарманы қосымша екі рет падди - машинада сорттап, желсорғыштан және магниттен өткізеді.
3 – суретте көрсетілген өндірістік сұлбаның ерекшелігі - ірі және ұсақ фракцияларды жеке ақтап, жармаға айналдыру. Ақтау өнімдерін сұрыптаудан кейін алынған ақталмағандарын ірілігі бойынша сырғыма жүйесінде жеке ақтайды. Ақтау бөлімінің қалдықтарын жалпы сұлба бойынша тексереді.Ұнтақ және ұсақ дәнді 0,8 електі қолданып, буратта немесе цетрофугалда елейді. Електен өткенін ұнтаққа жібереді, ал сырғымасына түскенін, желсорғыштан өткізіп, жемдік майда дәнге жібереді. Тұтас ақталмаған өнімдердің (ядроның) мөлшері ұнтақ пен майда дән құрамында 2% - дан аспауы керек.
Қауызды да осы машиналарда 3,5 және 2 мм електерді қолданып тексереді. Електің 3,5 мм сырғымасынан, ірі қауыздың құрамынан, дәнді бөліп алу үшін екі реет жел сорғыштан өткізеді. Ақталмаған дәннің мөлшері қауыздың құрамында 1,5% - дан аспауы қажет. Сұлы ұнтағын, майда дәнді және қауызды құрама жем шығаруға қолданады.



3 сурет – Cұлыдан жарма алу сұлбасы
1 – магнитті машина; 2 – ақтаушы постав; 3 – бурат; 4 – аспиратор; 5 – падди - машина; 6 – ажарлағыш постав; 7 - А1-БРУ елеуіші; 8 – бурат.



Даяр өнімдердің шығымы. Ажарланған сұлы жармасын өндіруде алынатын өнімдердің шығым мөлшері 3 - кестеде көрсетілген.

3-кесте. Ажарланған сұлы жармасын өндіруде алынатын даяр өнімдердің шығым мөлшері



Өнімдер

Шығымы,%

Өнімдер

Шығымы,%

Жарма: жоғары сорт

15,0

Қауыз,
II




Бірінші сорт

30,5

Қалдықтар

27,7

Барлық жарма

45,5

Майда сұлы,
Iжәне II
категориялы






Жемдік майда

4,5

Қалдықтар

7,8

Ұнтақ

11,0

Кебуі

3,5







Барлығы

100,0




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет