Практикалық сабақ 1



бет2/23
Дата18.01.2024
өлшемі2.58 Mb.
#489300
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Жобалау. Тәжірибелік сабақтар

Практикалық сабақ №1
Тақырыбы: КӘСІПОРЫННЫҢ БАС ЖОСПАРЫН ЖОБАЛАУ


Мақсаты: Бас жоспарды технологиялық жобалау принциптерін оқып үйрену. Өртке, жарылысқа қауіпсіздік, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау.


1. Ұйымдастыру бөлімі
1.1 Ұн зауытын жобалауға дәйектеме және оның қуатын анықтау
Техника-экономикалық дәлел деп белгіленген жерде кәсіпорынды салудың экономикалық тиімділігіне және техникалық мүмкіндігіне байланысты болатын дайындық жұмыстарының нәтижесін айтады.
Техника-экономикалық дәлелде келесі мәліметтерді келтіреді:
- ауданның қысқаша экономикалық сипаттамасы және оның келешекте дамуы;
- темір және автомобиль жолдарының дамуы, басқа аудандармен және облыстармен байланысы;
- құрылыстың электрқуатпен, сумен, жылумен, қамтамасыз етілуі және инженерлік желілердің болуы (су құбыры, кәріз);
- қызмет көрсету ауданындағы халық саны және алғашқы кезеңде оның арту мүмкіндіктері;
- ұн зауытын астықпен қамтамасыз ететін кәсіпорындар және олардың өнімділігі;
- облыстың, ауданның, аймақтың ұнға сұранысы және істеп тұрған ұн зауыттырының даму мүмкіндіктері;
- тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарының болуы (наубайханалар, макарон фабрикалары);
- құрылысты құрылыс материалдарымен қамтамасыз ететін кәсіпорындар.
Жаңа ұн зауытын қойма ғимаратының орнына құру қарастырылады. Ұн зауыты темір жолдың бойымен орналасады. Ұн зауыты ғимаратының құрылыс алаңы өте тиімді, себебі жаңа зауыт элеватормен, астық қоймалармен байланысқан. Астық өңдеуге тікелей элеватордан және қоймалардан жіберіледі.
Зауыттың құрылысы экономикалық есептеулер мен техникалық-экономикалық мәліметтермен дәлелденеді.
Алматы қаласы сонымен қатар ірі қалалардың бірі болып саналады. Қала басқа қалалармен және облыстармен дамыған тас және темір жолдарымен байланысқан.
Жаңа құрылған кәсіпорын ұн және ұн өнімдері және арпа жармасын өндіруші ретінде Қазақстан және ТМД елдерінің нарығында 12 жылдан бері ірі өндіріс ретінде қатысып келеді.
Жобаланатын кәсіпорынның өндірістік қуаты. Ұнды өндіру және тұтыну балансын, ұнның сұранысына және оның сыртқа шығару мүмкіндігіне негізделіп құрайды. Халық санының өсуін, жылдық тұтыну нормаларын және макарондық, наубайханалық және басқа өнеркәсіп салаларына қажеттіліктерін есептеп ұнның сұранысын анықтайды.
Мысалы: Жобаланатын ұн зауытын салу ауданында 10 мың адам тұрады. Бес жылдықтың соңына қарай халық саны 10% артса, оның саны 11 мың адам болады.
Бұл аймақтың сорттық ұнды тұтынудың бір адамға жылдық нормасы анықтау қажет.
Жобаланып отырған ұн зауытының қажетті өндірістік қуатын Qз (т/тәу) келесі формула арқылы табамыз:
т/жыл, (1)
Мұндағы: К1 – аймақтағы ұнның қажеттілігі, т/жыл; К2 – аудандарға шығарылатын ұн көлемі, т/жыл; К3 – кәсіпорындағы зауыттың ұн шығымының мөлшері, т/тәу; Нш – ұнның шығым мөлшері,%; Жкжұмыс кезеңі, тәу.

Аймақтағы ұнның қажеттілігін К1 (т/жыл) келесі формула арқылы анықтайды:


К1 = Хс·Нт (2)
мұндағы Хс – берілген аймақтың халық саны, адам; Нт – бір адамның ұнды тұтыну нормасы, 20 кг/жыл.
Сәйкес мәндерді (2) формулаға қойып ұнның қажеттілігін табамыз:


К1 = 11000 · 0,02 = 220 т/жыл (мысал)

Кәсіпорындағы ұн зауытының шығаратын өнім мөлшері 8800 т. «Технологиялық жобалау ережелеріне сай» жобаланатын ұн зауыты тәулік бойы үш ауысымда, жылына 300 тәулік жұмыс істейді. Ұнның шығымын тапсырма бойынша 60% деп қабылдаймыз (мысал).


Сонда жобаланып отырған ұн зауытының өндірістік қуатын (1) формулаға қажетті мәндерді қойып табамыз:
т/жыл
Осы мәліметтер арқылы Астана қаласында өнімділігі тәулігіне 50 тонна 60% бір сортты cұлы ұнын шығаратын ұн зауытын салудың мақсаттылығы дәйектелінді.





    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет