Практикалық тапсырма №6
Шетел тілінде оқуға үйрету сабағының бір тақырыбын алып мақсаты мен міндетін жазыңыз. Оқу дағдысын дамытуға арналған тапсырма құрастырыңыз.
__________________________________________________________________
Практикалық тапсырма №7
Төмендегі тәрбие әдістеріне жағдаят құрастырып, жазыңыз
МАДАҚТАУ ӘДІСІ ЖАЗАЛАУ ӘДІСІ
ТАЛАП ӘДІСІ
ЖАРЫС ӘДІСІ БАҚЫЛАУ ӘДІСІ
Практикалық тапсырма №8
Шетел тілінде тыңдауға үйрету сабағының бір тақырыбын алып мақсаты мен міндетін жазыңыз. Тыңдау дағдысын дамытуға арналған тапсырма құрастырыңыз.
__________________________________________________________________
Практикалық тапсырма №9
Педагогикалық-психологиялық жағдаят
Сабақта соңғы қатардан хат беріледі. Оқушылар оны үнсіз оқып, төбеге қарап, мырс-мырс күледі. Мұғалім хатты көріп, оны алып қояды, ашады және «төбеге қара» деген хабарламаны көреді. Ол да төбе қарайды, осы уақытта сынып жаппай күледі.
Сұрақ:
Сіз осы жағдайда қалай әрекет етесіз? (не істейсіз, не айтасыз және т.б.)
Жағдаятты тәрбиенің қандай принципіне сүйеніп, талдауға болады?
___________________________________________________________________
Практикалық тапсырма №10
Шетел тілінде лексиканы оқыту сабағына тапсырма құрастырып, дискриптор жазыңыз.
__________________________________________________________________
Практикалық тапсырма №11
Педагогикалық-психологиялық жағдаят
Сәуленің анасы өте қатал адам және оны тәрбиелік шараларға жібермейді. Ертеңгісін мектепте жарыс өткізіледі және Сәуле мектепте өтетін ертеңгі жарысқа қатысуы керек еді. Сынып жетекші Сәуленің анасымен сөйлескенімен, ол келісімін бермеді.
Сұрақ:
Сынып жетекшісі әрі қарай қандай әрекет жасауы керек?
Ата-анаға қалай ықпал жасауға болады?
Сынып жетекшінің ата-аналармен жүргізілетін жұмыс түрлеріне тоқталыңыз.
___________________________________________________________________
Достарыңызбен бөлісу: |