Глоссарий Биохимиялық процестер - организмнің немесе заттың химиялық құрамына
байланысты, əр-түрлі əсер етудің нəтижесінде бір түрден екінші түрге айналу
жолдары
Базидия - (гр. Basidion -фундамент) базидиялы саңырауқұлақтардың спора
түзетін жынысты мүшелері;
Бюкс - (нем. Büchse) зертханалық ыдыс түрі, тығыны бар банканы көрсетеді.
Сусымалы материалдарды кептіру жəне өлшеуге байланысты зерттеулер
кезінде сыйымдылық ретінде пайдаланылады.
Гигроскопты - материалдың қоршаған ортаның ауасынан ылғалды тұтыну
кабілеттілігі.
Гидролиз – (гидро... жəне грек. lysіs – айыру, ыдырау)су мен түрлі заттар
арасындағы иондық алмасу реакциясы;
Горяев есептік камерасы - сұйықтықтың берілген көлеміндегі жасушалар
санын есептеуге арналған құрылғы
Градуирлеу - (graduiren-градуировать, лат. gradus-қадам, саты, дəреже) -
метрологиялық операция, оның көмегімен өлшеу құралы шкаламен немесе
градуирлеу кестесімен қамтамасыз етеді.
Дежа - қамыр ашытуға жəне илеуге арналған, сыйымдылығы 100-600 л ыдыс;
жылжымалы немесе араластырғыш машинамен жалғастырылған түрлері
болады.
ЕПА – ет-поптонды агар, микроағзаларды өсіретін қоректі орталар;
Зертханалық су моншасы - үлгілерді біркелкі қыздыруға жəне бір
температуралық режимді ұстауға арналған құрылғы
Зимазды жəне мальтазды белсенділігі- ашытқылардың сапасының
көрсеткіштері;
Зат алмасу – жасушаның тіршілігін қамтамасыз ететін, организмде жүріп
жататын барлық химиялық үдерістердің жиынтығы;
Кротов аппараты – ауаның биологиялық ластануын анықтайтын аппаратура
Конденсация – заттың газ қалпынан сұыққа айналуы немесе қатаюы
Қоректік орта – күрделі жəне жай құрамдардың əртүрлі қосылыстары болып
келетін орталар