Практикум бастапқы кәсіптік білім беру бағдарламасын жүзеге асыратын білім беру мекемелерінің оқу процесінде оқу


№6 тапсырма. Жағдаяттық тапсырмаларды шешіңіз



Pdf көрінісі
бет30/83
Дата16.03.2024
өлшемі3.07 Mb.
#495826
түріПрактикум
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   83
Косолапова-Н.В.-Тіршілік-қауіпсіздік-негіздері

№6 тапсырма. Жағдаяттық тапсырмаларды шешіңіз. 
1. 
«Газель» шағын автобусында апат болды, есігі ашылмай 
қалды. Сіздің əрекетіңіз? 
2. 
Қоғамдық тасымалдау сапарында иесіз затты көрдіңіз. Сіздің
əрекетіңізді сипаттап беріңіз. 
3. 
Метро платформасынан құлаған адамды көргендегі сіздің 
əрекетіңіз.
4. 
Химиялық қауіпті объектіде хлор шашылуындағы апат болды.
Уланланған ауа бұлты жел бағытымен сіз тұратын елді мекенге 
таралуда. Сіздің əрекетіңізді сипаттаңыз. 
5. 
Пəтеріңізде сынапты қызуөлшегішті сындырып алдыңыз. 
Сіздің əрекетіңіз? 
 
 
 
 
 
 


52
 
№4 практикалық сабақ
ЖАНЖАЛСЫЗ ҚАТЫНАС ПЕН 
ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ ӘДІСТЕРІН 
ҮЙРЕНУ
Сабақ мақсаты: Жанжалсыз қатынас пен өзін-өзі басқару 
əдістерімен танысу. 
Практикалық дағдылар: Жанжалды жағдайларда тартыссыз 
қатынас жасауды үйрену, өзін-өзі басқарудың негізгі əдістері. 
1-
тапсырма. Бейбіт жəне соғыс кезіндегі ТЖ, күнделікті өмірдегі 
тартыссыз əрекеттер негізін оқыңыз жəне сұрақтарға жауап беріңіз. 
Қазіргі таңда адамның əлеуметтік ортамен нəтижелі қарым-қатынас 
маңыздылығы артып келеді. Солардың ішінде еңбек қатынасы, білімді 
ұжыммен; бөлімшелермен, есептеумен, əскери қызмет борышын өтеу 
экипаждарымен, отбасы мүшелерімен, клиенттермен қатынас.
Бейбіт жəне соғыс кезіндегі ТЖ-да тез əрі дұрыс шешім шығара 
алатын қабілеттілік, жауапкершілік, дербестікпен маңыздылығымен 
қатар ұжымда жанжал шығармай өзін дұрыс ұстай білу, өзін-өзі 
басқарудың əдістерін білу де керек. Қазіргі талаптарға сəйкес жанжал 
мен тартыстарда қысымсыз жəне əр тараптың қалауын сақтай отырып 
шеше білу өзекті мəселе.
Жанжал (лат. conflictus) – бұл екі немесе одан да көп 
көзқарастардың соқтығысуы. Жанжал – бұл өзара əрекет 
тараптарының өздерінің мүдделері, ниеттері, мақсаттары мен оларға 
қол жеткізу құралдары бойынша бір-біріне дұшпандықпен қарама-
қарсы тұратын үдеріс немесе жағдаят. Жанжал əдетте жағымсыз 
эмоцияларға, тəртіптен шығуға əкеп соқтырады. Жанжалдар 
жанжалтану (конфликтология) пəнінің негізі болып табылады. 
Жанжал – əр тарап өз мүдделерін қорғауға тырысатын, өзге 
тараптың мүддесіне қарсы шығатын қатынас. Жанжалдасқан тараптар 
жекелеген тұлғалардың қақтығысы жəне қоғамдық топтардың 
қақтығысы болып бөлінеді. 


53
 
Жанжалдық жағдаят – бұл жанжал үшін айқын себебі бар, 
дұшпанның қарсыластығын тудыратын жағдай. Ешқашан жанжал 
тудырмауға болады ма жəне еш уақытта жанжалға араласпайтын 
адамдар болады ма? Еш уақытта жанжалға қақтығыспайтын адамдар 
болмайды. Қақтығыстар күнделікті өмірімізде туындайды, олардың 
ішінде қатысушылардың қалауын болатындары көп. Жанжалға достар 
арасындағы қатты ұрыстар, тола автобус ішіндегі таныс емес 
адамдардың қақтығысуы, кезекті екі алғаның үшін ата-атаңмен ұрыс 
жəне əртүрлі ұлт өкілдерінің текетіресі жатады. 
Жанжал формуласы 
Жанжал = шынайы себеп+салдар 
Шынайы себеп – бұл жиналған қайшылық немесе жанжалдың 
негізі. Салдар – жанжал тууына итермелейтін жағдай. Салдар кейде 
маңызды емес сияқты көрінеді. Жанжалды мұзтауға теңеуге болады: 
судың сырт кейпінен біз тек аз ғана бөлігін көреміз (салдарды), ал 
судың тереңінде бақылаушыдан сырт кейпімен жасырынған, 
мұзтаудың үлкен бөлігі бар (жанжалдың шынайы себебі). 
Жанжалды бес түрге бөлеміз: 
1. 
Жеке бас – бір адам мен адамдар тобы арасында (мысалы, 
кешкі сауықта барлық балалар билегісі келеді, ал Сережа тыңдауға 
жаңа опера-рокты қосады). 
2. 
Тұлға аралық – екі адам арасында (мысалы, Сережа ағасымен 
бір бөлмеде тұрады. Сағат 11-де Сережа ұйықтауға жатады, ал ағасы 
қатты дауысты музыка қосады). 
3. 
Топтық – бір топ ішіндегі адамдар арасында (мысалы,топтың 
бір бөлігі сабақтан қашып қыдыруды қалайды, ал келесі жартысы 
сабақта қалуды қалайды).
4. 
Топ аралық жанжалдар (мысалы, «Спартак» пен «Динамо» 
фанаттары арасындағы). 
5. 
Ішкі – бір адамның «ішкі тартысы» (мысалы, Сережаның 
таныс балалары темекі шегуді ұсынады, ал ішінен темекі шегудің зиян 
екенін біліп тұр). 
Жанжалды əрекеттің ерекшеліктері мен оның алдын алу əдістерін 
қарастырамыз. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   83




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет