7. Бір орында тұрып ұзындыққа секіру.
1) Хатшы төрешінің шақыруы бойынша қатысушы итерілу орнына барып бастапқы қалыпта (БҚ) тұруы қажет: өлшеу сызығына табаны тиюі қажет және қозғалмауы тиіс.
2) Аға төрешінің «Болады!» деген пәрменінен кейін қатысушы екі аяғымен серпіліс жасайды және алдындағы құм толтырылған щұңқырға секіреді.
Нұсқау: «Д», «Е» санаттағы Президенттік жарыстарда гимнастикалық матқа түсіп секіруге рұқсат етіледі, ал қатысушыларда ұлтаны қалың аяқ киім болса (10 мм ден жоғары) кез келген сырғымайтын жерде секіруге рұқсат етіледі.
3) Түсетін орын итерілген орынмен бір деңгейде болуы қажет және 13 жасар балалар мен ардагерлер үшін одан 50 см, басқа жастағы топтар үшін 1 м –ден алыс болмауы керек.
4) Нәтижелерді өлшеу(1 см дейін дәлдікпен) өлшем сызығынан түзу, өлшеу сызығына перпендикуляр, артында қалдырған ізінен бастап, аяғымен түскен жерге дейін немесе қатысушының денесінің басқа жерімен түскен жерге дейін. Өлшеу сызықтарының ені өлшенетін аралыққа кіреді.
5) Басып кетулерді бақылау үшін (1 деңгейдегі жарыстарда қажет) өлшеу сызығының алдындағы басып кетулерді анықтау үшін пластилиннен, лайдан немесе ені 10 см бордан, орта бөлікте биіктігі 7 мм, қатысушының жанынан қиыстау бұрышта және түсетін жерде 30 градус анықтауыштар қою қажет.
6) Қатысушыға 3 ұмтылыс беріледі. Есепке ең жақсы көрсеткіш алынады.
7) қатысушының құқықтары:
-
секіруге дайындық және оны орындау кезінде қолымен сермеу жасауға;
-
секіруге дайындалуға және оны орындауға берілген уақытты (1 мин), толық пайдалануға.
8) Қатысушыға:
-
өлшеу сызығына басып кетуге немесе қолын тигізуге.
-
итерілуді алдын ала секіріс жасап орындауға.
-
аяқтарымен әрқалай секіруге.
-
секіру кезінде қандайда бір салмақ ауырлатуларды қолдануға.
-
түскен орынан секірген жағына қарай кейін кетуге тыйым салынады.
ЖҮЗУ
8. Жалпы ережелер.
1) Жүзуден жарыстар жабық немесе ашық бассейндерде ұзындығы 25 немесе 50 метрлік, тереңдігі 1,2 м бассейндерде өткізіледі. Үшінші деңгейдегі жарыстар стандартсыз немесе ашық су қоймаларында өткізіледі. Ағыс болған жағдайда қашықтықтың жартысы ағысқа қарсы жүзіп алынуы қажет.
2) Жарыс қашықтықтары 25, 50 и 100 м кез келген стильде оны өзгертпей жүзуге болады.
3) Төрешілер алқасы қатысушылардың жарыс барысындағы қауіпсіздігіне жауап береді және суда құтқардың барлық амалдарын қарастырады.
9. Сөре
1) Сөрелік тұғырдан секіру немесе судың ішінде старт болғанда бассейннің қабырғасынан аяғымен итеру (жол нөмірін есептеу оңнан солға қарай) арқылы жүзеге асырылады.
2) Сөрешінің бірнеше қысқа ысқырығынан кейін жүзуге қатысушылар жаттығу киімдерін шешеді. Ұзақ ысқырықтан кейін спортшылар сөрелік орындарында (екі аяғы тумбочканың алдыңғы шетінен бірдей аралықта тұруы қажет) немесе бассейн қабырғасында суда тұруы қажет.
3) Сөреші тапаншасын немесе жалаушаны жоғары көтеріп«Сөреге!»деген алдын ала пәрмен береді, ол бойынша қатысушылар ең болмағанда бір аяғымен тумбочканың алдыңғы жағына тұруы қажет (ал судан сөрелік алатындар қабырғаға аяқтарын қою керек) және қозғалмай тұруы қажет.
Нұсқау: «Жоқ!» деген пәрменнен кейін қатысушы қолымен тумбочканың алдыңғы немесе бүйірінен ұстауына болады.
4)Барлық қатысушылар сөреге дайын екендігін білгеннен кейін сөреші орындау үшін дабыл болып табылатын оқ атады. Оқ атудан басқа мыналар да пәрмен болып табылады:
-
Бір уақытта жалаушаны төмен сермеп «Марш!» деп пәрмен беру.
-
Дабыл немесе ысқырық (бұл жағдайда «Марш!» деген пәрмен берілмейді.
5) «Сөре!»дұрыс деп есептеледі, егер сөреге дейінгі дабылда барлық қатысушылар қозғалыссыз қалыпта тұрса.
6) егер бір немесе бірнеше қатысушы сөрені бұрын алса, онда жүзу тоқтатылмайды, ал ерте бастаған қатысушылар мәреден шеттетіледі.
10. Қашықтықты жүзіп өту және мәре.
1) Қатысушы қашықтықтың барлығын су бетінде жүзіп өтуі қажет. Сөрелік секіру және бұрылу кезінде суға сүңгуге болады. Су астында жүзу сөрелік бортиктен және бұрылыстағы кез келген қалқаннан 15 м де рұқсат етіледі. Мұндай белгілерге дейін жүзгіштің басы су бетінде көрінуі қажет.
2) Қашықтық кезінде басқа жолға шығып кеткен немесе басқа жүзгішке кедергі жасаған қатысушы төрешілер алқасының шешімімен жарыстан шығарылады. Егер мұндай бұзушылық басқа қатысушының нәтижесіне әсер етсе, онда рефери немесе бас төрешінің орынбасары оған қалған жүзулер кезінде екінші мәрте ұмтылысқа рұқсат етеді.
3) қашықтықты жүзіп өтуде қатысушыға жол бөлгіштерге тартылуға, сатыдан ұстауға, жол бөлгіштерде асылып тұруға, сондай олардан қайта серпілуге рұқсат етілмейді. Оларды байқаусызда ұстап қалса, бұл ережені бұзу деп есептелмейді.
4) Бассейннің түбіне тұрған қатысушы қашықтықтан алынбайды, егер ол түбінде жүрмесе.
5) Жүзу қашықтығын ақтаған қатысушылар басқаларға кедергі жасамауы үшін бассейннен шығуы тиіс. Бүйірдегі сатыдан шығуға рұқсат етіледі.
6) Осы жүзуге қатысушы болып табылмайтын спортшыларға суға түсуге рұқсат етілмейді.
7) Қашықтықты жүзіп өту кезінде қатысушыларға көш бастауға (нұсқау беру, спортшыларға бассейннің бортынан ілесіп жүру) рұқсат етілмейді.
8) Жарысқа қатысушыларға жүзуді жақсартатын, қозғалысты тездететін қандай да бір құрылғыларды пайдалануға болмайды.
9) Қашықтықты жүзіп өткенде, сондай ақ бұрылыстарда бассейннің түбінен серпілуге рұқсат етілмейді.
10) Бұрылыста және мәреде қатысушылар бассейннің қабырғасына немесе бұрылыс қалқанына денесінің кез келген мүшесін тигізуі керек.
11) Сөре, мәре, бұрылыс немесе қашықтықты өту ережелерін бұзған кезде қатысушының көрсеткен нәтижесі есепке алынбайды.
11. Нәтижелерді анықтау.
1) Нәтижелер қашықтықты жүзіп өту уақыты бойынша анықталады. Уақыт сөрелік дабылдан (оқ ату тапаншаның түтіні бойынша,«Марш!»пәрменінде жалаушаның қозғалысы басталған сәттен немесе дыбыс дабылына байланысты) бастап, қатысушы мәрелік қабырғаны ұстаған сәтке дейін есепке алынады.
2) Бірінші қатысушының уақыты 0,1 секундқа дейінгі дәлдікпен үш секундсанағыш арқылы анықталады.
3) Егер секундсанағыштардың көрсетімі мәредегі төрешілер есептеген қатысушылардың келу тәртібімен алшақтық байқалса, онда мәредегі төрешілердің щешіміне сәйкес орындар белгіленеді.
4) Егер қашықтықты екінші болып аяқтаған қатысушының уақыты біріншінкісінен жақсырақ болса, олар төмен жағына қарай онға дейінгі секунд үлесін тұтас қосып, орта арифметикалық уақытты алады.
5) Уақытты тіркеген және қатысушылардың мәреге келу тәртібін есептеген кезде нәтижелерді өздігінен тіркейтін автоматты жүйенің толық көмегімен артықшылық мәредегі төрешілердің емес, осы жүйенің көрсетіміне беріледі.
6) Автоматты жүйенің көмегімен тіркелген уақытты анықтаған кезде 0,001 дейінгі дәлдікпен үтірден кейінгі үшінші белгі есепке алынбайды. Хаттамаға 0,01, дәлдікпен есептелген нәтижелер түсіріледі, мыңдық секунд үлесі алынбайды.
Нысана көздеу
12. Жалпы ережелер.
Жарыс тирде, сондай ақ көрсетілімдік және спорттық залдарда, сыныптарда, атудың қолданыстағы жарыс ережелеріне сай жабдықталған және дайындалған ашық алаңдарда өткізіледі.
13. Жарыс өтетін орындар.
1) Жарысты өткізуге арналған тирде (зал, алаң ), барлық қатысушылар үшін тең жағдайлар жасалуы және төрешілерге қатысушылардың ереже сақтауы үшін бақылау жасауға жағдайлар жасалуы қажет.
2) Тирдің:
-
Атуға арналған от алаңы (от позициясы);
-
Нысаналар алаңы;
-
Атқыштарды жаттығу орындауға дайындауға (қоршалған аймақ) арналған үй-жай;
-
Қаруларды және оқ дәрілерді, сондай-ақ материалдық құндылықтарды мен нысаналарды сақтауға арналған үй-жай;
-
3) От алаңы екі аймаққа бөлінуі қажет:
-
От шебі (дербес от алаңы) атқыштарға арналған ені 1,0м, тереңдігі 1,5 м және от алаңындағы төрешілер отыратын орны бар от алаңы;
-
От алаңынан жаттықтырушылар, басшылар және көрермендер шығатын жері бар;
4) Барлық от алаңы бір түзу сызық бойында жатуы тиіс. Алдыңғы от алаңының шекарасы еденнен (бұл сызықтың ені атыс қашықтығына кірмейді) түрлі-түсті сызықпен белгіленеді.
5) Әрбір от алаңында мынадай құралдар болуы қажет :
-
Көру трубкасын бекіту үшін тұғыры және кронштейні бар бағана;
-
Бір орындық немесе табурет;
-
Бақылаушы төрешіге арналған үстел мен орындық.
6) Нысана алаңында қалқандар немесе нөмірі бар, от алаңынан жақсы көрінетін нысаналық құрылғылар болуы қажет. Нысана алаңының жарықтығы 800-1000 люкс. Нысаналар бірдей биіктікте орнатылуы қажет. Жаттығуларда (I-BП),(ІІ-ВП),(ІІІ а-ВП), (ІІІ-ВП) белдіктерін пайдалануға тыйым салынады.
7) Ашық тирлерде (ату орындарында) от аймағы мен нысанадағы мақта матадан жасалған желдік жалаушалар бағытты және желдің күшін көрсету үшін ұойылуы қажет. Жалаушылар бір-бірінен 5 м аралықта қойылады. Жалаушының өлшемі 5х40 см, атқышқа өзінің жеке жалаушысын қоюға рұқсат етілмейді.
14. Атуға арналған жаттығулар
Жаттығу индексі
|
Қашық
тық (м)
|
Нысана нөмері
|
Дайындық
|
Нысаналар саны
|
Оқ ару саны
|
Дайында
лу уақыты (мин)
|
Атуға Берілген жалпы уақыт (мин)
|
сынама
|
есептік
|
сынама
|
есептік
|
I –ВП
|
5
|
8
|
Шаңғымен бағана немесе тіреуге сүйеніп, отырып немесе тұрып
|
1
|
1
|
3
|
5
|
3
|
10
|
II-ВП
|
10
|
8
|
Шынтағымен бағанаға сүйеніп, бірақ тіреусіз отырып немесе жатып
|
1
|
1-2
|
Шексіз
|
5
|
5
|
10
|
IIIа-ВП
|
10
|
8
|
Шынтағымен бағанаға сүйеніп, бірақ тіреусіз отырып немесе жатып
|
1
|
2-10
|
Шексіз
|
10
|
5
|
20
|
III-ВП
|
10
|
8
|
Тіреусіз тұрып
|
1
|
2-10
|
Шексіз
|
10
|
5
|
20
|
Ескерту:
-
Нысаналардың барлығы 1988 жылғы үлгіде;
-
Блиндажды пайдаланбай IIIа-ВП, III-ВП жаттығуларында нысананы өздігінен ауыстырмаған кезде қатысушыларға әрбір есепті ару үшін 1,5 минут беріледі;
-
«С», «Д» және «Е» санаттағы жарыстарда блиндажды пайдаланбай нысаналарды өздігінен ауыстырмаған кезде сынамалық және барлық есептік нысаналарды бір уақытта қоюға рұқсат етіледі. Қатысушылар БТА белгілеген есептік нысаналардың жеңіліс тәртібін сақтауы қажет.
15. Әзірлік.
-
Пневматикалық мылтықтан ату:
-
(I-ВП) жаттығу – отырған немесе тұрған қалпында шынтағымен бағананы тіреп орындалады;
-
(II-ВП) жаттығу – отырған немесе тұрған қалпында шынтағымен бағананы тіремей орындалады;
-
(IIIа-ВП) жаттығу – отырған немесе тұрған қалпында шынтағымен бағананы тіремей орындалады;
-
(III-ВП) жаттығу – тұрған қалпында қару белдігін пайдаланбай және тіреусіз қолмен орындалады. Мылтықты екі қолымен, оң иығымен, кеуденің және беттің оң жағымен ұстайды. Сол қолын денесіне қысып ұстауына болады.
16. Қару-жараққа арналған жалпы талаптар.
1) Жарыстарда осы ереже талаптарына сәйкес қару жөніндегі төрешілер жаттығуға рұқсат етілген тек қана дұрыс қаруды пайдалану қажет.
2) Осы Ережеде келтірілмеген немесе оның мағынасына қарама-қайшы келетін қаруға арналған барлық керек-жарақ пен киімдер және жараққа қажетті заттарды пайдалануға тыйым салынады.
3) Әрбір қарудың жіберу ілгегінде сақтайтын темір істік болуы қажет. Шүріппені басу қару тіке тұрған кезде жүргізіледі. Басу механизмі былай реттелуі керек: қарумен қандай да бір іс-әрекетке барған кезде оқ өзі атылып кетпеуі қажет.
4) Қару, жарақ және киімі тексеруден өткен соң және қару жөніндегі төрешілер рұқсат берген соң оларға осы Ережеге қайшы келетін қандай да бір өзгерістер енгізуге рұқсат жоқ..
5) Жаттығуды орындаған кезде бір ғана және барлық тексеруден өткен және рұқсат етілген қару-жарақ және киім пайдаланылуы қажет.
6) Егер тексеруден кейін және қаруға рұқсат берілгеннен кейін де атқыштың қаруы жөнді болмаса, онда оны жөндеуіне немесе қару жөніндегі төрешілер рұқсат еткен және тексерілген басқасымен ауыстыруға болады.
-
Компенсаторлар мен дульды тежегіштер пайдалануға тыйым салынады;
-
Оптикалық қарауылға рұқсат жоқ;
-
Мылтыққа немесе қарауылға түзеткіш линзалар бекітуге немесе қоюға (мергеннің түзеткіш көзілдірік киюіне болады) болмайды;
-
Жарық фильтрлері қарауылға бекітілуі қажет;
-
Линзасы немесе линзалық жүйесі жоқ кез келген үлгідегі қарауылдық құрылғыларға рұқсат етіледі;
-
Көзге арналған мылтыққа немесе қарауылға (немесе басқа) бекітілген көлеңкелегіштерге рұқсат етіледі.
17. Мылтықтардың және тапаншаның сипаттамасы
1) Пневматикалық мылтық және тапанша:
-
Пневматикалық мылтық және тапанша қысылған ауамен немесе СО2 әрекет етеді;
-
4,5 мм (177) оқпан;
-
Қарауылдың құрылғыларын қоса алғанда, салмағы 5500 г-нан артық болмауы тиіс;
-
Сыртқы жүкке (ұңғыны орап тұратын цилиндрлік жүктен басқа) тыйым салынады;
-
Өзі атылатындардан басқа шүріппені басуды ұстап тұру;
-
Осы Ережеде шектелген барлық мылтықтың өлшемдері 15-қосымшада берілді.
2) Тыйым салынады:
-
Шнеллерлі басуға;
-
Сол қолдың саусақтарының орналасуын қосымша есептеу үшін мылтықтың құндағында тереңдетулер болуы керек;
-
Мылтықтың құндағында оң қолдың бас бармағы үшін тесік және оның жағдайын есептеу үшін тереңдетулер болуы керек;
-
Тапаншаның тұтқасы 2 мм-ден артық және оң қол буынының сырғымауы үшін бүдірлер қажет. Деңгейдің спирттік көрсеткіші.
18. Нысаналар
1) Нысаналар баспаханалық әдіспен ақ немесе бозғылт тығыз немесе глянцтелген материалдан жасауы керек. Барлық нысаналардың өлшемі 18-қосымшада берілген.
2) сынамалық және есептік нысаналар бір таралымнан болуы қажет, олардың жоғарғы бөлігінде шифр, ауысымның нөмірі және нысананың реттік саны көрсетілуі керек. Сынамалық нысаналардың оң жақ жоғарғы бұрышында нысананың диагональдарына параллель жүргізілген қара жолақ, жолақ от алаңынан бірден көзге түсетіндей болуы керек.
19. қауіпсіздік шаралары
1) Жарысқа қатысушылардың барлығы қаруды және оқ-дәріні қолданғанда қауіпсіздік шараларын білуі және қатаң сақтау қажет;
2) Ату орнында мылтықты қабынан алуға, қаруды дайындауға бөлінген арнайы орында және от алаңда өзіне бөлінген от жағдайында рұқсат етіледі. Басқа уақытта мылтық қаптамада, қабында немесе жәшігінде жатуы тиіс.
3) Пневматикалық қаруға арналған оқ-дәрісіз жаттығу сол үшін арнайы бөлінген жерде немесе өзіне бөлінген от алаңда өтеді.
4) Спортшы өзі атылмайтын тек қана дұрыс мылтықты пайдалануы қажет.
5) Тек қана от алаңында қаруға оқ салынады (спортшыға арнайы бөлінген жерде) және «Оқта!» деген пәрменнен кейін жүргізіледі.
6) Жаттығуды орындау кезінде спортшы қаруды тек қана оқ-дәрілер алынғаннан кейін қоюына (қолынан түсіруіне) болады. Бұл ретте мылтықтың бекітпесі ашық қалуы қажет.
7) Атыс аймағында адамдар болған кезде қаруға қол тигізуге, сондай-ақ басқа атқыштың қаруын алуға, ұстап көруге болмайды, мұны тек қана от алаңындағы төреші атқыштың рұқсатымен жасайды..
8) Төреші егер от алаңында адамдар пайда болса немесе қауіпті жағдай қалыптасса, кез келген сәтте «Тоқта!,Оқты ал!» деген команда беріп, атысты тоқтатуға міндетті.
9) Жаттығудағы соңғы атуды жасағаннан кейін (немесе «Тоқта!, Оқты ал!» деген команда берілген соң, спортшы қаруын оқтан босатады,бекітпені ашады, және өзінің от алаңдағы орнын тастап кетпей от алаңындағы төрешіге тексеру үшін қаруын тапсырады, ол оқтың жоқ екендігіне көз жеткізуі керек.
10) Жаттығу атыстарын орындаған немесе жарыс кезінде оқталмаған қаруды нысанаға қарай бағыттауға, қалқандардың жақтауларын қасақана атуға, қалқан нөмірлерін атуға, жел жалаушаларын атуға қатаң тыйым салынады.
11) Қаруды және оқ-дәріні қараусыз қалдыруға болмайды.
20. Атысқа қатысушының құқықтары мен міндеттері
1) Қатысушының міндеттері;
-
Қауіпсіздік шараларын білу және қатаң сақтау;
-
Жаттығуды орындау кезінде қарумен, қарауыл құрылғылармен, жарақтармен байланысты барлық іс-әрекеттерін өзі жасауға;
-
Басқа атқыштардың жаттығуларын орындауға кедергі келтіретін қарекеттерге жол бермеуге;
-
Қаруды тек қана өзіне бөлінген орындарда дайындауға және тазалауға.
2) Қатысушының құқықтары:
-
Сынама атыс кестесіне сәйкес қаруды сынауға;
-
Оларды бекіту үшін көру аспаптарын және құрылғыларды пайдалануға;
-
Жаттығуды орындау мәселелері бойынша төрешілерге жүгінуге;
-
2 және 3 деңгейлі жарыстарда қарысушының көру аспабы болмаған жағдайда түзетушінің қызметін пайдалануға;
-
Түзетуші ойықтың дәрежесін және қажетті түзетпелерді атауға құқылы.
3) Қатысушыға:
-
Жаттығуды орындау кезінде оның іс-қимылын бақылауды қиындататын ғимараттар салуға;
-
өзінің төсеніштері мен маттарын пайдалануға;
-
1 деңгейдегі жарыстарда 16 жасқа дейін және одан жоғары түзетушінің қызметін пайдалануға тыйым салынады.
21. Жаттығуды орындау ережесі
1) Кезекті ауысымды от алаңына шығарғаннан кейін, қатысушыларды от алаңындағы орындарына дұрыс орналастырғанын тексергеннен кейін және қатысушының кім екендігін нақтылағаннан кейін от алаңындағы аға төреші «Дайындал!» деген пәрмен береді және сол мезетте хронометрді қосады.
2) Ауысымды жаттығу орындауға дайындау үшін сол жаттыңуды орындауға сәйкес тиісінше 3 немесе 5 минут уақыт беріледі (3-кесте).
3) «Дайындал!» деген пәрменнен кейін сынама нысаналар қойылуы керек.
4) Жаттығуға дайындалу кезінде көретін трубаны қоюға, оқсыз көздеуге, және жалған атулар жасауға болады. Пневматикалық мылтықтан ату кезінде компрессорлық желкеуікті оқтамай-ақ жалған атуларға (хлопоктар) рұқсат етіледі.
5) Жаттығуды орындау алдында от алаңындағы аға төреші жаттығуды орындау шарттарын қайталайды.
6) Ауысымның дайындығына бөлінген уақыт аяқталғаннан кейін (немесе бұрын егер ауысымның барлық қатысушылары дайындалып үлгірсе және оны растаса) от алаңындағы аға төреші «Оқта!» деген пәрмен береді және 2-3 сек. кейін «Сөре!» деп хронометрді қосады және ағымдағы уақыт бойынша ауысымның басталған нақты уақытын хабарлайды.
7) «Оқта!» деген пәрменнен кейін қатысушылар қаруларын оқтауға құқылы. «Сөре!» деген пәрменнен кейін қатысушылар атысты бастайды.
8) Жаттығуды орындауға арналған бақылау уақытының аяқталуына 5 және 1 минут қалғанда от алаңындағы аға төреші «5 минут қалды!», «1 минут қалды!» деп хабарлайды.
9) Жаттығуды орындауға берілген бақылау уақыты аяқталғаннан кейін немесе ауысымдағы соңғы қатысушы соңғы рет оқ атқаннан кейін (егер атыс бақылау уақыты аяқталғанға дейін бітсе) от алаңындағы аға төреші «Тоқтат! Оқты ал!» деген пәрмен береді және сол мезетте хронометрді қосады..
10) «Тоқтат! Оқты ал!» деген бұйрық от алаңына адамдар, жануарлар пайда болса немесе нысананы түзету (ауыстыру) болмаса нысаналық қондырғының жұмысын реттеу қажет болғанда шұғыл түрде беріледі.
11) Атысты амалсыздан тоқтату кезінде үзіліс уақыты есепке алынады және егер ол 1,5 минуттан асып кетсе, онда сол ауысымға қатысушылар қажет болған үзіліске тең қосымша уақыт алуға құқылы.
12) Егер үзіліссіз ату кезіндегі мәжбүрлі уақыты 3 минуттан асса, онда ауысымға қатысушылар қосымша сынама атысқа және есепке алу үшін қосымша уақытқа ие болады, бұл ретте үзіліске тең уақыт беріледі. Оларға сынама нысана қойылады және сынамалық атыс жасау үшін 5 минут беріледі.
13) Атыс аяқталғаннан кейін қатысушы қаруын оқтан босатуы қажет және өз орнын тастап кетпей тұрып, оны төрешіге тексертуі қажет.
14) «Дайындал!» деген пәрменнен кейін және «Тоқтат!» деген пәрменге дейін от алаңында улауға және дауыс көтеріп сөйлеуге болмайды.
15) Төреші ол жарыс ережесін бұзбаса, оның атқышты мазаламауы қажет. Қарудың, киімнің немесе басқа да керек-жарақтың дайындығын бақылап тексеруді атыстардың арасындағы үзіліс кезінде жүргізуі қажет және бұл жағдайда атқыштар бір-біріне кедергі жасамауы тиіс. Атқыш көздеген кезде оны тек қауіпсіздік шараларын бұзса тоқтатады.
22. Ережені бұзғаны үшін жаза қолдану (жалпы ережелер)
1) Жарыс ережесі бұзылған жағдайда немесе төрешілердің нұсқаулары орындалмаса қарысушыға оның сипатына және дәрежесіне қарай мынадай жаза қолданылады:
-
ескерту;
-
атыс нәтижелерінен айып ұпайларын шегеру;
-
жаттығуды орындаудан босату;
-
жарысқа қатысудан босату.
2) Жарыс ережесін бұзу:
-
орнына келтіруге болатындар деп есептеледі. Бұл бұзушылық қаруға, киімге, жараққа, атыс кезіндегі даярлыққа, жаттығуды орындау шарттарына, мінез-құлқына және т.б.;
-
Жабық, яғни қатысушылардың алдында артықшылықтар алу үшін жасалған қасақана деп бөлінеді.
3) Қатысушы әдейі ережені бұзса, онда оған ескерту және қателігін түзетуге мүмкіндік беріледі. Екінші рет қайталаса қатысушыға 2 ұпай айып салынады. Егер атқыш мұнан кейін де қателік жіберсе, онда ол жаттығуды орындаудан босатылады.
4) Қатысушыға ескертусіз оны жаттығуды орындаудан босатады, егер:
-
Ол қауіпсіздік шараларын өрескел бұзса, яғни «Оқта!» деген пәрменге дейін атып жіберсе, немесе «Тоқта! Оқты ал!» деген командадан кейін қаруын (оғы болмаса да) көрермендерге, төрешілерге немесе басқа атқыштарға бағыттаса;
-
Ережені жасырын бұзса;
-
Тексеруден кейін және қаруға рұқсат берілген соң қаруға, киімге немесе жараққа Ережеде рұқсат етілмеген өзгерістер енгізсе;
-
Тексеруден кейін және рұқсат етілгеннен кейін тексеруден өтпеген қару, киім, жарақпен ауыстырса;
-
Дәлелді себептерсіз өзі бастаған жаттығуды орындаудан бас тартса.
5) Қатысушы жарыстан еш ескертусіз босатылады, егер ол:
-
От алаңынан тыс атыс жасаса;
-
Нысаналық қондырғылардың жақтаулары, қалқандардың нөмірлері, атыс алаңының конструкторлық элементтері бойынша атыстарды саналы түрде жасаса.
6) Егер қатысушы жаттығуда есепті атыстарды ережеде берілгеннен көп жасаса,онда артық атыстар есепке алынбайды. Егер артық атыстардың дәрежесі анықталмаса, онда тиісті нысанадағы ең жақсы ойықтар жоққа шығарылады (ең жақсы атудың нәтижелері).
7) Бұдан басқа қатысушының әрбір артық атысы екі ұпай айыпқа алынады және ол жаттығудың ең төмен деңгейінен шегеріледі. Төреші қатысушыға жаза қолданғанда оны ресми түрде айтуы қажет және ауысымның кәртішкесіне немесе от алаңындағы анықтамаға тиісі жазба түсіруі қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |