Правила проведения соревнований по видам испытаний в программе Президентских тестов физической подготовленности населения и Президентских многоборий Астана 2011 год



бет9/11
Дата17.06.2016
өлшемі0.82 Mb.
#143413
түріПравила
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

30. Биіктіктің алмасуы

1) қашықтықтың ең төменгі және ең жоғарғы нүктелері арасындағы биіктіктің алмасуы



  • 8 км қашықта (жасөспірімдер, әйелдер, ересек жастағы ерлер) – 100 м-ден;

  • 10 км-ге (16-39 жастағы ерлер үшін) – 200 м-ден аспауы қажет;

2) Ұзындығы кемінде 200 м-к ең жоғары биіктік алмасуда 5 км-к қашықтықта 60 метрден, 10 м-к қашықтықта -80 м-ден аспауы қажет.

3) «А»және «В» санаттағы жарыстарда трассалар 8-12С-тік жардан көтерілуде және 18С-тік жардан қысқа көтерілуде трассаның үштен бірін қамтуы қажет.

4) «А» және «В» санаттағы жарыстардың біліктілік талаптарына трасса сәйкес болуы үшін биіктік алмасуының қажетті сомасы (МТ):


  • әйелдердің 3 км-к қашықтығында -30м, 5 км-к қашықтықта-150 м;

  • ерлердің 5 км-к қашықтығында -150 м, 10км-к қашықтықта -300м.

5) «А» и «В» санаттағы жарыстар шаңғы жарысынан ұлттық федерация бекіткен трассаның паспорты, сұлбасы (масштаб 1:10000) және олардың бейіндері (1:50000 – ұзындық үшін, 1:5000 – биіктік үшін), бар трассаларда өткізіледі.

31. Трассаларды жабдықтау.

1) Трассаның ұзын бойына жалаушалар қойылады. Ылдилар мен бұрылыстарды белгілеу үшін жалаушалардан салпыншақтар ілу ұсынылады. Жалаушалар трассаның ішкі жағынан арасы 1-1,5 м-ден қойылады. Трасса қатысушының қозғалыс бағытына қатысты күмән тудырмайтындай етіп белгідеуі тиіс.

2) Трассаны белгілеу үшін шаңғы белгісі, жебелер, түрлі-түсті жалаушалар және салпыншақтар пайдаланады. Жалаушалар қатысушы жалаушаның жанынан өткен кезде кейінгісін көре алатындай етіп бір-бірінің арасына қойылады. 1 км трассаға орташа есеппен кемінде 30 жалауша қойылуы қажет. Трассадағы жалаушалар қатысушылардың жынысына және әртүрлі қашықтыққа орай әр түсті болуы қажет.

3) Сөреден бастап әрбір километрдің соңында 1,2,3,4 км және т.б., ал мәреге 500 және 200 метрдей қалғанда: «Мәреге дейін 500 м», «Мәреге дейін 200 м» деген сары тақтайшалар ілінеді, ондағы сандар қара бояумен жазылады.

4) Күрделі ылдилар мен бұрылыстарда анық көрінетін сары түсті леп белгісі бар жалауша қою қажет.

32. Сөре мен мәрені жабдықтау.

1) Сөре мен мәренің орны бір деңгейде бір-бірінен кемінде 10 м жақын және 100 м-ден алыс емес қашықтықта болуы қажет. Мәренің орны оған жақындаған қатысушы кемінде трассаның қалған 50 м-ден көрінетіндей және соңғы шақырымдарда ылди болмауы қажет.

2) «А» және «В» санаттағы жарыстарда сөре алдында шаңғышы маркілеуге орын қойылады. Маркілегеннен кейін қатысушы бірден сөреге шығады.

3) Сөре алаңында сөрелік хаттамалар, трассаның сызбасы мен бейіні, сондай-ақ температуралық табло қойылуы қажет.

4) Шаңғы жарысын өткізу кезінде мыналар болуы қажет:


  • зардап шеккен қатысушыларды эвакуациялау үшін көлік (арба,қарда жүргіш, санитарлар автокөлігі);

  • шаңғыға орнатылған зембілдер («орамалар және көрпелер»);

  • жеке таңғыш пакеттер (бақылаушылар).

5) Медициналық көмек көрсету орындары туралы трассадағы төрешілерді, қатысушыларды және команда өкілдерін хабардар ету қажет және олардың орналасқан жерлерін сөрелік қалашықта ілінген трасса сызбаларында анық көрінуі қажет.

33. Сөре.

1) Жарыста мынадай сөрелерге рұқсат етіледі:



  • жалғыз (қатысушылар аралығы 30 сек немесе 1 минуттан сөреге шығады);

  • жұптасып (қатысушылар екеуден арасы 30 сек немесе 12 минуттан сөреге шығады);

  • топтасып(қатысушылар топтасып (командамен) 3-5 адамнан арасы 1 минуттан сөреге шығады; сөренің қайталануы бұл ретте жеребемен анықталады);

  • жалпы, мұнда барлық қатысушылар бір уақытта сөреге шығады.

34. Сөренің ережесі.

1) Сөреден шығатын қатысушылар сөре алдында тіркеуден өтеді.

2) Жарыс шартына сәйкес шаңғысы маркіленбеген киімі, нөмірі қатысушыға сай келмесе мұндай қатысушы сөреге жіберілмейді.

3) Қатысушы сөрелік хаттамада белгіленген уақытта сөреден шығады. Егер ол келмесе немесе жарысқа бірнеше қатысушы кешіксе, онда қалған спортшылардың сөрелік уақыты өзгермейді.

4) Егер жалғыз, жұптасып немесе топтасып сөреде сөреші қатысушының бүйірінен сол жақта сөрелік сызықта тұрса және сөреге дейін 10 сек қалғанда «10 секунд қалды!» деп команда берсе 5-4-3-2-1 деп санауы қажет және «Марш!» деген бұйрық береді. Егер сөре электрлі хронометрмен берілсе, онда дыбыстық сөрелік белгі беріледі. (Зуммер)

5) сөрелік бұйрық берілгенше, жарысушының аяғы «шаңғыны бекіту»және таяғы сөрелік сызықтың алдында тұруы тиіс.

6) алдын ала сөреге шығып кеткен қатысушы сөрешінің бұйрығы бойынша орнына қайта келуі қажет, содан кейін ғана ол қайтадан сөреден шығады. Бұл ретте қатысушы белгіленген хаттамалық сөрелік уақытта сөреден шықты деп есептеледі.

7) жалпы сөреде қатысушылар алдын ала тұру сызығына орналасады, яғни сөрелік сызықтан 5 метрдей жерде тұрады. «Сырт киімді шеш!», «Сөреге!» деген бұйрықтардан кейін қатысушылар киімдерін шешіп, сөреге шығады.

8) Сөреші 10 секунд қалғанда «10 секунд қалды!»5 сек қалғанда «5 секунд қалды!» деген дайындық бұйрықтарын береді және тапанша немесе жалауша көтереді. Уақыт өткеннен кейін ату арқылы немесе «Марш!» деген жалаушаны түсіру арқылы бұйрықтар беріледі.

9) жалпы сөреде уақытынан бұрын сөреге шыққан қатысушылар оларды қайтарады және барлық қатысушылар үшін жана сөрелік белгі беріледі.

10) Топтасып немесе жалпы сөреден шығу кезінде алғашқы 100 м қашықтыққа шыққан қатысушылар класскалық үлгіде әрқайсысы өз шаңғы жолында жүгіреді, содан кейін ғана еркін түрге көше алады, ал қолжалғай қалған 100 м үш жалпы жолының біріне өтуіне болады.

11) хаттамадағы уақыттан сөреден шығуға кешіккен қатысушы сөрешінің шешімімен кез келген уақытта басқа жүгірушілерге кедергі жасамай, бірақ жарысқа соңғы қатысушы сөреден шыққаннан кейін шығады. Ол шаңғысын маркілеуі тиіс, сөреде тіркелуі және сөрешінің белгісі бойынша сөреден шығуы тиіс. Бұл ретте ол сөрелік хаттамалық уақытта жарысқа шықты деп есептеледі.

12) Бас төрешілер алқасы кешігу төтенше жағдайлармен байланысты болды деп шешкенде қажет болса, төрешілер жарысқа кешіккен қатысушының нақты сөрелік уақытын тіркеуі қажет.

35. Мөре.

1) Мәредегі төрешілер бригадасы қашықтықтың аяқталғандығын мәре сызығын бірінші болып кесіп өткен аяқтың саны бойынша шаңғы деңгейінен 25 см биіктікте (1 секундқа дейінгі дәлдікпен) және мәрелік хаттамаларды және мәредегі аға төрешінің хронометрінен кейін есепке алады және хаттамаларды шаңғы жарысынан бас хатшының орынбасарына тапсырады. Автохронометр болған жағдайда қатысушылардың уақыты 0,01 секундқа дейінгі дәлдікпен өлшенеді, нәтижелер келесі толық секундқа дейін шеңберленеді.

2) Қатысушы:


  • қашықтықтың соңғы 200 м-де мәре алдында шаңғы жолын баспауға;

  • таяғын ауыстыруға;

  • қолжағалауда бір шаңғы ауыстыруға;

  • қашықтықта шаңғысын майлауға және мүкәммалын басқа біреудің көмегінсіз жөндеуге;

  • майды ауыстыру кезінде жылытқыш аспаптар қолдануға, егер оларды басқа адам жақса;

  • тамақ ішуге;

  • өзі немесе басқа қатысушылардың қашықтықтың қандай да бір бөлігін қалай және қандай уақытта өтіп жатқандығы туралы мәлімет алуға;

  • медициналық көмек алуға.

3) Қатысушы:

  • барлық бақылау қосындарын өтуге;

  • мәреден кейін шаңғысындағы маркілеуді тексеруге беруге;

  • жарысты тоқтатқаннан кейін бұл жайында бақылаушы төрешіге және команда өкіліне хабарлауға;

  • басқа қатысушының артынан келе жатып оның шаңғысынан өзінің шаңғысының басына дейінгі 1 м-ге дейінгі аралықты сақтауға;

  • бірінші болып келе жатып, оны қуып жеткен қатысушының талабы бойынша оған қос шаңғысымен шығып, шаңғы жолын беруге (қашықтықтың аяқталуына дейін 200 м басқа);

  • қашықтықтағы спортшылардың біреуіне жазатайым оқиға болса, оған бірінші болып көмек көрсетуге және бұл жайында жолында кездестірген бірінші төрешіге хабарлауға міндетті.

4) Қатысушыға мына жағдайларда тыйым салынады:

  • 1-тармақта көрсетілгеннен басқа қандай да бір көмек алуға;

  • Бір немесе (қолжалғауда ) 2 шаңғы ауыстыруға;

  • өз командасы мүшелері (жанкүйерлер), тарапынан көшбасшының болуына немесе басқа қатысушыға 30 м бойы көшбасшы болуға (оны алдынан, артынан немесе бүйірінен ілесіп отырға);

  • басқа қатысушының қашықтықты жүріп өтуіне кедергі жасауына тыйым салынады..

5) қашықтықты жүріп өтуіде жарыс ережесін бұзған қатысушы шаңғы жарысынан шығарылады.
ЖАРЫС СИПАТТАМАСЫ
А –Санаты Қазақстан Республикасының чемпионаттары мен

кубоктары, ДСҰ мен ведомствоаралық чемпионаттары

Б –Санаты Облыс чемпионаты

В –Санаты Аудандар мен облыс орталықтары чемпионаты



Г –Санаты ДШК мен клубтарының чемпионаттары
БАС ТӨРЕШІЛЕР АЛҚАСЫ МЕН ОҒАН БЕКІТІЛГЕН

ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ҚҰРАМЫ




Төрешілік лауазымның атауы

А

Б

В

Г

1

Жарыс басшысы (бас төреші)

1

1

1

1

2

Бас хатшы

1

1

1

1

3

Жұмыс бағытына (ұйымдық мәселелер, техникалық кадрлар, медициналық қамтамасыз ету және т.б..)қарай орынбасарлары

3-4

2-3

2

1

4

Көпсайыстың түрлері бойынша бас төрешілер

3-4

3-4

2-3

2-3

5

Бас хатшының орынбасары

2-3

2

1

1

6

Көпсайыс түрлерінен бас хатшының орынбасары

3-4

3-4

2-3

2-3

7

БТА-ның хатшылығы

7-8

5-7

3-5

2

8

Рұқсат беру комиссиясы

3

2

2

2

9

Федерацияның техникалық өкілдері

3

2

2

1

10

Аппеляциялық қазылар

5

3

3

3

11

Баспасөз орталығының операторлары

1

1

1

1




Жарыс қызметі:













1

Жарыс директоры

1

1

1

1

2

Кадрлық қызмет

2

2

1

1

3

Саалтанатты рәсімдеу және марапаттау қызметі

3

3

2

2

4

Ақпарат қызметі

4-5

3-4

2

2

5

Қатысушыны дайындау қызметі

2-3

2

2

2

6

Компьютерлік қамтамасыз ету және жарыс нәтижелерін өңдеу қызметі

3

2

2

2

7

Комендант

1

1

1

1

8

Көшіру техникасының операторлары

1-2

1

1

1

ТӨРЕШІЛЕР АЛҚАСЫНЫҢ ҚҰРАМЫ

НЫСАНА КӨЗДЕУ






Төрешілік лауазымның атауы

А

Б

В

Г

1

Түзетуші аға төреші

1

1

1

1

2

Түзетуші төрешілер

1

1

1

1

3

Хатшылар

2

2

2

2



















4

Қару жөніндегі аға төреші

2

2

1

1

5

Қару жөніндегі төреші

1

1

1

1

6

От алаңындағы секторлық төреші

1

1

1

1

7

От алаңындағы секторлық төреші

1

1

1

1

8

От алаңындағы төреші

1-2

1-2

1

1

9

бақылаушылар

1

1

1

1

10

Нысана алаңындағы аға төреші

10

5

5

5

11

Нысана алаңындағы секторлық төреші

1

1

1

1

12

Хабарлаушы төреші

1-2

1-2

1

1

13

Қатысушылар маңындағы төреші

1

1

1

1

14

Нысаналарды дайындайтын төрешілер

2-3

2

1-2

1




Қызмет көрсету бригадасы













1

Дәрігер

1

1

1

1

2

Комендант

1

1

1

1

3

Жұмысшылар

1-2

1-2

1

1

4

Қару-жарақ шебері

1

1

1

1

5

Байланысшы радист

1

1

1

1


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет