Шетел тілі бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
5-9-сыныптарда – аптасына 3 сағат, оқу жылында 102 сағатты құрайды.
«Шетел тілі» пәнінен оқу жұмысын ұйымдастыруда келесі ұсынымдар
беріледі:
1. Білім алушылардың зерттеу дағдыларын дамытуға бағытталған
«Independent project» юнитына назар аудару қажет. Жоба жұмысы арқылы
мұғалім мақсаттар мен сөйлеу дағдыларының түрлеріне бағытталған
қалыптастырушы бағалауды жүргізе алады. Жоба жұмысының түрі мен
мазмұны (тақырыптық мазмұны, іс-әрекет түрлері, күтілетін нәтижесі, бағалау
түрлері және т.б.) мектеп ішіндегі әдістемелік бірлестіктерде талқыланады.
2. «Reading for pleasure» бөлімінде оқу дағдысын дамыту үшін әдістемелік
нұсқауларды белсенді қолдану керек. Көркем және оқу әдебиет мәтіндерімен
жұмыс жасау ағылшын тіліне оқытудың міндетті элементі болып табылады
және білім алушылардың алған дағдыларын бекітуге мүмкіндік береді.
Шетел тілін сыныптан тыс оқытуды моделдеу іс-әрекетінің негізгі тәсілдері:
• тақырыптық ойын кештері;
• елтануға арналған үйірмелер;
• шетел тілдері апталығы;
• бейнеклубтар, тілдік орталықтар;
• шетел тіліндегі театрландырылған қойылымдар және т.б.
10-11-СЫНЫПТАРДАҒЫ ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ МАЗМҰНЫ БОЙЫНША ОҚУ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Оқу бағдарламасы, бөлімдері оқу жылында меңгерілетін және мұғалім тоқсанда өтетін тақырыптардың реті мен сағатын еркін бөліп қоя алатын, ұзақ мерзімді жоспарға сәйкес іске асырылады.
Шетел тілі бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
10-сыныптарда – аптасына 3 сағат, оқу жылында 102 сағатты құрайды.
Пәндік бақылау және бағалау бойынша ұсынымдар
Шетел тілі сабағында сөйлеу қызметінің барлық түрлері (айтылым, оқылым, тыңдалым, жазылым / жазбаша сөйлеу) және коммуникативтік құзыреттілікті құрайтындар (сөйлеу, тілдік, әлеуметтік-мәдени, компенсаторлық, оқу-танымдық) болуы тиіс.
Сабақта оқу уақыты негізінен ауызша сөйлеу дағдылары мен қабілеттерін дамыту және жетілдіру үшін қолданылады. Жаңа лексикалық және грамматикалық материалды коммуникативтік жағдайларда енгізу және бекіту ұсынылады; сабақта жұппен, топтармен жұмысты ұйымдастыру есебінен әрбір білім алушының сөйлеу белсенділігі уақытын ұлғайту; міндетті түрде мәтін алдындағы, мәтіндік және мәтіннен кейінгі жұмыс кезеңдерін сақтай отырып, оқылым мен тыңдалымға үйрету.
Жазбаша жұмыстардың түрлері көрсетілген оқу бағдарламасының талаптарын сақтауға ерекше назар аудару керек. Жазбаша тапсырмаларды орындау барысында сабақтың коммуникативтік сипаты бұзылады, негізгі оқу тапсырмаларын орындау сапасы нашарлайды. Білім алушылардың оқу жетістіктерінің нәтижелерін тексеру кезінде басымдылық бақылаудың ауызша түрлеріне берілуі тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |