Жиынтық бағалау – белгілі бір мерзімдегі (тоқсан, жартыжылдық, жылдық) оқу жетістігінің деңгейін анықтау үшін орындалатын оқушының жұмысы;
Жиынтық бағалау – белгілі бір мерзімдегі (тоқсан, жартыжылдық, жылдық) оқу жетістігінің деңгейін анықтау үшін орындалатын оқушының жұмысы;
Жиынтық бағалауәртүрлі болады (тест, сынақ, бақылау жұмысы, т.б.). Жиынтық жұмысқа қойылған баға белгілі бір есепті мерзімді (тоқсан, жартыжылдық, жылдық) қорытындылауды анықтайтын баға болып табылады.
Рубрикатор (бағалау бойынша нұсқаулық) – әрбір критерий бойынша оқушының жетістігі жазылған нақты сипаттама және соған сәйкес ұпай саны;
Дескриптор – оқушының ең жақсы нәтижеге жетудегі әрбір қадамын сипаттайтын нақты бір ұпай бойынша жетістік деңгейі, әрбір деңгей белгілі ұпай санымен бағаланады: жетістік жоғары болған сайын – сол критерий бойынша ұпай да көп болады
Критериалды бағалаудың негізгі мақсаты:
1)Мектепте оқыту сапасын жоғарылату;
2)Мектеп бітірушілердің білімін халықаралық стандартқа сәйкестендіру
3)Оқушылардың алған білімдерін өмірде қолдана білуге үйрету
Критериалды бағалау жүйесінің міндеттері: 1)Оқу үдерісінде бағалаудың қызметі мен мүмкіндіктері аясын кеңейту;
2)Жүйелі кері байланыс орнату арқылы білім алушылардың өзін – өзі үнемі жетілдіріп отыруына жағдай жасау;
3)Бірыңғай стандарттарды, сапалы бағалау құралдарын, механизмдерін қалыптастыруды оңтайландыру;
4)Қолжетімді, нақты, үздіксіз ақпарат беру:
-білім алушыларға олардың оқу сапасы туралы;
-мұғалімдерге білім алушылардың ілгерілеуі туралы;
-ата – аналарға оқу нітижелерінің деңгейі туралы;
-басқару мекемелері ұсынған ақпарат ұсыну.
Формативті (ағымдық, қалыптастырушы) бағалау Суммативті (қорытынды, жиынтық) бағалау Сыныптағы күнделікті оқу барысында игерілетін білім мен біліктің ағымдық деңгейін анықтау. Формативті бағалау қорытынды бағаға әсер етпейді, бұл баланың білім игерудің бастапқы кезінде жиі болатын қателесуден қорықпауына ықпал етеді.
Оқу материалының белгілі бір бөлігін (тарау, тақырып) аяқтағанда алынған білім мен қалыптасқан оқу дағдыларын деңгейін анықтау. Тексеру жұмыстары үшін қойылған суммативті бағалар белгілі бір кезеңдегі (тоқсан, жылдық) қорытынды бағаны шығару үшін негіз болып табылады.
Критериалды бағалау жүйесі
Бағалау фукциялары:
-Мотивациялық
-Тәрбиелік
-Дамытушылық
-Түзетушілік
-Ақпараттық
Бағалау қағидалары:
-Әділдік
-Шынайылық
-Жүйелілік
-Көрнекілік
Жиынтық бағалау
Бөлім, ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау
Әр тоқсанда мұғалім 2-3рет өткізеді
Тоқсандық жиынтық бағалау
Әр тоқсанды аяқтаған кезде мұғалім өткізеді
Білім беру деңгейлерінің соңындағы жиынтық бағалау
Бастауыш, негізгі және жоғары сыныпты аяқтаған кезде сыртқы ұйым (ҰТО) өткізеді
Тоқсан қорытындысы бойынша баға
Оқу жылы қорытындысы бойынша баға
Аттестаттық қорытынды бойынша баға
Критериалды бағалаудың мүмкіндіктері
Білім беру сапасын арттырады
Бағаның әділдігіне ықпал етеді
Өз еңбегіне жауапты болуға тәрбиелейді
Бағалауды бәріне түсінікті етеді
Оқуға деген мотивацияны арттырады