Презентациялар (дәріс) мамандығы: «6B01705-Шетел тілі: екі шетел тілі»



бет23/36
Дата04.10.2023
өлшемі152.27 Kb.
#479732
түріПрезентация
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   36
«Орта білім берудің жаңартылған мазмұнының технологиясы» пәнÑ

4) белсенді оқыту:
- мұғалімнен гөрі оқушылар сабақта көбірек сөйлейді;
- білім алушылар өздерінің тілдік және білімді меңгеру дағдыларын дамыту және пәндік мазмұнды меңгеру үшін өздерінің мақсаттары мен міндеттерін қалыптастырады;
- оқушылар оқу нәтижелерін және оларға жету жолдарын сипаттайды;
- сабақта екі және одан да көп жұппен жұмысты тиімді ұйымдастыру үшін жағдай жасалады;
- білім алушы мен мұғалім әңгіме құру және түрлі тапсырмаларды орындау арқылы тақырып пен тілдік материалдардың мағынасын түсінуге қол жеткізеді;
- мұғалімнің рөлі - сыныпта үш үдерістің мүмкіндіктерін құру және басқару, атап айтқанда: оқу процесіне, топтағы қарым-қатынастарды дамыту үдерісіне, өзара іс-қимыл жасауға, сондай-ақ жеке даму үдерісіне;
5) негізгі құрылым:
Оқу үрдісінде мұғалім білім алушылардың тәжірибесіне, білімдеріне,
дағдыларына, көзқарасына, нанымдарына, мүдделеріне сүйенеді;
Сабақты жоспарлау және өткізу кезінде білім алушылардың оқу стилі
ескеріледі;
Шығармашылық және сыни ойлауды дамытуға назар аударылады;
- білім алушыға күрделі жағдайда болу мүмкіндігі жасалады, сонымен
қатар оған эмоциялық жағынан оны жеңуге көмек беріледі;
6) ынтымақтастық:
- оқытушылар педагогикалық қарым-қатынас пен ынтымақтастық
үдерісінде пәндік сабақтарды, тілдік сабақтарды және тақырыптарды бірлесе жоспарлайды;
- ата-аналар білім алушылардың ана тілін және мәдениетін меңгеруге
қолдау көрсетеді, сондай-ақ мақсатты тілді қолдануға мүмкіндік жасау үшін
оқу процесіне қатысады;
− білім беру процесіне жергілікті қоғамдастық, лауазымдық
ведомстволар, жұмыс берушілер мен басқа да мақсатты топтар тартылады.
Еуропаның әр елінде CLIL әдістемелік тәсілінің негізгі сипатын айқындағанда бес негізгі аспект ерекшеленеді, ол мәдениет, әлеуметтік және тілдік ортаны қамтиды және мынадай пәндік пен білім беру міндеттерін шешуге бағытталған:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет