Презентациялар (дәріс) мамандығы: «6B01705-Шетел тілі: екі шетел тілі»


Шетел ғалымдары CLIL технологиясының негізгі ұғымдарының арасында оның міндетті компоненттерін «4С» деп атайды



бет22/36
Дата04.10.2023
өлшемі152.27 Kb.
#479732
түріПрезентация
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   36
«Орта білім берудің жаңартылған мазмұнының технологиясы» пәнÑ

Шетел ғалымдары CLIL технологиясының негізгі ұғымдарының арасында оның міндетті компоненттерін «4С» деп атайды:
- пәнді оқытудың кең спектрінің негізгі пәндік-мазмұндық компонентін (Content), шет тілі арқылы арнайы терминологиялық базамен одан әрі қарай кәсіптік қызметке дайындығын қамтамасыз ету;
- әлеуметтік-тілдік компонент (Communication), коммуникативтік дағдыларды дамытуға жағдай жасау, шет тілін тереңірек меңгеру және пайда болған құзыреттіліктерді қолданбалы мақсаттарда пайдалану мүмкіндігі;
- танымдық-оқыту компоненті (Cognition), білім алушылардың мотивациялық құрамдас бөлігінің өсуіне, әртүрлі оқыту стратегияларын, оқу қызметінің нысандары мен түрлерін меңгеріп қолдануға себепші болады;
- мәдени компонент (Culture), мәдениетаралық коммуникация дағдыларын дамытуды, басқа елдер мен халықтардың мәдениетінің ерекшеліктерін білу мен түсінуді білдіреді.
Пәннің және тілдің кіріктіліген оқытуы CLIL-ді әзірлеген әдіснама мамандарының қағидаттарына сәйкес жүзеге асырылады:
1) көп жақты фокус:
- тілдің оқытуы пән мен тіл арқылы қамтамасыз етіледі;
- сабақтың мазмұны тілдік сабақтарда жетіледі;
- пәндердің кірігуі жүзеге асырылады;
- жаттығулардың көрінісі пәндердің кірігуі арқылы жүзеге асады;
- оқытудың рефлексиясы өткізіледі;
2) қауіпсіз оқу ортасы:
- әдеттегі іс-әрекеттер мен тілдік модельдер қолданылады;
- оқытылатын тақырыптық және тілдік құрылымдар көрнекі түрде көрсетіледі;
- тіл қателіктері түзетілмейді, бірақ мұғалім тіл құрылымын дұрыс пайдаланудың үлгісін көрсетеді;
- тілдік білімді білу үшін түпнұсқалық (түпнұсқа) оқыту материалдары қолданылады;
3) түпнұсқаға және дереккөзге жақын болуы:
- білім алушы ауызша және жазбаша дағдылары арқылы сөйлеуге, жазуға, сонымен қатар жетілу мүмкіндігін қолдана алады;
- білім алушы өзінің қызығушылығын ескере алады;
- оқу материалы білім алушының күнделікті өмірімен байланысты;
- бұқаралық ақпарат құралдарының және басқа көздердің нақты материалы пайдаланылады;


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет