Программа дисциплины (Syllabus) Қазақ журналистикасының тарихы / История казахской журналистики



бет11/22
Дата27.09.2022
өлшемі205.5 Kb.
#461439
түріПрограмма дисциплины
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   22
3Силлабус каз журн тарихы 2020

2 – тақырып. Революциялық толқулар мен тарихи өзгерістер кезеңіндегі баспасөз (1905-1907 жылдар)
Қазақстанда буржуазиялық-демократиялық идеялардың таралуы. 1905-1907 жылдардағы бірінші орыс буржуазиялық революциясы көпшіліктің санасын шыңдаған елеулі саяси күрес мектебі болды. Соның нәтижесінде тарихта тұңғыш рет жұмысшы мен шаруа одағы бірлесіп, өздерінің ортақ жауы - патша самодержавиесіне қарсы күреске шықты.
Сөйтіп, бірінші орыс революциясы жеңілгеннен кейін, ел ішінде «столыпиндік» полициялық тәртіп орнады. Жұмысшылардың жалақысы кеміп, жұмыс күні ұзартылды, құпия баспасөздің жарық көруіне тыйым салынды. Осындай қиын-қыстау кездерінде қазақ тілінде де біраз газет жарық көрді.
Солардың бірі - «Қазақ газеті» - 1906 жылдың ақпан айында жарық көрді.
Әдебиеттер: [9, 2, 3, 4, 10, 11, 12]


3 – тақырып. Қазақ тіліндегі алғашқы биресми газет-журналдар (1910-1917)
1905–1907 жылдардағы орыс революциясының тұсында және 1910–1911 жылдарғы революциялық жаңа өрлеу кезеңінде «Искра», «Правда» сияқты жалпыорыстық жұмысшы басылымдардың әсерімен Орда қаласында өздерінің демократиялық, мәдени-ағартушылық күрес жолдарын бастаған қазақ интеллигенциясының алдыңғы қатарлы бір топ өкілдері өздерінің жасырын көпшілік одағын ұйымдастырды. Сөйтіп, олар ең алдымен одақтың шаруашылық және саяси мақсаттарын жүзеге асыру үшін «Қазақстан» газетін шығаруды қолға алады.
Көпшілік одағының мүшелері 1910 жылы елден қаржы жинап, Орда қаласындағы А.Н.Щолкованың меншікті баспаханасын ұйымдастыруға көмектеседі. Сөйтіп, 1911 жылдың наурыз, мамыр айларында орыс баспаханасынан «Қазақстан» газетінің алғашқы екі нөмірі жарық көреді. Бұл туралы газет қызметкері С.Меңдешев «Бөкей даласындағы 1916 жылғы көтеріліс» деген мақаласында сөз еткен.
Әдебиеттер: [9, 2, 3, 13, 14, 8]


4 – тақырып. Қазақтың жалпыұлттық демократиялық басылымдары
«Сарыарқаның көтерген мәселесі: Алашорда өкіметін құру, қазақ мемлекетін жасау, жоғалған елдікті қайта орнықтыру болды. Сондай-ақ, Алашорданың Семей тобының саяси бағдарламасы да осында басылған-ды. Ең бастысы, сол кездегі қазақ қайраткерлерінің іс-қимылдарымен де осы газеттен танысуға болатын еді.
«Сарыарқа» газетінде кезінде негізінен ел, жер, халық қамын ойлаған Ә.Бөкейхан, Х.Ғаббасұлы, Ж.Аймауытұлы, Т.Құнанбайұлы, М.Тұрғанбайұлы сияқты арыстардың жүрекжарды еңбектері жарияланып тұрған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет