9 – тақырып. Нәубет жылдарындағы журналистика
«Ауыл тілі» газеті. Партияның ауылды одан әрі советтендіру саясатын жүзеге асыруда 1926–1929 жылдары шығып тұрған жалпы қазақстандық арнаулы шаруа газеті «Ауыл тілі» үлкен рөл атқарды. Ол Қазақстан өлкелік партия комитеті, Орталық Атқару комитеті, Кәсіпшілер одағы және Сырдария губкомы мен Атқару комитетінің атынан Қызылорда қаласында шығарылды. Бұл газет көлемі төрт бет, тиражы 6800 дана болып, Қазақстанның барлық ауылдарына дерлік таралып тұрды.
Газеттің 1926 жылғы 27-шілдеде шыққан бірінші нөмірінде жарияланған «Оқушыларымызға» деген бас мақаласында «Ауыл тілінің» бағдарламасы белгіленді. «Бұл газет, – деп жазды редакция, – Қазақстан аймағындағы қазақ бұқарасының басын қосып, мұң-мұқтажын шешетін орталық ордасы болады». Бұл газетте шаруаны көтеру, партия кеңес құрылыстарын жөндеу, ел ішіндегі түрлі жолсыздықтарды жою жолдары көрсетілді. Бұл газет ауыл бұқарасын тәрбиелеп, бүкіл дүниедегі, қала берді айналасындағы болып жатқан оқиғалармен таныстырады.
Әдебиеттер: [9, 2, 3, 41, 30, 28]
10–тақырып. Қазақ журналистикасы 1941-1945 жылдар арасында
Неміс-фашист басқыншыларымен соғыс жылдарындағы республикалық, облыстық, аудандық басылымдар
Соғыстың басталуына байланысты кеңес мемлекетінде бұқаралық ақпарат құралдарының жұмысын ұйымдастыру ісінде елеулі өзгерістер жасалды. Атап айтқанда, ең алдымен күш пен қаржыны үнемдеу, әскери газеттердің жүйесін өрістету үшін партия салалық газеттер мен журналдардың шығарылуын уақытша тоқтатып, барлық қайрат-жігерлерін саяси басылымдардың маңдарына топтастырды. Қазақстанда 1941 жылдың шілде айынан бастап, «Лениншіл жас», «Ленинская смена», «Пионер Казахстана», «Октябрь балалары», бес облыста шығатын комсомол газеттері, «Коммунист», «Жас большевик», «Пионер», «Вожатыйға көмекші», «Сталин жолы», «Народное хозяйство Казахстана», «Қазақстан колхоз-совхоздары», «Литература и искусство Казахстана», «Халық мұғалімі», «Әдебиет және искусство» журналдарының шығарылуы соғыс талабына сай тоқтатылды. Енді бұл газеттер мен журналдардың міндеттерін республикалық «Социалистік Қазақстан», «Казахстанская правда» газеттері атқаруға тиісті болды.
Әдебиеттер: [2, 3, 9, 31, 23, 16, 41]
Достарыңызбен бөлісу: |