Программа дисциплины (Syllabus) Қазақ журналистикасының тарихы / История казахской журналистики



бет12/22
Дата27.09.2022
өлшемі205.5 Kb.
#461439
түріПрограмма дисциплины
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   22
3Силлабус каз журн тарихы 2020

«Бірлік туы» газеті. Мұстафа көтерген «Бірлік туы» деген жарияланымның алғы сөзінде: «Негізін Шоқайұлы Мұстафа қалаған бұл газет Ташкент шаһарында 1917 жылдың 24 маусымынан 1918 жылдың сәуір айының ортасына дейін жарық көріп тұрған. Мұны да Кеңес өкіметі жапқан. «Бірлік туының» мәдениеті, танымдық, тез ақпар жеткізушілік деңгейі – жалпы сапасы өте жоғары. Салыстыра қарағанда, 1920–1925 жылдары шыққан басылымдардан көш ілгері.
Әдебиеттер: [17, 18, 9, 2, 13, 21]


5 – тақырып. 1917-1920 жылдар арасындағы қазақ журналистикасы
Кеңес өкіметінің алғашқы шараларының бірі – сол кезде белгілі себептермен контреволюцияшыл-буржуазиялық баспасөз деп аталған «Қазақ», «Сарыарқа», «Бірлік туы», «Ұран», «Алаш» сияқты, т.б. ұлттық басылымдарды біржолата тоқтатып, жабу болды. Осыған орай жаңадан құрылған қазақ жеріндегі кеңестер белсенді қызмет атқарды. Олар негізінен 1918 жылдың соңына дейін өздері байшыл, ұлтшыл, алашордашыл деп тапқан бір топ газет-журналдарды жойып жіберудің арқасында солардың баспаханалары мен қағаз қорларын пайдалана отырып, өздерінің газеттерін шығара бастады.
Осыған байланысты «Тіршілік» 1918 жылдың басында әуелі ревкомның, сонан соң Совдептің органы болып, төңкерісшіл-демократияшыл газетке айналды. Оған С.Сейфуллиинің сол кезде шығып тұрған қазақ басылымдары туралы: «Бұл газеттер, «Тіршіліктен» басқаның бәрі бір бағытта болды. Бәрі Орынбордағы «Қазақ» газетінің ықпалымен жүрді. Бәрінің құлақ күйін «Қазақ» газеті бұрап берін, нұсқау беріп отырды. Газеттердің бәрі көз жұмбай ұлтшыл, байшыл бәрінің орталық туы «Қазақ» газеті болды», – деп жазуы дәлел.
Әдебиеттер: [17, 8, 2, 22, 6, 8]


6– тақырып. 1921–1933 жылдардағы қазақ журналистикасы
Бұл тарауда азамат соғысы және шетел интервенциясынан кейінгі халық шаруашылығын қалпына келтіру кезеңіндегі Қазақстандағы саяси хал-ахуалға, шаруашылық, мәдени-ағарту мәселелеріне және осы жылдары шығып тұрған басылымдардың мән-мазмұнына; Қазақстанда «Кіші Октябрь» орнату немесе ауыл шаруашылығын жаппай ұжымдастыру мен индустрияландыру жылдарындағы асыра сілтеушілік пен әкімшіл-әміршіл басқарудың шылауына түскен кейбір газет-журналдардың қателіктеріне тоқталамыз.
1921 жылдың 15-қыркүйегінде РКП(б)-ның Қазақ облыстық комитетінің органы «Қызыл Қазақстан» (қазіргі «Ақиқат») журналы айына екі рет шыға бастады. Шығарушы - Кирревкомның үгіт-насихат бөлімі. Қол қойған - редколлегия. Ол жалпы қоғамдық-саяси, шаруашылық және мәдениет мәселелерін қамтитын журнал болды.
«Шолпан» журналы Түркістан Орталық партия комитетінің органы болып Ташкентте шығарылды. Қазақ тілінде айына бір рет шығатын саясат, шаруашылық, білім, әдебиет журналы» деп аталды. Ол 1922 жылдың қазанынан 1923 жылдың мамыр айына дейін шығарылып тұрды.
Әдебиеттер:[18, 1, 2,10, 25, 7, 21]




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет