Программа дисциплины (Syllabus) Қазақ журналистикасының тарихы / История казахской журналистики


–тақырып. Қазақ жастарының және әйелдер баспасөзінің пайда болуы



бет13/22
Дата27.09.2022
өлшемі205.5 Kb.
#461439
түріПрограмма дисциплины
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   22
3Силлабус каз журн тарихы 2020

7–тақырып. Қазақ жастарының және әйелдер баспасөзінің пайда болуы
«Жас Алаш» газетінің ең алғашқы нөмірі 1921 жылдың 22-наурызында Ташкент қаласында шыққан. Тұңғыш редакторы – Ғани Мұратбаев. Бірақ көп ұзамай қағаз тапшылығынан және қаржының жоқтығынан бұл басылым жабылып қалды да, енді оның орнына 1922 жылдың 1-қыркүйегінен бастап Орта Азия бюросының һәм Түркістан Ортақшыл Жастар Ұйымы комитетінің он күндік газеті «Жас қайрат» шығарыла бастады. Редакторы болып Е. Алдоңғаров бекітілді.
1920 жылы Қазақстан Автономиялы Республикасы Орталық Атқару Комитетінің қалың малға, әмеңгерлікке, көп әйел алушылыққа тыйым салу жөнінде қабылдаған декреті жарияланды. Декретте қазақ әйелдерінің еңсесін басқан, адамдық қасиетін қорлаған тағы басқа да зиянды әдет-ғұрыптарды жою көзделді. Міне, осы декреттің мәнін әйелдерге түсіндіріп, олардың өздерінің бас бостандығы үшін күресуіне көмектесу, әйелдерді қоғам өміріне белсене араластыру үшін ел ішінде көшпелі қызыл отаулар, делегаттар жиналыстары ұйымдастырылды. Бұлардың жұмысын насихаттайтын, әйелдерге арналған баспасөз органын шығару қажеттігі туындады. Осыған орай жетісіне бір шығатын аймақтық партия комитеті жанындағы әйелдер бөлімінің газеті «Теңдік» 1925 жылы 5-мамырда Қазақстанның сол кездегі астанасы Орынборда шыға бастады.
Әдебиеттер: [3, 2, 22, 7, 26, 27,]


8 – тақырып. Әдеби және педагогикалық баспасөздің тууы, қалыптасуы және дамуы
Қазақстан партия ұйымының көмегімен жазушылар ұйымы 1928 жылдың 1-қаңтарынан бастап, бұрынғы бір-ер рет шыққан «Жыл құсы» деген жинақтың орнына дербес журнал шығарды. Оны дәуірге сай «Жаңа әдебиет» (осы күнгі -«Жұлдыз») деп атады. Бірінші редакторы – С.Сейфуллин.
«Жаңа әдебиет» журналының 1928 жылғы № 1- саны көркем туындыдан сол кездегі жас ақын Тайыр Жароковтың «Аэроплан» дейтін әйгілі өлеңімен ашылған. Осы бір өлеңнің осылай орналастырылуында, беташар ретінде берілуінде терең мән бар тәрізді. Ол бейне бір биікке көтерілуге, алысқа самғауға меңзеп тұрғандай.
Сәбит Мұқановтың «Сұлушашы», Бейімбет Майлиннің «Сары ала тоны», Ілияс Жансүгіровтің, Ғабиден Мұстафиннің әңгімелері, Жақан Сыздықовтың «Майкөл таңы», Әбділдә Тәжібаевтың «Арыс тұзы», Қажым Жұмалиевтің «Егізбай мен Ерқожа» сияқты поэзия туындылары жарияланған шығармалардың идеялық, тақырыптық шеңберін ғана емес, сонымен қатар «Жаңа әдебиеттің» ұстаған бағытын да танытады.
Әдебиеттер: [9, 2, 3, 10, 28, 29, ]




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет