Программа Форма ф со пгу



бет3/12
Дата11.12.2023
өлшемі232.5 Kb.
#486162
түріРабочая программа
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
3-тақырып. XX ғасырдағы көркем шығармалар (проза, поэзия, драма). С.Көбеев, С.Дөнентаев, Б.Өтетілеуов және балалар әдебиеті. І.Жансүгіров, Б.Майлин, Ж.Аймауытов, М.Дулатов, Қ.Кемеңгерұлы, С.Сейфуллин, М.Жұмабаев және балалар әдебиеті.
XX ғ. бас кезіндегі қазақ балалр әдебиеті. С.Көбеев, С.Дөнентаев, Б.Өтетілеуовтің балалар әдебиетіне қосқан үлесі. І.Жансүгіров өлеңдеріндегі әсемдік әлеміне құрылған эстетикалық әлеміне құрылған эстетикалық тәрбие. «Жазғы шілде», «Күзде», «Бөбек бөлеу», «Жас бұлбұлдарға», «Жастарға», «Жазғытұрым», «Бұлт» өлеңдерінің көркемдігі. Б.Майлинннің «Тәй! Тәй! Қаз! Қаз!», «Әлди», «Жаңбырлы күні», «Жазғы жайлауда», «Әйт,шу, ала атым», «Байшұбар» өлеңдерінің көркемдігі. «Түйебай» әңгімесінің тәрбиелік мәні. М.Дулатовтың «Мектепке», «Мектептен», «Шешенің балаларын сүюі» өлеңдерінің тақырыбы мен тәрбиелік мәні. Ж.Аймауытовтың «Оқу, білім», «Қыс», «Жаз келді», «Жазғытұрым», «Жазғы шілде», «Біздің торы құлын», «Айт, шу, ала атым», «Нұр күйі» өлеңдерінің тақырыптары мен көркемдігі. М.Жұмабаевтың «немере мен әжем», «Ақ қала», «Ата, бата», «Ана», «Ана», «Сылдырмақ», «Бөбектің тілегі», «Жұбату», «Сұр құлын», «Жыл мезгілдері» өлеңдерінің көркемдігі мен тәрбиелік сипаты. Қ.Кемеңгерұлы және қазақ балалар әдебиеті. С.Сейфуллин –қазақ балалар әдебиетінің негізін салушы. Қазақ балар әдебиетінің қалыптастырып, оның негізін салуда Сәкен еңбектерінің маңызы.
4-тақырып. М.Әуезов және балалар әдебиеті. С.Мұқанов балалар әдебиетіне қосқан үлесі.
М.Әуезов және қазақ балалар әдебиеті. М.Әуезовтің балалар әдебиеті туралы әр кезеңдегі ой-пікірлері. «Жетім» әңгімесіндегі Қасым трагедиясы. Әңгімедегі бала тағдырының суреттелуі. «Көксерек» повесі. Көксерек образының жасалуы. Повесть тілі, көркемдігі. С.Мұқановтың «Бақташының баласы», «Батыр қыз» шығармаларының бала тәрбиесінде алатын рөлі.
5-тақырып. С.Бегалиннің балалар әдебиетіне қосқан үлесі. Мұқан Иманжанов шығармашылығы.
С.Бегалиннің «Сәтжан», «Бала мерген», «Алданған жолбарыс», «Бала Шоқан» шығармаларындағы кейіпкерлер жүйесі. «Бала Шоқан» повесіндегі Шоқан бейнесі. М.Иманжановтың «Адам туралы аңыз», «Жыртық дәптер», «Даладағы от», «Бала қаны» әңгімелерінің тақырыбы мен идеясы. «Талап», «Кішкентай көрші», «Жол үстінде», «Жас шебер», «Бес» әңгімелерінің тәрбиелік мәні. «Алғашқы айлар» повесінің тілі, көркемдігі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет