Программа Форма ф со пгу



бет6/12
Дата11.12.2023
өлшемі232.5 Kb.
#486162
түріРабочая программа
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
11-тақырып. Сұлтан Қалиев, Нұрхан Жанаев, Есентай Ерботин, Жеңіс Қашқынов, Совет Әлімқұлов, Несіпбек Аитов, Жарасқан Әдірашев, Өтепберген Ақыпбеков шығармашылығы
Сұлтан Қалиев («Спортшы Төлен», «Шекербек- Каспаров», «Намыс», «Мазақ сурет»), Нұрхан Жанаев («Жұбату», « Мен ешкімге тимеймін», «Суайттың өлеңі»), Есентай Ерботин («Білгіш бала», «Досым сондай»), Жеңіс Қашқынов («Мектепке өзім барамын», «Асқаржан жарады»), Совет Әлімқұлов («Қалсын апам қуанып», «Жасырыбақ»), Несіпбек Аитов, Жарасқан Әдірашев («Сабақта», «Атқойғыш»), Өтепберген Ақыпбековтердің («Мұрат пен сұрақ», «Інім текке қорқыпты») өлеңдерінде балалар характерлерінің ашылуы. С.Қалиев («Аққала», «Шілде»), Е.Ерботин («Кешке таман», «Құйын», «Мұзайдын», «Тамыз», «Келді күз»), Н.Аитов («Қартаймайды күн неге?», «Бастау») өлеңдерінде табиғат құбылыстарының, жыл мезгілдерінің бала танымына сай өрнектелуі.
12-тақырып. Қазақ балалар прозасы. Бердібек Соқпақбаев шығармашылығы. «Менің атым Қожа» повесі. «Балалық шаққа саяхат» повесі
Қазақ балалар прозасының даму сипаты. 1970-80 жылдардағы қазақ балалар прозасының тақырыптық-идеялық, көркемдік-тілдік ерекшеліктері. Қазақ балалар ақын-жазушыларының «авторлық тұлғасы». 1970-80 жылдардағы қазақ ақын-жазушыларының шығармашылық процесі мен авторлық позициясы. Б.Соқпақбаев өмірі мен шығармашылығы. Жазушы шығармашылығының зерттелуі. «Менің атым Қожа» повесіндегі балалар өмірінің бейнелену ерекшелігі. Сюжет және композициясы. Жазушы шеберлігі. Повестегі психологизм. Қожа, Жанар, Жантас бейнесі. Повестегі аналар, ұстаз бейнесі. Повестегі заман шындығы мен көркем шындық. Повестің тілі. «Балалық шаққа саяхат» повесінің тақырыптық-идеялық, көркемдік ерекшелігі. Повестегі кейіпкерлер жүйесі.
13-тақырып. Сансызбай Сарғасқаев өмірі мен жазушылық шығармашылығы.
Сансызбай Сарғасқаев өмірі мен шығармашылығы.Жазушы шығармаларында мектеп өмірін, балалар достығын суреттеуі. «Сәуленің жаңа достары», «Бір көшенің бойында», «Сынған тіс», «Балалар», «Шындық», «Шыбық», «Жаймашуақ» әңгімелерінің тақырыбы, тәрбиелік мәні. Сюжеті мен композициясы. «Бүршік жапырақ жаяды» повесіндегі пейзаж, эстетикалық әсер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет