Программа Форма ф со пгу



бет7/12
Дата11.12.2023
өлшемі232.5 Kb.
#486162
түріРабочая программа
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
14-тақырып. Марат Қабанбаев шығармашылығы
М.Қабанбаев өмірі мен шығармашылығының зерттелуі. «Қала мен қыз бала», «Бақбақ басы толған күн», «Пысық болдым, мінекей», «Жиһанкез Тити», «Сурет салғым келмейді», «Арыстан, мен, виолончель және қасапхана» повестерінің идеялық-тақырыптық, тілдік-көркемдік ерекшелігі. Сюжеті мен композициясы. Повестегі балалар бейнесінің сомдалуы. Повестегі психологизм. Балалар тағдырын суреттеуде жазушы шеберлігі.
15-тақырып. Саид Баязитов шығармашылығы
С.Баязитов өмірі мен шығармашылығы. Шығармаларында балалар психологиясының ерекшелігін бейнелеу шеберлігі. «Күтпеген кездесу», «Арал робинзондары», «Алтын кілт», «Майлы қалам», «Том Сойердің туысы», «Уәде», «Тәтті қауын», «Көгілдір үйрек әңгімесі» шығармаларының тақырыбы мен көркемдік ерекшелігі, тәрбиелік мәні. Сюжеті мен композициясы. Повестегі балалар бейнесі, характерлерінің ашылуы.
16-тақырып. Молдахмет Қаназов шығармашылығы
М.Қаназов шығармашылығының зерттелуі. «Чика-Дабылдың баласы», «Ақ тайлағым-ай», «Қияндағы күн нұры», «Арғы ауыл мен бергі ауылдың балалары» шығармаларының идеялық-тақырыптық, көркемдік ерекшелігі. Сюжеті мен композициясы. Жазушы шеберлігі. Балалар характерін ашудағы жазушы шеберлігі. М.Қаназовтың авторлық позициясы.
17-тақырып. Қазақ балалар прозасы (Сайлаубек Жұбатаров, Бекен Ыбырайымов, Нәсіреддин Серәлиев, Қалмақан Әбдіқадыров т.б.)
Қ.Әбдіқадыров «Қажымұқан» С.Жұбатаровтың «Алыстағы аралдар», «Отты өткел», Б.Ыбырайым «Саян», Н.Серәлиевтің «Жеңешем, шешем және мен» повестерінің идеялық, тақырыптық, тілдік, көркемдік ерекшелігі. Сюжеті мен композициясы. Повестердегі кейіпкерлер жүйесі.
18-тақырып. Қазақ балалар драматургиясы
Қазақ балалар драматургиясының қалыптасу, даму сипаты. 1970-80 жылдардағы балаларға арналған драмалық шығармалар. 1990-2000 ж.ж. қазақ балалар драматургиясының мәселелері.


3.3 Тєжірибешілік сабаќтардыњ мазм±ны
1-тақырып. Қазақ балалар әдебиетінің зерттелуі, мақсаты мен міндеті. Фольклор және балалар әдебиеті. Орта ғасыр мұраларындағы балаларға қатысты ой-пікірлер. 19 ғасырдағы ақындары және балалар әдебиеті.
Қазақ балалар әдебиетінің балалардың жас ерекшелігіне қарай бөлінісі. Бесік жыры мен тұсау кесу жыры. Төрт түлік мал туралы өлеңдері. Жаңылтпаштар, санамақтар, мазақтамалар, тақпақтар, жұмбақтар, мақал-мәтелдердің танымдық, тәрбиелік мәні. Хайуанаттар туралы ертегілер. Қиял-ғажайып ертегілер. «Қобыланды батыр» жырының тақырыбы мен идеясы, көркемдігі. Орта ғасырдағы балалар әдебиеті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет