Программа Форма ф со пгу



бет5/12
Дата11.12.2023
өлшемі232.5 Kb.
#486162
түріРабочая программа
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
9-тақырып. Әдібай Табылдиев, Жақан Смақов, Қадыр Мырзалиев, Тұманбай Молдағалиев, Қастек Баянбай шығармашылығы
Ә.Табылдиевтің «Қайырлы таң, балалар», «Ана мен бала», «Аташымның батасы», «Біз мектепке барамыз», «Ана тілі», «Наурыз тойы», «Уыз той», «Тірлік пен бірлік», «Әнші құстар» өлеңдерінің тақырыптық-көркемдік ерекшелігі. Табиғаттағы түрлі жан-жануар, құстардың бейнесі («Колибри», «Пингвин», «Дельфин», «Лама», «Құлан», «Сілеусін». Ж.Смақов балалар поэзиясының дара қырлары. «Бөпем», «Сылдырмақ», «Қаз-қаз бас», «Кішкене әліппе», «Шатақ», «Біздің атай Түсекең қартаймайтын кісі екен» өлеңдерінің көркемдігі. Ж.Смақов ертегілерінің тілі. Фольклорлық ұсақ жанрдағы туындылары (мазақтамалыр, санамақтар, жаңылтпаштар, жұмбақтар). Қ.Мырзалиев «Сөз сиқыры» еңбегіндегі балалар әдебиеті туралы ойлары. «Досым екеуміз», «Диктант», «Есеп», «Шатақ», «Ана тілі», «Сағатттың сыры» өлеңдерінің тақырыптық-көркемдік ерекшелігі. Т.Молдағалиев өлеңдеріндегі бала бейнесі («Дәуреннің өлеңдері», «Жазираның өлеңдері», «Жаннаның өлеңдері», «Әжесі мен Құралай», «Мамасы мен Құралай»). Қ.Баянбай өлеңдерінің ерекшеліктері. Балалар лирикасындағы бала бейнесі («Қол шатыр көтерген он батыр», «Асанның амалы», «Жалқаудың оянуы», «Асанның амалы» т.б.), табиғат құбылыстарының, жан-жануар, хайуанаттар, құстар, аңдардың бейнеленуі («Тырналар», «Алғашқы қар», «Таңертең», «Арыстанмен айқас» т.б.). Қ.Баянбай – ертегілер шебері
10-тақырып. Ермек Өтетілеуұлы, Абдрахман Асылбеков, Адырбек Сопыбеков, Қайрат Жұмағалиев, Ескен Елубаев шығармашылығы
Е.Өтетілеуұлының «Мәнсіз не, сәнсіз не?», «Кім қайда барады?», «Төрт түсті жер үсті», «Кім күшті?», «Шынашақ», «Он қадам –оң қадам» өлеңдерінің тақырыптық-идеялық ерекшелігі. Санамақтар, мадақтама, мазақтама, өтірік өлеңдер, ақ жаңылтпаш, қара жаңылтпаш, жеті жұмбақ ерекшеліктері, бала тілін, танымын жетілдірудегі рөлі. А.Асылбеков «Әдептілік әліппесі», «Мен кіммін», «Тілін ұмытқан тауық», «Сабақ», «Дымбілмес» өлеңдерінің тақырыптық-идеялық ерекшеліктері. А.Сопыбеков өлеңдерінің ұлттық сипаты. Қ.Жұмағалиев өлеңдерінің тәрбиелік мәні («Аң папшасы», «Апорт неге қып-қызыл?», «Әнші құстар», «орман көшіп барады»). Е.Елубаев өлеңдерінің танымдық мәні («Туады, шығады, түседі, келеді», «Асқар мен кимешек», «Мың сөз», «Ұмытшақ», «Ретсіз қуаныш»).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет