1 Пәннің мақсаты мен міндеттері
Курсты өту барысында әдебиет теориясы ауқымындағы поэтика, стиль, жанр тәрізді негізгі мәселелермен шектелмей, әдебиеттанудың өзге салалары: әдебиет тарихын зерттеу аялары мен жолдары, историография, библиография пәндерінің мән, сыры, текстология мен әдебиет сынының теориялық, практикалық ерекшеліктерін ашып беру.
Пәнді оқыту мақсаты:
«Әдебиет теориясы» бұрын өтілетін «Әдебиеттануға кіріспе» пәнінде қысқаша баяндалып кететін ұғымдар мен категорияларды эстетика қағидаларымен тамырлас алып, жан-жақты терең қамтуға тиіс. Әдебиет туралы теориялық ой-пікірлердің қалыптасу кезеңдерін қазіргі дәуірге дейінгі аралықта толымды жүйелеп, саралау қажет. Дәрістерде әлемдік эстетика тұғырнамалары, әдеби тәжірибелер ұлттық әдебиеттану, көркемдік өнер мысалдарымен өзара ұштастырыла негізделмек.
Пәннің міндеттері:
Әдебиет теориясының пән ретіндегі болмысын, эстетикалық ойдың даму кезеңдерін, әдебиет теориясының методологиясын, мектептерін, қазіргі әдебиет теориясындағы ғылыми ағымдарды, қазақ әдебиеті ғылымындағы эстетика мен теория мәселелерін, көркем әдебиеттің табиғатын, автор, кейіпкер, шығарма, шығармашылық әлемін, әдеби тек, жанр, әдеби процесс, стиль мәселелерін, заңдылықтарын даму сипатын, қағидаларын ұғындыру.
Студенттер білуі тиіс:
Әдебиеттану білімінің теориялық аспектілерін, мәтінді кешенді түрде зерттеу машықтарын білуі керек.
Студенттер істей білуі тиіс:
Студенттер бұл курсты оқу барысында жинаған білімдерін алдағы кәсіби қызметінде, ғылыми-зерттеу жұмысында пайдаланады.
2 Пререквезиттер:
- Әдебиеттануға кіріспе.
- Мәдениеттану.
- Қазіргі қазақ әдебиетінің тарихы.
Тематический план Форма
дисциплины СО ПГУ 7.18.2/07
3 Пәннің мазмұны
Достарыңызбен бөлісу: |