Программа Форма ф со пгу


Пәннің тақырыптық жоспары



бет3/6
Дата18.11.2022
өлшемі217 Kb.
#465177
түріРабочая программа
1   2   3   4   5   6
3.1 Пәннің тақырыптық жоспары



Тақырып

Сағат саны

ҚТӘ-41

ҚТӘ-31қ

Дәріс

Тәж

СӨЖ

Дәріс

Тәж

СӨЖО
СӨЖ

1

Кіріспе. Көркем әдебиеттің табиғаты. Әдебиеттегі көркем образ және образдылық мәселелері.

2

2

5

2

2

5

2

Өнердегі типтілік мәселесі. Типтендіру түрлері.

2

2

5

1

2

6

3

Көркем шығарманың мазмұны мен пішінінің бірлігі.

2

2

5

1

2

6

4

Сюжет пен фабула мәселесі. Композиция.

2

2

5

1

2

6

5

Әдебиеттің тектері мен түрлері. Әдеби жанрлар теориясы.

2

2

5

1

2

6

6

Әдеби процесс. Көркем әдебиеттегі дәстүр мен жаңашылдық мәселесі.

2

2

5

2

2

5

7

Көркемдік әдіс. Әдеби бағыт, ағымдар. әдеби мектеп.

2

2

5

2

2

5

8

Батыс Еуропа эстетикасы тарихынан (ХҮІІ-ХҮІІІғғ.). Классицизм эстетикасы.

2

2

5

2

2

5

9

ХҮІІІ ғасырдағы ағартушылық дәуір эстетикасы.

2

2

5

2

2

5

10

Әдебиеттегі модернистік бағыт-ағымдар.

2

2

5

2

2

5




Барлығы:

20

20

50

16

20

54

3.2 Теориялық курс мазмұны
1-тақырып. Кіріспе. Көркем әдебиеттің табиғаты. Әдебиеттегі көркем образ және образдылық мәселелері.
Әдебиет теориясының ғылым ретінде зерттейтін мәселелері. Оның негізінен көркем әдебиеттің өнер ретіндегі өзіндік ерекшеліктері мен көркемдік-идеялық мәнін, қоғамдық сипатын, даму заңдылықтары мен көркем туындыны бағалау, талдау принциптерін зерттеп анықтайтын ғылым екендігі. Әдебиет теориясының әдебиеттану ғылымындағы жетекші сала екендігі, оның мәнісі. Әдебиет теориясының эстетика, өнер теориясы, философия, тіл білімі т.б. ғылымдарымен байланысы.
Өнердің бір түрі ретіндегі сөз өнерінің өзіндік ерекшеліктері. Сөз өнерінің образдық-суреттілік табиғаты, мұның әдебиеттің басты ерекшелігі екендігі. «Образ» ұғымының сөз сипатына, сөзбен сурет салу яғни көркемдікке және әдебиеттегі көркем бейнеге қатысты мағына-мәні.
Көркем образдың нақтылық, жалпылық қырлары, олардың бірлігі. Көркем образдың тарихи жағдайға, ортаға тәуелділігі.


2-тақырып. Өнердегі типтілік мәселесі. Типтендіру түрлері.
Өнердегі типтілік мәселесі. Бұл жайлы түсініктер. Өмірдегі типтік көрініс-құбылыстар және олардың өнер үшін мән-маңызы.
Типтендіру өнердің басты заңдылығы екендігі. Бұл жайлы Гегель, Белинский толғамдары.
Типтендіру түрлері, ерекшеліктері. Типтендірудің нақтылы кезең шындығына, тарихи жағдайға қатыстылығы.
Типтік бейне ерекшелігі. Энгельс типтік жағдайлар мен типтік характерлердің бірлігі жайлы.
Типтілік пен көркемдік шарттары. Классикалық әдеби типтер және олардың қоғамдық-әлеуметтік негіздері, көркемдік-танымдық маңызы.


3-тақырып. Көркем шығарманың мазмұны мен пішінінің бірлігі.
Әдеби шығарма – көркемдік әлемі. Көркемдік ұғымы, көркемдік шарттары, оның мазмұн мен пішін мәселесіне тікелей қатыстылығы.
Өнер туындысының мазмұны мен пішіні, олардың өзара бірлігі. Туындыны пішін мен мазмұн бірлігі тұрғысынан қарастыру реалистік эстетиканың негізгі пинципі екендігі.
Мазмұн мен пішіннің элементтері.
Мазмұн мен пішіннің бірлігі жайлы түрлі толғамдар. Жаңа мазмұн – жаңа пішін.


4-тақырып. Сюжет пен фабула мәселесі. Композиция.
Көркем шығармадағы сюжет мәселесі. Сюжеттің атқаратын басты көркемдік-идеялық функциясы. Сюжет пен фабула туралы ой-пікірлер (Аристотель, Гегель, Веселовский, Потебня, Шкловский, Томашевский, Горький, Ревякин т.б.).
Қазіргі әдебиеттану ғылымында негізінен «сюжет» терминін қолдану басымдығы, себебі. Сюжеттің автор дүниетанымы мен идеяға қатыстылығы. Сюжеттің ХІХ ғасырдағы, ХХ ғасырдағы анықтамалары.
Сюжет түрлері, сюжеттік желілер. Сюжет пен көркем тартыс. Тартыс түрлері. Тартыстың характерді таныту, даралау тәсілі екендігі. Гегель, Белинский тартыс, коллизия туралы. Қазақ әдебиетіндегі сюжет түрлері. Композициялық бүтіндік мәселесі.


5-тақырып. Әдебиеттің тектері мен түрлері. Әдеби жанрлар теориясы.
Әдебиетті текке, түрлерге бөлу-жіктеу принциптері (Аристотель, Гегель, Белинский, Байтұрсынов). «Тек», «Түр», «Жанр» терминдерінің мағына-мәні, қолданылу аясы. Жанрдың тарихи категория екендігі. Эпостық тек- эпикалық бейнелеу тәсілінің ерекшеліктері, эпикалық жанрлар.
Роман жанры теориясы. Роман – эпопеяның жанрлық табиғаты.
Лирикалық жанрлар. Лирикалық туындылардағы ішкі ғалам сыры, субъектілік сипат. Ода, элегия, сатиралық лирика т.б. тән жанрлық ерекшеліктер.
Драмалық жанрлар ерекшелігі. Трагедиядағы қасірет, комедиядағы күлкі, драмадағы тұрмыстық жайлар сыры. Аралас жанрлар табиғаты.


6-тақырып. Әдеби процесс. Көркем әдебиеттегі дәстүр мен жаңашылдық мәселесі. Әдеби процесс - әдеби даму. Көркемдік даму заңдылықтары. Адамзат мәдениетіндегі сабақтастық. Әдеби даму және дәстүр жалғастығы. Дәстүр жалғастығының үш тұрғыда көрінуі. Дәстүр ұғымының үздік, дара суреткердің сөз өнеріндегі айрықша көркемдік жетістік- тағылымы екендігі. Дәстүр мен жаңашылдық бірлігі. Дәстүрлі шығармашылық пен игерудің жаңашылдыққа әкелетіндігі, ал жаңашылдықтың негізінде жаңа дәстүр туындайтындығы.
Төл әдебиетіміздегі көркемдік дәстүрлер, олардың сөз өнерінің дамып, өсуіндегі мән-маңызы.
Абай дәстүрі мен және оның қазақ поэзиясындағы жалғастығы. Әуезовтың тарихи роман дәстүрі. Әлемдік әдебиет дамуындағы озық дәстүрлер ықпалы. Дәстүрдің маңызын мойындамайтын көзқарастарға сын.


7-тақырып. Көркемдік әдіс. Әдеби бағыт, ағымдар. әдеби мектеп.
Шығармашылық және көркемдік әдіс мәселесі. Көркемдік әдіс туралы толғамдар тарихына шолу. Белинский реалды және идеалды поэзия туралы. Реализмнің ерекшелігі жайлы. Энгельс, Плеханов пікірлері. Кеңестік әдебиеттанудағы көркемдік әдіс мәселесі.
Көркемдік әдісті айқындайтын факторлар. Көркемдік әдістер арасындағы байланыс-сабақтастық.
Әдеби бағыт, әдеби ағым, әдеби мектеп әдеби дамудың формалары екендігі, әдеби процестегі орны, байланыстылығы.
Әдеби мектептің үздік суреткердің жаңашылдық дәстүрінің тікелей шығармашылық ықпал-әсерімен қалыптасатындығы. Орыс және қазақ әдебиетіндегі әдеби мектептер.
8-тақырып. Көркемдік әдіс. Әдеби бағыт, ағымдар. әдеби мектеп.
ХҮІІ ғасырдағы Батыс Еуропаның бірсыпыра елдерінде орнаға абсолюттік монархиялық ел билеу жүйесі. Классицизм өнерінің туып, қалыптасуы. Классицизм эстетикасының көне грек өнері мен қайта өрлеу дәуірі эстетикасымен байланысы, нормативтік сипаты. Өнер мұратын жоғары қауымның мүддесімен ұштастыруы, шектеулілігі.


9-тақырып. ХҮІІІ ғасырдағы ағартушылық дәуір эстетикасы.
ХҮІІІ ғасырдағы ағартушылық дәуір эстетикасы өкілдерінің өнер, әдебиет жайлы толғамдары. Ағартушылық реализмнің дамуы. Қоғам өмірінде өнер, білім ғылымның кеңінен насихатталуы.
Ағартушылық эстетикасының классицизмнің нормативтік, сословиелік шектеуліліктерін т.б. қайшылықты жақтарын батыл сынауы.
Д.Дидроның, И.Гердердің, Лессингтің еңбектеріндегі өнердің бұқаралығы, өмірмен байланысын күшейту, шынайылығы т.б. озық ой-толғамдар.
Лессингтің «Лаоокон...» еңбегінің маңызы. Ағартушылық дәуір эстетикасының озық және әлсіз жақтары. Г.В.Гегель эстетикасындағы қайшылықты және құнды пайымдаулар.


10-тақырып. Әдебиеттегі модернистік бағыт-ағымдар.
ХІХ ғасырдың соңғы ширегінде Батыс өнерінде дүниеге келген түрлі бағыт-ағымдар. Олардың пайда болу себебі, мақсаты, адамды, өмірді нақтылы суреттеуден бас тартуы. Реализмге қарама-қарсылығы. Маринетти, А.Бретон, Хосе Ортега-и-Гассет тағы басқалары модернистік өнердің мақсат-міндеті, ерекшелігі. Модернистік әдебиет түрлері (экзистенциализм, абстакционизм, символизм, сюрреализм, футуризм т.б.) өкілдері.
Модернистік бағыттағы туындылар үлгілеріндегі пішін тұрғысындағы, адамның ішкі әлемін танытудағы кейбір көркемдік жетістіктер.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет