Windows - тағы сияқты Delphi – де программалар оқиғалар арқылы басқарылады. Мысалы, пайдаланушы программа құру үшін алдымен формаға компонент орнату, форманы не формада орналасқан компонентті тышқан арқылы шертуі мүмкін. Оның єр іс – єрекеті оқиға шақырады. Яғни, оқиға программаның жұмыс істеуі кезінде обьект жағдайының µзгеруі.
Delphi-де єр оқиғаға атап беріліп қойылған. Мысалы, компоненттер палитрасының Button түймесі арқылы формада орнатылған Button1 компонентін шерту Click (шерту) оқғасын шақырады (1. 5. 4-тақырыпты қараңыз).
Әр обьектіге байланысты оқиғалар жеткілікті Мысалы, формаға – байланысты оқиғалар саны-35 (1.4-сурет). Олар қасиеттер терезесінің Events қосымша беті не енгізілген. Терезеде оқиға атауларының алдына On префіксі (қосымшасы) тіркестіріліп жазылған. Ол-атаудың оқиға екендігін білдіретін белгі.
1.4 - сурет. Форма оқиғалары
Delphi ортасында жиі кездесетін оқиғалар:
OnClick – тышқан түймесін бір рет басу;
OnDbiClick – тышқан түймесін екі рет басу;
OnKeyDown – клавишті басу;
On KeyUp – басылған клавишті босату;
OnMouseDown – тышқан түймесін басу;
OnMouseUp - тышқан түймесін босату;
OnMouseMove – тышқан кµрсеткішін жылжыту;
OnCreate – форманы екі рет шерту, т.б.
Лекция 17 Программа құрылымы.
Жоспар:
2. Программа құрылымы. Негізгі модуль
3. Тәсіл модуль құрылымы
1. Программалық код терезесі
Delphi-де программа (проект) екі бµлімнен тұрады. Алғашқы автоматты түрде project1 атауы берілетін проект файлы (негізгі модуль) жєнеunit1. pas атауы берілетін модуль. Олар жеке терезелерде орналастырылған. Модульге оқиғаларға сєйкес іс – єрекеттерді орындайтын программа мєтіні (процедуралар) енгізіледі (олар 1.4 – тақырыпта кең түрде қарастырылған). Программа мєтінін программалық код деп, терезені программалық код терезесі не қысқаша редактор терезесі деп те атайды. 1.1-тақырыпта ескертілгеніндей, Delphi іске қосылған кезде ол форма терезесінің астында кµрінбей тұрады. Он экранға шығару тєсілдері:
-
форманы жабу (жабу түймесін шерту);
-
код терезесінің бір шеті форма астында кµрініп тұрса, оны шерту.
Терезе белсендірулі түрде ашылады да, онда процедура дайындамасы (үлгісі) кµрінеді. Оның тақырыбы нүкте арқылы бµлінген класс жєне процедура атауларынан тұрады (1.5-сурет). т.б.
Жалпы формадан код терезесіне µту жєне код терезесінен формаға µту үшін F12 клавишін басу желкілікті. 1.5 – суретте кµрініп тұрғаны – код терезесіне енгізілген процедура дайындамасы. Оқиғаға байланысты құрылған процедура оқиғаны µңдеуіш не оқиғаны µңдеу процедурасы делінеді. Процедура дайындамасының жазылу түрі:
Procedure <атау> (Sender: TObjiect);
Сипаттау бµлімі
Begin
Процедура денесі
End;
Мұндағы Sender параметрі құрылатын процедураның қай класна тиістілігін анықтайды.
Терезенің сол бµлігіндегі – браузер терезесі. Онда код терезесінде барлық жарияланулардың құрылымын кµріп шығуға болады.
1.5 – сурет. Редактор терезесі. Онда кµрінген процедура дайындамасы.
2. Программа құрылымы. Негізгі модуль
Кез келген программа program сµзінен басталатын проект файлы мен бір не бірнеше модульдерден тұрады да, қолдан құрылатын программа модуль ішіне енгізіледі. Проект файлы dpr, модуль pas кеңейтілуі бойынша сақталады. Проект файлын негізгі модуль деп атайды. Негізгі модульдің мазмұны проектінің жалпы сипаттамасынан тұрады. Delphi іске қосылған кезде он ол автоматты түрде дайындап шығады. Негізгі модульге ерекше жағдайлардан басқа кездері қосымша нұқсқаулар енгізулің қажеті жоқ. Негізгі модуль (проект):
Program Project1;
Uses
Forms
Unit in “Unit1. pas’ {Form1};
{$R*.RES}
begin
Application. Initialise;
Application. СreateForm(Tform1, Form1);
Application. Run;
End;
Мұндағы,
Progect1 – негізгі модуль (проект) атауы. Проектіні дайындап, жаңа атау бойынша сақтаған кезде ол соңғы атауға алмастырылып қойылады;
Uses (қолдану) – Tурбо Паскальдағы сияқты, қызметші сµз. Оның соңына программада пайдаланылатын стандартты (кітапханалық) Forms модулі мен Delphi-дің модульге алғашқы рет меншіктеген атауы. (Unit1) жазылған Unit1-ден соң оның қайсы модульдік файлда құралатыны (In ‘Unit1. pas’) жєне онымен байланысты форма атауы кµрсетіледі. ({Form}).
{$R*.RES}-нұсқау. Ол компиляторға қосымшаның (Windows кµмегімен дайындалған қолданбалы программаның) қор сипаттамаларын, мысалы, шартбелгілер (пиктограммалар) сақталған файлды жєне т.с.с. пайдалану керектігін кµрсетеді (файлдың кеңейтілуі -.res);
Begin – end операторларының аралығына енгізілген. Соңғы бµлім- қосымшаның алғашқы жүктелуін қамтамасыз ететін тәсілдер (Delphi-де арнайы іс-єрекетті орындайтын процедура, функция жєне командалар тәсілдер делінеді):
Application.Initialize – қосымша обьектісін инициалдау (программаны алғашқы рет дайындау) тәсілі;
Application.CreateForm – проект құрамына енетін форманы дайындап, экранда кµрсету тәсілі (create-құру);
Application.Run – программаны іске қосуды қамтамасыз ету тәсілі.
Достарыңызбен бөлісу: |