1. Кіріспе
Обьектіге бағдарлы оқиғалық программалау тілінде программаның жұмысы негізінен оқиғалар тізбегінен және түрлі обьектілердің осы оқиғаларға жауабынан тұрады. Олардың визуальды түрлері – visual Basic тілі Qbasic программалау тілі негізінде, Delphi (Делфи) обьектілі Паскаль (Object Pascal) тілі негізінде Windows операциялық жүйесін басшылыққа алып құрылған (visual - көзбен көру, экрандық). Олар, әсірісе, Delphi программалау тілі - кез-келген қосымшаны дайындауға болатын жылдамдығы тез, қуатты тіл.
Delphi-дің бірінші нұсқасы 1994 жылы жарыққа шығып, кейінгі жылдары оның бірте-бірте кеңейтілген 2, 3, 4, 5, 6,7-нұсқалары жарық көрді.
Дәстүрлі Паскаль оқып үйренуге жеңіл және MS Dos жүйесінде программа дайындауға ең жақсы құрылымдық программалау тілі екені белгілі. Delphi – де Паскаль тілінде орындау мүмкін және мүмкін емес күрделі процестерді программалауға болады. Delphi-дің негізгі ерекшелігі – онда қосымша құруда компоненттік және обьектілік тәсілдер пайдаланылады(Windows ортасында пайдаланатындықтан, Delphi-де программаны көбінесе қосымша деп атайды). Бұл программалау технологиясында нағыз революция жасады деуге болады. Компоненттік тәсілдің мәнісі жеңіл: әр қосымша кітапханасы программалау ортасында дайындалып, арнайы іс - әрекеттерді орындайтын компоненттер элементтерінен жинақталады.
Delphi Windows жүйесінде программалаудың ыңғайлы құралы. Онда көптеген операторларды пайдаланып программа дайындау, программа мәзірін құру, анимация, мультимедиа процестерін ұйымдастыру, OLE технологиясын пайдаланып, басқа офистік қосымшаларды шақыру, олармен жұмыс істеу және т.б іс-әрекеттерді орындау да мүмкін.
2. Delphi-ді іске қосу. Delphi ортасы
Windows терезесі арқылы Delphi –ді іске қосу командасы:
Іске қосу – Программалар – Borland delphi6 – Delphi 6
Экранда Delphi ортасының үш терезесі кµрінеді (1.1-сурет).
1
3 2
1.1-сурет.Delphi ортасы
-
Delphi 5-тің негізгі терезесі;
-
Форма(Form1);
-
Обьект инспекторы терезесі (Object Inspector).
Жалпы ортада программа құруға арналған тµртінші, модуль терезесі де іске қосылады(Unit1.pas). Форма терезесінің астында орналасатындықтан, ол алғашқыда кµрінбейді.
Delphi-дің негізгі терезесінің құрамына негізгі мєзір, аспаптар панелі жєне компоненттер палитрасы енгізілген (1.2-сурет). Негізгі мєзір пункттеріне Delphi-де жұмыс істеу командалары, аспаптар панеліне ішкі мєзірлерге енгізілген негізгі командаларды орындайтын түймелер орналатырылған.
1.2-сурет. Delphi-дің негізгі терезесі
Стандартты түймелер:
- New(Жаңа);
- Open(Ашу);
- Save(сақтау) ;
- Open Project(проектіні ашу);
- View Form(Форманы кµрсету);
- Run(Іске қосу);
- Pause (‡зіліс);
- Add file to Project (Проектіге файл қосу), т.б.
3. Проект. Форма.Қасиеттер. Қасиеттер терезесі
Delphi-де дайындалатын программа дайындау проект (жоба) деп аталады. Форма – программаны дайындау алдында ашылатын, программаның сұхбаттық терезесі. Delphi алғашқы рет іске қосылған кезде форма Form1 атауымен кµрінеді(1.1-сурет). Оның жиектеріне тышқан кµрсеткішін орналастырып, ол екі жақты нұсқама түріне айналған кезде жылжыту жєне қалдыру тєсілі бойынша формасын кеңейту не қысу қиын емес.
Құрылатын программада пайдалану үшін формада түрлі компоненттер (форма компоненттері) орнатылады. Негізгі компоненттердің кейбірі Access берілгендер қоры жүйесінде пайдаланылатын элементтер панеліне енгізілген түймелер сияқты. Олар Delphi терезесінің компоненттер палитрасына орналастырылған.
Кей жағдайларды экранда форма кµрінбеуі мүмкін. Он экранға шығару үшін View – Forms командасын беру жеткілікті.
Форманың жєне формаға енгізілетін компоненттердің(компоненттер жµнінде келесі тақырыптарды қараңыз) түрлі қасиеттері бар (оларды компонент “паспорты” деп те атайды). Қасиет (Сипаттама, параметр) – айнымалылардың ерекше түрі. Олар обьектінің түрлі мүмкіндіктерін сипаттап, ағымдық күйін анықтайды. Мысалы, форма қасиеттерінің мєндері – форма тақырыбының мєтіні, µлшемі, экранда орналасуы, түсі т.б. Delphi іске қосылған кезде форма қасиеттеріне алғашқы сєйкес мєндер меншіктеліп қойылады.
Форманы не онда орнатылған компонентті программа құру үшін дайындау оның кейбір қасиеттерінің мєндерін µзгертуден басталады. Қасиеттер тізімі Обьект инспекторы (Object Inspector) терезесіне енгізілген.. Тізімді инспектор терезесіне шығару үшін сєйкес обьектіні (форманы не формада орнатылған форма компонентін) бір шерту арқылы таңдау керек. Инспектор терезесінің жоғарғы қатарына таңдалған обьект атауы да жазылып қойылады.Мысалы, Delphi іске қосылған кезде форманың ашылған қасиеттер терезесі 1.1-суретте кµрсетілген. Терезенің екі қосымша беті бар: Properties (Қасиеттер) жєне Events (Оқиғалар). Терезе ашылғанда екі бағанға енгізілген жазулардан тұратын оның Properties бөлімі ашулы тұрады. Бірінші бағанда көрінетіндер-қасиет атауларыб екінші бағанға сәйкес жазылғандар-олардың мәндері.
Достарыңызбен бөлісу: |