Delphi-де тәсілдің командалық түрде жазылуы:
<Обьект>.<Тәсіл>
Мысалы, Application.Initialize – Application обьектісінің Initialize тәсілін орындау.
Кейбір жағдайда бµлімге проект сақталатын бума атын меншіктеу командасын қосып қою да мүмкін, т.б.
Жалпы, Delphi-де программаның орындалуы автоматты түрде негізгі модульді орындаудан басталады.
Модуль-түрлі іс-єрекеттерді орындауға арналған программа бµлімі. Модуль тақырыбы Unit (модуль) қызметші сµзінен басталып, соңына єдеттегідей нүктелі үтір (;) таңбасы мен аяқталатын модуль атауы жазылады. Delphi-дің модульге алғашқы рет меншіктейтін атауы- Unit1. Жаңа проект ашылған кезде модуль дайындамасы да автоматы түрде құрылады:
unit Unit1;
Interface
Uses
Windows, Messages, SysUtils, Clfsses,
Graphics, Controls, Forms, Dialogs;
Type
Tform1=class(TForm)
Private
{Privare declarations}
public
{Public declarations}
end;
var
Form1: Tform1;l
Implementation
{$R*.DFM}
end.
Інтерфейс (interface) бµлімі interface кілттік сµзімен басталады да оған бµлімдер енгізіледі: uses - Турбо Паскальда пайдаланатын бµлім сияқты, оған стандартты модуль атаулары жазылады, бµлімге пайдаланушы пайдаланған модуль атауын кірістіріп қоюы да мүмкін. Одан єрі, Delphi дайындалған форма типі сипатталады (онда µрістер, қасиеттер, компоненттер сипатталып, олардан соң модульде жазылатын процедуралар мен функциялар (программа элементтері) жарияланады, т.б.).
Private (жеке, дербес) бµліміне тек ағымдық модульге тиісті элементтер енгізілуі мүмкін (элемент - µрістер, тәсілдер, қасиеттер мен оқиғалар); Public (кµпшілік) бµлімінің ішінде ағымдық модульге қол жеткізуге болатын кез келген программа не модульдің кµрінетін элементтері, облыстары енгізіледі. Олар класқа енетін элементтердің пайдалану облыстарын ғана анықтайтын болғандықтан, єдетте (кµп жағдайда) олар бос кµрінеді.
Implementation (іске асыру, орындау) бµліміндегі {$R*.DFM}-.dfm кеңейтілуі бойынша жазылған файлды пайдалану нұсқаукы. Ол модульді сєйкес форманың сипаттамасымен байланыстырады (файла форма қасиеттерінің мєндері жазылып қойылған. Ол формаға қойылған компоненттер қасиеттерінің де сипаттамаларын бойында сақтайды. Қасиеттер сєйкес Objiect Inspector терезесінде кµрінеді). Одан соңғы қатарларға программалаушы Delphi тілінде қажетті процедураларды қолдан кірістіру керек. Олардың ішіндегі оқиғаны µңдеуіш процедуралардың тақырыптары модульдің интерфейс бµлімінде автоматты түрде жазылып қойылады, мысалы, 3.7.4, 3.11-тақырыптары µңделетін арнайы информация үшін толық модульдер құрылған.
Кейде модульдің соңына инициалдау (initialization) бµлімі енгізіледі. Бµлім модуль айнымалыларын инициалдау (бастапқы мєндер беріп), программаны дайындау үшін қажет. Егер де толтырылса, бұл бµлім басқаруды программа денесіне беру ден бұрын орындалады. Бµлім нұсқауларын begin жєне end кілттік сµздерінің арасына енгізу керек. Жоғарыда кµрсетілген сиқты, бµлім толтырылмаса, begin сµзі жазылмай, оған тек end µзі енгізіледі. Ол – модульдің соңын білдіретін кілттік сµз.
Лекция 18 Берілгендерді енгізу және шығару.
Жоспар:
1. Берілгендерді жекедиалогтық терезеде енгізу. InputBox функциясы
2. Стандартты типті- түрлендіру функциялары
3. Берілгендерді жеке диалогтық терезеде шығару. Showmessage процедурасы
4. Берілгендерді формада енгізу және шығару. TЕdit, Tlabel, TButton класстары және олардың қасиеттері
1. Берілгендерді жеке диалогтық терезеде енгізу. InputBox функциясы
Delphi –де айнымалы мәнін жадқа енгізу үшін Турбо Паскальда пайдалынылатын Read (оқу ) операторы жоқ. Программада ол үшін басқа тәсілдердің қолданылуы мүмкін :
-
менщшіктеу;
-
енгізу терезесін пайдалану;
-
форманың Edit компоненті өрісін пайдалану.
Меншіктеу командасының программада жазылуы әдеттегідей , мысалы, х:=4.7;
Енгізу терезесі Delphi-дің стандартты InputBox функциясының терезесі. Программада InputBox (енгізу қорабы ) функциясын пайдалану командасының жазылу үлгісі:
<айнымалы >:= InputBox (‘<тақырып >’,’<түсініктеме >’,’<мән>’)
мұндағы,
айнымалы –мәні енгізу терезесіне енгізілетін жолдық типті айнымалы атауы (InputBox функциясының мәні әр кезде жолдық (String) типті. Мән меншіктелетін айнымалы (х) программада х: String; түрінде сипатталуы тиіс);
Тақырып-енгізу терезесінің тақырыбы ретінде жазылатын мәтін;
Түсініктеме- енгізу терезесінің ішінде жазылатын түсініктеме мәтін;
Мән-енгізу терезесі көрінген кезде оның енгізу өрісінде көрінетін мәтін. Әдетте оны бос символдық етіп енгізеді. Мысалы ,х:=4.7 меншіктеу командасын InputBox функциясын пайдаланып, мынадай түрде беруге болады:
х:= InputBox (‘Аргумент мәні ’, ‘х:=’ ‘’ )
Команданың орындалу барысында көрінетін терезе 1.6- суретте көрсетілген .Терезенің енгізу өрісіне 4,7 мәнін енгізіп, ОК түймесін шерту керек (не КҚ клавишін бауғада болады).
Ескерту. Windows-тың күйге келтіріліп қойылуына байланысты нақты сан әдеттегідей үтір (,) арқылы бөлініп енгізілуі мүмкін. Ол меншіктелетін айнымалы (х) жолдық типті болғандықтан, қажет болса, оны сандық типті етіп түрлендіру керек.
1.6- сурет. Енгізу терезесі
Достарыңызбен бөлісу: |