Сызықты алгоритм – орындалу барысында операциялар тізбегі алгоритм жазбасындағы тәртібімен сәйкес және енгізілген нақты мәндерден тәуелсіз (жоғарыдан төменге қарай орындалады) болатын тип.
Циклдық алгоритм – бір алғышарт бірнеше рет қайталанып орындалатын алгоритм.
2,Программалау және программа, программалау тілдері. Программалау тілдерінің түрлері. Программаны түзету (отладка), тестілеу.
Программалау тілдері Программаларды жасауда қазіргі заманғы компьютерлерде әр түрлі деңгейдегі программалау тілдері пайдаланылады.
Жалпы жағдайда тіл деп информацияның жазылыуын және оның түрленуін белгілі ережелер бойынша формальдыетіп беруші құралдарды түсінеміз.
Тілдің құрамында информацияның негізгі элементтерін құрудың құралдары және осы элементтерден әр түрлі мазмұнды құрылымдар құруға арналған ережелер жүйесі бар.